kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Математикадан үйірме жұмыстары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Математикадан үйірме жұмыстар 5-6 сыныптарға арналған

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Математикадан үйірме жұмыстары»







































Мазмұны



  1. Математика туралы қызықты деректер

  2. Әйел математиктер

  3. Математикалық сайыс

  4. Математикалық ойындар

  5. Математикалық фокустар

  6. Қызықты есептер











1



Математика туралы қызықты деректер

1) 13 саны туралы қорқыныш.
Бұл саннан қорыққан адамдар көпқабатты үйдің 13-ші қабатын 12А деп ауыстырады, кейде тіпті мүлдем атамайды да екен.

2) Шығыстағы сандар туралы көзқарастар.
Күншығыс елдерінде 4 саны "Өлім" дегенмен бірдей, сондықтанда көп қабатты үйлердегі мұндай қабаттар мүлдем жоқ.

3) «Жұп немесе тақ?» гүлдерге қатысты қорқыныштар.
ТМД елдерінде қыздарға гүл сыйлағанда оның саны міндетті түрде тақ болуы шарт, ал АҚШ пен еуропалық елдерде бұл жайт керісінше.

4) Қырықаяқтың 40 аяғы бар ма?
Осы күнге дейін адамдар аяғы көп жәндік көрсе болды, оны қырықаяқ дей салады, бірақ барлық жәндіктерде аяқ саны 40 емес. Кейбір жәндіктерде 400 ге тарта аяқтар болады екен. Міне, қызық!

5) Қателіктің жетістігі.
Google іздеуші жүйесін құрушылар Ларри Пейдж бен Сергей Брин өздері ойлап тапқан жүйелеріне ат қою үшін ұзақ ойланып, есімдерді көп таңдады. Осындай таңдаулардың ішінен оларға «гугл» сөзі, яғни 1 және жүз нөл деген сөз ұнады. Бірақ домен енгізіп отырған маман өрескел қателік жіберіп     «googol» деп жазылу керек доменді «google» болып жазып жіберіпті. Десе де осы есім бекітіліп қазіргі таңда  «Google» ең танымыл іздеуші жүйесі болып отыр.

6) «Қырықтың» несі бар екен?
Қырық саны яғни орысша «Сорок» басқа десять, двадцать,





2

Есеп №6
Атасының жасы неше жыл болса, немересінің жасы сонша ай болады..Атасы мен немересінің жастарын қосқанда, 91-ге тең. Атасы мен немересі неше жаста?

Есеп №7
Бұл отбасында 12 бала. Анасы балдарына 70 алма әкелді . Анасы әкелген алмалардың жартысын қыздарына бөліп бергенде ,әрқайсысы бірдей алма алды, қалған алмалардаң жартысын ұлдарына бөліп берді,онда да ұлдарына тепе-тең алмадан тиді.Бірақ әрбір ер бала әрбір қыздан екі алма артық алды. Сонда бұл отбасында неше ұл,неше қыз бар.





















29



Қызықты есептер

Есеп №1
Бір адам бір бидон квасты 14 күнде ішеді,ал әйелімен бірігіп 10күнде ішеді. Әйелі бір бидон квасты неше күнде ішеді

Есеп №2
Төмендегі сандар көбейтіндісі қандай цифрменен аяқталады.
7 х 17 х 27 х 37 х 47 х 57 х 67 х 77 х 87 х 97 х 107 х 117?

Есеп №3
Екі бас, екі қол, алты аяқ, жүргенде бірақ 4 аяқ Бұл не?

Есеп №4
Сыныпта 35 оқушы. Оның 20 оқушысы математикалық кружокқа қатысады,11 оқушысы биологиялық кружокқа қатысады, ал 10 оқушы ешқандай кружокқа қатыспайды.Сонда биологиялық кружоктағы неше оқушы математикалық кружокта ?

Есеп №5
Қарт шал базарға жұмыртқа сатуға барды . Көршісі шалдан : -Неше жұмыртға әкелдің деп сұрады? .Сонда шал төмендегідей жауап берді . Себетте бірнеше жұмыртқа бар.Егер екі - екіден қойсам ,біреуі артық қалады, егер де үш-үштен қойсам , тағы да біреуі артық қалады , ал егер төрт-төрттен қойсам онда да біреуі артық қалады, бес-бестен қойсам ,біреуі артық қалады,алты-алтыдан қойсам да біреуі артық қалады . Егер жеті -жетіден қойсам онда ешқандай жұмыртқа артық болмайды.Сонда менің себетімде неше жұмыртқа бар.


28

тридцать ... дегендерден ерекше. Неге олай? Ол туралы ойланып көрдіңіз бе? Ертеректе «сорок» сөзі матаның атауы екен, оны базарда 40 аңның терісімен орапты. Осылайша тұрмысқа еніп кете беріпті.

7) Будапештте 70-ші нөмірге дейін троллейбустар жоқ көрінеді.
1948 жыл несімен есте қалды? Сталиннің 70 жылдық мерей тойы. Осы жылы Будапештте алғашқы троллейбустар шығарылып, олар мерей той құрметіне орай 70 санынан басталған. Бір қызығы олар әлі күнге дейін өзгертілмеген.
8) Израильдіктер қосуды, яғни «+» жазбайды. Оның орнына Т деп жазады екен.
9) Біріміз білсек, енді біріміз біле бермейтін факт бар. Ол барлық сандарды бірден бастап онға көбейте берсек 55 шығады.
10) Ежелгі Римде 0 саны мүлдем қолданылмаған. Егер, сенбесеңіз, римдік сандарды қарап көріңіз.
11) Америкалық жоғары оқу орнының аспиранты Джордж Данциг бірде сабаққа кешігіп келеді. Содан тақтада тұрған екі есепті көрген ғалым, оны сол сабақ үстінде берілген тапсырма екен деп орындап тастаған екен. Сөйтсе, оның шығарған есебі әлем бойынша шешімі табылмай жүрген математика ғылымдарының ең қиын есебі болып шығыпты.
12) 1557 жылы ең алғаш рет британдық ғалым Роберт Рекорд математикада тең болады, яғни «=» осы белгіні алғаш рет айналымға енгізген екен.
13) Ағылшын математигі Абрахам де Муавр қартайған шағында ұйқысының ұзақтығы күніне 15 минутқа артып отыратынын байқаған. Арифметикалық прогрессия арқылы 27 қараша 1754 жылы оның ұйқысы 24 сағатқа ұласатынын анықтаған. Дәл сол

3

күні ол қайтыс болған.
14) Еуро купюрасының шынайылығын оның әріптік сериялық нөмірі мен он бір саны арқылы тексеруге болады. Әріпті оның алфавиттегі реттік санына ауыстырып, бұл санды қалған он бір санға қосу керек. Кейін сандарды бүтін сан шыққанша қоса беру керек. Егер бұл сан 8-ге тең болса, онда купюра жалған болғаны.
Тексерудің тағы бір тәсілі сандарды қосуға негізделеді, бірақ әріптің қажеті жоқ. Бір әріп пен саннан құралған нәтиже нақты бір елге тиесілі екенін білдіреді. Еуроны түрлі елдерде басып шығатынын біз жақсы білеміз. Мысалы, Х2 деген нәтиже шықса, демек бұл ақша Алманияда басылып шығарылған.
15) Альфред Нобель өз жүлдесінің қатарына математиканы қоспауының себебі, әйелінің математикпен көзіне шөп салғандығында деген сыбыс бар. Негізінде Нобель ешқашан үйленбеген.
Нобель математиканы нақты не үшін елемегендігі әзірге белгісіз, бірақ бірнеше болжам бар. Мысалы, сол кезеңде швед королінің математикадағы жетістіктер үшін берілетін жүлдесі болған. Тағы бір себеп – математиктер адамзатқа маңызы бар өнертабыс жасамайды, бұл ғылым таза теориялық маңызға ие











4

г)Жасын және туылған күнің табу.

Оқушының жасын және туылған күнін табу үшін төмендегі амалдарды орындау керек: Туылған айдың реттік нөмірін 100 ге көбейтуді,алынған көбейтіндіге туылған айдың числосын қосуды ,алынған қосындыны 2 ге көбейтіп,ол санға 8 ді қосып, сосын 5 ге көбейтуді,алынған көбейтіндіге 4 ді косып ,оны 10 ға көбейтуді сұраңыз .Сосын қазіргі жасыңды 4 ге көбей- тіп ,алынған санды қағазға жазып беруін сұраңыз. Сіз қағаз да жазылған саннан 444 ді шегеріп, алынған санды оңнан солға екі екіден бөлесіз. Оңнан бірінші екі сан жасыңды,келесі екі сан туылған күнін, соңғы екі сан туылған айды көрсетеді.Бұл қалай?

Жауабы: m - туылған айдың реттік нөмірі, t-туылған күнін, n-жасыңды белгілесек ,онда (((100 m + t)х 2 + 8 )х 5)+ 4 ) х10 + n + 4 = 10000 m +100 t + n + 444

















27

б)Қағаз бетшесінен карындашты үзбей,біржолдан екі рет жүрмей,төмендегі фигураны салу керек.



в).Ойлаған санды табу:Оқушыға екі таңбалы санды ойла деңіз.

Сол ойлаған екі таңбалы санның ондық разрядта тұрған цифрын екі есе көбейтіп,алынған көбейтіндіге

5 бірлікті қосып,бұл қосындыны 5 есе көбейтіп,оған 10 бірлікті және де ойлаған санның бірлігін қосуды айтыңыз .Содан кейін алынған жауабын сұраңыз.

Сіз алынған саннан 35 ті азайтып,оқушының ойлаған санын айта аласыз.Бұл қалай?

Жауабы: (10а +в) - ойлаған сан.Онда :

(2а+в) х5 +10 +в = 10а+в +35












26

Әйел математиктер

Математика – бұл тек қана формулалар мен теоремалар емес, сонымен қатар жан дүниесін математиканың дамуына арнаған адамдар. Математика туралы айтқанда, бар өмірін арнап, математиканы бізге дейін жеткізген адамдарды айтпау мүмкін емес. Оларды ұмытпауымыз қажет. Әсіресе бұл әйел математиктерге қатысты. Жалпы бізге ХХ ғасырда өмір сүрген, математикамен айналысқан 118 математик әйелдер есімі белгілі екен.

 Теона Гипатия

Гипатия (Ипатия)  (б.з. 370-415)-математик, астронам, философ және Александрия елінің мақтанышы.  Гипатия тарихтағы ең алғашқы ғалым әйел. Ол сол уақыттағы әйгілі математик, астроном, механик ғалым Теонның қызы.

Софья Васильевна Ковалевская    (1850—1891)
Орыс математигі. Алғашқы профессор атағын алған ғалым әйел. Мәскеу математикалық ұйымының, Петербург ғылымдар академиясының алғашқы әйел  корреспондент мүшесі. Математикалық анализ, механика, астрономия саласында жұмыстар жүргізіп, Париж ғылымдар академиясы және Швед ғылымдар академиясының жүлделерін алған. Өзінің аз ғұмырында математика  саласына үлкен еңбегін енгізген ғалым.

Софи Жермен (Marie-Sophie Germain)
(1 апреля 1776 — 27 июня 1831)  француз математигі, философ,
5

механик. Ата-анасы қызбаласына лайық іс емес деп білдірген қарсылығына қарамай әкесінің жеке кітапханасында өздігінен білім алып, жастайынан математикаға қызығып өсті.  Математика саласында математика ғылымының академигі дәрежесіне дейін жеткен ғалым айел.

Мария Гаетана Аньези
Университетте математик профессор қызметін атқарған алғашқы әйел адам.

























6

Математикалық фокустар

а).Қағаз бетшесінде төмендегі жазбаны жазып

1000

30

1000

40

1000

20

1000

10

Барлық сандарды қағаз бен жауып ,жоғарыдан төмен қарай кезек кезегіне аша отыра ,оқушыдан жылдам қосуды сұрау керек,сонда оқушы жауабын айтады.Оқушы дұрыс есептей алдыма ?

(көбінесе оқушылар 5000 деп айтады,ал шындығында жауабы 4100)






25


24

Математикалық сайыс

Тақырыбы: Математикалық дәмхана
Мақсаты:Білімге деген көзқарасын қалыптастыра отырып, математика пәніне деген қызығушылығын ояту.Оқушылардың математикалық ой – өрісін дамыту. Оқушыларды алғырлыққа, шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Ойын барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: ойын шартымен таныстыру, қатысушыларды анықтау.
II. Ойын жоспары: Командаларды таныстыру, сайыс тапсырмалары:
Ас мәзірі:
«Мәңгі ұмтылмас» салаты
«Математикалық винегрет»
«Біздің столдан сіздің столға»
«Тез пісер» атты қаймақ қосылған борщ
«Рагу»
«Математикалық рулет»
«Қаймақпен көпіршіктелген балмұздақ»
«Мерекелік шашу торты»
«Мезим»
III. Жеңістерді анықтау, марапаттау.
Сайыс барысы:
Жүргізуші:

Сәлеметсіздер ме оқушылар!
7

Нақты білімге қызығушылар
Естігенін естіп тұрып,
Оқығанын миға тоқушылар.
Сәлеметсіздер ме ұстаздар!
Айтар ойын тұспалдар.
Біз оқытқан оқушылардың, 
Сәті келді сыналар.
Есепті түрлі – түрлі шығарамыз,
Арасында ойын ойнап жарысармыз.
Ойлы сұрақ, жеңіл сұрақ бәрі де бар,
Әзіл есепке бүгінгі кеште де орын бар.
Олай болса, бұл не тұрыс,
Кешімізді біз бастайық.
Жүргізуші:
Әділ бағаға қалтасы толы,
Әділ – қазыларды ортаға шақырайық!
(Әділ – қазы алқасымен таныстыру) 
Жүргізуші:
Сіздерден кафенің «Бухгалтерлік мекеме» - деп аталатын бөлмесіне жайғасуларыңызды сұраймыз!
Қымбатты математика жанкүйерлері мен осы залға жиналғандар! Сіздерге осы ойынға қатысушылар атынан қатал да, қатесіз (хормен) математикалық сәлем!
Жүргізуші:
Математика – бұралаңсыз нақты ілім,
Үйрететін бақыт тілін, бақ тілін.
Айдыныңда сүңгіп, сүңгіп жүзсең бір,



8




3.Стомахион ойыны:

Ертедегі гректер геометриямен айналысқанда, тек жердің ауданын, теңіз бен кеме ара қашықтығын өлшеумен шектелмей, геометриялық ойындармен айналысқан. Солардың бірі-стомахион ойыны. Бұл ойында квадратты 14 бөлікке бөліп, сол бөліктерден түрлі фигуралар құрастырылған. Бұл ойынмен ұлы ғалым Архимед жұмыстанған. Ол бұл ойын туралы шығарма жазған. Осы ойынмен сол кездерде қытайлықтар да ойнаған. Олар квадратты 14 емес, 7 бөлікке бөлген. Олар бұл ойынды «чи-чао-тю» (7 бөліктен 100 фигура) деп атаған. Бұл ойынды олар тағы да «танграмм» деп атаған.

Квадратты осы сызбадағыдай қылып бөліктерге бөлу керек.

Осы бөлшектерден түрлі фигуралар жасау -ойынның шарты. Әрине, бұл фигураны жасау оңай емес. Ол үшін ойлану қажет. Кезінде француз императоры Наполеонды соғыстағы жеңілістермен кейін «Құдыреті Елена» аралына құғын-сүргінге жіберілді. Ол жерде Наполеон осы танграм ойынымен айналысады. Квадрат бөліктеріне сол кезде полимино деп атаған.





23

2.Сіріңке шырпысы қолданылатын ойындар

Шырпыны қолдану арқылы түрлі фигуралар құрастыруға,бір немесе екі шырпының орнын ауыстыру арқылы басқа фигура алуға тиісті есептерді шешу –бұл ойынның шарты. Бұл ойын арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға .математикаға қызығушылығын арттыруға болады.

Есептер:

№1
5 шырпыдан бесбұрыш құрастырылған. Шырпылардың орнын ауыстыру арқылы бір мезгілде үшбұрыш, төртбұрыш, және бесбұрыштан құралған фигура алу керек.






2-есеп Теңдік дұрыс емес. Бір шырпыны орнын ауыстыру арқылы дұрыс теңдік алыңдар







22

Тарқалмайды қуаныш пен шаттығын – деп сыныбымызда өтіліп жатқан «Математикалық дәмханаға» хош келдіңіздер демекпін! Біздің дәмханамызда бүгін математиканың алғырлары, тапқырлары білімдермен сынасады. Осы кафенің ашылуына орай арнайы шақырылған меймандарымыз бар ендеше, олармен таныс болыңыздар!
Жиналған ылғи дарындар,
Жүректе от көздерінде жалын бар – дей келе,ортаға қатысушы топтарды қарсы алайық.
Жүргізуші:Құрметті дәмхана қонақтары! Өздеріңізге арнайы әзірленген столдарға жайғасыңыздар. Өздеріңіздің үйлеріңізде отырғандай еркін сезініңіздер!
Сондай – ақ бұл дәмханада математиканы сүйіп оқитын, оның қыр – сырын меңгеруге құлшынысы бар барлық математика жанкүйерлеріне де орын бар. Сіздер әрқашан біздің кафенің таңсық тағамдарына тамсанып, сіздер қызықты да мазмұнды уақыттарыңызды өткізесіздер деген сенім білдіремін! Дәмхана мәзірінен колориялы тағамдармен қатар, ыстық және суық тағамдарды, сонымен бірге тіл үйіртетін, мәңгі есіңізден кетпес, дәмімен денеңізді балқытатын десерт пен сусындарды таба аласыз. Сонымен бірге біздің дәмханада өз қызметін, ас мәзірін ұсынатын даяшылар әрқашан да сіздердің қастарыңыздан табылады. Ендеше, астарыңыз дәмді болсын!
Жүргізуші:Құрметті дәмхана қонақтары! Сіздер қандай қонақ екендеріңізді, қандай тілде сөйлесетіндеріңізді білгіміз келеді, және де осы ішкен астарыңыздың ақысын қалай өтемексіздер! Ендеше, өздеріңді таныстырып өтсеңіздер!
9
(әр топ өздерін таныстырады)
Жүргізуші: Ендеше құрметті көрермендер! Нақты сайысымызды бастайық!
1 – сайыс: Құрметті дәмхана қонақтары! Біз сіздерге дәмхананың аспаздары әзірлеген сұрақтар соусынан тұратын «Мәңгі ұмытылмас» салатын ұсынамыз.Бұл салат сіздердің бойларыңызға жағымды сіңуі үшін командаларға сұрақтар қойылады. Егер бір команда сұраққа дұрыс жауап бере алмаса, онда басқа команда жауап беру құқығына ие болады. Дұрыс жауап бір балмен есептеледі.
Жүргізуші: 2 – сайыс: Қадірменді қонақтар сіздерге келесі кезекте «Математикалық винегрет» ұсынылады. Даяшылар ұсынған астан алып отырыңыздар! Сіздерге ұсынылған тағамдасіріңкемен берілген логикалық есептер.
І топ:
Мына суретте сіріңкенің 4 талын қозғау арқылы қалай 3 квадрат алуға болады?
ІІ топ:

Сіріңкенің 1 талын қозғау арқылы теңдіктің дұрыс екенін көрсете аламыз.Қай сіріңкені қозғаумыз тиіс?
10



3


31


18


15

12

28

14

27

6

32

13

2

10


21

30

16

22

25

8

23

1

26

24

9

11

29

28

5

20


7


19


4


17

















21

Математикалық ойындар

1.Көңілді санау
Бұл ойынды ұйымдастыру үшін түрлі формада бірнеше таблица жасайды. Таблицадағы цифрларды әр түрлі түспен және де фигураларда әшекейлеп жазған дұрыс. Таблицадағы орналасатын цифрлардың санын бірте-бірте көбейтіп, орналасуын да күрделендіре түскен дұрыс. Ойынды жүргізу әдісі: таблицадағы сандарды тез санауға оқушыларды шығарады. Оқушының таблицадағы сандарды ретімен көрсетіп, оларды тауып, атап шығу уақытын есептеп отырады. Ең аз уақыт ішінде сандарды атап шыққан оқушы жеңіс иесі болады. Бұған төмендегідей таблицаларды ұсынуға болады.


20

ІІІ топ

Суретте көрсетілген  сіріңкелердің 2 талын қозғау арқылы теңдікті дұрыстау қажет.
Жүргізуші:3 – сайыс: Келесі кезекте әр команда өздерімен дәмханада бірге көңіл көтеріп көрші столда отырған адамдарға ас сыйлауы керек. Ол сыйлық - «Біздің столдан сіздің столға» деп аталады. Бұл ұсынылған астан алу үшін әр команда үй тапсырма ретінде әзірлеп келген қызықты да тартымды тапсырмаларын кезектесіп қоюы керек.
Жүргізуші:4 – сайыс: Ендігі кезекте сіздерге кім үлгерсе, сол ішер дегендей біздің аспаздар «Тез пісер» атты қаймақ қосылған борщын ұсынады. Оқушылар ұсынылған астан алып отырыңыздар!Ол үшін орны ауыстырылып берілген сөздерден математикаға байланысты сөздер құрастыру керек.
І топ:
удңете(теңдеу), имртеиямс (симметрия)
ІІ топ:
келшөб(бөлшек), гарифу (фигура)
ІІІ топ:
картвад (квадрат), акрофитамни (информатика)
Жүргізуші:5 –сайыс:
Қадірменді қонақтар! Келесі кезекте зейін мен ойланудан тұратын әр түрлі тіл үйіртер ащы дәмдеуіштер қосылған «Рагу» ұсынылады. Яғни, математикалық жұмбақтар.

11

І топ:
1.Нәрселерді санауға 
Керек сан өзі негізгі
Басы бар да, шеті жоқ
Таң қалдырады ол бізді. (натурал сан)
2.Сан ол сызықпенен бөлінген
Үсті алым,асты бөлім деп аталып,
Әсем түрде керілген
Математиканы ұқпас адамға 
Құбыжық боп көрінген
Дұрыс,бұрыс ,аралас деп
Түрлері оның берілген (бөлшек сан)
3.Оң сандарға қол шатырдай
Калпақ болған беделі
Квадраттасаң егер оны
Белгісі оның кетеді (квадрат түбір)
4.Бүтін сан, бөлшек сандар
Құрамына кіреді
Бұл R белгіні көрсетсеңіз
Қай сан екенін біледі (рационал сандар)
ІІ топ:
1.Үлкен, кіші сандар арасына 
Таңбаларды қойған кезде
Алынады қандай өрнек
Білейікші оны бізде(теңсіздік)
2.Бүтін, бөлшек бөліктерден
Үтір айырып тұрады, 
12

12 жасқа толғанда бұл жазу қанша сантиметр өскен болады? (Ешөспейді. Өйткенікәріағаштардыңдіңіемесбұтақтарыөседі)
4.Сументолтырылғаншелектаразыда 10 кг болады. Шелектіңішіне, жіптіңұшынабайланғантемір шар батырылады. Шар шелектіңтүбінетимейді, әринешелектенбелгілімөлшерде су тасыпшығады. Шелектіңауырлығыартадыма, азаядыма, әлдеөзгермейдіме?(Азаяды. Таразы, суғабатырылғантеміршардытартпайды. Шардыңкөлеміқаншаболса, шелектіңауырлығысоншаграмғаазаяды)
5.Біржүкмашинасыныңартындабіршелектұр. Жаңбыржауабастады. Шелек, жүкмашынасытоқтаптұрғанкезде тез тола ма, әлдежылдамкетіп бара жатқанкездема?(Шелекке судың толу жылдамдығымашинаныңтоқтаптұруынанемесежүруінебайланыстыемес. Шелекекіжағдайда да бірдейжылдамдықтатолады)
Жүргізуші:

Кешіміздің соңғы сәті таяп қалды,
Ал, қазір әділ-қазы сөз алады.
Кешіміздің жеңімпазын анықтап,
Мақтау қағаз, сыйлықтарын тапсырады.
Қорытындылау: Жеңімпаздарды марапаттау, сыйлықтар беру








19

асықтың біреуі жетпей қалады. Атаның неше немересі бар? Асығы нешеу? (23 асық, 3 немере)
3.Қанша жаста
Серік әкесінің бүгінгі жасына жеткен кезде, қарындасының жасы қазіргі жасынан 2 есе үлкейеді. Ал қарындасы әкесінің бүгінгі жасына жеткенде, Серіктің жасы бүгінгі жасынан 2 есе үлкейеді. Үшеуінің жастарының қосындысы 100 болса, әр бірінің жасы қаншада? (Серікпен қарындасы 25 жаста, әкелері 50 жаста)
4.Бір күні әкесі ұлына бір кітап беріп, «Мына кітапты оқысаң, саған 2000 теңге беремін», депті. Баласы 1 аптадан кейін әкесіне келіп, «Әке кітапты оқыдым, 2000 теңгемді бересіз бе?» дейді. Сонда әкесі баласына «Кітапты оқымағансың» деп жауап беріпті. Баласының кітапты оқымағанын әкесі қайдан білген? (Өйткені 2000 теңге кітаптың ішінде болған)
5.Қанша балық
Бір аю әр күні алдыңғы жеген күніндегіден 6 балық артық жей отырып 5 күн ішінде 100 балық жейді. Аю бірінші күні қанша балық жеген? ((Х+(Х+6)+(Х+12)+(Х+18)+(Х+24)=100
5Х=40, Х=8 балық)
ІІІ топ:
1.Төртбұрыштан 1 бұрышын алып (қиып) тастасақ неше бұрыш қалады. (5 бұрыш)
2.3аңшы 3 сағатта 3 үйрек аулай алатын болса, 9 аңшының 9 үйректі аулай алуы үшін қанша сағат керек? (3 сағат)
3.Жандостың үйінің бақшасында кәрі бір ағаш бар. Әржылы 25 сантиметр өседі. Жандос 8 жасар кезінде жерден 140 сантиметр биіктіктегі ағаштың діңіне ЖАНДОС деп есімін жазады. Жандос
18
Осы санның кім біледі
Аты қандай болады? (ондық бөлшек)
3.Шар емес, дөңгелек емес 
Бірақ осылардың бөлігі
Радиус,диаметрін іздегенде
Онсыз болмайды келісі (шеңбер)
4.Екі бұрыш ежелден 
Тату көрші болған екен
Бірін – бірі толықтырып
Бір түзуде жатады екен(сыбайлас)
ІІІ топ:
1.Екі түзу қатар жүріп 
Үшіншісін қияды 
Сонда шыққан бұрыштарды
Кімдер айтып жияды.(айқыш, тұтас, сәйкес)
2.Қарама-қарсы қабырғалары
Параллель боп қосылған
Оқыңызшы аталуында
Параллель , грамм сөзі қосылған (параллелограмм)
3.Нүктеден, екі сәуледен 
Фигура ол құралды.
Айтыңдаршы қанеки
Қалай ғана аталды (бұрыш)
4.Шелекке ұқсайтын дене
Біліңдерші сіз қане? (Цилиндр)

13

Жүргізуші: 6 – сайысты бастайық: Бас аспазшы ретінде мен сіздерге «Математикалық рулет» атты ассорти ұсынамын.Сіздерге қызықты сұрақтар қойылады, ал сіздер жауабын табуларыңыз керек.
І топ:
1.Бұны орындағың келмесе де, орындайсың, оны білмейтін сияқтысың, бірақ оны білгің келсе, лезде таба аласың. Кей кезде есептер оның көмегімен шешіледі. Кейбір оқушылар оны шеше алмағандықтан шешкісі келмейді. (теңдеу)
2.Бұл заттың пішіні тік төртбұрыш тәрізді. Ол мектептен қашық тұратын оқушылардың көбінде бар. Мектепке жақын тұратын оқушылардың кей біреуінде де жоқ. Оны сен жай алмайсың. Әр мектепте оны тарататын адам болады. Бұл не? (жол билеті)
ІІ топ:
1.Ол өсімдіктерде қажет нәрсе аталады. Оны табу үшін терең білім қажет. (түбір)
2.Онымен ертеректе дүкендерге қолданылған. Әр сатыларында дөңгелек тоқаштар ілінген. Оны қолданғанда өзі сарт-сұрт етеді. Қарапайым калькулятор деп атауға болады. (Есепшот)
ІІІ топ:
1.Ол ғалымның фамилиясымен атанған. Ол ғалым оны оқымағандардың өзіне де әйгілі.Одан біз ол фигураның қабырғалары туралы білеміз. Оны дәлелдеу керек.(Пифагор)
2.Бұл құралды әдебиет мұғалімі ешқашан қажет етпейді. Ал математика мұғалімі ешқашан қолынан тастаған емес. Ол өзі ерекше бір зат: өлшеп-өлшеп алып, түр –түрге бөліп тастайды.(транспортир)
14

кейін шешесі мен үш қызының жасы бірдей болады.)
2.Торда 12 құс отыр. Оның 11-нен басқасы ұшып кетті? Торда қанша құс қалды? (12 құс. Тордан ұша алмайды)
3.2 адам шахматты 2 сағатта ойнаса, 1 адам неше сағат ойнайды? (2 сағат ойнайды)
4.Тапқыр тұтқын
Бір патша тұтқынға түскен дұшпан әскеріне былай дейді: «Маған бірдеңе айт, егер айтқан сөзің өтірік болса атып өлтірткіземін, егер шын болса дарға асып өлтіртемін.» Сонда әлгі тұтқын бір нәрсе айтып, аман қалыпты. Тұтқын не айтты екен?(Мені атып өлтірткізесің» депті. Егер оны атып өлтірсе, шындықты айтқан болатындықтан асып өлтірілуі қажет болады. Егер оны асып өлтіртсе өтірік айтқан болып, атып өлтірілуді қажет етер еді)
5.Жаңғақтар
Мұраттың 7, Мақсаттың 8 алмасы бар, ал Асанның алмасы жоқ. Алмаларды үшеуі бес бестен теңдей қылып бөліп жейді. Кейін Асан үйінен 30 жаңғақ алып келеді. Мұрат пен Мақсатқа берген алмаларының мөлшеріне тең келетіндей етіп бөлістіріп береді. Екеуіне қанша қаншадан түседі?(Мұратқа 12 жаңғақ, Мақсатқа 18 жаңғақ беріледі)
ІІ топ:
1.Барлық жылқының үштен бірі және екеуі бөлініп алынды. Бұдан соң қалған жылқының жартысы айдалып кетті. Сонда өрісте 9 жылқы қалды. Басында неше жылқы болды?  (30 жылқы)
2.Атасы немерелеріне сақтап қойған асығын бергісі келді.Оларға жетеуден берсе, асықтың екеуі артық қалады. Ал сегізден берсе,
17

Жүргізуші: 8-сайыс: Құрметті қонақтар! Дәмхана әкімшілігі сіздерге әлі де осы дәмханадан басқа дәмханаларға кетіп қалмай біздің бас аспазшымыз ұсынған тағамдарды жақсы бағалап отырғандарыңыз үшін өз ризашылықтарын білдіреді. Осы құрметтеріңіз үшін дәмхана әкімшілігі сый құрмет ретінде«Мерекелік шашу» тортын ұсынады.Тортты кесуден кім шеберлік көрсетеді екен көрелік? Ол үшін сіздер мерекелік тортты үш кесу арқылы тортта орналасқан жемістер әр бөлінген бөлікте біреуден қалатындай етіп кесулеріңіз керек. 
Жүргізуші: 9-сайыс: Бүгінгі кеште сіздер біздің аспазшылар әзірлеген астардың дәмділігіне риза болып, барлық ұсынылған ас мәзірлерінен бас тартпаңыздар. Кейбір адамдарда қабылдаған астары тез қорытылады, ал кейбірінде іштерін ауыртып мазасыздандырады. Асты көп қабылдаудан іштері ауратындарға, сонымен қатар бүгінгі ас бойларыңызға тез сіңуі үшін сіздерге асқазан үшін таптырмас дәрі «Мезимді» ұсынамыз. Логикалық есептермен береміз.
І топ:
1.Қашан теңеседі
Бір ананың үш қызы болады.
Шешесі 42 жасқа келгенде, үлкен қызы 19-ға, ортаншысы 11-ге, ал сүт кенжесі 2 жасқа толады.Қанша жылдан кейін анасы мен үш қызының қосынды жасы теңеседі? Ойланып көр.(Алдымен үш қызымен шешесінің жас айырмасын табу керек. Ол 10 жас. Бір жылда шешесінің жасы 1-ге, үш қызынікі 3-ке артады. Олай болса 3-тен 1-ді шегеру керек. 2 саны шығады. Ол 10 айырмаға сай келеді, яғни 1 санына 5 жас сәйкес. Демек, бес жылдан

16

Жүргізуші:7 – сайыс: Енді құрметті қонақтар! Сіздерге «Қаймақпен көпіршіктелген балмұздақ»десертін ұсынамыз.
Ол үшін сіздерге, сандарға байланысты мақал – мәтелдер ұсынылады. Сіздер мақал – мәтелдердегі сандарды дұрыс табуларыңыз керек. Әр дұрыс жауап 1 балмен бағаланады.
І топ:
1)....(екі)жақсы қас болмас, ....(екі) жаман дос болмас.
2)Досыңды ...(үш) күн сынама, ...(үш) жыл сына.
3)...(10) рет айтқаннан ...(1) рет көрсеткен артық.
4)Білгенің бір ...(9), білмегенің ...(99)
5)Ер қаруы - ...(5) қару.
ІІ топ:
1)Жұмысқа ...(үш) жылда үйренеді, жалқаулыққа ...(үш) күнде үйренеді.
2)...(6) жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа.
3)Болар бала.....-інде (15) баспын дейді, болмас бала ...(25)- інде жаспын дейді.
4)...(бір) елі ауызға -...(екі) қақпақ.
5)Жерді ....(екі) рет жыртқан, ...(екі) есе өнім алады.
ІІІ топ:
1)Біреуге ...(5) күн алдында келсе, біреуге ...(5) күн кейін келеді.
2)...(бір) күн тұзын татқанға, ...(40) күн сәлем.
3)Оқымаған ...(бір) бала, оқыған (екі) бала.
4)Жақсы жігіт ....-інде (15) де жас емес, ...-ге (100) келсе де пәс емес.
5)...-ау (6) ала болса ауыздағы кетеді, ...-еу(4) түгел болса төбедегі жетеді.

15


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Математикадан үйірме жұмыстары

Автор: Садуақас Назым Сайділдақызы

Дата: 24.11.2017

Номер свидетельства: 440588


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства