kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Математика апталығында өткізілген сыныптан тыс іс-шара «Математика - ғылымдар патшасы» атты сайыс

Нажмите, чтобы узнать подробности

математикалық сыныптан тыс шара оқушылардың ойлау қабілетін дамытады

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Математика апталығында өткізілген сыныптан тыс іс-шара «Математика - ғылымдар патшасы» атты сайыс»


21-26.11.2016

Математика апталығында өткізілген сыныптан тыс іс-шара

«Математика - ғылымдар патшасы» атты сайыс


Пәні:

Математика

Сыныбы:

5

Іс - шараның тақырыбы:

Математика - ғылымдар патшасы

Құзыреттілікке жеткізетін іс - шараның мақсат-міндеттері:

А) ақпараттық құзыреттілік

Ә) коммуникативтік құзыреттілік

Б) проблеманы шешу құзыреттілігі





Оқушылардың білімдерін тексере отырып, іс-шара арқылы математика пәнін тереңірек оқыту.

Өзара топ ішінде білімдерін сынау.


Математика сабағында алған білімін өмірде пайдалана білу.

Тез ойлауға, шапшаң есептеуге баулу, ой -өрісін кеңейту. 


Сабақтың типі:

Сыныптан тыс іс –шара

Сабақтың әдісі:

Сұрақ – жауап, көрнекілік, иллюстрациялық әдіс

Оқыту құралдары:

Интерактивті тақта


Ұйымдастырушы: Урынбаева Ляззат Ибрагимовна математика мұғалімі

Жүргізушілер: Урынбаева Ляззат Ибрагимовна


Зал тақырыпқа сай безендірілген.


1-жүргізуші: Армысың, аманбысың халқым менің

Бірінші амандасу салты елдің

Салтанатты сарайға қош келдіңдер

Патша мен патшайымы біз боламыз осы жердің дегендей

Қошеметпен патша мен патшайымды ортаға шақырамыз!!!

(бүгінгі сайысымыздың төрешілері: патша - ____________және патшайым –____________)


2-жүргізуші: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!

                   Қызықтан құр қалмаңыздар.

Сарайында  патшаның болады екен,

Ең ақылдылар сайысы

                  

1- жүргізуші: О, Жарандар, қараңдар

Естімеген естіңіздер,

Көрмегендер көріңіздер

Қызықтаңдар, сайраңдаңдар,

Патшаның жарлығына құлақ түріңіздер!


2-жүргізуші: Құрметті ханымдар мен мырзалар! Патша ел билеуге көмек көрсететін, халық арасынан ақылды, тапқыр, ойы терең кеңесші жас ғалымдарды іздестіруде. Сондықтан, мәртебелі  патшамыздың сарайында «Математика - ғылымдар патшасы» атты сайыс болмақ. Бұл жарысқа жан жақтан келген данышпан, ғұлама, ғалым иелері келіп отыр. Осы жарыстан озып, жүйрік атанған ғалымдарға, мәртебелі патша сансыз сый құрмет жасамақ.


1-жүргізуші:Математика сырлары,

Қызықтырды біздерді.

Сайысқа қатысуға,

Шақырамыз сіздерді, - дей отырып сайыскерлеріміздің ортаға шақырамыз.

Бүгінгі сайысымыз топтық сайыс түрінде өтеді. Ортаға топ болып құрылған

5 А сыныбы «Архимед ізбасарлары»

5 Б сыныбы «Пифагор ізбасарлары»

5 В сыныбы «Әл-Фараби ізбасарлары»

5 Г сыныбы «Аристотель ізбасарларын» қошеметпен ортаға шақырамыз.


2-жүргізуші. Бүгінгі кештің жоспарымен таныс болайық.

I. Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі

II. Тапқырлар сайысы (логикалық есептер)

III. Білімділер сайысы (есептер шығару)

IV. Ойымды жалғастыр (мақал-мәтелдер)

V. «Қас қағым сәт» сайысы (патша сұрағы)


1-жүргізуші: I. Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі (топтың аты, топтың ұраны, ұлы ойшылдың өмірі мен шығармашылығын қысқаша айтып кету). Топтың таныстыруы 10 ұпаймен бағаланады.Онда топтардың таныстыруын тамашалайық.

5 А сыныбы «Архимед ізбасарлары»

Ізбасарлар алға,

Биіктерге самға

Біліміміз барда,

Жүреміз тек алда

5 Б сыныбы «Пифагор ізбасарлары»

Қандай сынақ болсадағы беріспе, 

Әрқашан да үміткерміз жеңіске. 

5 В сыныбы «Әл-Фараби ізбасарлары»

Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым, 

Көрсетеміз бізде қандай күш барын. 

5 Г сыныбы «Аристотель ізбасарлары»

Қияларға самғап ұшқан құстаймыз, 

Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз. 


2-жүргізуші: Сарайға кіру үшін біздің екі сұрағымызға жауап беріңіздер.

  1. Математиканы жақсы көресіңдер ме?

  2. Математиканың ғылым болып қалыптасуына қандай ғалымдар үлес қосты? (3 ғалымды атаңдар)


1-жүргізуші:

Көңілді тапқыштар, білгіштер 

Бар өнерін алдарына салады. 

Кім білімді, көп оқыған болса егер 

Бүгінгі күннің жеңімпазы болады, дей отырып екінші кезеңіміз «Тапқырлар сайысы».

Бұл кезеңде сыйқырлы ұяшықтарда логикалық есептер оңайдан қиынға қарай берілген. Қандай ұяшық таңдалса, сондай ұпайға ие болады. Қарсылас топтар жауап бере алмайды. Әр сұраққа ойлануға 15 сек бар. Әділ-қазылар алқасы бағалауды әрі қарай жалғастырады.

10 ұпай.

Алдында 1, артында 2, артында 1, алдында 2, біреуі екеуінің арасында және үшеуі бір қатарда қаз ұшып келе жатты. Барлығы неше қаз бар?

Жауабы: 3

10 ұпай.

Үстел үстінде 5 майшам жанып  тұр еді.Нұржан оның 4-еуін өшіріп тастады. Үстел үстінде неше майшам қалды?

Жауабы: 5 майшам

20 ұпай.

1,2,3,......., 99 сандарында 5 цифры неше рет кездеседі?

Жауабы: 11. Себебі, 5;15;25;...55;...95

20 ұпай.

Жәнібек достарына 9 балмұздақ сатып алды. Жәнібек 316 теңге төледі ме, әлде 315 теңге төледі ме?

Жауабы: 315 теңге себебі, сандардың қосындысы 9 бөлінсе, сол санда 9 бөлінеді.

30 ұпай.

Фатима, Айша, Айжан үшеуі бірге 7  жаңғақ жинады. Фатима Айшадан көп жинады, бірақ Айжаннан аз жинады. Кім қанша жаңғақ жинады?

Жауабы: Айжан 4 жаңғақ, Фатима 2, ал Айша 1 жаңғақ жинады.

30 ұпай.

Бақберген  мен  Жансұлтан асық ойнады. Бақберген 2 асықтан, ал Жансұлтан 1 асықтан ұтып отырған. Олар барлығы 12 асық  ұтса, әрқайсысы неше асық ұтты?

Жауабы: Бақберген 8 асық, Жансұлтан 4 асық ұтты.

40 ұпай.

2 апта 5 тәулікте неше тәулік бар?

Жауабы: 19 тәулік. Себебі: 1 аптада 6 тәулік, 2 аптада 12 тәулік+5 тәулік=19 тәулік

40 ұпай.

Берілген сандар қатары белгілі бір заңдылықпен жазылған. Сұрақ белгісі орында қандай сан болу керек?

2 , 3 , 5 , 8 , 12 , 17 , ?

Жауабы: 23. Себебі, 2+1=3+2=5+3=8+4=12+5=17+6=23.


2-жүргізуші: Осымен екінші кезеңіміз аяқталды. Әділ қазылар алқасына сөз берейік.

1-жүргізуші:

Өмірде ойлап тұрсаң бәрі де есеп

Ауырсаң ішетұғын дәрі де есеп

Есепсіз сүрген өмір мазмұнсыз - ау

Дүниенің бар тұлғасы есеп десек, келесі кезеңіміз «Білімділер сайыс».

Алдарыңызда конверт жатыр. Әр топ кез келген конверттің біреуін таңдайды. Конверттерде есептер жасырылған, сол есепті шығару керек. Ойлануға 1 мин уақыт беріледі. Есепті дұрыс шығармаған жағдайда, қарсылас топтардың жауаптары тыңдалады. Әр дұрыс есеп 30 ұпаймен бағаланады.

Тағы айта кетер жайт, бұл конверттің біреуі бос. Бос конверт түскен топқа өз өнерлерін көрсетуі тиіс, сонда ғана ұпайға ие бола аласыңдар.


1 есеп. Сыныпта бірнеше ер бала және 16 қыз бала бар. Дене шынықтыру сабағында олар әр қатарда 9 дан 3 қатарға сапқа тұрғызылды. Сыныпта қанша ер бала бар?

Шешуі:

Х+16=9*3

Х+16=27

Х=27-16

Х=11

Жауабы:11 ұл бала бар.


2 есеп. 1*2*3*4*5=100  өрнегінде жұлдызшалардың орнына амал таңбалары мен жақшаны дұрыс орналастыр.

Жауабы: 1 • (2 + 3) • 4 • 5 = 100.


3 есеп.Сюрприз!!!


4 есеп.Дананың ойлаған санынан ең үлкен бір таңбалы санды азайтып, нәтижеге ең кіші екі таңбалы санды қосқанда 100 шықты. Дана қандай сан ойлады?

(Х-9)+10=100

Х-9=100-10

Х-9=90

Х=90+9

Х=99


5 есеп. Әріптерді цифрмен алмастыр:

А

+ АБ

АБВ

БВБ

Жауабы: 6+67+674=747

6 есеп.Жұлдызшаның орнына тиісті санды қойыңдар:

Жауабы: 6750-3894=2856


7 есеп.Берілген сандар қатары белгілі бір заңдылықпен жазылған.Сұрақ белгісі орында қандай сан болу керек?

15 , 12 , 13 , 10 , 11 , 8 , ?

Жауабы: 9. Себебі, 15-3=12+1=13-3=10+1=11-3=8+1=9. Заңдылығы 3-ті азайтып, 1 қосқанда.


8 есеп.Берілген сандар қатары белгілі бір заңдылықпен жазылған.Сұрақ белгісі орында қандай сан болу керек?



Жауабы: 108. 50+4=54*2=108


2-жүргізуші: Осымен үшінші кезеңіміз аяқталды. Әділ қазылар алқасына сөз берейік.


1-жүргізуші: IV.Ойымды жалғастыр... (мақал-мәтел сайысы). Кез келген ұяшықтың біреуі таңдалады. Сендер сол мақал-мәтелдің жалғасың табурарың керек. Әр дұрыс жауап 10 ұпайдан бағаланады. Қарсылас топтың жауаптары қабылданбайды.Ойлануға 5 сек уақыттарын бар.


1.ЖЕТІ ЖҰРТТЫҢ ТІЛІН БІЛ-... жеті түрлі ілім біл

2.ОТЫЗ ТІСТЕН ШЫҚҚАН СӨЗ-.... отыз рулы елге тарайды

3.ЕКІ ЖАҚСЫ ҚАС БОЛМАС-.... екі жаман дос болмас 

4.ЖҮЗ СОМЫҢ БОЛҒАНША-.... жүз досын болсың

5.ДОСЫҢДЫ ҮШ КҮН СЫНАМА-.... үш жыл сына

6.БІР КІСІ ҚАЗҒАН ҚҰДЫҚТАН- .... мың кісі су ішеді

7.БІЛЕКТІ БІРДІ ЖЫҒАР-.... білімді мыңды жығады

8.БІЛГЕНІҢ БІР ТОҒЫЗ-.... білмегенің тоқсан тоғыз


2-жүргізуші: Мақал-мәтел сайысы өз мәресіне жетті. Әділ қазылар алқасына сөз берейік.


1-жүргізуші: V. «Қас қағым сәт» сайысы. Барлық топқа жалғыз бір сұрақ, ол патша сұрағы. Патша сұрағы оқылады, есептеуге 3 мин беріледі. Жауаптарыңды алдарында тұрған ақ параққа жазып, патша мен патшайымға апарып тапсырасыңдар. Дұрыс шығарылған есеп 50 ұпаймен бағаланады.


Баласы әкесіне – әке, маған жұмбақ үйретші дейді. Сонда әкесі: - «Сенің жасыңды үш есе көбейтсе, менің жасым шығады. Ал менің жасымнан сенің жасынды алып тастаса 20 қалады. Мен нешедемін? Өзің нешедесің?

Жауабы: әкесі 30 жаста; баласы 10 жаста


Жанкүйерлерге сұрақтар:

1. Бес ін, бес іннің ауызы бір ін. (қолғап – перчатка, варешки - glove).

2. Қабат-қабат қаптама, ақылың болса аттама. (кітап – книга - book).

3. Егер Т-дан бастасаң санмын, Т-ны алып тастасаң жаумын. (өрт – огонь, пожар - fire).

4. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да, ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш – линейка – line, ruler).

5. Жүз мүйізі бар, үстінде киізі бар. (киіз үй – юрта –yurt).

6. Жерден көтеруге онай, бірақ алысқа лақтыру қиын. (Мамық )

7. Айқасқан екі таяқ,

Тұрады жоқты сұрап ( Икс)


1-жүргізуші:

Достық пен бірлікті етіп тұлға, 

Жеңіске жеткен едік талай сында. 

Қара қылды қақ жарып, әділ сына 

Еңбегін жас математиктердің әділ сына, - дей отырып, ендігі сөз әділ-қазы алқасына беріледі. 

2-жүргізуші:

Бүгінгі сайыс талай шабыт шыңдады, 

Бұның қызығын талай адам тыңдады. 

Тәрбиелі тәлімі мол, әсерлі 

Болса егер көңіл жақын таңдады. 

Көңіл бөліп бұл сайысқа, 

Келгендерге көп рахмет. 

Шын сезінген көрермен баршаңызға 

Мың алғыс, мың рахмет!!!












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Урынбаева Ляззат Ибаргимовна

Дата: 27.02.2017

Номер свидетельства: 396176


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства