Күні: 28.11.2015 | №57 сабақ | Сыныбы: 4 | Пәні: математика |
Сабақтың тақырыбы: | Есепті теңдеу құру арқылы шығару |
Сілтеме | Күнтізбелік жоспар, алгебра оқулығы Т.Қ.Оспанов, электронды оқулық |
Жалпы мақсаты: | Оқушыларға теңдеу және оның түбірі туралы түсінік бере отырып, теңдеудің түбірін таба білуді үйрету. Мәтінді есептерді теңдеу құру арқылы шығару дағдыларын қалыптастыру. |
Түйінді идея: | Теңдеуді шешу жолдары жайлы түсінік беру |
Оқыту нәтижесі: | Оқушылар бойында теңдеу және оның түбірі туралы түсінік қалыптасады; Мәтінді есептерге теңдеу құра білуге дағдыланады; Теңдеудің түбірін таба білуді үйренеді; Тақырыпқа сәйкес теориялық мағлұматтарды меңгеруде білік-дағдылары қалыптасады; Оқушылар есепті өз бетінше шығаруға дағдыланады |
Ақпарат көздері: | Оқулықтар, электронды оқулық, АКТ, үлестірме қағаздар |
Іс-әрекет түрлері: | 1. «Сәлемдесу» жаттығуы. 2. Топқа бөлу | 3. «Кестені толтыр» тапсырмасы. 4. «Кім жылдам?» тапсырмасы. 5. Жаңа сабақ таныстырылымы | 6. Жұптық жұмыс 7. Оқулық бойынша топтық жұмыс (есептер шешу) | 8. Синквейн құрастыру 9. Топты бағалау 10. Рефлексия |
Мұғалімнің сабақ туралы жазбалары тапсырма 45 минутқа арналған |
Сабақ кезеңдері | Оқытуда қолданылатын модульдер | Мұғалім іс-әрекеті | Уақыт | Оқушы іс-әрекеті |
1. Білу | Жас ерекшеліктеріне сай оқыту Жас ерекшеліктеріне сай оқыту; оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер Сыни тұрғыдан ойлау; АКТ | Оқушылармен сәлемдесу: Ал, кәнекей, балалар, Бері қарай қарайық. Қажет құрал, кітапты, Алдымызға алайық. Алаңдамай басқаға, Сабаққа назар салайық. Дұрыс есеп шешімін, Мұқиятпен табайық. Топқа бөлу Шеңбер бойымен тұрған оқушыларға таратпаларды таратып шығады да, топқа бөлініңдер деп оқушыларға жарлық береді. Шағын топтарға оқушылардың қалай топтасатынын бақылайды, көмек керек болған жағдайда бағыт-бағдар береді. «Кестені толтыр» тапсырмасы. Мысалдарды бағандарға орналастырыңдар (74+32):2; (х+18) – 3; (316 – 18) – 116; (х + 25) – 13=49 (m+ 42):n; 275- у=14 m:3+n:3; (742+856)+ (134+144); (789 +d) – 789; 38+ х = 80; Санды өрнек | Әріпті өрнек | Теңдеу | | | | | 2 2 6 | Оқушылар мұғалімнің сөзін мұқият тыңдай отырып, сабаққа деген жақсы көңіл-күйлері қалыптасады. Оқушылар таратпадағы өрнектер бойынша топтасады. Мысалы: 1-топ: әріпті өрнектер; 2-топ: санды өрнектер; 3-топ: теңдеулер; 4-топ: теңсіздіктер. Оқушылар жылдам ойлана отырып, өрнектерді бағандарға орналастырып шығады. |
2.Түсіну | Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер (диалог);АКТ | «Кім жылдам?» тапсырмасы. Теңдеуді шешпестен, қай сан теңдеудің түбірі болатынын табыңдар. 3 + (12 – х) = 10 4; 0; 5; 12
Сергіту сәті Күннің шыққаны жақсы ма? (күнді бейнелейді) Жақсы! (алақандарын соғады) Желдің соққаны жақсы ма? (желді бейнелейді) Жақсы! (алақандарын соғады) Достарыңмен жүрген жақсы ма? (адымдайды) Анаңды құшақтаған жақсы ма? (өздерін құшақтайды) Жақсы! (алақандарын соғады) Туған өлкеде жақсы ма? (құшақтарын жаяды) Жақсы! (алақандарын соғады) Биде айналған жақсы ма? (айналады) Жақсы! (алақандарын соғады) Қазақстандық болған жақсы ма? (бас бармақтарын көрсетеді) Жақсы! (алақандарын соғады) | 3 2 | Оқушылар сыни тұрғыдан ойлана отырып, теңдеудің түбірін ауызша табады. Оқушылар мұғаліммен бірлесе отырып, сергіту жаттығуын орындайды |
3.Қолдану | Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер (диалог) | Жұптық жұмыс. Жұптарға тақтадан теңдеулер шешуге тапсырма береді. Есептерді жұпта талқылауды ұсынады. 53 – (х – 15) = 30; x=38 (42 – у) + 28 = 58; x=12 (21 + х) – 221 = 10; x=210 Топтық жұмыс. Топтарға оқулық бойынша тапсырма береді. Есептерді жұпта талқылауды ұсынады. Топтар шығарған есептердің дұрыс бұрыстығын тексеріп, саралайды, бағыт береді. | 3 12 | Алдымен жұпта талқылайды да бірлесе отырып, теңдеуді шешеді. Тақырып бойынша оқулықтан топтық тапсырма алады. Алдымен жұпта талқылайды да бірлесе отырып, есептерді шешеді. 1- топ: №1(1), №2(3), №4(1), №5(а) 2- топ: №1(2), №2(4), №4(2), №5(ә) 3-топ: №1(3), №2(2), №4(3), №6 4-топ: №1(4), №2(1), №4(4), №7 Тақтаға жаза отырып, басқа топтарды жұмыстарымен таныстырады, есептің шығарылу жолын түсіндіре отырып, дәлелдейді. |
4.Талдау 5.Жинақтау | Сыни тұрғыдан ойлау | Синквейн құрастыру Тақырып бойынша алған білімдерін жинақтау үшін топта «Теңдеу» тақырыбында синквейн құрастыруды тапсырады. Оқушылар құрастырған синквейндерді тыңдайды, кемшіліктері болса түзету жолдарын көрсетеді, бағалайды. | 11 | Оқушылар топтаса отырып, синквейн құрастырады. Өзара бір-бірінің синквейндерін тыңдайды, саралайды. Топтар синквейндерін қорғап болғаннан кейін бір-бірін «Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясы көмегімен бағалайды. |
6.Бағалау | Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау Сыни тұрғыдан ойлау | «Жеделхат» тәсілі Оқушыларға бір-біріне жеделхат жолдауды ұсынады. «Жеделхат» тәсілі туралы мағлұмат береді. Жеделхатта бүгінгі сабақ бойынша не үйренді, не білді соны қысқаша бір сөйлеммен сипаттап жазуды тапсырады. Рефлексия Рефлексия парақшаларын таратып береді. Оқушыларға өз-өздерінің бүгінгі сабақтағы қызметтерін бағалауды ұсынады. | 2 2 | Оқушылар жеделхатқа бүгінгі сабақтан не білді, не үйренді, не қиындық туғызды сол туралы 1-2 сөйлем жазады. Жеделхаттарын басқа топтағы сыныптастарына жолдайды. Жеделхатты жолдаушы деп өз есімдерін мәтін соңында көрсетеді. Оқушылар сыныптастарынан келген жеделхаттарды оқиды, мазмұны бойынша пікір білдіреді. Оқушылар өз-өздерін бағалайды. Әр топтан бірнеше оқушы оқып, өз бағалауларымен бөліседі. |
Пайдаланылған құралдар: | Тапсырма жазатын қағаздар,түрлі-түсті қарындаш, маркерлер, бағалау парақшалары, стикерлер |
Нақты үйге тапсырма: | №8, №9, 109-беттегі шығармашылық тапсырма |