Ақмола облысы
Зеренді ауданы
М.Ғабдуллин атындағы
Зеренді қазақ орта мектебі.
Ашық сабақ
«Өткен сабақтарды қайталай отырып,
есептер шығару»
даярлық сынып
Шәріпова Қарлығаш Құрманғожа қызы
Мамандығы: даярлық сынып мұғалімі
Санаты: бірінші санатты
2013 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: «Өткен сабақтарды қайталай отырып,
есептер шығару»
Сабақтың мақсаты: 1) Балалардың жыл бойғы алған білімдерін жетілдіру, пысықтай түсу.
2) Есептер шығару, сандарды салыстыру, қосу, азайту амалдарын орындау, геомерия фигураларын ажырату, оң жақ, сол жақ, жоғары, төмен ұғымдарын, ой өрістерін дамыту.
3) Цифрларды әдемі жазу, ұқыптылыққа, жылдамдыққа, тәртіптікке, құстарды сүйюге, қорғауға тәрбиелеу.
Түрі: ойын сабағы
Әдісі: сұрақ-жауап, әнгімелеу, көрнекілік, ойын, мадақтау.
Көрнекілігі: кеспе сандар қатары, геометриялық фигуралар, құстардын суреті, ағаштын суреті, жапырақтар, оқулық.
Сабақтын барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық жаттығудан бастау: Күннен алып шуақты
Жерден алып қуатты
Алақандар ашылды
Ішінен жылу таратты.
Өте жақсы.
Енді қонақтар мен бір-бірімізбен амандасайық.
-Армысың, қайырымды Аспан ата!
-Армысың, мейірімді Жер ана!
-Армысың, шұғылалы Алтын күн!
-Армысың, қадырменді қонақтар!
Қуанайық, шаттанайық бәріміз
Күліп шықты күн бүгін
Бәріміз тату болайық
Бәріміз дос болайық
ІІ. Дәптерлерін тексеру.
Ең әдемі жазған баланың жазуын көрсетіп, мадақтау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Кіріспе бөлім:
Балалар, бүгінгі сыбығымыз күндегі сабағымыздан ерекше, себебі бүгін бізде қонаққа ұстаздарымыз келіп отыр.
Осы күнге дейін математика сабағынан не үйрендіңдер?
Санауға, 1-6-ға дейінгі аралықта қосып алып, есептер шығаруды үйрендік.
Осы есептердің бәрін бұрын кім жіберді?
Тапқышбек.
Ендеше, Тапқышбектен хат келіпті, бүгінгі сабаққа құстардан тапсырма беріп жіберіпті, осы күнге дейін не үйренгендерінді білгісі келеді.
Сендер құстардың қандай түрлерін, аттарын білесіңдер?
Балалардың жауабы...
Негізгі бөлім:
1-тапсырма: Тоқылдақтың тапсырмасы.
Ағаштың жапырағын рет санымен ілгізу. 6 балаға 6 жапырақты беріп,
ретімен орналастыру.
Ойын: «Көрші-көрші»
Алтыдан кейін, алға санату.
2-тапсырма: Бұркіттің тапсырмасы.
Есептердің шешуін табыңдар?
Ойын: «Кім жылдам?»
1. Бұтақта екі торғай отыр еді, оған екі торғай келіп қосылды. Неше торғай болды?
2. Менде 5 алма бар еді, онын екеуін Әлімге бердім. Неше алма қалды?
3-тапсырма: Аққудың тапсырмасы.
Бізге аққу да ұшып келіпті, аққу басқа құстардан қалыспаймын деп,
Тапқышбектің тапсырмасын алып келіпті.
Салыстыру есептерін шығару
62, 2=2…
Сергіту жаттығуы: Оң қолымда 5 саусақ, сол қолымда 5 саусақ, бесті беске қосқанда болып шықты он саусақ
4-тапсырма: Қарғаның тапсырмасы.
Белгісіз санды табу және жазу.
Ойын: «Тез ойлан»
2+*=2 4-*=2
1+*=3 5-*=2
5-тапсырма: Ләйлектің тапсырмасы.
Геометриялық фигураларды ажырату, оң, сол, жоғары, төмен
ұғымдарын айыру.
1)
2)
3) Ойын: «Өз орныңды тап»
Балаларға 1-6 аралығында сандар үлестіріледі, әркім өз орнын тауып, ретімен тұру керек.
Қорытынды бөлім.
1) Блалардың білімін «Балық аулау» ойынымен қорыту.
Әр балықтың артындағы тапсырманы шешкен бала сол балықты өзіне алады.
2)Үй тапсырмасы: Бірден алты аралығында санау, қосу және алу.