Просмотр содержимого документа
««Менің Отаным- Қазақстан » Ондық бөлшектерге амалдар қолдану.»
Павлодар облысы
Лебяжі ауданы
Жабағылы жалпы негізгі білім беретін мектебі
Математика пәнінен
ашық сабақтың тақырыбы:
«Менің Отаным- Қазақстан »
Ондық бөлшектерге амалдар қолдану.
Өткізген: математика пәнінің мұғалімі
Сайманова Айман Шамауовна
5-сынып.
2015-16 оқу жылы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың ондық бөлшектерді қосу, азайту, ондық бөлшекті натурал санға көбейту, салыстыру тақырыбынан алған білім деңгейлерін тексеру.
Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: оқушылардың Отанына деген, өз еліне деген, өзінің туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: саяхат-сабақ.
Сабақтың типі: қайталау сабағы.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, география, биология, тарих, қазақ әдебиеті.
Көрнекіліктер: Қазақстан Республикасының картасы, карточкалар, кестелер, фотосуреттер, интербелсенді тақта (слайд)
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.(2мин)
ІІ.1. Қазақстан туралы жалпы мәлімет.(2мин)
2. Астана – бас қала.(13мин)
3. Шахтерлердің астанасы –Қарағанды.(3мин)
4. Алматы - әсем қала.(7мин)
5.Каспийдің « тірі алтыны ».(5мин)
6. Оңтүстік Қазақстанның астанасы – Шымкент.(1мин)
7. Туған елім-Жабағылы ауылы.(7мин)
8. Сабақты бекіту. Кроссворд: «Қазақстан».(2мин)
9. Үйге тапсырма.(1мин)
10. Рефлексия.(1мин)
10. Бағалау.(1мин)
Бағалау кестесі.
Мәлім.
Аст.
Қарағ.
Алма.
Касп.
Шым.
Жаб.
Крос.
Қорыт.
Аманжол А.
Бикужа Н.
Нургали А.
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Балалар, бір-бірімізге жымиып қарап, көңілімізді көтеріңкі ұстаймыз.
Психологиялық ахуал: Ортаға шығып шаттық шеңберін құрайық. Сендерге бүгінгі сабақта табысты еңбек тілеймін.
Бүгін бізге көп қонақтар келіпті. Қонақ деген жақсы ғой. Қазақта мынадай мақал бар: « Үйге келген қонақ –үйге кірген бақ қонақ»
Мен бүгін сендерге саяхатқа шығайық деп ұсынып отырмын.
Ұсынысымды қабыл аласыңдарма?
Қабыл аламыз.
Қайда саяхатқа шығамыз?
Біздің Отанымыз-Қазақстанға.
Саяхатқа транспорттың қандай түрімен шығуға болады?
Автокөлік, поезд, ұшақ.
Ал, біз керуенмен шығайық.
Алда ұзақ жол. Сондықтан ішіміз пыспас үшін кроссворд ала шығайық.
Қазақстан туралы мәліметті ондық бөлшектер тарауынан алған біліміміз арқылы аламыз.
( Қазақстанның картасы ілінеді).
ІІ. 1. Қазақстан туралы жалпы мәлімет.
-Қзақстан Республикасының президенті кім?
-Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы.
- Қазақстан Республикасының нышандарын атап өтеміз.
- Елтаңба, Ту, Әнұран.
Әнұран орындалады.
Картадан Қазақстан Республикасын көрсетейік.
-Қазақстанның шекарасының ұзындығы қанша?
-15000км.
Сабақты бастамас бұрын мына сұраққа жауап береміз?
Не білеміз? Нені білдік? Не білу керек?
-Енді Қазақстанда қанша облыс, аудан, қала, қала типтес поселоктар бар екенін
мына есептерді дұрыс шығарған соң білеміз.
Облыс: 14. 9,5 + 4,5
Қала: 80. 1,6 * 50
Поселок: 200. 226,32 - 26,32
Аудан: 150. 2,5 * 60.
2.Астана- бас қала.
Біз есепті шығарып алғанша керуеніміз Қазақстанның басты қаласына да келіп
қалдық. Ол қандай қала?
-Астана. Астананы картадан көрсетеміз.
-Астана туралы не білеміз?
Іргесі берік, тынысы кең елімнің күннен – күнге бой көтеріп, соңғы сәемен бой түзеп келе жатқан бас қаламыз- Астанамыз бар.
Астана қаласы 1832 жыл мен 1961 жылға дейін Ақмола қаласы деп аталды.
Кеңес Одағының кезінде 1961 жылдан 1992 жылға дейін Целиноград деп аталды.
1992-97 жылдарда қайта Ақмола деп аталды. Ал 1998 жылы 6 мамырда қала Астана деп аталды.
-Астана туралы қандай өлең, тақпақтар білеміз.
Асқарым болар,
Ырысым толар,
Айналдым сенен, Астана.
Есіл мен Нұра,
Жағасы тола
Ағады көктем кезінде.
Аруақ қолдап,
Елімді қорғап,
Бабалар өткен кезінде.
Бөгенбай бабам
Кажымұқан атам,
Армандап өткен Ақмола.
Гүлге енді толып,
Астана болып,
Жайнашы өзің жас қала.
Астананың нышаны (символы), өзі ертедегідей әдемі қандай гүл?
Бәйтерек. (Бәйтерек туралы қысқаша мәлімет беру).
Қазақстанның Тәуелсіздігіне биыл неше жыл толады және қашан?
25 жыл толады.
Мейрамды қалай атап өтуге болады?
Мерекелік концерт, ойындар, жарыстар және бәйге болады.
Ендеше, біз де бұл жарысқа өзіміздің біліміміздің арқасында қатысайық. Бұл жарыста деңгейлік тапсырма берілген. Осы тапсырманы кім бірінші және дұрыс шығарса сол бірінші орын алады.
-Өте жақсы. Керуеніміз Қазақстанның келесі шахтерлердің қаласына да келіп қалдық. Шахтер қаласының астанасы қалай аталады?
3. Шахтерлердің астанасы- Қарағанды.
- Қарағанды. Картадан көрсетеміз.
-Неге оны шахтерлердің астанасы деп атайды?
- Себебі, онда көмір өндіріледі.
Тағы қандай қалада көмір өндірілетінін мына тапсырмадағы ондық бөлшектерді салыстыруды және қосуды орындаған соң білеміз.
Шарты: Мына кестедегі бірінші жолдағы сандардың ең үлкенін, ал екінші жолдағы сандардың ең кішісін, үшінші жолдан кем де емес және артық та емес санды алып, олардың қосындысын табыңдар.
36
36,45
36,3
15,35
16
15,2
26,35
26
26,5
Қостанай 58
Екібастұз 78
Атырау 73
36,45 + 15,2 + 26,35 = 78. Жауабы: 78.
Сергіту
Қане, сапты түзейік,
Тіземізді бүгейік.
Ыршып алға түсейік,
Ыршып артқа түсейік.
Көбелекше ұшамыз,
Отырамыз, тұрамыз.
Сергітуге мың алғыс!
4. Алматы- әсем қала.
Керуеніміз аспанмен ұласып жатқан Алатау тауына да келіп қалдық. Бұл таудың баурайында жатқан еліміздің бұрынғы астанасы, өзі әсем қала - қандай қала? Картадан көрсетеміз.
Алматы.
Алматының символы қандай, ол несімен әйгілі?
Алматының символы – алма.Ол алмасымен әйгілі.
Алматы туралы қысқаша не білетінімізді айтып кетеміз.
Алматы-ғылыми, саяси, шаруашылық, мәдени орталығы және еліміздің бұрынғы астанасы. Мұнда әйгілі «Медеу» спорт кешені бар.
Сонымен қатар Алматыда қорық бар екен.
Мына теңдеуді шешіп, бұл қорықтың қашан құрылғанын, жануарлар түрлері нешеу екенін білеміз.
Қорықтың құрылған жылы: 1931ж х:1000 = 1,931
Сүткоректілер: 39. х : 30 = 1,3
Құстар: 170. х – 157,65 = 12,35
Балық: 8. х:5 = 1,6
5. Каспийдің «тірі алтыны».
-Бұл теңіздің түбі де, іші де тұнған байлық. Ол қандай теңіз?
- Каспий теңізі.
-Нені тірі алтын деп айтып тұрмыз?
-Балықты.
Мына есепті дұрыс шығарсақ бұл теңізде балықтың неше түрі бар екенін білеміз.
Ауызша шығарамыз.
Балқаш көлінде балықтың 33 түрі бар. Арал теңізінде Балқаш көліне қарағанда 17-ге артық. Ал Каспий теңізінде Аралға қарағанда 47-ге артық. Сонда Каспий теңізінде балықтың қанша түрі бар.
(33+17) + 47 = 97. Жауабы: 97 балықтың түрі бар.
Мұнда ең үлкен балық – бекіре және қортпа. Оның ұзындықтары мен массасын табу үшін мына есептерді шығарамыз.
Бекіренің ұзындығы: 6м. 1,5*4
Қортпаның ұзындығы: 4м. 400*0,01
Бекіренің массасы: 56 кг. 17,5* 3,2.
Қортпаның массасы: 80кг. 1,6 * 50.
-Сонымен қатар, Каспий теңізінде балықтан басқа тағы да қандай байлық бар?
-Мұнай.
- Одан не өндіріледі?
- Жермай, бензин, жағар май, сонымен қатар каучук, спирт, кір жуатын заттар, пластилин өндіріледі.
6. Оңтүстік Қазақстанның астанасы- Шымкент.
Оңтүстік Қазақстанның астанасы қай қала екенін мына есептен білеміз.
Ол үшін көзімізді жабамыз және есептейміз.
9 + 4-6 +7 – 4 + 5
Шымкент: 15.
Тараз: 16.
Атырау: 17.
Картадан көрсетеміз.
Шымкент несімен атақты?
Ол қаланы « ақ алтын» қаласы деп атайды. Себебі мұнда мақта өндіріледі.
Қарағанды қаласы мен Каспий теңізінің байлықтарын айтып өттік, енді осы қала мен теңіз туралы өлең, тақпақты кім айтып береді?
. Тербелсе Оңтүстікте мақта алқабы,
Каспийде алтын сазан қақталады.
Тереңін көмір кернеп, өмір тербеп,
Тұр бүгін Қарағанды шахталары.
7. Туған ауылым – Жабағылы ауылы.
Саяхатымызда аяқталып, керуеніміз өзіміздің ауылымызға келіп қалды. Енді туған ауылымыз туралы қысқаша мәлімет берейік. Ауылымыз несімен көрікті, қандай шаруашылықпен айналысқан, бұрын несімен атағы шыққан? Қандай атақты адамдарымыз бар? Соғыс ардагерлері, тың игеруге қатысқан кімдер?
Енді еліміз, жеріміз, ауылымыз туралы өлең шығарайық. (2мин ).
Ондық бөлшектерді жұмыс дәптерінен бөлуге есептер шығарайық.
Біз саяхатқа шығарда колымызға кроссворд ала шыққан едік, ендеше соның шешімін табайық.
Шахтерлердің астанасы.
Қазақстанның астанасы.
Жамбыл қаласының жаңа аты.
Біздің облыс орталығы.
Біздің аудан орталығының тұрған жері.
Көмір шығаратын қала.
Қазақстанның бұрынғы астанасы.
Біздің ауылдың аты.
«Ақ алтынның » астанасы.
Кроссворд : « Қазақстан ».
Қ
а
р
а
ғ
а
н
д
ы
А
с
т
а
н
а
Т
а
р
а
З
П
А
в
л
о
д
а
р
А
Қ
қ
у
Е
к
і
б
а
С
т
ұ
з
А
л
м
а
Т
ы
Ж
А
б
а
ғ
ы
л
ы
Ш
ы
м
к
е
Н
т
Сонымен, біз бүгін біздің Отанымыз-Қазақстан туралы көптеген мағлұматтар алдық.
Сендер еліміздің болашағысыңдар. Сондықтан, еліміздің болашағы сендердің қолдарыңда. Ендеше еліміздің көркеюіне, елеулі 50 елдің қатарында болу үшін не істеуіміз керек?
-Жақсы оқып білім алуымыз керек.
-Тек қана білім алып қана қоймай, шығармашылық жұмыспен де айналысуымыз керек.
Сонымен сабақты қорытындылайық. Ол үшін үшін қайтадан Не білеміз? Нені білдік? Не білу керек?
Үй жұмысы: Ондық бөлшектерге амалдар қолданудың барлық ережесін жатқа білу. №1466
Рефлексия: – Енді «табыс» ағашын отырғызайық. (Тақтада ағаштың суреті) Ағаш діңі жаңа сабақта өтілген тақырып, жасыл желек – экология, ал ағаштың жемісі сіздің алған білімдеріңіз(оқушылар өздері таңдаған алманы алып, тақтада тұрған ағашқа жапсырады). • Жасыл алма: Маған сабақ ұнады. Тақырыпты меңгердім. • Сары алма: Тақырыпты түсіндім, бірақ есептеген кезде қиналамын. • Қызылалма: Сабақ маған түсініксіз.
Бағалау: Бағалау кестесі бойынша орташа бағаны шығарамыз.
Бүгінгі жақсы еңбектенгендеріңе көптен –көп рахмет. Сендердің жақсы жауаптарың сыныпты нұрландырып, әсемдесе, маған қуаныш сыйладыңдар.
Сабақ аяқталды. Сау болыңдар.
Астана – Бәйтерек монументі.
« Бостандық пен тәуелсіздікті жеңіп алу жеткіліксіз, оны табанды түрде қорғап, нығайтып, ұрпақтарға қалдыру қажет».
Н. Ә. Назарбаев.
« Астана – Бәйтерек » монументі кешенін салу идеясының авторы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев болатын.
Кең мағыналы мифологиялық тұжырымдаманы жинақтаған
« Бәйтерек » бейнесі - өмір ағашы деген мағынаны білдіреді.
« Бәйтерек » өзінің орналасуымен жаңа композициялық құрылымымен көшпенділердің космогендік көзқарастары туралы мағына береді. Оның жағасында тамыры жерден нәр алған Өмір ағашы – Бәйтеректің көк аспанға қарай самғауы көрініс тапқан. Бұл ағаштың тамыры жер асты әлемінен бастау алып, ағаштың өзі мен діңгегі – жер бетінде орналасса, ал оның ұшар басы көк аспанмен тілдескен.
Аңыз бойынша ағаштың ұшар басына жыл сайын киелі құс Самұрық алтын жұмыртқа салады екен, әйткенмен ағаштың етегінде өмір сүретін Айдаhар жұмыртқаны жұтып қоя береді. Міне мұның бәрі жаз бен қыстың, күн мен түннің алмасуын, жақсылық пен жамандықтың арасындағы талас тартысты бейнелейді.
Бәйтеректің мағынасы – « Аялы алақан » композициясында қазақ халқының жаңа кезеңге жасаған қадамын бейнелейтін Президенттің оң қолының табы негізінде жасалып,
97 метрге биіктікте орналасқан, бұл жаңа тәуелсіз мемлекеттің жаңа астанасының 1997 жылы жария етілген кезеңімен байланыстырылған.
Монумент авторлары қазақ халқының рухани мәдениетін қазіргі заман технологиялармен үйлестіре білген.
Тұтастай алғанда, Бәйтерек тек архитектуралық ескеркіш ғана емес, еліміздің кешегісі мен бүгінгісі және жарқын болашағының бірегей көрінісі.
« Бәйтерек » жас, мықты, өнегелі ағаш деген мағынаны бере тұрып, өзінің тарихи тамырын сақтап қалған мемлекеттің нұрлы болашаққа жасаған қадамын айқындайды. Сондықтан « Астана – Бәйтерек » монументі әлемдік қауымдастың алдында тәуелсіз Қазақстанның символы ретінде таңылады.