kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

На?ты ?ылымдар еліне саяхат

Нажмите, чтобы узнать подробности

    «Білімді азамат — ел ерте?і», «Білім мен даналы? адам к?ркі», «Халы??а наннан кейінгі е? ?ажеттісі білім» т.с.с. білім туралы ?лы т?л?аларды? с?здері мен ?аза?ты? на?ыл с?здері бекерден бекерге айтылмаса керек.

О?ушыларды? ой-?рісін ке?ейтіп, есте са?тау ?абілетін шындайтын, білімге ?ызы?ушылы?ын арттыратын «математикалы? сайыс» ойынымызды ?сынып отырмын.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«На?ты ?ылымдар еліне саяхат »


«Нақты ғылымдар еліне саяхат» атты сайыс

1-жүргізуші:

Сәлеметсіздер ме оқушылар!

Нақты ғылымдарға қызығушылар

Естігенін естіп тұрып

Оқығанын миға тоқушылар.

2-жүргізуші:

Сәлеметсіздер ме ұстаздар!

Айтар ойын тұспалдар

Сіз оқытқан оқушылардың

Сәті келді сыналар.

1-жүргізуші:

Есепті түрлі-түрлі шығарамыз

Арасында ойын ойнап жарысамыз.

Ойламды сұрақ, қиын сұрақ бәрі де бар

Әзіл есепке де отырамыз.

2-жүргізуші:

Олай болса бұл не тұрыс

Кешімізді біз бастайық

Әділ бағаға қалтасы толы

Әділқазыларды шақырамыз.

1-жүргізуші: Кешімізді бастамас бұрын әр топтың білімін дұрыс бағалау үшін әділқазылар алқасын сайлап алайық. Бүгінгі сайыс шарттары әрбір әділқазының алдына дайындалып қойылған.

2-жүргізуші:

Шын жүйрік шабысынан танылады

Нақты білім, терең ой сыналады.

Баға берер әділқазы ортамызда

Сіздерге құрметпенен қол соғылады.

1-жүргізуші:

Біреуінің жүрегінің түгі бар

Біреуінің арқалап жүрген қоғамдык жүгі бар.

Біреуінің күмбірлеген күйі бар,

Енді біреуінің қатты істейтін миы бар.

Әр команданы ортаға шақырамыз, кешіміздің өтілу тәртібімен таныстырамыз.

  1. Сәлемдесу. Әр топ ѳздерін таныстырады (аты, ұраны).

  2. Үй жұмысы. Әр топ ѳздері үйден дайындап келген жұмыстарын кѳрсетеді. Әр топ нақгы ғылымдарға арналған қызықты, әзіл-сықақ араласқан көріністер көрсетеді.

  3. Формулалар сайысы. Бір парақ қағаз беріледі әр топ оқушылары ѳздері білетін формулаларын жазады, физика, математика пәндерін қамту ке­рек. Уақыт белгіленеді, көп және дұрыс жазған топ жеңімпаз атанады.

Оқушылар үш минут ішінде формулалар жазып үлгергенше көреремендерге әзіл есептер, сұрақтар беріледі.

а) 5 мысық 5 тышқанды 5 минутта ұстаса, онда 1 мысық 1 тышқанды неше минутта ұстайды? (5 минут)

ә) Жылдың неше айында 28 күн бар? (барлық айында)

б) Қалай 2 литрлік сүтті 1 литрлік ыдысқа сыйғызуға болады? (қоюлатылған сүтке айналдырамыз).

4. Фигуралар құрастыру. Әрбір топқа тѳрт есеп беріледі. Олардың жауаптары фигура бѳліктеріне жазылған, есепті дұрыс шешіп фигураны құрастыру керек. (Ұшақ, зымыран, үй, құс). Фигураны бірінші құрастырған топ жеңімпаз атанады.

Мысалы: Ұшақты құрастыру үшін мынадай есептерді шешу керек.

  1. Математика.

  1. Алгебра.

Теңдеуді шешіңдер:

(2х2 + - 8)(2x2 + - 3) - 6 = 0

  1. Геометрия.

С бұрышы тік, катеті AC—12 болатын теңбүйірлі тікбұрышты ABC үшбұрышы және екі қабырғасы үшбұрыштың катеттерінде, ал Е тобесі гипотенузасында жататындай СДЕҒ квадраты берілген. Квадраттың периметрін табыңдар.

  1. Физика.

Массасы 10 кг темір қазанға массасы 20 кг су құйылған. Олардың температураларын 10-нан 100 С-қа дейін өзгерту үшін су құйылған қазанға қандай жылу мѳлшерін беру керек?

Оқушылар фигураларды құрастырғанша тағы да қызықты әзіл сұрақтар беріледі:

а) Дайындауға болады, бірақ жеуге болмайды. (сабақ)

ә) Жерден көтеруге оңай, бірақ алысқа лақтыруға қиын (мамық).

б) Қалайша жұмыртқа 3 метр ұшып жарылмауы мүмкін (жұмыртқаны 4 метрге лақтырса, онда алғашқы 3 метрде жарылмайды).

в) Екі адам дойбы ойнады, әрбіреуі 5 ойыннан 5 рет жеңді. Ол қалай болуы мүмкін? (2 адам басқа 2 адаммен ойнады).

г) Қалай 10 метр сатыдан секіріп жараланбауға болады? (сатының ең төменгі сатысынан секіру керек).

5. Математикалық сөздік.

Математикалық терминдер орыс тілінде айтылады, сіздер қазақша баламасын табуларыныз ке­рек.

Биссектриса - жарма

Вертикаль - тік

Аксиома - ақиқат

Горизонт - кѳкжиек

Квадрат -шаршы

Дискриминант - айқындауыш

Конус - шошақ

Оператор - амалгер

Куб - текше

Цилиндр - айналма

6. Қызықты математика.

  1. Тиын салған 10 қаптың біреуінде жалған тиындар бар. Үш рет ѳлшеу арқылы жалған тиындар қай қапта екенін қалай анытайды?

  2. Дүкеннен 19 теңгеге сауда жасадың. Бірақ сенде 3 теңгеліктер, ал сатушыда 5 теңгеліктер ғана бар. Тығырықтан шығар жол бар ма!

  3. Атасы 56 жаста, ал немересі 14 жаста. Қанша жылдан кейін атасының жасы немересінің жасынан екі есе үлкен болады?

  4. С әрпімен басталатын, геометрияда қолданылатын терминдер (сәуле, сегмент, сектор, сфе­ра, синус).

  5. Бумерангты кері қайтып келетіндей етіп лақтыруға болады. Ал, теннис добын кері қайтып келетіндей етіп лақтыруға бола ма?

  6. Шахмат сайысына 7 адам қатысты. Әр біреуі әрқайсысымен бір партиядан ойнады. Сайыста неше партиядан ойналды?

7. Физикалық сайыс.

а) А.Македонский замынындағы уақыттың кѳрсеткіші немесе ѳлшеуіші (тауық).

ә) Адамның алғашқы кѳлігі не? (балалар арбасы).

б) И.Ньютонның 1687 жылы бүкіл әлемдік тартылыс заңын ашуына себеп болған не? (алма).

в) Шәйнек тез қайнау үшін неге жауып қою керек?

г) Бір шәйнекте шикі су, екінші шәйнекте қайнатылған су. Екеуінің де температурасы бірдей. Қыздыру бірдей болғанда қай шәйнектегі су тез қайнайды?

ғ) Шайды металдан жасалған шәйнекке ме, әлде шыныдан жасалған шәйнекке демдеген дұрыс па?

д) Ғарышкерге скафандр не үшін қажет?

е) Жерді қоршап тұрған ауа қабаты не? (атмосфера).

2-жүргізуші:

Кешіміздің соңғы сәті таяп қалды

Ал, қазір әділқазылар сөз алады

Кешіміздің жеңімпаздарын анықтап,

Мақтау қағаз, сыйлықтарын тапсырады.

8. Кешті қорытындылау, жеңімпаздарды марапаттау



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
На?ты ?ылымдар еліне саяхат

Автор: Байділданова Роза Т?леубек?ызы

Дата: 19.11.2014

Номер свидетельства: 132617


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства