kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Математикалы? эстафета

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы:  Математикалы?  эстафета

Саба?ты? ма?саты:

Білімдік: О?ушылар?а  логикалы?, викториналы? т.б есеп т?рлерін шы?аруды? шапша? т?рлерін ойын ар?ылы ?йрету

Дамыту: О?ушыларды? математикалы? ойлау ?абілетін дамыту, ал?ан білімін тере?дету, есептеу да?дыларын жетілдіру,  п?нге деген ?ызы?ушылы?ын арттыру

Т?рбиелік: О?ушыларды ?лтты? ??ндылы?тарды са?тай отырып, адамгершілікке, ??ыптылы??а, зейінділікке, шапша?ды??а  т?рбиелеу

Саба? т?рі:  сыныптан тыс саба?

Саба?ты? ?дісі: Саба?тан тыс «2050 жыл?а сапар» есептерін шы?арту

Саба?ты? к?рнекіліктері: доп, маркер, карточкалар, та?та, плакат?а жазыл?ан есептер жиыны

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Математикалы? эстафета »

Сабақтың тақырыбы: Математикалық эстафета

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: Оқушыларға логикалық, викториналық т.б есеп түрлерін шығарудың шапшаң түрлерін ойын арқылы үйрету

Дамыту: Оқушылардың математикалық ойлау қабілетін дамыту, алған білімін тереңдету, есептеу дағдыларын жетілдіру, пәнге деген қызығушылығын арттыру

Тәрбиелік: Оқушыларды ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, адамгершілікке, ұқыптылыққа, зейінділікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу

Сабақ түрі: сыныптан тыс сабақ

Сабақтың әдісі: Сабақтан тыс «2050 жылға сапар» есептерін шығарту

Сабақтың көрнекіліктері: доп, маркер, карточкалар, тақта, плакатқа жазылған есептер жиыны

Сабақтың барысы:

Мұғалім: Балалар, математикалық эстафета ойынымызды бастайық. Бүгінгі эстафеталық ойынымызды «2050 жылға сапар» деп атап отырмыз, Осы сапардан сүрінбей өтулеріңе тілектеспін!

1-жүргізуші: «2050 жылға сапар» математикалық эстафеталық ойын сабағы 5 кезеңнен тұрады.

  1. Екі топтың танысуы :

Әр топтың аты, ұраны болуы керек (5 ұпай)

  1. «Жекпе –жекке» шақыру. Топ басшыларын жарыстыру

  2. Ойын түрлерін өткізу. Эстафеталық жарыстар арқылы екі топ жарыса бара, тақтада дайын тұрған есептерді шешу арқылы қайта жарысып орындарына келу керек

  3. «Бәйге» сайысы. Жұмбақ, мақал –мәтелдер айту сайысы

  4. Әділқазы алқасына сөз, қорытындылау



Мұғалім:

Уа халайық, халайық,

Бәріңе жар салайық

Бүгінгі жарыс төрінде

Математика елінде

Математика тілінде

Есеп шешіп жарысып

Жұмбақ шешіп аңдысып

Шабыт тасып шалқысып

Есепен ән салысып

Көңілді жарыс жасайық

Жұмбақ шерді шашайық

Ат салысып аянбай

Бар өнерге басайық

Мұғалім: Ал балалар, жарысымыздың екі топтың бір –бірімен танысуы мен топ басшыларын сынаудан бастайық:

Командалардың амандасу рәсімі. Екі топпен танысу (топ басшыларымен де). Әр топ аттарыңызды, ұрандарыңызды таныстырып өтесіздер.

Топтардың сәлемдесуі:

1 топ: Шақырамыз, келіңдер жарысуға.

Күш, өнер, білімменен алысуға.

Бар өнерді салайық , ортамызға.

Ал кәне, кім шығады, сайысуға!

2 топ: Армысыздар құрметті төрешілер,

Сайысын әрбір топтың көресіздер!

Таразының екі басын тең қойып,

Сіздер бүгін әділ баға берерсіздер!


І. «Жекпе-жекке » шақыру. Топ басшыларын сынаққа шақырамыз: Мына есепке ойланып кім бірінші жауап берсе, сол басшы өз тобына 1 ұпай жеңіп береді.

а) Әкемнің жеті ұлы бар, оның әрбір ұлының қарындасы бар. Сонда әкемнің неше баласы болғаны? (8)

б) Жанардың әр түсті 20 шары бар: сары, жасыл, көк және қара. 17 шардың жасыл емес екендігі, 5 шардың – қара, ал 12 шардың сары емес екендігі белгілі. Жанардың қанша көк шары бар? (15)

в) 2,3 және 4 сандарының бәріне бөлінетін ең кіші натурал сан қандай? (12)

ІІ. Эстафеталық ойындар!


Айыра біл, жақсы менен жаманды,

Айыра біл, қарындаш пен қаламды.

Айыра біл, соқпағын да өмірдің,

Айыра біл тапсырмаңды алдағы.


Мықты болсаң –арттағыны жеткізбе!

Мықты болсаң –шоқалаққа сүрінбе,

Мықты болсаң –тайғанама көк мұзда,

Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт,

Мықты болсаң –заманыңды көктеп өт!


Мұғалім: 1-эстафеталық ойынның шарты: Тақтадағы «Қазақстан 2050» карточкаларын таңдап алып, сол карточкадағы есептерді шешулерің керек. Эстафеталық ойын шарты бойынша допты 1-мәреден жерге ұрып отырып, екі топ жарыса 2-ші мәреге жарыса жүгіреді, жетісімен тақтада жазылып тұрған есептерді шеше сала қайта өз тобына жүгіруі қажет. Қай топ 1-ші болып аяқтаса, сол топ 1-ші болып саналады.(Маркер қолдану).

Тақтадағы карточкаларда есеп (Қазақстан 2050 деп безендірілген).

2-эстафеталық ойын

№1 «Баспалдақ» есебі

20*5= 88+12=

40/2= 22*4=

63-23= 11*5=

7*9= 98+12=

42*2= 7*14=

25+17= 70-12=

100-25= 100/5=

Тақтадағы есеп:№2

а) 44/4= а) 55/5=

б)4444/44= б) 5555/5=

в) 44444/44= в)55555/5=


3-эстафеталық ойын


Келесі эстафеталық ойын. Скакалка қолдану арқылы жарыса отырып, тақтадағы тапсырмаларды алу арқылы ойыншылар логикалық есептерге жауап бере сала қайта орындарына жүгіру керек. Оқушы орнына барғаннан кейін келесі ойыншы секіріп барып жауап береді, осылай команданың барлық мүшелері сұрақтарға жауап береді. Бірінші болған және дұрыс жауаптары көп болған команда жеңіске жетеді.

1 сұрақ

Басынан аяғына төңкеріле жазылған түрінде оқығанда өзгермейтін қандай сандарды білесіңдер? (69,619,88)

2 сұрақ

Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Олардың қаншасы қалды. (Түйеқұстар ұшпайды).

3 сұрақ

Ағаш үстінде 100 торғай отырды. Аңшы 10 торғайды атып алды. Торғайлардың қаншасы қалды. (10 торғай, басқалары ұшып кетті).

4 сұрақ

Қай сан нөлден өзгеше бүтін санға қалдықсыз бөлінеді? (0)

5 сұрақ

Электр поезы шығыстан батысқа қарай жүріп келе жатты. Ол сағатына 60 километр шапшандықпен жол жүрді. Сол бағытта шығыстан батысқа қарай жел соғып тұрды. Бірақ оның шапшандығы сағатына 50км. Жел поездың түтінін қай жаққа қарай айдап әкетеді? (элек. поезд. түтін болмайды.)

6 сұрақ

Төрт қайың қатар өсіп тұр.

Әрбір қайында 4-4-тен үлкен бұта бар.

Әрбір үлкен бұтақта 4-4-тен кішкене бұтақ бар.

Әрбір кішкене бұтақта 4-4-тен амал бар.

Әрбір кішкене бұтақта 4-4-тен амал бар.

Барлық алма саны қанша?

(бір де алма жоқ, қайыңда алма өспейді.)


7 сұраққа. Жұмбақтар

Нәрселерді санағанда

Керек ол бізге ауадай

Айтыңдаршы бұл қандай сан

Жан жағыңы қарамай? (Натурал сан)



8 сұрақ Жұмбақ

Бүтін , бөлшек бөліктерден

Үтір айырып тұрады,

Осы санның кім біледі

Аты қандай болады? (ондық бөлшек)

10 сұрақ

Қайсысы ондық бөлшек?

45 5/72 36,8

11 сұрақ

Сәуленің ұшы бола ма?(болады)


ІІІ. «Бәйге» сайысы

Бұл бөлімде оқушылар мақал –мәтелдер айту арқылы жарысады.

Жұмбақтарға жауап береді.

  1. Күн-күн сайын жыртылдық,

Өміріміз бір жылдық

  1. Жоқ өзінде бас та,

Қас та мойын да,

Ұзындығы жазулы тұр бойында

ІҮ.Сабақты қорытындылау

Бұл 2050 жылға жету үшін әртүрлі тапсырмалар орындай отырып, қиыншылықтардан жеңе алатындарыңды көрсеттіңдер.Сіздерге 2050 жылға сәт сапар тілеймін.

Олар жайлы төреші

Көрермендер өздерің

Ақ қарасын айырып

Куә болды көздерің.

Көңіл бөліп бұл жарысқа

Келгендерге көп рахмет

Шын сезінген көрерменге мың рахмет

Ендігі сөзді әділқазы алқасына беріледі

Марапаттау


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Математикалы? эстафета

Автор: Ногайбаева Кымбат Жексембаевна

Дата: 13.09.2014

Номер свидетельства: 113604

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(108) "Математикалы? эстафета: «ТОЛА?АЙ» отбасылы? спортты? сайысы"
    ["seo_title"] => string(53) "matiematikalykestafietatolagaiotbasylyksporttyksaiysy"
    ["file_id"] => string(6) "335495"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1466441198"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) ""Математикалы? эстафета" "
    ["seo_title"] => string(26) "matiematikalyk-estafieta-1"
    ["file_id"] => string(6) "178827"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1424883345"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "Математикалы? Бинго"
    ["seo_title"] => string(20) "matiematikalykbingho"
    ["file_id"] => string(6) "261332"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1449120856"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "Математикалы? Бинго"
    ["seo_title"] => string(21) "matiematikalykbingho1"
    ["file_id"] => string(6) "261333"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1449120863"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "Математикалы? Бинго"
    ["seo_title"] => string(21) "matiematikalykbingho2"
    ["file_id"] => string(6) "261334"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1449120870"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства