kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Онды? б?лшектерді к?бейтуге есептер шы?аруды ?айталау

Нажмите, чтобы узнать подробности

О?ушыларды? ал?ан білімдерін ?р т?рлі де?гейлік тапсырмалар ар?ылы тексеру. О?ушылар ережелерді айта білулері, есептер шы?ару барысында ?олдана білулері тиіс.

О?ушыларды? іскерлігін, логикалы? ойлауын, ерік-жігерін,?з бетімен е?бектену сезімдерін, ?орытынды жасай білу ?абілеттерін дамыту.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Онды? б?лшектерді к?бейтуге есептер шы?аруды ?айталау»

Тяжина Татьяна Талгатовна,

математика пәні мұғалімі

Ғ.Қайырбеков атындағы №9 орта мектебі

Қостанай қаласы

Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді көбейтуге есептер шығару

Сабактың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың алған білімдерін әр түрлі деңгейлік тапсырмалар арқылы тексеру. Оқушылар ережелерді айта білулері, есептер шығару барысында қолдана білулері тиіс.

Дамытушылық: Оқушылардың іскерлігін, логикалық ойлауын, ерік-жігерін,өз бетімен еңбектену сезімдерін, қорытынды жасай білу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды адалдыққа, шапшаңдыққа, ұжымдық жұмыс жүргізу арқылы бірлесіп жұмыс атқаруға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, интерактивті тақта, компьютер, бағалау парағы, тақта, бор, үлестірмелі карточкалар, тесттік тапсырмалар.

Сабақтың әдісі: жеке, ұжымдық, топтық, деңгейлеп оқыту, сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: жарыс сабағы

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)

  2. «Ой толғау сәті» (графикалық диктант) (7 мин)

  3. «Біліміңді тексер» (деңгейлік тапсырмалар) (15 мин)

  4. «Ойланайық, кім ойшыл?» (логикалық есептер) (5 мин)

  5. «Пингвиндер» сайысы (3 мин)

  6. «Жұмбақтар сайысы» (5 мин)

  7. «Кімжылдам?» (тест)(5 мин)

  8. Үйге тапсырма (1 мин)

  9. Қорытындылау (1 мин)

  10. Оқушыларды бағалау (1 мин)

1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларға сабақтың тақырыбын, жүргізу формасы және мақсатын баяндаймын. Сабаққа кіріспе жасаймын. Оқушыларды екі топқа бөлемін.

1 топ: «Ондық бөлшектер»;

2 топ: «Жай бөлшектер».

2. «Ой толғау сәті». Оқушылардың өткен тақырыпты қаншалықты меңгергендігін интерактивті тақтаға жазылған графикалық диктант пен үйге берілген есептердің жауабын сәйкестендіріп тексертемін.

Графикалық диктант: «+»-иә, «-»-жоқ

1. Бірліктен де кіші разрядтары бар ондық жүйеде жазылған сан ондық бөлшек деп аталады. (+)

2. Кез келген ондық бөлшекті жай бөлшек түрінде жазуға болмайды. (-)

3. Ондық бөлшектің бөлшек бөлігінің цифрлары бүтін таңбалар деп аталады. (-)

4. Координаталық сәуледе үлкен ондық бөлшек сол жақта, ал одан кіші ондық бөлшек оң жақта кескінделеді. (-)

5. Егер азайғыш натурал сан болса, онда натурал саннан кейін үтір қойып, қажетті нөлдер санын тіркеп жазамыз. (+)

6. ондық бөлшектер разрядтары бойынша салыстырылады. (+)

7. Ондық бөлшекті 0,1; 0,01; 0,001, және т.с.с. разряд бірліктеріне көбейту үшін, осы бөлшектегі үтірді разряд бірліктерінде неше нөл болса, сонша цифрға оңға қарай жылжыту керек; (-)

8. Ондық бөлшекті 10,100,1000 және т.с.с. разряд бірліктеріне көбейту үшін, ондық бөлшектің үтірін разряд бірлігінде неше нөл болса, сонша цифрға оңға қарай жылжыту керек. (+)

9. Ондық бөлшектерді натурал санға түрлендіріп салыстыруға болмайды. (-)

10. Ондық бөлшектерді ондағы аттас разрядтар бірінің астында бұратындай етіп баған түрінде жазу керек; разрядтары бойынша қосу керек; қосындыдағы үтірді қосылғыштардың астына қою керек. (+)

Дұрыс жауаптары: + - - - + + - + - +.

Үй жұмысы: № 1083 (1,3,5,7); №1084 (2,4,6); №1106; №1108

№1083

1)


3)

5)

7)

№1084

2) 3 т-ның 0,7-сін

Шешуі: т

4) 5,75 кг-ның 0,8-ін

Шешуі: кг

6) 450 г-ның 0,2-сін

Шешуі: г

№1106

Зауыттың шығарған 725 станогының 0,6-сы токарлық станоктар, қалғанының 0,7-сі фрезерлік станоктар, қалғандары шлифовальдық станоктар. Зауыт неше шлифовальдық станоктар шығарды?

Шешуі:

1) Токарлық станоктарды нешеу екенін табу үшін 725 көбейтеміз 0,6, сонда

2) Енді қалған станокты табуүшін шыққан 435 токарлық станокты барлық 725 станоктан азайтамыз: 725-435=290;

3) Фрезерлік станоктың нешеу екенін білу үшін 290-ды көбейтеміз 0,7-ге, осыдан фрезерлік станок екені шығады;

4) Ал, енді шлифовальдық станокты табу үшін 290-нан азайтамыз 203-ті, бұдан шығады 290-203=87 шлифовальдық станок

Жауабы: зауыт 87 шлифовальдық станок шығарды.

№1108

Шеңберлердің әрқайсысының бойындағы сандардың қосындысы 10-ға тең. С-ның мәнін табыңдар.

А-ның мәнін табу:

10-7=3;

В-ның мәнін табу:

10-6=4;

С-ның мәнін табу:

10-8=2.

3. Біз бүгін «Ондық бөлшектер» тақырыбы бойынша есептер шығаруды ары қарай жалғастырамыз. Ол үшін тақырып бойынша алған білімдерімізді тексеру үшін деңгейлік тапсырмалар орындаймыз.

А деңгейі

1. Ондық бөлшек түрінде жазыңдар:

; ; ; .


2. Есептеңдер:

а) 3,76+19,3; ә) 135,7+8,25;

б) 21-6,91; в) 58,2-17,45;

г) ; д) .

3. Бірінші күні дүкен 2,76 т картоп, екінші күні одан 0,85 т кем сатты. Дүкен екі күнде неше тонна картоп сатты?

4. Өрнектің мәнін табыңдар:

а) мұндағы

ә) мұндағы

5. Есептеңдер:

.


В деңгейі

1. Метр есебімен өрнектеп алып, шамаларды ондық бөлшек түрінде жазыңдар:

2 см, 19 см, 35 дм, 8 дм.

2. Есептеңдер:

а); ә) ,

б) ; в) .

3. Өрнектің мәнін табыңдар:

а) мұндағы ;

ә) мұндағы .

4. Үшбұрыштың периметрі 19,5 см, бір қабырғасы 7,6 см, екінші қабырғасы біріншісінің -сіне тең. Үшбұрыштың үшінші қабырғасын табыңдар.

5. Теңдеуді шешіңдер:


С деңгейі

1. Есептеңдер:

а) ; ә) .

2. Жұлдызшаның орнына қос теңсіздікті қанағаттандыратын ондық бөлшекті тауып, жазыңдар:

а) 33,918*8,56.

3. Өрнектің мәнін табыңдар:

а) мұндағы ;

ә) мұндағы .

4. Саяхатшылар бірінші күні 64,8 км, екінші күні бірінші күнгі жүрген жолдың -ін, ал үшінші күні бірінші күнгі жүрілген жолдан -ге кем жол жүрді. Саяхатшылар үш күнде неше километр жол жүрді?

5. Теңдеуді шешіңдер:

.

4. «Ойланайық, кім ойшыл?». Мұнда, біраз ойланып логикалық есептер шығарып, кімнің ойшыл екенін анықтаймыз. Ол үшін екі топқа интерактивті тақтада үш бірдей логикалық есептерді беремін. Қай топ дұрыс жауабын бірінші айтса сол топқа қосымша баға беріледі.


1. Қояндар жанұясының үш мүшесі барлығы 73 сәбізді жеп қойған. Әкесі шешесіне қарағанда 5 сәбізді артық жеген. Ал баласы Банни 12 сәбіз жеді, шешешсі неше сәбіз жеді?

Жауабы: 28 сәбіз

2. Фермада 10 сиыр мен бірнеше тауық балапандарынан басқа ешқандай үй жануарлары жоқ. Сиырлар аяқтарының жалпы саны барлық балапандарының аяқтарының санына тең. Фермада неше үй жануары бар?

Жауабы: 30

3. Талас өзенінің төменгі бойындағы көк майса жерге тұс-тұстан тоғыз жол келіп түйіседі. Сондықтан тоғыз жолдың торабы «Тоғызторау» деп аталады. Әйтеуір, бір жылдары сондағы құдық басына тоғыз жолаушы келіп, бірімен-бірі түгел қол берісіп, амандасып шығады. Бәріміз қанша рет қол алыстық? – дейді сонда жолаушылардың бірі.

-Кім білсін, ал мен өзім сегіз адаммен амандастым, - дейді екінші жолаушы. Тоғыз жолаушы біріне-бірі қанша рет қол берісті?

Жауабы: 36

5. Пингвиндер сайысы. Келесі кезекте «Пингвиндер» сайысы. Мұнда интерактивті тақтада әр топқа үш-үштен есеп жазылған. Яғни әр сайыскер аяғына допты қыстырып алып, түсіріп алмай есептерді шығарады. Әр топтың бір сайыскеріне бір есептен беріледі. Қай топ жылдам үш есепті бірінші шығарып болса, сол топ жеңіске жетеді.

1 топ.2 топ.

1. Есептеңдер:

2. Амалдарды орындаңдар:

3. Теңдеуді шешіңдер:


6. «Жұмбақтар сайысы» . Оқушыларды сергіту үшін жұмбақтар жасырамын.

1. Портфелімде әуелі

Он үш жаңғақ бар еді.

Науат пен Маратқа,

Самат пенен Сағатқа,

Апасына Қанаттың

Екі-екіден тараттым.

Қанша жаңғақ қалғаны,

Айта қойшы ал, жаным.

(3)

2. Су құйып ем астауға,

Үш қаз ұшты аспанға.

Үш қасқалдақ, бірқазан

Екі үйрек, бір сазан,

Бір көксерке, бір қарға

Қосылды кеп бұларға

Айтшы, неше құс ұшып жүр

Неге екенін түсіндір.

(12)



3. Бес бұтақты қайыңда-

Бұтақ сайын бес алма

Біреуін бер Сайынға,

Сонда қалмақ неше алма?

(қайыңда алма өспейді)

4. Он бір түйе, бес жылқы,

Екі сиыр, бес ешкі,

Екі қоян, үш түлкі,

Таба алмасан бос күлкі.

(28)

5. Дүкеннен мен сабын алдым,

Оның және қабын алдым,

Екі дәптер, бір қарындаш,

Тіс ысқышты тағы да алдым.

Есептеші сонда бәрі

Қанша болды, қолда бары?

( 6 )

6.Түйе ,бота маң басқан,

Төрт аяғын тең басқан,

Шұнаң құлақ бес ешкі,

Қос лақты қос ешкі,

Төрт қозылы екі қой,

Бәрін бірге ойлап қой.

(17)

7. Бір кемпір:

«Сапырып-сапырып Сарманға бер,

Құйып-құйып Құрманға бер,

Есіктегі екеуге бер,

Төрдегі төртеуге бер,

Өзің іш те,маған бер.»-деген екен.Мұны естіген ұрылар:-«Қой мұнымыз бекер болар.Бұл үй толы кісі,әрі бізден екі есе артық екен,кетейік,»-деп кетіп қалыпты.

Кемпір тапқырлығымен ұрыларды осылай қорқытыпты.Сонда үйде неше адам,неше ұры?

(10 адам,5 ұры)

7. Кім жылдам? Бұл кезеңде оқушылармен тест жұмысын орындаймыз.

1 топ.

1. Есептеңдер: 78,2-6,31

А) 71,89;

Ә) 1,51;

Б) 15,1;

В) 71,99.

2. Есептеңдер: 7,1-(3,65+0,48)

А) 3,81;

Ә) 3,09;

Б) 2,97;

3) 3,91.

3. Теңдеуді шешіңдер: х-5,53=26,8

А) 32,33;

Ә) 31,33;

Б) 82,1;

В) 31,62.

4. Есептеңдер:

А) 2,56;

Ә) 0,0256;

Б) 0,256;

В) 0,00256.

5. Жайбөлшектіондықбөлшектүріндежазыңдар:

А) 1,013;

Ә) 1,00013;

Б) 1,3;

В) 1,0013.

6. 34,2167ондық бөлшегіндегі 6 цифры қандайразрядтажазылған?

А) жүздік;

Ә) ондық;

Б) мыңдық;

В) он мыңдық.

7. Мынасандардыңішінентеңбөлшектердітабыңдар: 4,009; 4,9; 4,90; 4,090; 4,900.

А) 4,009; 4,090; 4,900.

Ә) 4,90; 4,900; 4,090.

Б) 4,9; 4,90; 4,090.

В) 4,9; 4,90; 4,900.

2 топ.

1. Есептеңдер: 28,9+2,17

А) 31,7;

Ә) 50,6;

Б) 5,06;

В) 31,07.

2. Есептеңдер: 8,2-(0,36+1,17)

А) 9,01;

Ә) 6,77;

Б) 6,67;

3) 8,91.

3. Теңдеуді шешіңдер: 3,5+у=6,35

А) 2,85;

Ә) 3,3;

Б) 6;

В) 3,85.

4. Есептеңдер:

А) 0,162;

Ә) 0,00162;

Б) 1,62;

В) 0,0162.

5. Ондықбөлшектіжайбөлшектүріндежазыңдар:1,043

А) ;

Ә) ;

Б) ;

В) .

6. 6,4325 ондықбөлшегіндегі 5 цифры қандайразрядтажазылған?

А) ондық;

Ә) жүздік;

Б) мыңдық;

В) он мыңдық.




7. Мынасандардыңішінентеңбөлшектердітабыңдар: 6,007; 6,7; 6,70; 6,070; 6,700.

А) 6,007; 6,070; 6,700.

Ә) 6,70; 6,700; 6,070.

Б) 6,7; 6,70; 6,700.

В) 6,7; 6,70; 6,070.


Тест жауаптары



1

2

3

4

5

6

7

1 топ

А

Б

А

Ә

В

Б

В

2 топ

В

Б

А

В

Б

В

Б


8. Үйге тапсырма.

1. 278 беттегі дайындық тапсырмасы

2. Ондық бөлшектер туралы баяндама жазып келу.

9. Қорытындылау.«Білемін, білдім, білгім келеді» стратегиясын қолданамын. Оқушылар бүгінгі тақырып бойынша өз ойларын қорытып жазады.

Білемін

Білдім

Білгім келеді








10. Оқушыларды бағалау. Сабақты ұйымдастыру барысында оқушыларға бағалау парақтары тапсырылған болатын. Сол бағалау парағына оқушылар өздерінің сабақ барысында өткен мекендерден алған бағаларын жазып отыру керек болатын. Сол бағаларды негізге ала отырып оқушыларды бағалаймын.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Онды? б?лшектерді к?бейтуге есептер шы?аруды ?айталау

Автор: Тяжина Татьяна Талгатовна

Дата: 11.11.2015

Номер свидетельства: 251290


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства