Пирамида деп бір жағы кез келген көпбұрыш, ал қалған жақтары төбелері ортақ үшбұрыштардан тұратын көпжақты атайды.
Аталған көпбұрыш пирамиданың табаны, ал ортақ төбесі бар үшбұрыштар бүйір жақтары, бүйір жақтарының бірігуі бүйір беті, бүйір жақтарының ортақ қабырғалары бүйір қырлары, барлық бүйір қырларының ортақ төбесі
пирамиданың төбесі деп аталады.
Егер табаны дұрыс көпбұрыш болып төбесінің проекциясы табанының центріне дәл түссе, онда пирамида дұрыс пирамида деп аталады.
Дұрыс пирамиданың бүйір жағының пирамида төбесінен түсірілген биіктігі пирамиданың апофемасы деп аталады.
Қиық пирамида- пирамиданың табан жазықтығына параллель және оның бүйір қырларын жазықтықпен қиып өткенде пайда болған көпжақ
Пирамиданың биіктігі деп пирамиданың төбесінен табан жазықтығына түсірілген перпендикулярды атайды
Үй жұмысы:
- Пирамида дегеніміз не?
- Пирамиданың бүйір беті дегеніміз не?
- Пирамиданың табаны дегеніміз не?
- Пирамида түрлері?
- Пирамиданың түрлерін сызып көрсет.