kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Натурал ж?не б?тін к?рсеткішті д?режелер ( ?айталау саба?ы )

Нажмите, чтобы узнать подробности

 Д?режені? ?асиеттерімен танысып, ?рнекті б?тін к?рсеткішті д?реже т?рінде жазуды, оны? ?асиеттерін ?олданып   есептерді  шешу да?дыларын шы?дау. Топпен,  жеке  дара  н?тижелі  ж?мыс істеу  да?дысын  ?алыптастыру,  шы?армашылы?   ?абілетін  арттыру,  зерттеушілік  ?абілетін  дамыту. Д?режені? ?асиеттерін ?олданып  есептер шы?ара білуі.Б?тін к?рсеткішті д?реже ж?не оны? ?асиеттері,санды стандарт т?рде жазуды білуі.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Натурал ж?не б?тін к?рсеткішті д?режелер ( ?айталау саба?ы ) »


Математика пәнінің мұғалімі Розиева Феруза Сельмахунқызының қысқа мерзімді жоспары


Сабақ №


алгебра


7 сынып


Сабақ тақырыбы:

Натурал және бүтін көрсеткішті дәрежелер ( қайталау сабағы )

Жалпы мақсат:

1. Дәреженің қасиеттерімен танысып, өрнекті бүтін көрсеткішті дәреже түрінде жазуды, оның қасиеттерін қолданып есептерді шешу дағдыларын шыңдау

2.Топпен, жеке дара нәтижелі жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін арттыру, зерттеушілік қабілетін дамыту.

3.Өзара сыйластыққа бірін бірі тыңдай білуге, бірін-бірі бағалай білуге тәрбиелеу.

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 48 – 50 беттер

«Алгебра» А.Әбілқасымова, И. Бекбоев, А.Абдиев,З.Жумағұлова

Оқушылар үшін оқу нәтижелері:

  • Дәреженің қасиеттерін қолданып есептер шығара білуі.

  • Бүтін көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері,санды стандарт түрде жазуды білуі.

Негізгі идеялар:

Натурал және бүтін көрсеткішті дәрежелерді есептегенде қиындықсыз шешу жолдарын білу.

Сабақта қолданылатын құрал жабдықтар:

Слайдтар, интерактивті тақта, плакаттар,карточкалар.

Оқыту әдістері:

Топқа бөлу

Диалог

1.Топтық жұмыс

2.Жұптық жұмыс

Дерек көздері:

«Алгебра оқыту әдістемесі» Алматы «Атамұра» 2003ж

«Алгебра оқыту әдістемесі» Алматы «Мектеп» 2008ж

«Алгебрадан дидактикалық материалдар» Алматы «Мектеп».

Тапсырмалар:

Есептер шығару.

«Натурал,бүтін » сөздеріне (сөзжұмбақ құрастыру).

«логикалық есептер» (жеңіл түрде).

Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Сабақ: 1035 – 1120

І. Сыныпты топқа бөлу (2 мин)

Математикалық сөздер арқылы топқа бөлу.

Топка бөліну.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (8 мин)

Тақырыпқа байланысты берілген есептерді топтар бір – бірін тексереді.

Бір бірін тексеру.

ІІІ. Топпен жұмыс (10 мин)

Тапсымалардың қатесіз, жүйелі орындалуын қадағалау.

1 топ 2 топ

Өрнекті дәреже түріне келтіріңдер:

а) х5 х2= а) 5856=

б) (a2)4= б) (b3)5=

Амалдарды орындаңдар:

2у3 3ху2 ( -2а2b)3=

Өрнектің мәнін табыңдар:

2 – 3х, х5 болғанда 2а3, а

ІV Шығармашылық тапсырмалар (14 мин)

Топ жұмыстарын бақылап, бағалау.


«Натурал,бүтін » сөздеріне Сөзжұмбақ құрастыру. (7 мин)

« логикалық есептер» (жеңіл түрде). (7 мин)

V. Қорытындылау: (4 мин)

Сұрақтар қою, жауаптардың дұрыстығын және жүйелігін қадағалау.

Натурал көрсеткішті дәрежені көбейту мен бөлуде қандай ұқсастық пен айырмашылық бар ?

Натурал көрсеткішті және бүтін көрсеткішті дәрежелердің ұқсастығы мен айырмашылығы неде?

y=ax2 және y=ax3 функцияларының графиктерінде қандай ұқсастық пен айырмашылық бар?

VI.Келесі оқылым:

(2 мин)

Үйге тапсырма №357, №359,№366 (2, 4, 6)

VII.Бағалау: (3 мин)

Формативті бағалау нормасы:

- тапсырманы орташа орындаса (қанағаттанарлық)

- тапсырманы жақсы орындаса (жақсы)

- тапсырманы толық, нақты орындаса (өте жақсы)


Топ басшылары топ мүшелерін бағалайды

Өздерін фишкалар арқылы бағалайды


VIII.Рефлексия (2 мин)

Бүгінгі сабақ ұнады ма, ұнамады ма ?

Бүгінгі сабақ бұрынғы дәстүрлі сабақтармен салыстырғаннан ерекше өтіп оқушыларға ұнады. Оқушылардың сөзжұмбақтарды шешіп, сыни тұрғыдан ойлап фишка жинап өзін-өзі бағалады, бағалануы өздеріне қатты ұнады.





















06.05.13

7-сыныпта өткізілген «Натурал және бүтін көрсеткішті дәрежелер» тақырыбындағы сабақ бойынша рефлективті есеп

Бүгінгі сабақтың негізгі мақсаттары төмендегідей:

1. Дәреженің қасиеттерімен танысып, өрнекті бүтін көрсеткішті дәреже түрінде жазуды, оның қасиеттерін қолданып есептерді шешу дағдыларын шыңдау

2.Топпен, жеке дара нәтижелі жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін арттыру, зерттеушілік қабілетін дамыту.

3.Өзара сыйластыққа бірін бірі тыңдай білуге, бірін-бірі бағалай білуге тәрбиелеу.

Ұйымдастыруда оқушыларды топқа бөлу кезінде математикалық сөздер арқылы бөлінді.


Топтағы оқушылар өздері бекіткен ережеге бағынатындығын ескертіп айтты. Жаңа сабаққа кіріспеде «Диалогтік әдіс» қолданылды. Берілген сұрақтарға топ мүшелері ұйымдасқан түрде, бірлесе отырып жауап бере алды. «Бастама-жауап-кейінгі әрекет» нысаны бойынша қойылған сұрақ: Мысалы: Бастама:

  • Бастама (мұғалім) Натурал көрсеткішті дәрежені қалай көбейтемыз ?

  • Жауап (оқушы): Дәреже көрсеткіші қосылады.

  • кейінгі әрекет (мұғалім) : дұрыс

Бұл модель әңгімеге сыныпта бастама жасайтын және оны бақылап отыратын адам мұғалім болатын жағдайларды көрсетеді [5,нұсқаулық, 41-б]

Бұл сұрақтарға жауап беру кезінде американдық психолог Флейвеллдің метатануға берген анықтамасына сүйене отырып оқушылардың метатану үдерісі арқылы түсіну, бақылау және оқу тәжірбиесіне қадағалау жүргізу қабілетін дамығанын байқауға болады. «Не үшін натурал көрсеткішті дәреже деп айтамыз? Натурал көрсеткішті дәреже мен бүтін көрсеткішті дәрежелердің ұқсастығы және айырмашылығы неде?» түрткі болу техникасына лайықталып құрылған сұрақтар, бірінші оқушыдан жауап алынды, оқушының жауаптары түзетілді, өткен материалдарға оралу, ойға салу, дұрысын қабылдау, толығырақ жауап беруге итермелеу болды. Оқушыларға түрткі болу сұрақтарын қойған кезде, сынақтан өткізу әдісін пайдаланып, «Мысал келтіре аласыз ба?» деп оқушының ой-пікірін сұрадым. Мысалы: Шахназға: «Не үшін натурал көрсеткішті дәреже деп айтамыз?» деген сұрақты қойдым. Шахназ «Себебі дәрежедегі сан натурал сандардан турады» деп дұрыс жауап берді. Ал мен: «Мысал келтіре аласын ба?» деп сұрадым. Шахназ бірден: 3, 58, 152 деп жауап берді.

Бұл сұрақтардың барлығы бүгінгі сабаққа қажетті тірек ұғымдар. Оқытуды мұғалім мен оқушы бірігіп ұйымдастырды, тапсырмаларды орындады, мұғалім олардың алға ілгерлеулерін бақылап, шарт бойынша қиындық тудырған тапсырмалар бойынша мұғалімге жүгінуіне рұқсат берді.Ондағы тапсырмалар зерттеу мен жаңаны ашуға негізделген. Постермен жұмыс біткеннен кейін оқушыларға сыни тұрғыдан ойлай отырып, өздерінің жұмыстарының нәтижесінде нені байқағандары сұралды.

Оқушыларға сұрақ қойғанда жауап бере алмайтын кездеріде кездеседі. Ондай уақыттарда топтың басқа мүшелерінен көмек сұрауға тура келеді. Сұрақты қайта бағыттау арқылы «Көмектесе алатындар бар ма?» деп сыныптағы немесе топтағы оқушыларды көмекке шақырамын.


Ұстаздың басты мақсаты: шәкіртке сабақтағы тақырыптың оған қажетті нәрселер жайында болатындығын сезіндіру.Олай болса қойылған сұрақта нақты, түсінікті болу қажет. Осы кезеңдерде CindLe жобасында зерттелген өзін-өзі реттеудің Марта Бронсон(2002) бейімдеген санаттарының бірі әлеуметтік өзін өзі реттеу байқалды. Ашып айтсақ, балалар достық орнатуға, өзге топ мүшелерімен ынтымақтасып жұмыс істеуге бейімделді, оқушылар өзін қоршаған оқушылардың сезімін түсіне алды, көмектесе отырып, қолдау білдірді.

Оқу жүйелеріндегі бағалау ерекшеліктеріге келсем, алдымен не бағалануы керек деген сұраққа білімді игерудегі әрекеттері дер едім.Сабақтарымда оқушыларды өзімдік түсінік, пікір, идея қалыптастыруы бойынша бағаладым.

Орындаған тапсырмаларына және қойылған сұрақтарға берген жауаптарына қарай оқушыларға фишкаларды тарату арқылы, критейриялы бағалау, рейтингтік, яғни бір дұрыс жауапқа бір ұпай қою арқылы бағалауға тырыстым.

Сабақтың соңында сұрақтарға жауап берген оқушылар жиынаған фишкаларын есептеп, өздерін-өздері бағалады. Ал мен өздеріне қойған бағаларын бақылап қана жиынтық баға қойдым.

Үйге тапсырма ретінде сыни тұрғыдан ойлай отырып, №357, №359,№366 (2, 4, 6) есептер берілді.




















Математика пәнінің мұғалімі Розиева Феруза Сельмахунқызының қысқа мерзімді жопары


Сабақ № 2

10. 05. 2013

алгебра


7 сынып


Сабақ тақырыбы:

Бірмүше және көпмүше бойынша ( қайталау сабағы )

Жалпы мақсат:

1. Бірмүшенің стандарт түрі,ұқсас мүшелерді ықшамдау,көпмүшелермен орындалатын амалдармен танысып көпмүшеге байланысты есептерді шығару.

2.Тестік тапсырмалармен жұмыс жасау арқылы оқушылардың білім, білік икемділігін дамыту

3. Өзін-өзі реттеудің Марта Бронсон(2002) бейімдеген санаттарының бірі әлеуметтік өзін өзі реттеуін дұрыс жолға қою


Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық (61 – 64 беттер)

«Алгебра» А.Әбілқасымова, И. Бекбоев

TrHW4_D2_жоспар 4 апта 2күн

Оқушылар үшін оқу нәтижелері:

  • Өткен тақырыптар бойынша меңгерген білімдерінің нәтижесін көрсету. Оқушылардың сындарлы ойлау қабылеттері қалыптасады.

Негізгі идеялар:

Өрнектерді ықшамдағанда кедергілерді жеңе білу

Сабақта қолданылатын құрал жабдықтар:

Слайдтар, интерактивті тақта, плакаттар,карточкалар,таратпа парақтар

Оқыту әдістері:

СТО элементтерін пайдалану. АКТ пайдалану, диалог әдісін қолдау арқылы ТЖ, ПЖ – ды орындау.

1.Топтық жұмыс

2.Жұптық жұмыс

Дерек көздері:

«Алгебра оқыту әдістемесі» Алматы «Атамура» 2003ж

«Алгебрадан дидактикалық материалдар» Алматы «Мектеп».

«Математика» Республикалық Ғылыми әдістемелік журналы № 3


Тапсырмалар:

Тест тапсырмалары.

Өздік жұмыс.


Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Сабақ: 850 – 935

І. Сыныпты топқа бөлу (2 мин)

Фото суреттерді қию

Фото суреттердің қиындыларын құрау.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (8 мин)

«Т» кестесі парағын тарату.

«Т» кестесі парағын толтыру.

ІІІ. Топпен жұмыс (10 мин)

Тапсымалардың қатесіз, жүйелі орындалуын қадағалау.

Тест тапсырмалары: Әр топқа 5 сұрақтан.

1 топ

а) ( 3х2 у)3 * 5у7 бірмүшесін стандарт түрде жазыңдар.

А. 135х6 у8 В. 45х7 у10 С. 135х5 у8 Д. 135х6 у10

б) 2,5а3 ь * а2ь4 өрнегін ықшамдап, а -1,ь -1 болғандағы мәнін табыңдар.

А. -0,4 В. -2,5 С. 0,4 Д. 2,5

в) 8х6 у3-12х3 у3 өрнегінің ортақ көбейткішін табыңдар.

А. х3 у3 В. 2х3 у3 С. 2х3-4 Д. 4х3 у3

г) 6а3+9аь-5ь2 -8аь-4ь2 көпмүшесін стандарт түрде жазыңдар.

А. 6а3+17аь-9ь2 В. 6а3+аь+9ь2

С. 6а3+аь-9ь2 Д. 6а3-аь+9ь2

д) 81m9 n8 24m8 n5 өрнегін ықшамдап, m=32 n= - болғандағы мәнін табыңдар.

А. -12 В. 12 С. 4 Д.-4


2 топ

а) (2аь5)4 * (5а7 б2)2 өрнегін ықшамдаңдар.

А. 80а13 ь24 В.400а18 ь24 С. 250а18 ь13 Д. 400а13 ь24

б) (24m5 n3)2(12m3 n)3бөлуді орындаңдар.

А. m2 n2 B.3mn2 C. 3m2 n3 D m n3

в) 4n3 m2+8n3 m3-12n2 m3 өрнегіндегі ортақ көбейткішіті жақшаның сыртына шығарыңдар.

A. 4nm(n2 m+2n2 m2-3nm2) B. n2m2(4n+8nm-12m)

C. 4n2 m2(n+2nm-3m) D. 4n2 m(nm+2nm-3nm2)

г) (2м5п4)7*(4м3п5)2 / (2м4п4)10 өрнегін ықшамдаңдар

А. 2м /п2 Б. м2 /2п С. м /п2 Д. 2м2/п

д) (125а3-25а3) (5а2) –(25а2-2а2) а өрнегінің а5 болғандағы мәнін табыңдар.

А. 5 Б. -5 С. 10 Д. -15


ІV Шығармашылық тапсырмалар (14 мин)

Топ жұмыстарын бақылап, бағалау.

Бірмүше және көпмүше тақырыбы бойынша постер жасау


V. Қорытындылау: (4 мин)

Сұрақтар қою, жауаптардың дұрыстығын және жүйелігін қадағалау.

Венн диаграммасы бойынша «Бірмүше» және «көпмүше» ұғымдарының байланысын көрсету


VI.Келесі оқылым:

(2 мин)

Үйге тапсырма №105, №108 (1,3,4)

VII.Бағалау: (3 мин)


Формативті бағалау


Топ басшыларылары топ мүшелерін бағалау, топ мүшелері топ басшысын бағалау.

VIII.Рефлексия (2 мин)

Бүгінгі сабақта неге жеттік?

Бұл сабақ басқа сабақтан ерекше.Өйткені бұл сабақта мұғалім емес оқушылар өздері сыни тұрғыдан бағалайды.Әр бір топ ішінен көшбасшыны анықтайды.Мұғалім тек бақылаушы,басшы.












10.05.13

7-сыныпта өткізілген «Бірмүше және көпмүше бойынша» ( қайталау сабағы )

тақырыбындағы сабақ бойынша рефлективті есеп

Бүгінгі сабақтың негізгі мақсаттары төмендегідей:

1. Бірмүшенің стандарт түрі,ұқсас мүшелерді ықшамдау,көпмүшелермен орындалатын амалдармен танысып көпмүшеге байланысты есептерді шығару.

2.Тестік тапсырмалармен жұмыс жасау арқылы оқушылардың білім, білік икемділігін дамыту

3. Өзін-өзі реттеудің Марта Бронсон(2002) бейімдеген санаттарының бірі әлеуметтік өзін өзі реттеуін дұрыс жолға қою

Фото суреттерді қию арқылы топтарға бөлінді. Оқушылар «Т» кестесі парағын толтыру арқылы үй тапсырмасын орындады.

Авраам Маслоудың ынтаның қажеттіліктер иерархиясындағы /1968/ 4-деңгейі бойынша өзін-өзі құрметтеуге деген қажеттілік қазіргі таңда оқушыларға қажетті деңгейдің бірі, сол себепті топтың мүшелерінің орынының ауыстырылуы мынадан туындап отыр, оқушылардың жігер-күшке, жетістіктер мен шеберлік, құзыреттілікке ие болу ниетіне жол ашу, және бұған сенім, тәуелсіздік, абырой және мәртебені де жатқызуға болады. Выготскийдің пікірі бойынша, оқушылар нақты мақсатты көздеген, көбірек білетін қайраткер жандармен әлеуметтік қарым-қатынас нәтижесінде ойлау және сөйлеу дағдыларын дамытады.

Тапсымалардың қатесіз, жүйелі орындалуын қадағалау. Тест тапсырмалары: Әр топқа 5 сұрақтан . Топтық жұмыстарын орындады. Оқушылар бірмүше және көпмүше тақырыбы бойынша постер жасады. Онда оқушылар білімдерін жаңғырта, сыни тұрғыдан ойлай, серіктестерімен әңгімелесе отырып, ненің анықтамасы екенін анықтап, жетпей тұрған сөзді топтың бір мүшесі тақтаға жазады. Осы жерде айта кететін бір жағдай Мерсер мен Фишер /1993/ ЖАДА-ның тапсырманы орындау жауапкершілігін білім алушыға беру қасиетін көпіршелердің басты мақсаты деп қарайды. Жақын арадағы даму аймағы түсінігі оқушының тапсырманы біреудің көмегінсіз, қолдауынсыз оңай орындау қабілеті мен оқушының нақты кезеңде аса епті, білетін адамның көмегі мен басшылығынсыз орындай алмайтын тапсырма арасындағы интервал деген қарапайым атауға ие бола алады. Көпірше деп саналу үшін осы сабақта мынандай жағдай ескерілген: оқушылар өз бетімен орындай алмайтын тапсырмаларды орындауға мүмкіндік беру. Мысалы Вахидин деген оқушы берліген Венн диаграммасы бойынша «Бірмүше» және «көпмүше» ұғымдарының байланысын көрсетуде нақтысын анықтай алмасада, топ мүшелерінің көмегімен орындап шықты. Сонда көпіршенің рөлі маңызды болды, яғни оқушыға орындай алмайтын тапсырманы орындауға мүмкіндік берілді.


Сұрақтар қою, жауаптардың дұрыстығын және жүйелігін қадағалаған кезде, тапсырмалар ауызша орындалғандықтан, диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлау да дамытылды. Александр /2004/ тәжірбиеде зерттелген диалогтің бес үлгісін анықтаған, соның бірі декламация. Осы тапсырмаларда өткендерді еске түсуруге ынталандыру байқалды.

Қазіргі таңда АКТ оқушыларға сабаққа қажетті ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінігін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалңмдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып отыр. Осыдан ой түйіндей отырып бүгінгі сабақта оқушылардың тапсырмаларды флипчартта активті қалам арқылы орындай отырып, оқушының іскерлікпен белсенді қатысуына ықпал етілді.



Сыныптың интерактивтілігін талдайтын болсақ Мэйер және Тёрнер /2002/ берген сипаттама бойынша осы сабақта оқушылар тәуелсіздігін құруға және дамытуға көмектесу болды. Оқушылардың ынтасын, эмоциялық және әлеуметтік ынтымақтастығын қолдау мақсатында мұғалім оқушылармен қарым-қатынасын құру әрекетінде белсенділік таныта алды, оқушылар арасында ынтымақтастықта болды. Сабақ соңында топ басшыларылары топ мүшелерін бағалап, топ мүшелері топ басшысын бағалау бойынша сабақ аяқталды.



















Математика пәнінің мұғалімі Розиева Феруза Сельмахунқызының қысқа мерзімді жопары


Сабақ № 3

15. 05. 2013

алгебра


7 сынып


Сабақ тақырыбы:

Қысқаша көбейту формулалары бойынша ( қайталау сабағы )

Жалпы мақсат:

1. Қысқаша көбейтудің формуласын пайдаланып есептерді шешу дағдыларын шыңдау

2.Топпен, жеке дара нәтижелі жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін арттыру, зерттеушілік қабілетін дамыту.

3.Өзара сыйластыққа бірін бірі тыңдай білуге, бірін-бірі бағалай білуге тәрбиелеу.

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық (48, 61 – 70 беттер)

«Алгебра» А.Әбілқасымова, И. Бекбоев

TrHW2_D2_жоспар 2 апта 2 күн


Оқушылар үшін оқу нәтижелері:

  • Қысқаша көбейту формуласын пайдаланып есептер шығара білуі.

Негізгі идеялар:

Формулалардан пайдаланып қиындықсыз есептерді шығару.

Сабақта қолданылатын құрал жабдықтар:

Слайдтар, интерактивті тақта, плакаттар,карточкалар, формулалар жазылған плакаттар.

Оқыту әдістері:

АКТ – ны пайдалну, ЖЖ, ТЖ жасау, СТО элементтерін.

1.Топтық жұмыс

2.Жұптық жұмыс

Дерек көздері:

«Алгебра » 7сынып оқулығы Алматы «Мектеп» 2007 ж

«Математика» Республикалық Ғылыми әдістемелік журналы № 2 2012ж

www.ustaz.kz

www.mukhatai.kz

Тапсырмалар:

«Домино» ойыны оқушылардың білімін дамыту.

«Өрмекші» ойыны оқушылардың білімін пысықтау.


Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Сабақ: 935 – 1025

І. Сыныпты топқа бөлу (2 мин)

«Шартті шеңбер» арқылы топтарға бөлу.

Топка бөліну.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (8 мин)

Тақырыпқа байланысты берілген есептерді топтар бір – бірін тексереді.

Бір бірін тексеру.

ІІІ. Топпен жұмыс (10 мин)

Тапсымалардың қатесіз, жүйелі орындалуын қадағалау.

1 топ ( 2х+3)2= (5y-6)2=

(2x2+3y)2= (3y-4x2)2=

(6a-2b)3= (5b+2a2)3=

2 топ (4a-5b)2= (3x3-2y2)2=

(3a3-4b2)= (2x+5b3)2=

(4a2-6b)3= (3b2-3a3)3=


ІV Шығармашылық тапсырмалар (14 мин)

Топ жұмыстарын бақылап, бағалау.

«Өрмекші» ойыны оқушылардың білімін пысықтау


V. Қорытындылау: (4 мин)

Сұрақтар қою, жауаптардың дұрыстығын және жүйелігін қадағалау.

Екі өрнектің квадраттарының айырымы ?

Екі өрнектің қосындысының және айырымының квадраты ?

Екі өрнектің кубтарының қосындысы мен айырымы?

VI.Келесі оқылым:

(2 мин)

Үйге тапсырма:

Тест тапсырмалары (1,3,5,7) 1- топ мүшелеріне

(2,4,6,8) 2-топ мүшелеріне

VII.Бағалау: (3 мин)

Формативті бағалау нормасы:

- тапсырманы орташа орындаса (қанағаттанарлық)

- тапсырманы жақсы орындаса (жақсы)

- тапсырманы толық, нақты орындаса (өте жақсы)


Бағалау парағы


Критерий бойынша ұпайлар

баға





"5"





"4"





"3"


VIII.Рефлексия (2 мин) Оқушылар сабақты кері байланыс арқылы талдады.

Бүгінгі сабақ ұнады ма, ұнамады ма ?

Бүгінгі сабақ бұрынғы дәстүрлі сабақтармен салыстырғаннан ерекше өтіп оқушыларға ұнады. Оқушылардың сөзжұмбақтарды шешіп, сыни тұрғыдан ойлап фишка жиынап өзін-өзі бағалады, бағалануы өздеріне қатты ұнады.
























Сабақ бойынша рефлективті есеп


Математиканы оқытуда есептеу техникасын пайдалану оқушыларды ынталандырып, олардың бойындағы қабілетінің дамып көрінуіне және пәнге, жаңа техникаға деген қызығушылығын арттырады. Қазіргі уақытта компьютерді математика сабағында тек қана иллюстрация, тестілеу үшін ғана қолдану жеткілікті емес. Компьютер оқу үрдісінің барлық кезеңдерінде қолданылуы қажет: жаңа тақырыпты түсіндіруде, бекітуде, қайталауда, білімді, іскерлікті тексеруде. Енді өз пәндерімізді оқытуда ақпараттандыру технологияларын қолдану жағдайларына тоқталайық. Оқыту әдістемесіне компьютерді енгізу, оқушының ойлауына, сезіміне, еске сақтауына, танымдық, ынталылық әрекеттеріне оң ықпал жасап, жақсы нәтиже береді. Компьютерді оқу процесіне қолданғанда, компьютер оқушының ойлау қызметін көз алдына әкеліп көрсеткендей болады. Дәстүрлі оқыту жағдайында мұғалімдер, яғни біздер сыныптағы әр оқушының жұмыс істеу ерекшеліктерін ескеріп отыруы мүмкін емес, ал компьютерді қолданғанда бұл жағдай толығымен шешіледі. Яғни, компьютерді қолданғанда, өткізілген сабақтың сапасы артады және оқушылардың танымдылық, біліктілік, өз беттерінше жұмыс жасау қызметтері белсенді түрде өтеді.

Жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден – бір шарты – мұғалімнің ізденімпаз болуы. Себебі, еліміздің болашағы бүгінгі жас ұрпақтың білім деңгейімен өлшенеді. Сондықтан сабақты жаңаша құрып, инновациялық түрлі тәсілдерін, педагогикалық білімдерді жетілдіре отырып, оны дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу әрбір ұстаздың міндеті болуы керек.

Қазіргі уақытта барлық ғылымдардың зерттеулерінде математикалық әдістердің қолданылуына байланысты математиканы оқытудың маңызы арта түсуде. Сондықтан математика мектептегі басқа пәндерді оқытуда басты – жетекші пән болып табылады. Математика сабағында тартымды, қызықты есептер шығаруда, ойды дамытып тартымды әрекетке айналдыру мұғалімнің бүгінгі күнгі басты міндеті болуы керек.«Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы негізінде өткен сабақтар оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға жұптық және ұжымдық бірлесіп жұмыс жасауға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді. Ең бастысы оқушы білімінің тереңдігі мен тиянақтылығын артырады. Төменде, сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолданып өткен сабақтың жоспарын ұсынып отырмын.

Сабақтың тақырыбы: Қысқаша көбейту формулалары бойынша қайталау

Негізгі мақсаттары:

- Қысқаша көбейтудің формуласын пайдаланып есептерді шешу дағдыларын шыңдау;

- .Топпен, жеке дара нәтижелі жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін арттыру, зерттеушілік қабілетін дамыту;

- Өзара сыйластыққа бірін бірі тыңдай білуге, бірін-бірі бағалай білуге тәрбиелеу.

.

  • Тапсырмалар әр түрлі деңгейде оқитын оқушыларға арналып құрылғандықтан, топтың құрамы былайша бөлінді: «Шартті шеңбер» арқылы геометриялық фигуралардың аттарын айту арқылы топтарға бөлу. 2 топ құрылды

  • Үй тапсырмасын сұрауда тақырыпқа байланысты берілген есептерді топтар бір – бірін тексерді. Тапсымалардың қатесіз, жүйелі орындалуын қадағалау үшін өзімдік жұмыс жасады.Кейіннен жұптық жұмыс жасау арқылы бір-бірінің қатесін тексерді.

  • «Өрмекші» ойыны тапсырмаларын орындау арқылы оқушылар біліміндерін пысықтады. Бұл жерде оқушылар өз бетімен жұмыс істей отырып, оқушының оқуға деген жауапкершілігі артты. Блум таксаномиясы бойынша оқылған материалды оқушылардың еске түсіруі, қайталауы болды. Сұрақтар қою, жауаптардың дұрыстығын және жүйелігін қадағалағанда оқушылардың сәйкес деңгейге жеткендігіне кепілдік беретін нақты іс-әрекет: терминдерді, нақты факторларды, негізгі ұғымдарды, ережелер мен қағидаларды, әдістерді біледі.

Қорыту кезеңінде оқушыларға рефлексикалық карточка таратылды, онда сыни тұрғыдан ойлай отырып, бүгінгі сабаққа баға береді және өздерін бағалайды. Бүгінгі сабақ ұнады ма, ұнамады ма ?

Бүгінгі сабақ бұрынғы дәстүрлі сабақтармен салыстырғаннан ерекше өтіп оқушыларға ұнады. Оқушылардың сөзжұмбақтарды шешіп, сыни тұрғыдан ойлап фишка жиынап өзін-өзі бағалады, бағалануы өздеріне қатты ұнады. Бүгінгі сабақта оқыту нәтижелері мынандай болды: Қысқаша көбейту формулалары қайталау бойынша негізгі білімдерін тексерілді, сараланды, топтық, жеке жұмыстар болды,сыни тұрғыдан ойлай білулері арттырылды, формативті бағалау әдістері:

  • оқушылар табыстылық мақсаты мен өлшемдері үшін түсінгенін және жұмыс істегеніне;

  • оқушылар табыстылық өлшемдеріне қатысты өз жұмысын бағалағанына;

  • оқушылар басқа оқушылардың жұмысын бағалағанына;

  • оқушылар оқыту мақсаты мен табыстылық өлшемдерін талдауға қабілетті болуына сенімді болды.
















Сабақ №


алгебра


сынып


Сабақ тақырыбы:



Жалпы мақсат:





Сілтеме:




Оқушылар үшін оқу нәтижелері:


Негізгі идеялар:



Сабақта қолданылатын құрал жабдықтар:



Оқыту әдістері:






Дерек көздері:




Тапсырмалар:




Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Сабақ:

І Сыныпты топқа бөлу (2 мин)

Геометриялық фигураларды таңдау арқылы топтарға бөлу



Топқа бөлу

ІІ Топпен жұмыс (20 мин)

Тапсымалардың қатесіз, жүйелі орындалуын қадағалау.

























III Сергіту сәті (4 мин)



ІV Есептер шығару (ауызша тапсырма) (6 мин)

Топ жұмыстарын бақылап, бағалау.






V Қорытындылау: (6 мин) .


Жауаптарының дұрыстығын және жүйелігін қадағалау.


VI Келесі оқылым: (2 мин)


VII Бағалау: (3 мин) Оқушылармен бірлікте баллдарын есептеп бағалау

Критерийлер мен бағалау

2-10 ұпай «Маған әлі де оқу керек»

11-16 ұпай «Мен кереметпін»

17-20 ұпай «Мен барлығын білемін»


VIII Рефлексия (2 мин)

Бүгінгі сабақта неге жеттік?























Математика пәнниниң муәллими Розиева Феруза Сельмахун қизиниң қисқа вақиттики плани


Дәрис №


алгебра


синип


Дәрисниң мавзуси:


Асасий мәхсити :


Пайдиланған әдәбиятлар:

Оқуғучиар үчүн оқуш нәтежилири:

Асасий идеялар:


Дәристә қоллинидиған қурал жабдуқлар:


Оқутуш түри:



Тапшурмилар:



Дәрис бойичә мүәллим билән оқуғучиниң иш һәрикити:

Дәрис вақти:


І. Синипни топқа бөлүш (2 мин)



ІІ. Өй тапшурмини сораш (8 мин)



ІІІ. Топ билән иш (10 мин)

Тапшурмиларни хатасиз орунлинишини системилиқ тәкшүрәш.

1 топ 2 топ


ІV Ижадий тапшурмиларни орунлаш (14 мин)

Топ ишлирини тәкшүрәш, баһалаш.





V. Йәкүнләш : (4 мин)

Соаллар қоюш,жавапларниң дуруслиғини вә системилиғини тәкшүрәш


VI. Кейинги тапшурма, өйгә вәзипә :

(2 мин)


VII.Баһалаш: (3 мин)


VIII.Рефлексия (2 мин)

Бүгүнки дәристә немигә ериштуқ ?














Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Натурал ж?не б?тін к?рсеткішті д?режелер ( ?айталау саба?ы )

Автор: Розиева Феруза

Дата: 29.03.2015

Номер свидетельства: 193265


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства