kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Өрнектерді түрлендіруде негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді қолдану

Нажмите, чтобы узнать подробности

Теңсіздікті шешіңдер

- Модулі бар теңсіздікті шешіңдер

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Өрнектерді түрлендіруде негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді қолдану»

Сабақтың тақырыбы: «Әлемді қоршаған формула»

Мақсаты: Оқушылардың білімдерін сарапқа салу арқылы жеңімпаз топты анықтау. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, танымдық қабілеттерін және математикаға деген сүйіспеншілігін арттыру.

Дамытушылық: әрбір жеке тұлғаның ой-өрісін кеңейтіп, тапқырлық, шығармашылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Топпен жұмыс істеу қабілеттерін арттыру, еңбекке, жауапкершілікке, уақытты үнемдеуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Түрі: сайыс сабағы.

Әдісі: Топ бойынша жұмыс.

Көрнекі құралдар: слайд

Сабақтың мазмұны: «Әлемді қоршаған формула» атты сайысы VI - кезеңнен тұрады.

  1. Қас-қағым сәт (топқа сұрақ)

  2. Бәйге сайысы

  3. Кроссворд

  4. Ойна да, ойла

  5. Формулалар құпиясы

  6. Қорытынды.


Жүргізуші:


Бүгінгі оқушы ертеңгі азамат. Сол азамат бойында тапқырлықты, алғырлықты қалыптастыру мақсатында бүгінгі 5-6 сыныптар арасындағы математикалық сайысымызды бастаймызбілімін байқап көрелік. « Білімді азамат – ел ертеңі», « Білікті бірді, білімді мыңды жығар» деген халықтың даналық сөзімен сіздерге сәттілік тілейміз.

Ізгі арманын, үмітін

Бабалардың жалғаймыз!

Білім көкжиегінде

Жалындаймыз, самғаймыз!- дей отырып сайыскерлерімізді таныстырамыз.

Бірінші топ: « Алғырлар» командасы.

Екінші топ: « Ізденімпаздар» командасы

Үшінші топ: « Тапқырлар» командасы

Бүгінгі ойынд сараптайтын әділ қазылармен танысайык:


Ойын – толқын жатқандай асып, тасып,

Біреуі мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсең де, жеңбесең де қалма жасып – дей келе 1 кезеңді бастаймыз


I - кезең

«Қас-қағым сәт» (7 балл)

« Алғырлар» командасы


1. Екі санның бөліндісі не деп аталады (сол сандардың қатынасы)

2. Көбейтіндінің қандай қассиетінде көбейткіштердің орнын ауыстырғанда көбейтіндінің мәні өзгермейді (ауыстырымдылық)

3. Шеңбердің кез келген нүктесін центрмен қосатын кесінді қалай аталады (радиус)

4. Оң санға да, теріс санға да жатпайтын сан (0)


«Ізденімпаздар» командасы


1. Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді. (0)

2. Екі қатынастың теңдігі не деп аталады (пропорция)

3. 50-ді -ге бөліп, 3-ті қосқанда нәтижесі қандай?. (103)

4. 1-ге және өзіне ғана бөлінетін (сан жай)



« Тапқырлар» командасы


1. Шеңбердің центрі арқылы өтіп екі нүктесін қосатын кесінді (диаметр)

2. Үш санда өзара көбейткенде да, қосқанда да 6 шығады, ол қандай сандар (1,2,3)

3. Бір-бірінен тек қана таңбаларымен ажыраылатын сандар қалай аталады (қарама – қарсы сандар)

4. 20 ны 1\4 бөліп, 8 ді қосқанда нәтижесі қандай (88)

Жүргізуші:


Ойла-ойла тереңнен,

Жақсы емес көп бөгелген.

Оны сен білмесең,

Өте алмайсың көпірден – дей келе

II-кезең:

«Бәйге» атты. (бағалану – 10 балл). (5 минут)

« Алғырлар» командасы

1.10 литрлік бөшкеде су бар және 7 литрлік, 2 литрлік бос ыдыстар

бар. Екі ыдысқа 5 литрден суды қалай тең бөлуге болады?

Шешімі:

10-7=3

7-2=5

2+3=5

2


2. Теңдікті орында.

1м 42см - 1м 15см = 27см

2м 10дм + 20дм = 5м



«Ізденімпаздар» командасы


1. Тоғыз литрлік және төрт литрлік екі ыдыс берілген. Осы

ыдыстардың көмегімен бактан алты литр суды қалай алуға болады?

(суды бакқа қайта құюға болады)

Шешімі:

9-4-4=1

9-4=5 5+1=6


2. Сандарды салыстыр.


144 *31/60


26*1/30


« Тапқырлар» командасы


1.Мотоцикл жүргізушісі ауылға келе жатқанда жолдан өзіне қарсы ұш

жеңіл машина және бір камазды кездестірді. Ауылға неше машина

бара жатыр?

Жауабы: Бір ғана мотоцикл


2. Теңдеуді шешіңіз.

1234 + х = 9876

x= 8642


2111 – x = 555

x= 1556











Жүргізуші: «Жаңылмаймын» ойыны

Ойыншы 21 ге дейін санау керек, бірақ бір шартым бар. 3 санын және 3-ге бөлінетін сандарды айтпау керек. Оның орнына жаңылмаймын деп айтасын. Сонымен қатар құрамында 3 бар санда айтпайсың. Ал баста, қателеспей 21 ге дейін санап шық



III кезең:

«КРОССВОРД» (бағалану – 10 балл). (7 минут)

1. 6 нөлі болатан сан (миллион)

2. 9 санын кері қаратқанда қандай сан шығады (6)

3. киелі сан (7)

4. алдында минус таңбасы болатын сандар (теріс)

5. көбейту, бөлу, азайту, қосу дегеніміз (амал)

6. бүтін сандар жиыны, оң және теріс бөлшектер жиыны қандай жиынды құрайды (рационал)

7. 3600 сек-ты басқаша қалай атайды (сағат)

8. диаметрдің жартысы (радиус)

9. 1\2, 1\3, 1\4 түріндеегі сандар (бөлшек)

10. амалдардың бірі (азайту)

Жүргізуші:

Мықты болсаң - алдағыны басып оз,

Мықты болсаң – арттағыны жеткіз бе!

Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда,

Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт.- дей келесі .


V- кезең:

«Ойна да, ойла» (бағалану – 10 балл). (5 минут)


1. Дәулет бұрылыста терезеден қарағанда алдында 9 вагон, артында 7 вагон бар екенін байқады? Даулет келе жатқан пеоздің неше вагоны бар. (17)

2. Бір үлкен үйде 100 пәтер бар. Есіктің бетінде 9 цифры неше рет жазылуы мүмкін ? (10)

3. Бұл басы да, ұшы да жоқ, бір қызық, әдемі фигура. Егер оның бойымен жүрсең, қанша жүрсеңде, бәрібір шыққан жеріңе қайтып ораласың. Бұл не? (щеңбер мен дөңгелек)

4. Атасы баласынан: 10 түйе, 10 жылқы, 1 ешкі, 1 мысық, 3 түлкі. Таба алмасаң бұл күлкі, - деп. Бәрі 100 екен дейді. Сонда атасы баласынан нені сұраған екен. (аяқтарының саны)

5. Жылдың неше айында 28 күн бар?(барлық айында)

6. Екі бала 4 сағат бойы шахмат ойнады. Олардың әр қайсысы неше сағат ойнады?




7. Жеті санына бес санын қостық. Сол санның қосындысы орыс тілінде қалай жазылады? «одиннадцать» немесе  «адиннадцать» па?

8. Бұтақта 50 қияр , бір бұтақта 5 қияр бар, екі бұтақта неше қияр болады (бұтақта қияр өспейді)

9. Алматыдан Астанаға қарай ұшақ 1 сағ 30 мин ұшты, ал Астанадан Алматыға 90 мин-ақ ұшты, Неге? (бірдей)




Жүргізуші:


Біреуінің жүрегінің түгі бар,

Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар.

Біреуінің шүбірлеген күйі бар,

Енді біреуінің қатты істейтін миы бар - дей келесі .


V-кезең: (5 балл)

Формулалар құпиясы

« Алғырлар» командасы.

Қабырғалары 14 және 6 см болатын тіктөртбұрыштың ауданын және периметрін тап.

« Ізденімпаздар» командасы

Қабырғалары 22 см болатын квадраттын ауданын және көлемін тап.

Үшінші топ: « Тапқырлар» командасы

Қабырғалары 18, 6, 12 см болатын үшбұрыштың ауданын және периметрін тап.


Сондықтан «Ешқашан да бәрін білемін, енді маған бұдан арттық үйренетін ештеңе жоқ деп санаушы болма» - дегендей Н.Д.Зеленскийдің сөзімен бүгінгі «Дарындылар додасы » атты сайыс сабағын аяқтаймыз.

Келесі сөз: Әділқазыларға сөз беріледі.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Өрнектерді түрлендіруде негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді қолдану

Автор: Елшибаева Айнур Есентаевна

Дата: 09.05.2017

Номер свидетельства: 413981


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства