Сабақтың тақырыбы: Есептер шығару
/Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу/
Сабақтың мақсаты:
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу тақырыбы бойынша алған білімдерін жинақтау, есептер шығару.
Күтілетін нәтиже: Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулерге есептер шығара алады.
Ресурстар: карточкалар, жетондар, интербелсенді тақта
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Сынып оқушылары үш топқа бөлінеді І топ «Айнымалылар»
ІІ топ «Сызықтар»
ІІІ топ «Сандар»
Әр топтың бастапқы капиталы 5000 теңге.
ІІ. «Біліміңді сынап көр»-акциялар сату, құны – 1000 теңге
(Өткен тақырып бойынша пысықтау сұрақтары)
1.Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу анықтамасы
2.Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің шешімі
3.Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің 1 қасиеті
4.Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудегі а,в,с нені білдіреді
5.ах+ву=с теңдеуіндегі х пен у қалай аталады
6.Мына мәндер жұбының қайсысы 2х+у=8 теңдеуінің шешімі болады (2;4), (3;-2), (-1;-6)
ІІІ. «Білімді мыңды жығады» - тұтынушылар тарту
Деңгейлік тапсырма
«Айнымалылар»
1000 теңге: х+у=5 теңдеуінен у айнымалысын х арқылы өрнектеп, теңдеудің кез-келген шешімін тап.
3000 теңге: Сәкеннің 50 теңгелік және 100 теңгелік монеталардан 400 теңге ақшасы бар. Сәкеннің неше 50 теңгелік, неше 100 теңгелік монетасы бар?
5000 теңге: ах+4у=8 теңдеуінен х=-2; у=7 болғандағы а ның мәнін табыңдар
«Сызықтар»
теңге: х-у=20 теңдеуінен у айнымалысын х арқылы өрнектеп,
теңдеудің кез-келген шешімін табыңдар.
3000 теңге: 7-ге еселік және 13-ке еселік екі санның қосындысы 61-
ге тең. 7-ге еселік санды табыңдар
5000 теңге: ах-2у=11 теңдеуінен х=3; у=-1 болғандағы а ныңмәнін
табыңдар
«Сандар»
теңге: х+у=-20 теңдеуінен у айнымалысын х арқылы
өрнектеп теңдеудің кез-келген шешімін табыңдар
теңге: Галия 7 теңгеден қарындаш, 10 теңгеден дәптер сатып
алып барлығы 111теңге ақша төледі. Жанар неше қарындаш, неше дәптер
сатып алды.
5000 теңге: 3х-ву=7 теңдеуінен х=3; у=2 болғандағы в ныңмәнін
табыңдар.
«Өнерді үйрен де жирен»
Әрбір банк мүшесіміз
Игі істе біз біргеміз – тәжірибе алмасу, топтық жұмыс
«Қарлыкесек» ойынының 2 нұсқасы (есептің жауабы бойынша өз жұмыстарын тексеріп, бір-біріне түсіндіреді)
І нұсқа тапсырмалары.
1. 7х+2у=14 теңдеуінің шешімі (1; 3) сандар жұбы бола ма?
2. Сызықтық теңдеулерді көрсет:
А) 2х+5=у Ә) х+3= Б) 2+х+у=0
3. Сызықтықтеңдеудегіа,в,ссандары коэффициент депаталады.
4. у-ті х арқылыөрнекте 3х+2у=5
5. 8х-2у=16 теңдеуіндегі х=1 болса, у негетеңболады?
ІІ нұсқа тапсырмалары.
1. 2х+7у=20 теңдеуінің шешімі (3; 2) сандар жұбы бола ма?
2. Сызықтық теңдеулерді көрсет
А) х+у = Ә) 2х+= 5 Б) 3х = 5-у
3. Сызықтық теңдеудегі х-абсцисса , у- ордината депаталады.
4. у-ті х арқылы өрнекте 2,5х+у = 4
5. 3х+5у = 25 теңдеуіндегі у = 2 болса, х неге теңболады?
ІІІ нұсқатапсырмалары.
1) 5х+4у = 15 теңдеуінің шешімі (3; 0) сандар жұбы бола ма?
2) Сызықтық теңдеулерді көрсет
А) 5х+у = 3 Ә) 2ху+3у = 18 Б) 5х= 6-28у
3) Теңдеудің екі жағын да нөлден өзге кез-келген санға көбейтуге және
Бөлуге болады.
4) у-ті х арқылы өрнекте 15х+у = 20
5) 8х+6у = 30 теңдеуіндегі х= 6 болса у неге тең болады?
«Ел ертеңі білімді ұрпақ» - жарнама (әр топ өз банктерін жарнамалап, белгілі бір тақырыпқа ой толғап, таныстырады)
Бағалап, бекіту (бағалау оқушылардың жинаған қорларына байланысты қойылады)
Үйге тапсырма: Есептер 5-12
Кері байланыс: Смайликтер арқылы оқушылар сабақтан алған әсерлерін жазып қалдырады.