kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Математика пәнінен сыныптан тыс жұмысы

Нажмите, чтобы узнать подробности

2 сыныпқа арналған математика пәнінен сыныптан тыс жұмысы  

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Математика пәнінен сыныптан тыс жұмысы»

Күні:

Сынып: 2

Сабақтың тақырыбы: «Білімділер сайысы»

Сабақтың мақсаты: Өткен тақырыптарды пысықтау арқылы, қатысушыларға өз бетімен білім, дағдыларын тексеруге бағыт беру.

Білімділік: Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру, математикадан алған білімдерін нығайту.

Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымдарын кеңейту, тіл байлығын, сөздік қорларын молайту, логикалық ойлау қабілеттері мен шығармашылық қиялын дамыту.

Тәрбиелік: Оқушылардың мақсатқа жету барысында жауапкершіліктерін жетілдіру, күшіне деген сенімдерін арттыру, үлкен жетістіктерге жетуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жарыс сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, талдау, логикалық ойлау.

Сабақта пайдалынылатын құрал-жабдықтар: әртүрлі түстегі фигуралар, плакаттар, тақтаға арналған магниттер.

Пән аралық байланыс: әдебиеттік оқу, дүниетану.

Қолданылған әдебиеттер: Математика 2 сынып, Ә.Б. Ақпаева, Л.Б. Лебедева, Алматы кітап баспасы 2013 жыл, балдырған журналы.

Сабақ жоспары:

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Негізгі кезең: 1.Кіріспе:

Ойынның шарттарымен таныстыру

ІІІ.Қорытынды:

Марапаттау

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру.

Қайырлы күн ұлағатты ұстаздар, білімді оқушылар!

Ел болашағы - білімді ұрпақ дегендей, бүгін біз математика пәні бойынша өткен тақырыптарды пысықтау арқылы, қатысушыларға өз бетімен білім, дағдыларын тексеруге бағыт беру мақсатында «Білімділер сайысы» деген ойын сабақты өткіземіз.

І-жүргізуші:

-Уа халайық, халайық!

Бәріңе жыр салайық

Бүгінгі кеш төрінде

Математика елінде

Математика тілінде

Есеп шешіп жарысып

Шабыт тасып шалқысып

Есеппен ән салысып

Көңілді кеш жасайық.

Ат салысып аянбай

Бар өнерге басайық.

ІІ-жүргізуші:

Құрметті аяулы көрермендер,

Білімменен сусындаған жас өрендер,

Қош келдініз бүгінгі ойын-сайысымызға

Бұл күн қалсын мәңгіге есімізде.

І-жүргізуші:

Шақырамыз үш топты ортаға

Қол соғады көрермендер таңдана.

Сайыскер өнеріңді ортаға сал.

Осы кеште біліміңді сынап ал.

Білмегеніңді осы бүгін біліп ал.

ІІ-жүргізуші:

Қазылар орнықтырар әділдікті

Кімдердің жауаптары кәміл шықты?

Білім мен тапқырлықтың жарысында

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты!

(Әділқазылар алқасының мүшелерімен таныстырып өтейік)

М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің математика пәнінің оқытушысы Моллаева Гаухар Сыламжановна.

М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің математика және информатика пәнінің оқытушысы, іс- тәжірибе жетекшісі Сентаева Асия Боранбаевна;

І-жүргізуші:

Ал, қанеки сайысты біз бастайық,

Өзімізді таныстырып тастайық.

(сөз кезегін әр топқа береміз)

І-топ: Тапқырлар

ІІ-топ: Жүйріктер

ІІІ-топ: Білгірлер


II. Негізгі кезең:

1. Кіріспе:

а) Шарттармен, бөлімдермен таныстыру

Сайысымызды бастамас бұрын сабақ бағдарламасымен таныстырып өтейін. Біздің бүгінгі сайысымыз V кезеңнен тұрады:

I-кезең: «Тапқыр болсаң, тауып көр»

II-кезең: « Ойлан тап »

III-кезең: «7 жұмбақ»

IV-кезең: « Мақал– сөздің мәйегі »

V-кезең: « Топ басшылар » сайысы

I-кезең: «Тапқыр болсаң, тауып көр»

Бұл сайыста оқушылар берілген мәтінді есептерге ауызша жауап береді. Әр есептің құрылуына байланысты ұпайлар берілген сол ұпай бойынша жауап береміз.

10 ұпайдың сұрақтары:
1. Бірінші үйде 30 адам, ал екінші үйде біріншіге қарағанда 20 адам артық тұрады? Екінші үйде неше адам тұрады. (50)
2. Аулада 16 ер бала, олардан 6 – уы кем қыз бала ойнап жүр. Аулада неше қыз бала ойнап жүр? (10)

3.Алмагүл алма ағашынан 15 алма теріп алды.Олардың үшеуін бауыры Тілек жеп қойды,ал үшеуі жерге түсіп қалды.Алмагүлде барлығы қанша алма қалды? (9)
20 ұпайдың сұрақтары:
1. Марат 15 сөз жазу керек болды ол 7 сөзді жазып қойды Марат енді
неше сөз жазуы керек? (8)
2. Асханада 8 литр сүт жұмсалғаннан кейін тағы 6 литр сүт қалды.
Асханада неше литр сүт болған? (14)

3.Досжанның ауылдағы апасы мен атасында 15сиыр,2 лақ,18қой,1 жылқы бар.Оларда барлығы қанша мал бар?(36)
30 ұпайдың сұрақтары:
1. Қоймада 60 қап күріш және 30 қап жарма болды. Асханаға 20 қап жөнелтілді. Қоймада неше қап жарма қалды? (60 + 30 – 20 = 70)
2. Дүкенге 20 жәшік қияр және 30 жәшік қызанақ әкелінді. Және 40 жәшік қызылша әкелінді. Дүкенде неше жәшік көкөніс бар?
(20 + 30 + 40 = 90)

3.Анасы Маржанды дүкенге барып келуін сұрайды.Маржанға дүкеннен 10 жұмыртқа,2 сәбіз,1 орамжапырақ,3 қияр және 2 қызанақ алып келуін айтады.Маржанның анасы Маржанға қанша зат алып кел деді?(5)

II-кезең: « Ойлан тап »

Ребустарды шешу.




(Азайту)




(Отыз)



(Метр)


III-кезең: «7 жұмбақ»

1.Ағаш үстінде 30 торғай отырды. Аңшы 1 торғайды атып алды. Олардың қаншасы қалды?(1 торғай қалды, басқалары ұшып кетті)

2.Бөлмеде 2 ит, 3 құс,1 шыбын бар.Осы жануарлардың бәрінің аяқтарын қосып есептегенде қанша болады? (20)

3.Түйе, бота маң басқан,

Төрт аяғын тең басқан.

Шұнақ құлақ бес ешкі,

Екі қозылы екі қой

Бәрін бірге санап қой. (11)

4.Бір-бірімен жарысқан,

Бес аю, бір арыстан,

Екі қой мен үш түлкі

Бәрі нешеу кім білді? (11)

5.Атадан 10 боламыз,

Бір-бір жастан арамыз.

Қосылып кейде басымыз,

Азайып кейде қаламыз.

Бөлініп кейде арамыз,

Көбейтіп те аламыз. (цифрлар)

6.Көлден ұшты 6 қаз

Қайтып келді екі қаз

Қонбай кетті қанша қаз

Шешуін кім табады тез. (4 қаз)

7.Тал басында тізіліп,

10 жапалақ тұр еді.

Жел соқты да үзіліп,

Ұшып кетті екеуі

Ізінше оның жұлынып,

Түсті тағы бесеуі

Тұр әлі де ілініп,

Жапалақтың нешеуі? (3)

IV-кезең: « Мақал– сөздің мәйегі »

Тақтада түрлі түсті дөңгелектер ілулі. Ойыншылар сол түсті таңдау арқылы қай мақалды жалғастыруды шешеді.

1. Бір тал кессең, он тал ек.

2. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар.

3. Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын

4. Сегіз қырлы, бір сырлы

5. Ер кезегі үшке дейін

6. Жігітке жеті өнерде аз.

7. Тоқсан сөздің тобықтай түйіні бар.


V-кезең: « Топ басшылар » сайысы

1.Ең кіші үш таңбалы сан? (100)
2. Қосу амалын немен тексереді? (азайтумен)
3. Бір тәулікте неше сағат бар? (24)
4. 10 см де неше дм бар? (1 дм)
5. Жұлдыздың неше бұрышы бар? (5)
6. Аспанда неше күн бар? (1)
7. Адам қолында неше саусақ бар? (10)
8. 2 ондық 8 бірлік? (28)
9. 6 ондық пен 3 ондықтың айырмасы? (30)
10. Кітаптың формасы қандай математикалық фигураға жатады? (тік төртбұрыш)

1. Ең үлкен екі таңбалы сан? (99)
2. Азайту амалын немен тексереді? (қосумен)
3. 1 сағатта неше минут бар? (60)
4. 1 м – де неше см бар? (100)
5. Шаршының неше бұрышы бар? (4)
6. Адамда қанша көз бар? (2)
7. Аспанда неше ай бар? (1)
8. 9 ондық 5 бірлік? (95)
9. 4 ондық пен 3 ондықтың қосындысы (70)
10. Қосылғыштың орнын ауыстырғанымен қосындының .......... (мәні өзгермейді)



1.Ең кіші төрт таңбалы сан?(1000)

2.Көбейту амалын немен тексереді?(бөлумен)

3.Бір тәуліктің жартысы қанша сағат?(12)

4.5дм5см қанша см? (55 см)

5.Тік төртбұрыштың неше бұрышы бар?(4)

6.Аспанда қанша жұлдыз бар?(шексіз)

7.Күн жүйесіндегі планеталар нешеу?(9)

8.7ондық 6бірлік?(76)

9.9 ондық пен 4бірліктің қосындысы?(94)

10.Қосу мен азайту бір-біріне қандай амалдар?(кері)



Жанкүйерлерге логикалық есептер беру (ауызша)
1. Кемпірқосақта неше түс бар? (7)
2. Үш қойдың аяғы қанша? (12)
3. Жұмылған көзбен не көруге болады? (түс)
4. 2 ғасырда неше жыл бар? (200)
5. Қай кезде қолды суға кесіп алуға болады? (мұз болғанда)










6. 2 ғасырда неше жыл бар? (200)
7. Асқар Алтынайдың ағасы. Алтынай Арманның шешесі. Асқар Арманға кім болады. (нағашысы)

ІІІ.Қорытынды:

Жүргізуші:

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың

Қиындыққа өткізер, - деп бүгінгі «Білімділер сайысы» ойынын қорытындылаймыз.

(Сайыс нәтижелерін әділқазылар хабарлайды)

Жеңімпаз болған топты марапаттау.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Математика пәнінен сыныптан тыс жұмысы

Автор: Канатова Молдир Канатовна

Дата: 26.12.2016

Номер свидетельства: 373667

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(93) "Математика пәнінен сыныптан тыс жұмыс "Ой мен ойын""
    ["seo_title"] => string(50) "matematika_p_ninen_synyptan_tys_zhumys_oi_men_oiyn"
    ["file_id"] => string(6) "521144"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1569604523"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "Сыныптан тыс жұмыс "Жұлдызды сәт""
    ["seo_title"] => string(35) "synyptan_tys_zhu_mys_zhu_ldyzdy_s_t"
    ["file_id"] => string(6) "449372"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1515689682"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(99) "Математика мен физика п?ндерінен  сыныптан тыс іс-шара"
    ["seo_title"] => string(50) "matiematikamienfizikapndieriniensynyptantysisshara"
    ["file_id"] => string(6) "307453"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1458329425"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "Сыныптан тыс сабақ: Физика әлеміне саяхат"
    ["seo_title"] => string(43) "synyptan_tys_sabak_fizika_lieminie_saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "356599"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1478602805"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "Атамекен (сыныптан тыс ж?мыс)"
    ["seo_title"] => string(31) "atamiekien-synyptan-tys-zhu-mys"
    ["file_id"] => string(6) "299277"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1456491155"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства