Ондық бөлшектерді қосу.
Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді қосу.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға ондық бөлшектерді қосуды үйрету.
2. Дамытушылық: Ойлау қабілетін дамыту, қабілеттік пен белсенділік, танымдықты жетілдіру.
3. Тәрбиелік: Жауапкершілікке, нақтылыққа, шапшаңдылыққа, бастаған ісін аяғына жеткізуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру: Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
3. Жаңа сабақ: Ондық бөлшектерді қосу.
Ондық бөлшектер ондық жүйеде жазылатын сандар болғандықтан, оларды қосу натурал сандарды қосу ережесі бойынша орындалады.
1- мысал: 4.21 және 5.47 қосындысын табайық.
Қосылғыштарды баған түрінде қоссақта, қосынды 9.68- ге тең болады.
Ондық бөлшектерді қосу үшін:
1. Нөлдерді тіркеп жазу арқылы қосылғыш бөлшектердің ондық таңбаларының санын теңестіру керек.
2. Ондағы аттас разрядтар бірінің астында бірі тұратындай етіп жазу керек.
3. Разрядтар бойынша қосып, қосындыдағы үтірді қосылғыштардағы үтірдің астына қою керек.
2- мысал:
5,243+76,4=5,243+76,400=81,643
Бекіту.
№992
0,7+0,3=1 0,4+0,1=0,5 1,1+1,4=2,5
1,2+0,8=2 3,5 +0,5=4 0,26+0,14=0,40
№993
8,65+2,34=10,99 6,3+2,5+0,7=9,5
3,17+4,33=7,5 9,2+3,3+1,6=14,1
(2,41+13)+4,59=20 0,1+9,9+1,5=11,5
№994
A 3,89 1,003 11,107 14,211 | B 0,256 5,21 2,03 5,081 | A+B 4,146 6,213 13,110 19,292 |
№ 996
Ш: Р=3,6+5,3+4,9=13,8
№999
Ш: 13,09+0,87=13,96
13,09+13,09=27,05
Үйге тапсырма беру
Сабақты қорытындылау
Бағалау