Сабақ бойынша мұғалім жазбалары: оқушылар мен мұғалімдер сабақ барысында немен айналысады? Мұғалім топқа тапсырма береді, орныдалуын қадағалайды. Оқушылар оқулықпен жұмыс жасайды, бірлесе отырып кесте толтырады. Оқушылар топқа бөлініп отырғызылады. Ойындар арқылы оқушылар бір –бірін жақын тани түседі. Әр топқа жеке тапсырма беріліп, оқушылар топта жұмыс жасайды.Сабақ соңында стикерлерге ойларын қорытындылап жазып, тақтаға іледі. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңберінде тұрып сәлемдесу,топқа бөліну. Психологиялық ахуал: Арайлап таң атты Алтын сәуле таратты. Жарқырайды қаламыз, Қайырлы күн, достарым! Қайырлы күн, ұстазым! Қайырлы күн, қонақтар! -Бүгінгі сабақ ерекше болмақ.Өйткені бүгін бізге көптеген қонақтар келіп отыр. Бұл сабақ сендердің көп ойлауларыңызды, көп жұмыс істеулеріңізді қажет етеді, сондықтан барлықтарыңызды сабаққа белсене қатысып отыруға шақырамын. Сыртқы және ішкі шеңберге тұру, ішкі шеңбердің есептерін сырттағылар шапалақ бойынша айнала отырып шығару. Өрнектердің мәні бойынша топқа бөліну. 1,2,3,4. Топ спикерлерін сайлау, бағалау парақшаларын тарату. Спикердің бағалау парағы
Математикалық диктант ағылшын тілінде. (8 мин) Фаив энд сикс, фри энд фо, севн энд фаив, найн энд фо, эйт майнес файв, зироу энд тен, тен майнес ту, илевэн майнес ту, сөйтин майнес фри, фотин майнес найн. 5+6,3+4,7+5,9+4,8-5,0+10,10-2,11-2,13-3,14-9. Өткен сабақтарда алған білімдеріңді пысықтау үшін «Мен саған, сен маған» ойынын ойнаймыз. Бір-бірімізді тыңдап,тыныштық сақтап,еркін сөйлеуге тырысайық.Топтардың бір-біріне сұрақ қоюы.( 10 мен 3 санының қосындысы,15 пен 9 санының айырмасы, 20 азайту 12, ...........) Дәптермен жұмыс. Даңқ папкасы.Күнді жазу. Оқулықпен жұмыс. 90 бет №3 мысалдарды шығару 64+5 64+2 33+3 5см+1дм4см 42+5 47-6 78-5 9дм7см-5см 25-2 78-2 81+8 85см-3см 6. Сергіту сәті 7. Топтық тапсырма. Сөзді есептер 4 топқа таратылады (Дискрипторлары беріледі) Бағалау критерийлері. Есеп шығаруда: 1.Есептің шартының дұрыс жазылуы - 3ұ. 2. Есептің сұрағының болуы - 2ұ. 3. Шешуінде амалдардың орындалу тәртібінің сақталуы-2ұ. 4. Жауабының дұрыс жазылуы-3ұ. 1топ. Тігіншіде 25 шарғы ақ жіп және 4 шарғы қара жіп болды. Ол 3 шарғы жіпті жұмсады. Тігіншіде неше шарғы жіп қалды? 2 топ. Тігін шеберханасында 25 көйлек және 4 костюм тігілді. Оның 8-і сатылды. Сатылатын неше киім қалды? 3 топ. Асханаға 20кг ақ нан және 30кг қара нан әкелінді. 30кг-ы жұмсалды. Асханада неше килограмм нан қалды? 4 топ. Болатта 50 теңге ақшасы болды. Әжесі оған тағы 40 теңге берді. Ол 30 теңгесіне тоқаш сатып алды. Болатта неше теңге қалды? 8. «Менің визиттің карточкам» 2,4,3,10,25,................. 9. Логикалық есептер,яғни математикалық жұмбақтар шешу 10. Спикерлердің бағалауы 11. Сабақты қорыту 12. Үй тапсырмасы. 90 бет №6 |