kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Онды? б?лшектерге амалдар ?олдану

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы:  Онды? б?лшектерге амалдар ?олдану

Ма?саты:

Білімділік: О?ушыларды? онды? б?лшектерге амалдар ?олдана білу білім да?дыларын ?алыптастыру.

Т?рбиелік: О?ушылар?а экологиялы? т?рбие беру; жануарлар ?лемімен танысу ар?ылы, оларды ?ор?ау?а, к?мек к?рсетуге т?рбиелеу.

Дамытушылы?: Жануарлар ?лемі туралы ?ызы?ты м?ліметтер беру ар?ылы о?ушыларды жа?а информациялармен таныстыру.

Т?рі: ?айталау – есеп саба?ы

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Онды? б?лшектерге амалдар ?олдану »

Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерге амалдар қолдану

Мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың ондық бөлшектерге амалдар қолдана білу білім дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушыларға экологиялық тәрбие беру; жануарлар әлемімен танысу арқылы, оларды қорғауға, көмек көрсетуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Жануарлар әлемі туралы қызықты мәліметтер беру арқылы оқушыларды жаңа информациялармен таныстыру.

Түрі: Қайталау – есеп сабағы

Формасы: саяхат

Әдісі: Иллюстративті

Пән аралық байланыс: Зоология

Көрнекілігі: Слайд беттері, аңдар суреттері, бағалау плакаты

Құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, AKTIVote құрылғысы

Барысы:

1) Ұйымдастыру: Оқушыларды тугендеу. Бүгінгі сабағымызда біз хайуанаттар әлеміне саяхатқа шығамыз. Хайуанаттарды көру үшін, ондық бөлшектерге арналған есептер шығарамыз.


2) Білімді тексеру: Бұл жерде сіздер хайуанаттар әлеміне баратын билет аласыздар.

А) Сұрақ – жауап. /жолдама алу/

1.Ондық бөлшек дегеніміз не?

/Бірліктен де кіші разрядтары бар ондық жүйеде жазылған сан ондық бөлшек деп аталады/

2.Ондық бөлшектерді координаталық сәуледе салыстыру?

/Координаталық сәуледе кіші ондық бөлшек үлкен ондық бөлшектің сол жағында, ал үлкен ондық бөлшек кіші ондық бөлшектің оң жағында орналасады/

3.Ондық бөлшектерді қосу?

/Нөлдерді тіркеп жазу арқылы қосылғыш бөлшектердің ондық таңбаларының санын теңестіру керек;

ондағы аттас разрядтар бірінің астында бірі тұратындай (үтірдің астына үтір тура келетіндей) етіп жазу керек; разрядтар бойынша қосып, қосындыдағы үтірді қосылғыштардағы үтірдің астына қою керек/

4.Ондық бөлшектерді азайту? /Азайғыш және азайтқыш бөлшектердің ондық таңбаларының санын теңестіру керек; ондағы аттас разрядтар бірінің астында бірі тұратындай (үтірдің астына үтір тура келетіндей) етіп жазу керек; разрядтар бойынша азайтып, айырмадағы үтірді азайғыш пен азайтқыштағы үтірлерге тура келтіріп қою керек/

5.Ондық бөлшекті натурал санға көбейту? /Үтірге назар аудармай, натурал сандарды көбейткендей көбейту керек; шыққан көбейтіндіде оң жақтан ондық бөлшекте үтірден кейін неше ондық таңба болса, сонша цифрды үтірмен айыру керек/

6.Ондық бөлшектерді көбейту? /Үтірге назар аудармай, натурал сандарды көбейтуді орындау керек; шыққан нәтижеден көбейткіштердің екеуінде үтірден кейін неше ондық таңба тұрса, көбейтіндіде оң жақтан сонша цифрды үтірмен айырып бөлу керек/

7.Ондық бөлшекті натурал санға бөлу? /Ондық бөлшектің үтіріне назар аудармай, оны натурал санға бөлу керек; бүтін бөлікті бөлу аяқталғанда, бөліндіге үтір қою керек/

8.Ондық бөлшекке бөлу? /Бөлгіште неше ондық таңба болса, бөлінгіш пен бөлгіштегі үтірлерді оңға қарай сонша цифр аттап көшіру керек; шыққан натурал санға бөлуді орындау керек/

9.Сандарды дөңгелектеу? /Осы разрядтың оң жағында тұрған барлық цифрларды нөлдермен алмастырады, ал ол цифрлар үтірден кейін келсе, оларды алып тастайды; егер алып тасталатын немесе нөлмен алмастырылатын бірінші цифр 0, 1, 2, 3, 4-ке тең болса, онда оның алдында тұрған цифрды өзгертпей қалдырады; егер алып тасталатын немесе алмастыратын бірінші цифр 5, 6, 7, 8, 9-ға тең болса, онда оның алдында тұрған цифрға 1-ді қосады/

10.Сандардың арифметикалық ортасы, өзгеріс ауқымы, модасы? /Бірнеше санның арифметикалық ортасы деп сол сандардың қосындысын қосылғыштар санына бөлгенде шығатын бөліндіні айтады. Өзгеріс ауқымы дегеніміз берілген сандар қатарындағы ең үлкен сан мен ең кіші санның айырмасы. Берілген сандар қатарындағы жиілігі ең көп сан, сол сандардың модасы болады./


Ә) Ауызша есептер.

1.Жай бөлшектерді ондық бөлшек түрінде оқыңдар:

2.Ондық бөлшектерді салыстырыңдар:

6,2 5,69; 99,7 99,54

3.Ондық бөлшектерді қосыңдар:

1,6 + 2,2=3,8; 15,62 + 4,17=19,79; 14,2 + 23,49=37,69

4.Ондық бөлшектерді азайтыңдар:

0,9 – 0,2=0,7; 12,6 – 7,5=5,1; 26,4 – 12,9=13,5

5.Көбейтуді орындаңдар:

1,2 · 4=4,8; 0,1 · 5,5=0,55; 0,02 · 21=0,42; 0,3 · 2,5=0,75

6.Бөлуді орындаңдар:

12,4 : 4=3,1; 7,2 : 1,2=6; 6,4 : 16=0,4; 0,45 : 0,3=1,5


3) Әртүрлі типтегі есептерді шығару: /парк ішін аралау/

А) Теңдік тура болатындай етіп * жұлдызшаның орнына «+» немесе «-» таңбасын қойыңдар

5,5 * 1,9 * 2,6 = 1

7,9 * 3,4 * 4,2 = 7,1

/ Мешіндер. Приматтардың 200-ден астам түрлері бар. Приматтардың ішінде ең ірісі горилла, оның ұзындығы 180 см, салмағы 250 кг болады. Гориллалар 30-35 жыл, ал шимпанзелер 60 жыл өмір сүреді/

Ә) Өрнектің мәнін табыңдар:

3а + 2,2а – 6,05, мұндағы а = 3,6

3а+2,2а-6,05= 5,2а-6,05= 5,2*3,6-6,05=18,72-6,05=12,67

/Бауырымен жорғалаушылар. Қолтырауынның салмағы 450 кг тартады және 100 жастан астам өмір сүреді. Жыландардың омыртқасының саны 141-435 аралығында болады екен./

Б) Амалдарды орындаңдар:

5,34 + 6,66 : ( 18 – 10,6 )=5,34+6,66:7,4=5,34+0,9=6,24

/Мысық тұқымдастар. Арыстан тамғы тоқ кездері 20 сағат уақытын ұйқы жібереді. Сібір жолбарысы – үлкен мысықтар арасындағы ең ірісі. Оның ұзындығы 3,2 м, салмағы 300 кг-ға дейін жетеді/

Сергіту.

Интерактивті ойын. Амалдарды орындау керек. Егер жауабы дұрыс болса қол шапалақтаймыз, дұрыс емес болса барлығымыз көздерімізді жұмамыз.

В) Зауытта жұмыс жасайтын барлық жұмысшылардың 0,24-і әйелдер. Зауытта қанша ер адам жұмыс жасайды, егер онда 480 әйел жұмыс жасаса.

480:0,24=2000. 2000 – 480 = 1520 ер

/Аюдың 7 түрі бар. Қоңыр түсті аю 5-6 ай қысқы ұйқыға кетеді. Ең үлкен аюдың салмағы 1134 кг ға дейін жеткен. Солтүстікте тіршілік ететін ақ аю ең ірі аю болып табылады, салмағы 400-700 кг тартады/

Г) 3,54; 4,27; 3,55; 4,38 сандарының арифметикалық ортасын тауып, ондық үлеске дейін дөңгелектеңдер

(3,54+4,27+3,55+4,38):4 = 15,74 : 4 =3,935≈3,9

/Құрлықтағы ең ірі жануар – Африка пілі. Ең ірі піл салмағы 12 тоннаға жеткен. Күніне олар 100-300 кг азық жеп, 100-220 л су ішеді екен.Керіктің жүрегінің салмағы 12 кг тартады. Керік – бойының ұзындығы 6 м-ге дейін жетеді. Керіктің мойын омыртқасы 7-еу, адам – 7.

Д) Теңдеуді шешіңдер:

5,74у – 5,728у + 2 = 3,56

0,012у + 2 = 3,56

0,012у = 1,56

у = 130

/Әлемде қасқырдың 35 түрі тіршілік етеді. Соңын 6 түрі біздің Республикамызда тіршілік етеді. Салмағы 10 кг тартатын қасқырларда кездеседі. Түнде қасқырлар 60-80 км жол жүреді/


4) Бекіту:

а) Тест.

1) Ондық бөлшекпен жаз: метрмен: 5 м 38 см. ( А. 5,38м)

2) Сандарды өсу ретімен жазыңдар: 2,5; 0,1; 2,2; 1,3; 0,9.(С. 0,1;0,9;1,3;2,2;2,5)

3) Ондық бөлшектерді қосыңдар: 6,3+2,5+0,7. (В. 9,5)

4) Азайтуды орындаңдар: 106,5-74,08-25,3. (В. 7,12)

5) Көбейтуді орындаңдар: 32,5 * 0,6. (А. 19,5)

6) Бөліндіні табыңдар: 60,75 : 0,9. (С. 67,5)

7) Мыңдық үлеске дейін дөңгелектеңдер: 29,48575. (А. 29,486)

8) Арифметикалық ортасын табыңдар: 5,9; 6,1; 6; 4,8. (А. 5,7)

9) Амалды орындаңдар: 8,4 – 6 : 0,75. (В. 0,4)

10) Теңдеуді шешіңдер: 3,2х + 2,9х = 36,6. (С. 6).



ә) Тізбекті сызба жаттығуы:

5


: 3 + 2,7




+ 1,6 : 0,7



* 2 - 4,3



5) Бағалау.

Оқушының

аты-жөні

№1

№2

№3

№4

№5

№6

Тест

Баға

Абдрахманова Ф










6) Үйге тапсырма:

№1320; №1329; №1330 есептердің шығарылу жолына түсініктеме беріледі.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Онды? б?лшектерге амалдар ?олдану

Автор: Абдижалелов Абдикадыр Нугуманович

Дата: 26.03.2015

Номер свидетельства: 191857


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства