Просмотр содержимого документа
«пропорционал б?луге берілген есептер »
Сабақтың тақырыбы : Пропорционал бөлуге берілген есептер.
Сабақтың мақсаты : 1.Балаларға жаңа сабақты түсіндіру,білім беру.Оқушылардың білім деңгейін тексеру,алған білімдерін тиянақтау.2.Ауызша,жазбаша есептеу арқылы логикасын дамыту,қиялын ұштап,қабілеттерін шыңдау.3.Алған білімдерін күнделікті өмірде пайдалана білуге,тапқырлыққа,алғырлыққа тәрбиелеу. Типі : жаңа ұғымды меңгерту сабағы Түрі : аралас сабақ Әдісі : сұрақ-жауап,түсіндіру,топпен жұмыс. Көрнекілігі : шырша,ойыншықтар,сызылған кесте,ребус,жүрекшелер. Сабақтың барысы : I. Ұйымдастыру бөлімі: Математика керек әр күнге, Математика керек әркімге. Есеп қажет өмірде, Есепсіз білім білім бе? - Балалар,мен сендермен жүздескеніме өте қуаныштымын.Бүгінгі көңіл-күйлерің қалай? - Жақсы. –Олай болса,бүгінгі сабағымызды бастаймыз.Балалар,қазір жылдың қай мезгілі? - Қыс мезгілі. – Мен бүгінгі сабағымды Абай Құнанбаевтың «Қыс» өлеңімен бастағым келіп отыр. II.Үй жұмысын тексеру.№ 9 есеп,ауызша (топтарға бөліп алу,тақырыпқа сай) III.Жаңа сабақ. – Балалар,қыс мезгілінде қандай мерекелерді тойлаймыз? - Әліппемен қоштасу,тәуелсіздік күні,президент күні,жаңа жыл мерекесі. – Ребус шешкілерің келе ме? - Ия. – Ребустан қандай сөз шықты? - Шырша - Шырша дегеніміз не? Шырша қай жерде өседі? Шыршаны қай мерекеде пайдаланамыз? - Олай болса,осы сыныбымыздағы шыршаны безендіру үшін,Аяз атаның бірнеше тапсырмаларын орындауымыз керек.Дайынбыз ба? - Ия - 1-слайд. «Кім тапқыр?» №1 есеп бойынша,ауызша орындалады. Берілген сандардың арасынан : * 2-ге бөлінетін сандарды : 26,80,34,976,288,1282,36. * 3-ке бөлінетін сандарды :225,1281,33,288,36. * 2-ге,3-ке де бөлінетін сандар : 288,36. 2- слайд. «Кім шапшаң?» №2 есеп бойынша,жазбаша орындалады. Бірдей бағамен екі бөлік мата сатып алынды.Бірінші бөлікте 4 м,ал екіншісінде 5 м мата бар.Егер барлық сатып алынған матаға 3600 теңге төленетін болса,онда матаның әр бөлігі неше теңге тұрады? Шешуі : 3600:9=400 400*4=1600 400*5=2000 Жауабы : 1-ши бөлігі 1600 теңге,2-ши бөлігі 2000 теңге тұрады. 3- слайд. « Тапқыр болсаң,тауып көр».№ 3 есеп бойынша,жазбаша орындалады. Екі сыныптың оқушылары бірдей бағамен сурет салуға және сызуға арналған альбомдар сатып алды.Барлығы 10 альбом.Сурет салуға арналған альбомдарға 480 теңге,ал сызуға арналған альбомдарға 120 теңге төленді.Неше сурет салуға және неше сызуға арналған альбом сатып алынды? Шешуі : 480+120=600 600 : 10 = 60 480 : 60 = 8 120 : 60 = 2 Жауабы : 8 сурет салуға,2 сызуға арналған альбом сатып алынды. - Балалар,келер жыл қандай жыл? - Қой жылы. – Олай болса,осы қой жылына байланысты өлең айтайық,би билейік. Сергіту сәті : Қошақаны қойдың, Қайда қалып қойдың? Бұртиып тұр бүйірің, Қай өрістен тойдың. 4- слайд. «Кім ойшыл?» №4 есеп бойынша,жазбаша орындалады. Спорт жарысына 140 бала қатысты.Әр топта 8 ер бала және 6 қыз болды.Жарысқа неше ер бала қатысты? Неше қыз қатысты? Шешуі : 8+6=14 140 : 14=10 10*8=80 10*6=60 Жауабы : 80 ер бала,60 қыз бала қатысты. 5- слайд. « Практикалық жұмыс» №6 есеп бойынша,ауызша. Жауабы : дөңгелектердің диаметрі яғни бір дөңгелектің диаметрі 2 см,екі дөңгелектің диаметрі 4 см.Радиусы диаметрдің жартысына тең,яғни 1 см. 6- слайд. «Білгің келсе,шешіп көр.» №6 есеп бойынша,жазбаша орындалады. 40*х=240:2 53*а=470+60 в*16=106-10 40*х=120 53*а=530 в*16=96 х=120:40 а=530:53 в=96:16 х= 3 а= 10 в= 6 40*3=240:2 53*10=470+60 6*16=106-10 - Биылғы жыл қандай жыл? - Жылқы жылы - Жылқы,қой қандай мал? - Төрт түлік мал. – Олай болса,төрт түлік мал туралы кім өлең,тақпақ біледі? 7- слайд. «Кім жүйрік?» №7 есеп бойынша,жазбаша орындалады. Тігінші 30 м матаны 3 бөлікке бөліп қиды.Бірінші бөлік екінші бөлікке қарағанда 1 м ұзын және үшінші бөлікке қарағанда 1 м қысқа болды.Әр бөліктің ұзындығын тап. Шешуі : 1- б : х+1 2- б : х 3-б : х+2 х+1+х+х+2=30 3*х+3=30 3*х=30-3 3*х=27 х=27:3 х=9 3*9+3=30 Жауабы : 1-бөлік- 10,2-бөлік-9,3-бөлік-11 8- слайд. «Тосын сыйлық» Шырша мерекесіне байланысты өлең,тақпақ айту. « Жүректен-жүрекке» - Балалар,енді бүгінгі біздің қонақтарымызға өз ыстық тілектеріңізді жазып,Аяз атаның шыршасына ілуге болады. IV. Бағалау.Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды геометриялық фигуралармен бағалау.Мадақтау. V.Қорытындылау. – Балалар,біз сабағымызды қыс туралы өлеңмен бастап едік,енді жаңа жыл туралы өлеңмен қорытайық. Ән : Жаңа жыл.