Сабақтың тақырыбы: Пирамиданың жазбасы. Пирамида бетінің ауданы.
Сабақтың мақсаты: 1. «Пирамида» ұғымын, оның негізгі қасиеттерін
есеп шығаруда пайдалана білу;
2. Пирамиданың түрлерінің жазбасын қарастыру;
3. Формулаларды қолданып, пирамиданың бетерінің
аудандарын табуды үйрену.
Оқыту:
«Пирамада», оның элементтері, түрлері туралы түсініктерін жетілдіру, формулалармен танысу;
Дамыту:
Кеңістікте, абстрактілі ойлау қабілетін дамыту, теорияны іс жүзінде қолдана білу;
Тәрбиелеу:
Ұқыптылыққа үйрету, қызығушылықты арттыру.
Сабақ жоспары:
1. Өткен тақырыптарды қайталау
2. Жаңа сабақ.
3. Есептер шығару.
4. Карточкамен жұмыс.
5. Берілген фигуралардың белгісіз өлшемдерін табу.
6. Тест жұмысы.
7. Тарихи мәліметтер.
8. Үйге тапсырма.
9. Оқушыларды бағалау.
1.
Пирамида дегеніміз не?
Пирамиданың элементтерін ата.
Дұрыс пирамида дегеніміз не?
Пирамиданың кейбір түрлері...
Қиық пирамида дегеніміз не?
2.
Пирамиданың толық бетінің ауданы – оның табаны мен бүйір бетінің аудандарының қосындысы.
Sт.б.= Sт.+ Sб.б.
Дұрыс қиық пирамиданың бүйір беті оның табандарының периметрлерінің қосындысының жартысын апофемасына көбейткенге тең.
Sб.б.=1/2(Р+Р1)к
Мысал: Дұрыс төртбұрышты пирамиданың табан қабырғасы 8 см, апофемасы 5 см. Пирамиданың бүйір беті мен толық бетінің ауданын тап.
3. Есеп №21, 23 (оқушылар тақтада шығарады)
Үш оқушыға карточка беріледі. №1, 2, 3.
Екі оқушыға фигурамен жұмыс (2 түрлі фигура)
4. Тест тапсырмалары:
1. Пирамида төбесін табан қабырғасының төбелерімен қосатын кесінді
А) пирамида осі В) апофема С) бүйір қырлары
2. Табанында үшбұрыш жатқан пирамида
А) октаэдр В) тетраэдр С) төртбұрышты пирамида
3. Табанында дұрыс n көпбұрыш, бүйір қырлары өзара тең пирамида
А) дұрыс В) қиық С) кез келген
4. Бүйір бетінің ауданы
А) бүйір жақтарының В) бүйір қырларының
С) барлық жақтарының аудандарының қосындысына тең
5. Апофема деп ...
А) табанының В) бүйір жағының С) кез келген қырына түсірілген биіктік
6. Төртбұрышты пирамиданың неше жағы бар?
А) 4 В) 5 С) 6
7. Тетраэдрда неше қыр бар?
А) 6 В) 7 С) 8
8. Дұрыс үшбұрышты пирамиданың табан қабырғасы а, бүйір қыры в, биіктігі неге тең?
А) √в2-3а2 В) √в2-а2/3 С) √3в2-а2
9. Төртбұрышты пирамиданың неше диагональдың қимасы болады
А) 4 В) 2 С) 1
10. Дұрыс пирамиданың толық бетінің ауданы неге тең?
А) S=Ph+Sт В) S=Pl/2+Sт С) S=Pl+Sт
P – табанының периметрі, l – апофема, h – пирамиданың биіктігі
7. (Пирамида туралы мәліметтерден айту)
8. Геометрия оқулығы: §3, №22, 24, 24-бет.