Түсіндірмелі-көрсетілімді (М.Н. Скаткин),миға шабуыл,проблемалық әдіс, сұрақ-жауап және талдау.
Сабақтың көрнекілігі: семантикалық карта,.тірек-сызба, белсенді тақта, слайдтар, сызбалар.
Сабақтың барысы:
І .Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Психологиялық дайындық:
- Кәнеки балалар, бүгін барлығымыз бір-бірімізге не тілейміз?(оқушылар орындарынан тұрып, артта отырған мұғалімге қарап: «сізге шығармашылық табыс» және бір-біріне қарап: «бізге көтеріңкі көңіл күй»,-деп айтады).
Ғылым мен техниканың дамыуына байланысты күрделі есептеулер жүргізіле бастады.Күрделі есептеулерді жай бөлшекпен есептеу қиындық туғызады.Сондықтан бөлімдері 10,100,1000 және т.с.с .Мұндай бөлшектердің алдымен бүтін бөлігі , сонан соң бөлшек бөлігінің алымы жазылады.Бүтін бөлік бөлшек бөліктен үтірмен ажыратылады.Мсалы:
-дің ондық бөлшек түрінде жазылуы: 5,11(оқылуы: 5 бүтін жүзден 11);
=4,3; =5,11
Егер бөлшек дұрыс бөлшек болса , онда үтірдің алдында 0 цифры жазылады.Мысалы,
- дың ондық бөлшек түрінде жазылуы: 0,319(оқылуы: 0 бүтін мыңнан 319).Мұндағы 4,3; 5,11; 0,319 – ондық бөлшектер. санын ондық бөлшек түрінде жазайық: Берілген аралас санның бөлшек бөлігінің алымында екі цифр, ал бөлімінде үш нөл жазылған. жазамыз.Сонда = 23,071.
Ондық бөлшек екі бөліктен тұрады . Ондық бөлшектің жазылуындағы үтірдің сол жағындағы цифрлар оның бүтін бөлігін , ал оң жағындағы цифрлар бөлшек бөлігін құрайды.Мысалы,
ондық таңбалар
Ондық бөлшектің 35, 418
бөлшек бөлігінің цифрлары ондық
таңбалар деп аталады.
Бүтін бөлігі бөлшек бөлігі
Жай бөлшекті немесе аралас санды ондық бөлшек түрінде жазу үшін :
санның бүтін бөлігін (нөлге тең болуы мүмкін ) жазып ,одан кейін үтір қою керек;
Үтірдің оң жағына берілген бөлшектің алымын жазу керек;
Бөлшектің бөлімінде қанша нөл болса үтірден кейін сонша ондық таңба жазылады.Алымындағы таңбалар аз болған жағдайда үтірден кейінгі цифрлардың алдына қажетінше нөлдер жазу керек.
Бірліктен де кіші разрядтары бар ондық жүйеде жазылған сан ондық бөлшек деп аталады.
Бірліктен де кіші разрядтар болады.Олар:
ондық үлестер разряд бірлігі-=0,1;
жүздік үлестер разряд бірлігі-=0,01;
Мыңдық үлестер разряд бірлігі-=0,001;
Ондық бөлшектің разрядтары мына кестемен берілген: