Бағдарламаның мақсаты:
Балаларды 10 саны көлеміндегі сан мен цифр туралы ұғымдарын дамыта отырып сандарды танып және атау іскерліктерін автоматтандыру.
10 көлеміндегі санды тура және кері санау дағдыларын арттырып,онға дейін сандардың құрамын білуге, жазылуын ( +, -,) амалдарын орындау дағдылырын дамыту.
Геометриялық фигураларды атай және айыра білуге, олардың қасиеттері туралы түсініктерін арттырып
Салыстырмалы әдіс бойынша әр түрлі геометриялық пішіндерден құрастыру арқылы оқушылардың шығармашылық іскерліктерін дамыту
Кеңістікті дұрыс бағдарлай білуін,берілген бағыт бойынша қозғалуға үйрету (алға,артқа,онға,солға);
Қағаз бетінде (ортасында, оң жақтағы жоғарғы бұрышта, сол жақтағы жоғарғы бұрышта, оң жақтағы төмен бұрыш, сол жақтағы төменгі бұрыш, төменде, жоғарыда, оң жақта, сол жақта) бағдарлай білу дағдыларын дамыту.
Уақыт туралы түсініктерін кеңейту. Таңертең, күн, кеш, түн мезгілдері тәулікті құрайтыны туралы ұғымдарын қалыптастыру.
Балалардың белсенділігін, логикалық шапшаң ойлау, өз ойын дәлелдеу дағыдыларын: математикалық тапсырмасы бар жұмбақтар мен жаңылтпаштар,қаламақ пен санамақтар, өтірік өлеңдер,логикалық тапсырмалар арқылы ұйымдастыра отырып баланың математикаға деген қызығушылығын айналасындағы өмірден алған әсерінен,көрген білгенін ойын арқылы танытып,күш жігерін,сезімін арттыру.
