Математикалық бәйге
Тақырыбы: «Математикалық бәйге»
Мақсаты: 1.Оқушының ойлау қабілетін, тапқырлығын жылдамдығын, таным белсенділігін арттыру.
2.Математикалық сұраққа мәдени түрде жауап беру саналы ойлауын дамыту.
3.Әдептілікке, ұстамдылыққа, өз ойын дәлелдей білуге, өзгенің пікірін сыйлауға тәрбиелеу.
Керекті құралдар:Интерактивті тақта
Сабақтың түрі:Танымдық сабақ(сайыс түрінде)
Психологиялық даярлық
Математика патшасы ғылымдардың
Бастан кешкен талай ғасыр сырларын.
Сан құпия сырымен өрнектелген,
Бүгінгі сайыс тарту етер сан сырларын
Мұғалім:Қош келдіңдер ,балалар!
Матеметикада «бәйге»деген алаң бар,
Бәйгенің сіздерге сыйлаған сыйы бар.
Сый дегенім-сынамақ,
Сынға түсер өнерлі мен білімді.
Сынға түскелі отырған 3топ отыр.1-топ: «Зерделі», 2-топ: «Талапты», 3-топ: «Ұшқыр». Әр топ өз басшысымен және ұранымен таныстыру.
Енді:Сіздерді сайысқа шақырамыз,
Есеппен бастарыңды қатырамыз.
Матеметиканы ұғындырып,
Аз да болса,білімдеріңді толтырамыз.
Сайыс түрлері: (әр топ өз атын ұранымен таныстырады.
«Көңілді есептеулер»
«Бәйге» сайысы
«Жаңылытпаш айтайық»
«Көңілді санау».
5. «Кім тапқыр»
6. Математикалық жұмбақ
7. Математикалық тақпақтар
I. «Көңілді есептеулер сайысы»
1-топ: Ағашта саңырауқұлақ кепті,
Жаңбыр жауып оны жұмсартып кетти.
40-ы қызыл,8-і сары,20-сы жасыл еді.
Тиін мен тышқан 7-еуін жеді,
Қалды екен нешеу ағашта ғой енди?
(61саңырауқұлақ)
2-топ:Жайлы орын маңай толы уйеңкі,
Ботыр барыс алтыбақан құрыпты.
Кешке қарай жиналыпты көршілер.
40қасқыр,6-аю, 5-түлкі,
Орын болмай қайтты үйіне 4кірпі.
Айтшы аңдар саны қанша,
Болып қалмай тек күлкі.
(48 аң)
3-топ:Шыңғыс берді 2уық,
Алмас берді 2уық,
Саятпенен Жақсылық
Қос қолдап берді 5уық
Нұршат пенен Назерке
Әкеліп берді 3уық.
Қалғандары қосылып,Берді тағы 5уық.
Қанша уық болды барлығы?
(20 уық)
II. «Бәйге» сайысы
1-топ:
1) Тік бұрыш жасап қиылысатын түзу? (перпиндикуляр)
2) Баланың әрқайсысы абрикостан 4тен алғанда жәшікте 1 абрикос
қалады.Жәшікте қанша абрикос болған?(13)
3)Үстелде 6 алма тұр.Бір алманы екіге бөлсе, үстелде неше алма бар деп
есептелінеді
2- топ:
1) Шеңбердің кез-келген нүктемен цифрын қосатын кесінді? (радиус)
2) Бөрененің ұзындығы 5метр.1минутта бөрененің 5 метрі кесілсе, бөренеі кесіп бітіруге
неше минут керек?(4минут)
3) Арман тақта шоколадты 2ге бөлді,содан соң оның бөлінген бір бөлігін тағыда екіге
бөлді,Сонда Әсет шоколадты нешеге бөлді?(3ке болген)
3- топ:
1) Басталатын нүктесі бар сызық?(Сәуле)
2 ) Вазада 3 алма 7мандарин жатты.Кешкі тамаққа барлық мандарин және сонша алма
желінді.Демек, қанша мандарин қалу керек? (4)
3) Үстел устінде 4қияр,3сәбіз және 4апельсин тұрған.Үстел үстіндегі барлық көкөністер
қанша? (барлығы 7көкөніс)
III. «Жаңылмай айтайық»
Жүріп бара жатқан жолды1-ден 10-ға дейінгі сандарды орысша-қазақша кезек айтасың:
бір,два,үш,четыре,бес, шесть,…..
IV. «Көңілді санау».
3+9+1+7=20
7+2+6+5=20
3+4+8+5=20
Үшбұрыштың дөңгелектерінде барлық тоғыз цифрды үшбұрыштың қабығасындағы сандардың қосындысы етіп орналастыру керек.
V. «Кім тапқыр»
1) 6 цифрын 3 рет пайдаланғанда 30 санын жазу. 6*6-6=30
2) 9 цифрын 4 ретпайдаланғанда 100 санын жазу. 9/9+99=100
3) 10 мандаринді 4ыдысқа мандарин саны әртүрлі болатындай етіп қалай салуға болады?1+2+3+4=10
VII. Математикалық жұмбақ.
а) 24батыр,
Бірін-бірі жеп жатыр.(дойбы)
ә) 64 тең бөлмеде
32 тұрғын бар.
б) Ақ қара ғып бөлгенде
Бірін-бірі қуғындар.
Ханы үшінде,жаны үшінде
Бермейді олар намысын.(Шахмат)
VIII.Математикалық тақпақтар
Әр топ өзі дайындап келген тақпақтарын айтады.
IХ. Қорытынды. Жеңімпаздарды анықтау
«Бөгенбай батыр атыңдағы қазақ орта мектебі» КММ
Математикалық бәйге
Танымдық сабақ
Пән мұғалімі: Бегимова М.Д.
Ерейментау 2015