kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Пифагор теоремасына есептер шы?ару.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Пифагор теоремасына есептер шы?ару?а арнал?ан геометрия п?нінен ?ыс?а мерзімдік жоспар. Ашы? саба?та о?ушылар озбетимен ж?не топпен де ж?мыс жасады. Саба?та бинго ойыны ойнатылып, саба? о?ушылар?а ?ызы?ты отти. ?орытынды б?лімде ТЫНДА, ОЙЛАН, ТАП ойыны ойнатылып, Ба?алау пара?ы мен рефлексия пара?тарын толтырды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Пифагор теоремасына есептер шы?ару. »

2Пәні: Геометрия

Күні: 12.12.13

Пән мұғалімі: Утегенова Айнур Туреахметқызы

Сыныбы: 8 «а»

Сабақтың тақырыбы

Пифагор теоремасына есептер шығару

Жалпы мақсаты:

Пифагор теоремасы туралы бұрынғы сыныптарда алған білімдерін қайталау, еске түсіру және осы тақырып бойынша алған білімдерін қалыптастыру.


Күтілетін нәтиже:

А) Пифагор теоремасы бойынша білімдері толығады.

В) Пифагор теоремасының көмегімен есептер шығарады және тақырып бойынша күрделі тапсырмаларды орындайды.

С) Пифагор теоремасын өмірмен байланыстыра отырып, есептер шығару барысын қорытындылайды.

Сабақтың түрі, әдіс тәсілдері:

Түсіндіру, сұрақ-жауап.

Оқытудағы жаңа тәсілдер: постер құру, топтық, жұптық әңгіме.

Сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары: «Ойлан, бірік, бөліс», «Бірге ойлаймыз, сөйлейміз, есептейміз, «БББ» кестесі, «Бинго» ойыны.

АКТ: Power Point, интербелсенді тақта, сергіту сәтіне видеоролик және оқулықпен жұмыс.

Оқыту формасы: жеке, жұптық, топтық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі:

Геометрия 8 сынып «Атамұра» 2012, Шыныбеков Ә.Н.,

Геометрия 8 сынып «Мектеп» 2008, Бекбоев И, Абдиев А. Дидактикалық материалдар.

АКТ, проектор, топтарға арналған тапсырма парақтары, үлестірме тапсырмалар, түрлі түсті қарындаш, сызғыш

Сабақтың барысы:




Сабақтың

кезеңдері:

Мұғалім әрекеті

 Оқушы әрекеті

Кіріспе



















Үзіліс кезінде оқушыларды тренинг арқылы 4 топқа бөлу. Сыныпқа синус, косинус, тангенс, котангенс жазылған қима қағаздарын беремін.


1.Оқушылармен амандасу, түгендеу.

- Оқушылар, көңіл-күйіміз қалай?

«Шаттық шеңбері» тренинг көрші тұрған оқушының есімінің басты әріпінен басталатын ізгі тілек айтады .

Әрбір топтың алдына маршруттық карта үлестіру.

-Қажетті құрал-жабдықтарың бар ма?Қажет болса, көршілеріннен сұра.


2.Үй тапсырмасын тексеру:

- Балалар, үйге берілген тапсырма қандай еді?

- Оқушылар сағат тілімен бағыттас дәптерлерімізді көршімізге беріп, тексерейік. №

Топтағы көршілеріңнен көмек алуларыңа болады. Қолдарыңнан келсе жарайсыңдар!Қиналсаң көршіңнен көмек алуға болады!


3. Жоғары және төмен мәртебелі сұрақтар:

1)Тік бұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының косинусы, синусы, тангенсі және котангенсі қалай айтылады?

2)Неліктен тікбұрышты үшбұрыштың синусының, косинусының, тангенсінің, котангенсінің мәндері үшбұрыштың қабырғаларының ұзындықтарына тәуелді болмай, тек сүйір бұрыштың шамасына тәуелді болады?

3) Берілген қабырғалары бойынша үшбұрыштың тікбұрышты болатынын анықтаңдар:

а) 6, 8, 10 ә) 5, 6 , 7 б) 9, 12, 15

в) 10, 24, 26 г) 11,9,13 д) 15,20,25

Әрбір жағдай үшін жауабын түсіңдіріңдер.

Оқушылар осы қима қағаздарда жазылған аттарға байланысты 4 топқа бөлінеді.




Мұғаліммен амандасады.

Кезекші оқушы сабақта жоқ оқушыларды атап шығады.

Оқушылар бір-біріне жақсы тілек айтады


Әрбір топ маршруттық картамен танысады.





Оқушылар бір-бірінің дәптерлерін тексеріп, білімдерін бағалайды.

Жетістіктері мен кемшіліктерін анықтайтын болады.


Егер де есебі қате шыққан жағдайда, көршілеріннен көмек сұрайды.




Оқушылар өз ойларын ұсына отырып, талдайды, түсіндіреді немесе өзгелердің жауаптарын дәйектейді.

Сонымен қатар, мысалдар арқылы ережелерін қорытып шығарады. Бір-бірлерінің жауаптарын тыңдай отырып, толықтырады.




Мысалдарды қарастыру арқылы есептерді қаншалықты түсінгендерін саралайды.

Әрбір оқушы өз тобында дұрыс не бұрыс екендігін айтады. Барлық топтардың оқушылары бір-бірден кезектесіп оқып, жауаптарын береді.

Өз-өздерін реттейді.


Тұсаукесер





Конференция «Пифагор және жүз өгіз теоремасы»

1-топтың сұрағы:

Талай жыл талмай ойлап, елден бұрын,

Ашқан күні әйгілі сурет сырын.

Пифагор қуанғанда жүз өгізді,

Құдайға құрбан шалып,жасапты ырым,-деген өлең жолдарына арқау болған Пифагор кім?

2-топтың сұрағы: «Барлық нәрсе саннан туған және саннан тұрады» деген Пифагордың математикалық оқуы туралы не білесіздер?

3-топтың сұрағы: Пифагор сандары туралы қандай мағлұмат бере аласыздар?

Әрбір оқушы үйден ізденіп келгенін ортаға салады, өзара тарихи мәліметтерді салыстырады, жауаптарын дәйектейді. Сонымен қатар, бірін-бірі толықтырады.

Негізгі бөлім
























«Бинго» ойыны ойнатылады.

Деңгейлік есептер:

1-топтың есептері:

1)Тікбұрышты үшбұрыштың бір катеті 12 см, ал гипотенузасы 13см. Белгісіз каттетті тап Жауабы: 5см

2)Тең бүйірлі үшбұрыштың бүйір қабырғасы 15 см, табан қабырғасының ұзындығы 24 см. Табанына түсірілген биіктікті тап. Жауабы:9 см

3)АВС –тікбұрышты үшбұрыш .Сбұрышы 90°, а,b-каттер, с-гипотенуза, , -сәйкес каттеттердің гипотенузаға түсірілген проекциялары. Егер а=5 см, 2,5 см болса, с,b, -неге тең? Жауабы:с=10 см,b=5,

2-топтың есептері:

1)Тікбұрышты үшбұрыштың гипотенузасы 25см, бір катеті 20 см. Белгісіз каттетті тап Жауабы: 15см

2)Ромбының қабырғасы 10 дм, ал диагональдарының бірі 12 дм. Ромбының екінші диагоналын тап. Жауабы: 16 дм.

3-топтың есептері:

1)Тікбұрышты үшбұрыштың гипотенузасы 5см, ал бір катеті 4 см, Белгісіз каттетті тап.Жауабы: 3см

2)Тікбұрышты трапецияның табандары 3мм және 6 мм, ал биіктігі 4мм. Трапецияның бүйір қабырғасын тап. Жауабы: 5 мм.


Джекпот:Қызықты көне XII ғ . индия математигі Бхаскара есебі.

Оқушылар алдарыңдағы есептерді шығара отырып, бинго парағын толтырады. Бірінші шығарып болған оқушы «бинго» деп айқалайды. Қажет болған жағдайда тобындағы оқушыларға түсіндіреді.

Қорытынды




1) «Тыңда, ойлан, тап»:

Өткенді қайталап, және сендердің білімдеріңді тексеру үшін. Тікбұрышты үшбұрыштың гипотенузасын табуға есептер беремін.

Жауаптарын код бойынша тексереміз: 513 426 798.


2)Бағалау:Сабақ барысындағы жұмыстануы бойынша, сабақ критерийлеріне сәйкес оқушыларды сыныппен кеңесе отырып бағалаймын, бағаға түсініктеме беріп, жетілу жолдарын айтамын.

Өзін-өзі бағалау, топтың өзара бағалау кретерийлері:

1.Теориялық білімді және ережелерді қолдану

2. Есеп шартын талдай алуы, өрнекті (формуланы) дұрыс құра білуі.

3. Есепті шығару деңгейі, жауабын дәлелдей алуы

4. Жеке тапсырмаларды орындауы

0-4 балл - «2» , 5-6 балл - «3»

7-8 балл - «4» ,9-10 балл- «5»

3)Үйге тапсырма: №

4)Рефлексия:

- Бүгін мен сабақта білдім(нені)?

- Бүгін мен сабақта үйрендім(неге) ?

- Бүгін мен үшін күтпеген нәрсе болды (не)?

- Сабақ аяқталды!Сау болыңыздар!

Оқушылар ауызша есептеп шығарады және олардың жауаптарын сәйкес санға қояды.







Оқушылар өзара топтық, өзін-өзі кретерийге сәйкес бағалайды.





Үй тапсырмасын күнделіктерін жазып алады.


Сабақтан алған әсерлерін рефлексия парағына толтырады.











1 – топтың жауабы:

Ата математик Фалес Милетскийден бастап шешкен ақиқаткерлік есептер әдісін ерте дүние елдерінде

ең алғаш терең түсініп, ілгері дамытқан адам – ол Пифагор Мнесархұлы Самоси (б.з.д.580-500) болған.

Пифагор егей теңізіндегі Самос аралында туылған. Оның шешесі сол аралдың бас әкімінің қызы

Пифагор сұлу екен.

Пифагордың өнерпаздық қабілеті, білімге зеректілігі өте ертеден танылады.

Пифагордың 15-17 жастағы кезінде олимпиадалық сайысқа қатысып, «жұдырықтау жүлдесінің» жеңімпазы атанғаны туралы тарихи дерек бар.

Пифагор 20-25 жыл өмірін Мысыр (Египет), Бағдат (Вавилон) елдеріндегі және Грециядағы «Милет» мектебіндегі білім мен өнер жетістіктерін игеруге жұмсайды.

Кейін, адымен Самос аралында, содан соң Оңтүстік Италядағы Кратон қаласында Пифагор өзінің мектебін ұйымдастырады. Оның мектебін шартты түрде «Пифагория мектебі» деп атауға болады. Бұл мектептен шыққан және оның оқун қуаттайтын адамдарды Пифагоршілдер деп атайды. Ғылымға «математика» деген сөзді алғаш рет Пифагор енгізген.


2 – топтың жауабы:

Пифагордың математикалық оқуы: «бәрі сан» немесе «барлық нәрсе саннан туған және саннан тұрады»-деген қағиданы бас бағдар етіп ұстанған. Сондықтан Пифагория мектебіндегілер дүниедегі әрбір нәрсе мен құбылыстың қасиетін сандар арасындағы заңдылық арқылы түсіндіруді мақсат етіп қояды. Табиғи нәрселерді ғана емес, геометриялық пішін атаулының бәрін сан деп қарау туралы біліми көзқарас Пифагор оқуынан басталады. Сол себепті Пифагор математикасы ғылыми кітаптарда алғашқы арифметикаланған геометрия немесе «сандар геометриясы» деп аталады. Мұндай математикалық кзөқарас бойынша геометриялық пішіндеме атаулыны санның бейнесі деп қараған. Мәселен, a=3 «кесінді» , a2=32 «квадрат» , a·b=2·3 «тіктөртбұрыш» деп атаған.

Қазіргі математикалық оқулықтарының төрінен таймай орын алып келе жатқан , әйгілі Пифагор теоремасы болып табылады. Ертеден кең тараған аңыз бойынша бұл теореманы алғаш ашып дәлелдеген шақта Пифагор өзінің жүрек жарды қуанышын білдіру үшін құдайға құлшылық жасап, жүз өгіз құрбан шалса керек. Сонымен байланысты Пифагор теоремасына «жүз өгіз» сөзі қосылып айтылады.


3 – топтың жауабы:

Бұдан мың жыл шамасы бұрын Мысыр пирамидаларын жасаушылар пайдаланған осы тәсілдің ең ежелгі тәсілдің негізіне қабырғалардың қатынасы 3:4:5 болатын әрбір үшбұрыштың баршамызға белгілі Пифагор теоремасы бойынша тікбұрышты үшбұрыш болатындығы алынған, себебі

3,4,5 сандарынан басқа да, қатынасын қанағаттандыратын бүтін оң сандарының шексіз көп екені белгілі. Бұл сандар Пифагор сандары деп аталады.

Жалпы алғанда Пифагор сандарының қызықты бірқатар ерекшеліктері бар, дәлелдеусіз атап өтсек:

1. Катеттердің біреуі үшке еселік болуы керек;

2. Катеттердің біреуі төртке еселік болуы керек;

3. Пифагор сандарының біреуі беске еселік болуы керек.















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Пифагор теоремасына есептер шы?ару.

Автор: Утегенова Айнур Туреахметовна

Дата: 04.08.2014

Номер свидетельства: 111144


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства