kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«МАТЕМАТИКА АЛ?ЫРЛАРЫ»

Нажмите, чтобы узнать подробности

))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««МАТЕМАТИКА АЛ?ЫРЛАРЫ»»


«Матай орта мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемесі

















Мұғалім:Нуртулеуова А.Ж.















2015-2016 оқу жылы


«Математика алғырлары»


Мақсаты:Оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыру, жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту.

Білімді дарынды озық болуға тәрбиелеу.

Сайыс барысы: Құрметті оқушылар , ұстаздар! Бүгінгі сайысымызды Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен бастайын: “Білімді, интеллектуалды адамдарсыз, озық ғылымсыз Қазақстанның перспективасы жоқ. Қазір адамдардың бәсекелестігі, білімнің бәсекелестігі, ғылымның бәсекелестігі жүруде. Бұған дайындалу қажет.”Осы сайыста көрсеткен білімдерің күнделікті жақсы оқығандарың - өздеріңнің болашаққа алғашқы қадамдарың болып табылады.

Ғылымдардың патшасы атанғансың, Евклид, Фалес, Пифагордан бата алғансың Төзбейтін өтірікке жалғандыққа Жасықтан емессің,қаталдансың Ақыл ойды тәртіпке келтіретін Нағыз пән ғой математика атанғансың – дей келе,

«Математика алғырлары» сайысын бастауға рұқсат етіңіздер.

Командаларды ортаға шақырайық.

1 топ - _______________________

2 топ -_______________________  

Ойын-толқын, жатқандай асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.


Сайыс бар ма қазыларсыз, ағасыз,

Оның әрбір сөзіне нанарсыз.

Ел сенімін ақтай білер төрдегі,

Ұстаздардан әділдікті табарсыз, – дей отырып, төрдегі әділқазы алқасымен таныстырып өтейін:

1. 

2. 

3. 






Сайысымыздың алғашқы кезеңі – Таныстыру

Қарап тұрмай бәйгеге кеп еніңіз,

Шәкірттерге әділ шешім беріңіз,
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,
Бәйге, бәйге, бәйгені бір көріңіз,

2-кезең -«Бәйге»!

Бұл кезең бойынша сайыскерлерге 10 сұрақ қойылады. Қай топ бірінші белгі берсе, сол топ жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 20 ұпай.

Сұрақтар :

1. 9 + 9 * 9 – 9 : 9 = ? (89)

2. 80 санының 25%-і неге тең?(20)

3.Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны –он. Аулада неше тауық, неше бұзау болуы мүмкін? (2 тауық, 2 бұзау) 

4.Жанар мен Анар-апалы-сіңілі. Жанар 2 інісі бар екенін айтты. «Менің де екі інім бар,» -деді Анар. Бұл үйдің неше баласы бар? (4 бала )  5. Қарға 3 секундта 15 метр қашықтыққа ұшады. 7 секундта қанша жерге ұшады? (35)

6. 8 жарым таяқтың неше ұшы бар?(18)

7.20метр матаны 10бөлікке  2м-ден бөлу үшін неше рет кесу керек?  9            

8. Әкесі мен ұлы ағашты 12 рет кесті. Қанша бөрене шықты? (13)

9. Алма ағашында 10 алма, ал үйеңкі ағашында одан 2 алма аз өсіп тұр. Үйеңкі ағашында неше алма өсіп тұр? (Үйеңкіде алма өспейді) 

10. Алма ағашта 8 бұтақ, әр бұтақта 5 бұтақша, әр бұтақшада 5 алма бар. Алма ағашта барлығы неше алма бар? (200)

3-кезең «Бәрі бір әріптен» сайысы Командалар «П», «С» әрпінен басталатын математикалық терминдер жазады. Ең көп  термин жазған команда- 20 ұпай, келесі- 10 ұпай

Көрермендермен ойын : 1.  Бұл саған ... дейді шешесі
Үзіліс арасында ыңғайсыз жағдай
Тынымсыз оның аяқталғанын тосасың ( сабақ ) 2.Үлкендер сөзімен , өмір- ол ...
 1 сынып сонымен  басталады   
11 сынып сонымен  аяқталады (емтихан) 3.  Әр есепте бар
Оны тауып алуға немесе қарап алуға болады
Шешесі баласына: «Бұзақылық жасасаң .... бере біл. (жауап) 4. Үздіктер оны сирек жасайды
Содан сабақ алады
Ол үшін баға кемітіледі ( Қате)

4-кезең -Үйге тапсырма  




5-кезең-«Даналар дәрісі» кезеңі:


1.Математика - ғылымдар патшасы, ал арифметика - математика патшасы.

(К. Гаусс)

2.Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін -математика,сондықтанда оны оқу керек.

(М. В. Ломоносов)

3.Ең алғаш координаттар жүйесін енгізген математик  (Р. Декарт)

4.Тұнғыш қазақ геологы, Қазақ ССР ҒА-ның кеңестік шығыстан шыққан
бірінші академигі,қазақ тіліндегі тұнғыш алгебра оқулығының авторы.

( Қ.Сатпаев)

5. Аристотель еңбегін зерттеген, «Шығыс Аристотелі немесе екінші ұстаз»
атанған 870-950ж. ж. өмір сүрген ғалым. ( Әл-Фараби)

6. Қазақ халқы талантты халық .

Біз математикадан дүниежүзі ғалымдарының назарын өзімізге аударуға
тиіспіз. (О . Жәутіков )

6-кезең Тапқыр болсаң - талас жоқ

1. Жұп санды үшке бөлгенде қалдық қандай болуы мүмкін. (1 және 2) 2. Қанша тәсілмен бір қатарға қызыл, көк, жасыл, сары шарларды орналастыруға болады? (4=1*2*3*4=24) 3. Бір жылда ең көп дегенде неше жексенбі болуы мүмкін? (53) 4 .Арман черновикте есеп шығарып, оны дәптерге көшірді.Бірақ жақшаларды қалай қойғанын ұмытты. Оның есінде қалғаны мынау 6*8+20:4-2=40. Арманға жақшаларды қоюға көмектесіңіз. 6*(8+20):4-2=40) 1.  5 жыл бұрын ағасы мен қарындасы бірге 8 жаста болды. Тағы 5 жылдан кейін олар қанша жаста болады?           (18) 5.Үйдің 1-ші қабатынан 3-ші қабатына көтерілу үшін 52 баспалдақты басып өту керек. Осы үйдің 1-ші қабатынан 6-шы қабатына көтерілі үшін қанша баспалдақты басып өту керек? (52:2=26 26+26+26+52=130 ) 6.Ағасы 12 жасқа толғанда қарындасы неше жаста болады, егер ағасы қазір 8-де, ал қарындасы 3 жас кіші болса?        ( 9 ) 7. Әйел адам сыныптағы балалардың біреуіне: «Мен сенің анаңмын ,  бірақ сен маған ұлым емессің »-дейді . Ол не дегені? (қызымсың дегені)  8.Мотоцикл жүргізушісі ауылға келе жатқанда жолдан өзіне қарсы үш жеңіл машина және бір камазды кездестірді. Ауылға неше машина бара жатыр? ( Бір ғана мотоцикл)


7-кезең Жұмбақтар

1.  Күшіне сенген бір мықты
Жығып салып сегізді.                 (Шексіздік) 2.  Бірдей санды бірнеше рет,
Көбейтуден тұрады.
Егер оны ықшамдасаң,
Қандай атау болады?                    (Дәреже)


3.  Егіз туған қос жүйрік,
Жарыса шауып терлейді.
Бірін-бірі көрмейді
Дамылсыз қанша шапсада,
Бір мәреге келмейді.                      (Параллель түзулер)


4.  Айналған шешу құралына,
Төрт саны араласқан құрамына.
«Теңдеудің түбірлері нешеу?» – деген
Қандай сан жауап береді сұрағыма.           (Дискриминант)


5.  Оң сандарға қол шатырдай,
Қалпақ болған беделі
Квадраттасаң егер оны,
Жоғалтасын сен оны                                     (Квадрат түбір)




Әділқазыларға сөз беріледі.

Осымен «Математика алғырлары» атты сайысымыз аяқталды. Келесі кездескенше, сау-саламат болыңыздар!



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
«МАТЕМАТИКА АЛ?ЫРЛАРЫ»

Автор: Нуртулеуова Айгуль Жанбырбаевна

Дата: 22.01.2016

Номер свидетельства: 281075


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства