kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Өрнектерді тепе-тең түрлендіру

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қысқа мерзімді жоспар  
   
   
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Өрнектерді тепе-тең түрлендіру»

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7.1C Көпмүшелер

Мектеп:«Саяқ кенті жалпы білім беретін №6 орта мектебі» КММ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Шыныбаева Гулжан Калиевна

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Өрнектерді тепе-тең түрлендіру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

7.2.1.13 көпмүшелерге амалдар қолдану, көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеу арқылы алгебралық өрнектерді тепе-тең түрлендірулерді орындау.

Сабақ мақсаттары

  1. Өрнекті ықшамдау үшін көпмүшені бірмүшеге және көпмүшелерді көбейту ережелерін қолдану және ұқсас қосылғыштарды біріктіру.

  2. Алгебралық қосындысын көбейтінді түрінде жазу.

  3. Көпмүшені көпмүшеге көбейту ережесін және бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктің мәндестігін беретін ережелерді қолдану. Теңсіздігі тура болатындай ең кіші бүтін санды табу.

Бағалау критерийлері

  • көпмүшелерге амалдар қолданады;

  • көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеу арқылы алгебралық өрнектерді тепе-тең түрлендіреді

Тілдік мақсаттар

Лексика мен сөз тіркестері: «алгебралық өрнектер», «ұқсас қосылғыштар», «ортақ көбейткіштер», «жақша сыртына шығарылады», «топтау тәсілі», «ең кіші бүтін сан», «сызықтық теңсіздіктер»

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

«Бірмүше», « коэффициент», «дәреже», «стандарт», «көбейту»

Диалогқа/жазылымға қажетті сөз тіркестері: «алгебралық өрнектер», «ұқсас қосылғыштар», «ортақ көбейткіштер», «жақша сыртына шығарылады», «топтау тәсілі», «ең кіші бүтін сан», «сызықтық теңсіздіктер»

Құндылықтарға баулу

Топта жұмыс істеуде оқушыларды қарым-қатынас жасау қабілетін дамыту, шығармашылық, жауапкершілік, сын тұрғысынан ойлау құндылықтарын қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі: дұрыс жазылуы және гуманитарлық тілде айтылуы. Сызу.

Алдыңғы білім

7.2.1.12 көпмүшені көбейткіштерге жіктеу

Сабақ барысы

Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы













Ширату. «Сиқырлы дөңгелектер»

Әрқайсыларыңның алдыларыңда сиқырлы дөңгелектер жатыр, оларды алып, артын аударып қарасаңдар сиқырлы суреттер табасыңдар, онда бір – біріңмен қалай сәлемдесу керектігінің сиқырлы жолы көрсетілген. Егер күлкі бейнеленсе, онда бір – бірімізге күлімдей қарайық, алақан суреті болса, қолымызды қысып амандасайық, жүрек бейнеленген болса – құшақтасайық, күн бейнеленген болса – жақсы сөз айтып сәлемдесейік.

«Гүлдер арқылы бөлу» оқушыларды ұқсас гүлдермен үш топқа бөлінеді. Топ басшысын сайлайды.

«Ыстық орындық» әдісімен оқушылар өткен тақырып-тарға кері байланыс жасайды. Топтан бір оқушы шығады. Орындыққа отырған оқушыға қарсы екі топ сұрақтар қояды. Оқушы 5 сұраққа дейін мүдірмей, кідіріссіз жауап беруі керек. Егер оқушы ойланып қалған жағдайда, «күйіп кетті» деген әзілмен орнына қайтарылады.

ҚБ. Мұғалімнің ынталандыру, уәждеуші сөздерімен жүзеге асырылады.


Сабақтың ортасы

Жаңа сабақтың мазмұнын ашу үшін " Түртіп алу " әдісі бойынша мәтінмен жұмыс жасауды жоспарладым.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындау үшін әр топтағы оқушыларға төмендегі тапсырмаларды беру.

Ж) 1-тапсырма: Мәтінді бөліктерге бөліп оқуға тапсырылады. Мәтінді тыңдай отырып бір-біріне білімдерін толықтырады.

Жаңа сабақ мазмұнын ашу үшін топтарға есептер беріледі. Берілген өрнекті ықшамдау үшін көпмүшені бірмүшеге және көпмүшелерді көбейту ережелерін қолданған соң ұқсас қосылғыштарды біктір

1 топ

2 топ

3 топ

көпмүшелерге амалдар қолдану, көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеу арқылы алгебралық өрнектерді тепе-тең түрлендірулерді орындау

Дескриптор

  • көпмүшелерді көбейту ережелерін қолданады;

  • ұқсас қосылғыштарды біріктіреді;

  • өрнектерді ықшамдайды;

ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы топтар бірін-бірі бағалайды. Бұл тапсырманы орындауда «диалог және қолдау көрсету» тәсіл алу үшін жоспарладым.


Оқулық, АКТ























Интерактивті тақта./жауабы шығып тұрады/

Слайд 1











2-тапсырма: «Айрықша тапсырма» әдісі арқылы сәйкестендіру деңгейлік тасырмасын орындайды.


x3+35

90+y3

-33+16a3

-54+52x3

Дескриптор

  • көпмүшелерді көбейту ережелерін қолданады;

  • ұқсас мүшелерді бірктіреді;

  • жауаптарын сәйкестендіреді.

ҚБ: «Бағдаршам» әдісі арқылы өзін-өзі бағалайды.

«Қарқын» тәсілімен сараланады.

  • Кейбір оқушылар басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істейді.

  • Қосымша тапсырмаларды көп күш жұмсауды талап ететін оқушылар үшін қолдануға болады.

Негізгі тапсырмаларды түсіндіруде көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт беріледі.


Интерактивті тақта. Слайд 3

Сергіту сәті: «Мен қазақпын»

Интерактивті тақтадан видео ролик.


3 тапсырма: «Синквейн» әдісі ұсынылған проблема бойынша жан-жақты түйіндеме жасайды, ақпаратты қысқа да нұсқа жазбаша түрде тұжырымдай алады, берілген проблемаға шығармашылық көзқараспен қарайды. Бес жол өлең құрастырады. Өлең жазу үшін қолданылатын құрылымдар.


Таратпа матераиалдар

Сабақтың соңы.

Сабақ барысында алған білімдерін жинақтау мақсатында «Элективті тест» (оқушылар А,В,С,Д карточкаларын көтеру арқылы) тапсырмаларын орындату. Тест нәтижесі интерактивті тақтаға шығарылып, оқушылар өздер тексереді.

Тест «Өрнектерді тепе-тең түрлендіру»

ҚБ: «БББ» (Білемін – Білгім келеді – Білдім) әдісі арқылы сабақты оқушылардың өздерінің қазіргі білім деңгейін, оларда қандай олқылықтар бар екенін анықтауға; өз оқуының табысты болуын қамтамасыз ету мақсатында жоспарлауға және зерттеуден кейін қандай жаңа ақпарат зерделенгенін талдауға арналған стратегия ретінде пайдаланылады. Бұл әдіс игерілген білімге негізделеді және командалық жұмыс пен қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытады.






Үлестүрме қағаз


Оқушылар рефлексиясы:«Баспалдақ» әдісі. Оқушылар тақырып бойынша қандай деңгейде тұрғандығына қатысты баспалдақ бойына белгі соғады. Белгінің қасына есімдерін жазады.



Баспалдақ сұлбасы

Саралау: Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға жоспар құруға тапсырма берем.

Бағалау: Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

«Ыстық орындық», «Түртіп алу», «Айрықша тапсырма», «Синквейн» , «БББ», белсенді әдісі арқылы берілген тапсырманы саралаудың «диалог және қолдау көрсету»

Оқушылардың тапсырмаларды орындауы топтарға бөлініп дескирпторға сүйеніп ауызша кері байланыс беру арқылы жүргізіледі. Мұғалім жазба жұмыстарына жазбаша кері байланыс қалдырады. «Екі жұлдыз, бір тілек», «Бағдаршам» оқушылардың тақырыпты меңгеру-меңгермеу «Баспалдақ» рефлексиясы арқылы көрсетіледі. Мұғалім оқушыларды ауызша ҚБ тәсілдерімен ынталандырып отырады.



Сергітусәті «Мен қазақпын» тапсырмалар, сюжеттік суреттер, топтық жұмыс формасы


Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаты қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?

Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?

Сабақ жоспарынан ауытқу болды ма және неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады? (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Өрнектерді тепе-тең түрлендіру

Автор: Шыныбаева Гулжан Калиевна

Дата: 04.12.2017

Номер свидетельства: 442033


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства