kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

О?ушыны? ?зін-?зі аны?тауы

Нажмите, чтобы узнать подробности

 « О?ушыны?   ?зіндік  еркіндігі  мен  ?зін-?зі  аны?тау?а  ба?ыттал?ан  білімі »

                                                                                                                     Габдулдинова  Ж.К

                                                                 «Октябрь  мектеп-балаба?ша  кешені»КММ

                                                                                                        Математика  п?ніні? м??алімі

                                                        Білімді  ?уелі  бастан  бала  ?зі  іздеп  таппайды.

                                                      Басында  ойынмен  ?йір  ?ылу  керек,  ?йрене  келе                                  

                                                          ?зі  іздегендей  болады.

                                                                                                           Абай     ??нанбаев

    Жа?а  білім  ж?йесі – заман  талабы  десек, т?уелсіз  елімізді?  жар?ын  болаша?ы  жастар. Елімізді?  г?лдеп, ?ркендеп, ?ркениетті   50  елді?  ?атарынан  табылуына  жастарымызды?   ?осар  ?лесі   зор.

    ?Р- да ?мір  с?ріп  отыр?ан  ?рбір  азамат   мемлекетімізді?  бір  б?лшегі. Сонды?-

тан  да, ол  барлы?  істе  сауатты,  ?здігінен  ?рекет  етуге  ?абілетті, жауапкершілігі  мол  о?ушы  болу?а  тиісті. Ондай  о?ушы  мектеп  ?абыр?асында   ?зіні?  білімі  мен  ізгілігін   одан  ?рі  шы?дай  т?седі.

    О?ушыны?  ?зіндік  еркіндігі  мен  ?зін  аны?тау?а  ба?ыттал?ан  білімі  о?у  жасына  дейінгі   ?йдегі  т?рбиесінде  ?алыптасуы  керек. О?ушыларды?   жеке  дара  ?абілет-терін ілгері  дамыту,  ?абілеттеріне  сай  шы?армашылы?пен  ойлай  алатын    о?ушы  ретінде  ?алыптастыру?а  жа?дай  жасау.Осындай  ?асиеттері  бар  о?ушы  ?з  бетінше  іздене  отырып,  ой-?иялын  дамытады, шы?армашылы?  ?абілетін  арттырады.  М?ндай  ?асиеттер  о?ушыда  бірден  пайда болмайды.  Оны?  ?алыптасуына  м??алімнін  шеберлігі, ата- ананы?  ы?палы,  о?ушыны?  ?зіні?   ынта – ы?ыласы, п?нге  деген  ?ызы?ушылы?ы  себеп  болады.

                          О?ушыларды?  ?абілеттерін  дамыта  т?су  ж?йесі.

                                                          Темпераментпен  байланысты

                                                                        ?абілеттер

 Шы?армашылы?

     ?абілеттер                                   Ынтамен  байланысты                   ?ызы?ушылы?

                                                                ?абілеттер                               икемділік

                                                        А?ыл – ой  ?абілеттері

    Білімін  арттыру  ?шін  саба?ты?  д?рыс  ?тілуі  тиіс.

    Саба?ты?  д?рыс  ?туі - ?рбір  м??алім   ізденісіні?,  ?дістемелік   шеберлігіні? 

н?тижесі. Сонды?тан  саба?ты  ?рт?рлі  т?сілмен  ?ызы?ты  ?ткізу  ?р  м??алімні?  міндеті. Саба?ты  жа?а  талап?а  сай  ?ткізуді?  бірнеше  ?дістері  бар.  Осы ?дістерге  байланысты  саба?тарды?  мынадай  5  типі  бар  екендігі  белгілі:?айталау  саба?,  аралас  саба?,жа?а  саба?,білімін  жетілдіру  ж?не  ба?алау  саба?ы.Осы  саба?  т?рлер-іні?  ?айсысында  болмасын  мен  іс-т?жірибемде  мынандай    негізгі  факторларды  басшылы??а  аламын: о?ушыларды?  ?з  бетінше   ж?мыс  істеу  белсенділігін 

арттыру,  ?йге  о?ушыларды?  ойлау  ?абілетін   дамытатын  педагогика  элементтерін  саба?та  ?олдану.

  Саба?  барысында  о?ушыларды?  ?алай  ойлайтынды?ын,  оларды?  ой-?рісін  біліп  отыруды?  ма?ызы  ?те  зор. Ба?а  -  о?ушы  біліміні?  жемісі.

  О?ушы  е?бегін  д?рыс  ба?алай  білу – оны?  о?у?а  деген  ынтасын  арттырады.  О?ушы  мен  м??алімні?  арасында?ы  ?арым – ?атынасты?   к?п  жа?тары  да  осы  м?селе  т??ірегінде  шешіледі. Ба?аны? мынандай  ?ш  функцияны  ат?аратынды?ы  белгілі:  тексерушілік, ?йретушілік,  т?рбиелік.

    Осы  айтыл?андарды   ескере  отырып,  сіздерді?  назарлары?ыз?а  ?зімні?  саба-?ымда    жиі  ?олданып  ж?рген  о?ушыларды?  ?з  жауаптарын  ?здері  ба?алау  ?дісін  ?сын?ым  келеді. О?ушыларды?  п?нге  деген  ?ызы?ушылы?ын   арттыруда, о?у  процесіні?  ?ар?ынын  жо?арылатуда, о?ытуды?   сапасын  к?теруде  о?ушыларды?  саба?  барысында  ?з  е?бектерін  ?здері  ба?алай  білуді?  ма?ызы  зор.

  Ба?алау  4  б?лім  ар?ылы  іске  асады: ?айталау, жа?а  та?ырып,  ?осымша,  ?й  тапсырмасыны?  орындалуы.

    О?ушыларды?  ?з  е?бектерін  ?здері  ба?алауыны?  к?птеген  ерекшеліктері  бар. Соларды?  бірі – о?ушы  мен  м??алім, ата-ана  мен  м??алім  арасында?ы  ба?а  ж?ніндегі  т?сініспеушіліктер  жойылады. Е?  негізгісі   о?ушы  б?гінгі  саба?та?ы   ?зіні?  жіберген  кемшілігін  мойындап,  соны  келесі  саба?та  болдырмау?а,  т?рт    б?лімнен  де  м?дірмей  ?туге  тырысады,  жауапкершілікке  жетелейді.

   «Мен   ма?сатыма  жеттім», « жете  алмадым»  деген  с?здер  ар?ылы  мен  о?ушы-ларды?  сана-сезімінде  е?бек  етсе?  ?ана  ма?сатына  жете  аласы?  деген  ??ымды  ?ялатамын,іскер  ал?ыр  азамат  болу?а  т?рбиелеймін. О?ушыларды?  ?з  е?бектерін  ба?алап  айтуы  ?шін  2-3 секунд  уа?ыт  жетеді.Екілік  пен  ?штік  ба?алар  о?ушыны?  ішкі  д?ниесінде  ?зін  кем  сезінушілік, кемсітушілік  тудыратын, осыдан  келіп  о?у?а  деген  ынтасыны?  жойылуына  ?келіп  со?атын.

    ?орыта  келгенде,?зін-?зі  ба?алау  ?дісі  ар?ылы  о?ушылар   ?здеріні?  ал?ан  білімін, іскерлігін  ж?не  да?дыларыны?  на?ты  де?гейін  сапа  ж?нінен  а??арып, ?зін-?зі  ба?ылау?а  ?йренеді. 

    О?ушыны?  ?зіндік  еркіндігі  мен  ?зін  аны?тау?а  ба?ыттал?ан  білімі – ол жеке   т?л?аны  ?алыптастыруды  дамыту  мен  о?ан  жан-жа?ты  тере?  білім  беру  ма?сатында  баланы  о?ыта  отырып,  оны?  еркіндігін,  белсенділігін  ?алыптастыра  отырып,  ?з  бетінше  шешім  ?абылдау?а  да?дыландару  жолында  не??рлым  тиімді  шараларын  енгізу  - б?гінгі  ?стаздарды?  жауапты  істері  болу  керек.

   Б?л  ма?сат  жеке  т?л?а  бойында?ы  ??ндылы?ты  к?руге  м?мкіндік  береді.

Ерекшелігі  мына  т?мендегілер:

    - ?р  бала?а  сеніммен  ?арау

    - т?л?аны?  ?рекетіне  сатылы  орналас?ан  басшылы?  жасау

    - ?р    та?ырып  бойынша  о?ушы  біліміні?  ба?алануы

    -  ?р баланы?  мемлекеттік  стандарт  де?гейінде  білім  алуын  ?амтамасыз  ету.

    М?ндай  ба?ытта?ы  шараларды   ж?зеге  асыру  ?шін  б?гінгі  к?н  талабы  - о?ытуды?  жа?а  технологияларын  енгізу.  Ол  технология   -  Жанпейісованы? модульдік  о?ыту  технологиясы. Модуль – о?ушыны?  мазм?нды,о?у  ?дісін  ?з   бетінше  игеру  де?гейі  мен  о?у-таным  ?рекетіне  сай  жеке о?у  ба?дарламасы.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«О?ушыны? ?зін-?зі аны?тауы»


« Оқушының өзіндік еркіндігі мен өзін-өзі анықтауға бағытталған білімі »



Габдулдинова Ж.К

«Октябрь мектеп-балабақша кешені»КММ

Математика пәнінің мұғалімі



Білімді әуелі бастан бала өзі іздеп таппайды.

Басында ойынмен үйір қылу керек, үйрене келе

өзі іздегендей болады.

Абай Құнанбаев

Жаңа білім жүйесі – заман талабы десек, тәуелсіз еліміздің жарқын болашағы жастар. Еліміздің гүлдеп, өркендеп, өркениетті 50 елдің қатарынан табылуына жастарымыздың қосар үлесі зор.

ҚР- да өмір сүріп отырған әрбір азамат мемлекетіміздің бір бөлшегі. Сондық-

тан да, ол барлық істе сауатты, өздігінен әрекет етуге қабілетті, жауапкершілігі мол оқушы болуға тиісті. Ондай оқушы мектеп қабырғасында өзінің білімі мен ізгілігін одан әрі шыңдай түседі.

Оқушының өзіндік еркіндігі мен өзін анықтауға бағытталған білімі оқу жасына дейінгі үйдегі тәрбиесінде қалыптасуы керек. Оқушылардың жеке дара қабілет-терін ілгері дамыту, қабілеттеріне сай шығармашылықпен ойлай алатын оқушы ретінде қалыптастыруға жағдай жасау.Осындай қасиеттері бар оқушы өз бетінше іздене отырып, ой-қиялын дамытады, шығармашылық қабілетін арттырады. Мұндай қасиеттер оқушыда бірден пайда болмайды. Оның қалыптасуына мұғалімнін шеберлігі, ата- ананың ықпалы, оқушының өзінің ынта – ықыласы, пәнге деген қызығушылығы себеп болады.

Оқушылардың қабілеттерін дамыта түсу жүйесі.


Темпераментпен байланысты

қабілеттер


Шығармашылық

қабілеттер Ынтамен байланысты қызығушылық

қабілеттер икемділік


Ақыл – ой қабілеттері


Білімін арттыру үшін сабақтың дұрыс өтілуі тиіс.

Сабақтың дұрыс өтуі - әрбір мұғалім ізденісінің, әдістемелік шеберлігінің

нәтижесі. Сондықтан сабақты әртүрлі тәсілмен қызықты өткізу әр мұғалімнің міндеті. Сабақты жаңа талапқа сай өткізудің бірнеше әдістері бар. Осы әдістерге байланысты сабақтардың мынадай 5 типі бар екендігі белгілі:қайталау сабақ, аралас сабақ,жаңа сабақ,білімін жетілдіру және бағалау сабағы.Осы сабақ түрлер-інің қайсысында болмасын мен іс-тәжірибемде мынандай негізгі факторларды басшылыққа аламын: оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу белсенділігін



арттыру, үйге оқушылардың ойлау қабілетін дамытатын педагогика элементтерін сабақта қолдану.

Сабақ барысында оқушылардың қалай ойлайтындығын, олардың ой-өрісін біліп отырудың маңызы өте зор. Баға - оқушы білімінің жемісі.

Оқушы еңбегін дұрыс бағалай білу – оның оқуға деген ынтасын арттырады. Оқушы мен мұғалімнің арасындағы қарым – қатынастың көп жақтары да осы мәселе төңірегінде шешіледі. Бағаның мынандай үш функцияны атқаратындығы белгілі: тексерушілік, үйретушілік, тәрбиелік.

Осы айтылғандарды ескере отырып, сіздердің назарларыңызға өзімнің саба-ғымда жиі қолданып жүрген оқушылардың өз жауаптарын өздері бағалау әдісін ұсынғым келеді. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруда, оқу процесінің қарқынын жоғарылатуда , оқытудың сапасын көтеруде оқушылардың сабақ барысында өз еңбектерін өздері бағалай білудің маңызы зор.

Бағалау 4 бөлім арқылы іске асады: қайталау, жаңа тақырып, қосымша, үй тапсырмасының орындалуы.

Оқушылардың өз еңбектерін өздері бағалауының көптеген ерекшеліктері бар. Солардың бірі – оқушы мен мұғалім, ата-ана мен мұғалім арасындағы баға жөніндегі түсініспеушіліктер жойылады. Ең негізгісі оқушы бүгінгі сабақтағы өзінің жіберген кемшілігін мойындап, соны келесі сабақта болдырмауға, төрт бөлімнен де мүдірмей өтуге тырысады, жауапкершілікке жетелейді.

«Мен мақсатыма жеттім», « жете алмадым» деген сөздер арқылы мен оқушы-лардың сана-сезімінде еңбек етсең ғана мақсатына жете аласың деген ұғымды ұялатамын,іскер алғыр азамат болуға тәрбиелеймін. Оқушылардың өз еңбектерін бағалап айтуы үшін 2-3 секунд уақыт жетеді.Екілік пен үштік бағалар оқушының ішкі дүниесінде өзін кем сезінушілік, кемсітушілік тудыратын, осыдан келіп оқуға деген ынтасының жойылуына әкеліп соғатын.

Қорыта келгенде,өзін-өзі бағалау әдісі арқылы оқушылар өздерінің алған білімін, іскерлігін және дағдыларының нақты деңгейін сапа жөнінен аңғарып, өзін-өзі бақылауға үйренеді.

Оқушының өзіндік еркіндігі мен өзін анықтауға бағытталған білімі – ол жеке тұлғаны қалыптастыруды дамыту мен оған жан-жақты терең білім беру мақсатында баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыра отырып, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландару жолында неғұрлым тиімді шараларын енгізу - бүгінгі ұстаздардың жауапты істері болу керек.

Бұл мақсат жеке тұлға бойындағы құндылықты көруге мүмкіндік береді.

Ерекшелігі мына төмендегілер:


- әр балаға сеніммен қарау

- тұлғаның әрекетіне сатылы орналасқан басшылық жасау

- әр тақырып бойынша оқушы білімінің бағалануы

- әр баланың мемлекеттік стандарт деңгейінде білім алуын қамтамасыз ету.

Мұндай бағыттағы шараларды жүзеге асыру үшін бүгінгі күн талабы - оқытудың жаңа технологияларын енгізу. Ол технология - Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясы. Модуль – оқушының мазмұнды,оқу әдісін өз бетінше игеру деңгейі мен оқу-таным әрекетіне сай жеке оқу бағдарламасы.






К.Роджерстің пікірінше, мұғалім балаға жағдайлар жасау үшін келесі қағида-ларды басшылыққа алуы тиіс:


1. Балаға үнемі сеніммен қарау;

2. Оқушыларға оқытудың міндеттері мен мақсатын белгілеп,

нақтылауға көмектесу;

3. Оқушылардың оқуға деген ішкі қызығушылығына мән беру;

4. Әртүрлі тәжірибенің қайнар көзі ретінде оқушы қиындыққа

кездескенде әрқашан кеңес алуға болатын тұлға ретінде тұруы;

5. Өзін - өзі жақсы білуі тиіс.


Жеке тұлға




Өздігінен жүйелеуге



Өз-өзіне есеп

беруге

Жүйелей білу қалыптасады









Нәтижесін

көреді


Ынталану пайда болады





Қызығу








Мақсатқа жету





Деңгейлеп – саралап оқыту технологиясы оқушыларды өздігінен ізденіп, өз бетінше білім алуға дағдыландырады, сынып оқушыларын «қабілетті», «қабілетсіз»

деп жіктерге бөлуді жояды.

Математиканы оқытуда сынып аралық сабақтастыққа баса назар аударған дұрыс.Оқушының өздігінен ізденісінің қалыптасуы олардың өздігінен жұмыс

істей білу қабілетіне, сабақ барысында үйге берілген тапсырманы және сыныпта



өтілген жаңа материалды талқылауға, есептер шығаруға белсене қатысуына байланысты. Мен өзімнің іс-тәжірибемде математика сабағында оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландырып, жетелеп отырамын.

Өте жақсы оқитын оқушыларға басқа топтың орындаған жұмысын тексертемін. Оқушыларға бірінің жұмысын екіншісіне тексерту, олардың өткен материалды қайталауға мәжбүр етеді, әрі олар «өзім білмей қалмаймын» деген оймен еріксіз

өздігінен іздене бастайды.

Мұғалім – басты тұлға, шәкіртке бағыт-бағдар беруші бағдаршам десек, оқушы - өздігінен еңбек етіп, талпынып, жеткен жетістігінің жемісін көруші, мұғалім мен оқушы үнемі бір-бірімен тығыз байланыста болады.



Мұғалім


Орыстың ұлы ғалымы М.В.Ломоносов: «Ақыл – ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан оны оқу керек» деп, математика пәнінің адамның ақыл-ойына зор ықпал жасайтындығын атап көрсеткен.

Оқушылардың өзіндік жұмыс істеулерін мына деңгейлер бойынша тексеруге болады:


  1. Мәтінді ең мәнді мәліметті өз сөзімен айтып бере алатын репродктивті деңгей.


  1. Мәтінді пысықтау деңгейі, жаңа білімді қолдана білуге мүмкіндігі бар алгоритмдік деңгей.



  1. Қалыптасқан дағдысын пайдаланып,өз бетімен берілген тапсырманың жаңаша шешімін ұсына алатын тапқырлық деңгей ./Эвристикалық/


  1. Оқушының білімі, білігі, дағдысы,қабілеті,өзі ұсынған жаңа проблеманы шешуге мүмкіндігі мол ең жоғарғы шығармашылық деңгей.







Математика пәнінің мұғалімі ретінде оқушылардың өзін -өзі анықтауға бағытталған білімін мына сызба түрінде ұсынамын:


Өзіндік

жұмыс

Қорытындылай келсек: Оқушының бойындағы өзгерісі қандай болады?


- Оқушылардың бір мәселесінің астында жинақталуы

- Оқушының пәнге деген ынтасының артуы

- Оқушының өзінің білгенін өзгелермен бөлісуі

- Оқушының білімді өз бетімен алуға мүмкіндік алуы.


Осы айтылғандардың барлығы оқушының математикадан терең білімді болуына көп көмегін тигізеді.Өзімнің іс-тәжірибемде осы айтылғандарды іске асыра отырып,мынадай нәтижеге жеттім:


Математика пәні бойынша: 5сынып және 6 сынып

Оқушылар саны: 24

«5» оқитын оқушылар – 10

«4» оқитын оқушылар – 5

«3» оқитын оқушылар – 9

Оқу сапасы – 62%


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
О?ушыны? ?зін-?зі аны?тауы

Автор: Габдулдинова Жанат Кадыровна

Дата: 10.03.2016

Номер свидетельства: 303733


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства