Оқушылардың логикалық есептер шешуде, мақал-мәтелдер, сұрақтар, тест тапсырмаларына
жауап беру арқылы, ой – өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шыңдау.
Сабақтың түрі: топтық сайыс сабағы
Сабақтың типі: қайталау сабағы
Сабақтың эпиграфы: Математика дәлдікке, тәртіпке үйретеді, логикалық ойды, ақылды кеңейтеді.
Таныстыру.
“Кім тапқыр?”
Санға қатысты мақал –мәтелдер.
«Адасқан» әріптерді орнына қою.
“Жұмбақтас”.
“45 құрт” есебі.
Есепке кім жүйрік? (логикалық есептер)
Қорытынды.
Оқушылар өздері жақсы көретін түстерді (қызыл, жасыл, көк) фишкаларды таңдау арқылы топ құрайды, ал ақ фишканы таңдаған оқушылар әр топтың ұпай сандарын есептеп отыратын бағалаушылар. Олар алдарындағы бағалау бетшесі бойынша өз тобындағы балаларды кезеңдерге сәйкес бағалайды. Әр кезеңде бағаның неліктен солай қойылғандығы жөнінде анықтама бере отырып, бағалау критерийлеріне сәйкес дәлелдейді.
I тур. Таныстыру
ІІ тур. «Кім тапқыр?»
«Математика» оқулығының авторы кім? Жауабы: / Т. Е. Әбілқасымова, Т. П. Кучер, З. Ә. Жұмағұлова /
2. Ұшақ Алматыдан Семейге дейін 1 сағат 40 минут ұшады, ал кері қайтқанда 100 минут ұшады. Айырмашылығы бар ма? Жауабы: / Айырмашылығы жоқ, себебі 1 сағат 40 минутта 100 минут бар /
3. Екі адам тоғызқұмалақ ойынын екі сағат ойнады. Әрқайсысы неше сағат ойнады? Жауабы: /Әрқайсысы 2 сағат ойнады. /
4. Түйе құс екі аяғымен тұрғанда 15 килограмм тартса, бір аяғымен тұрғанда қанша килограмм тартады?
Жауабы: /Түйеқұс бір аяғымен тұрғанда да 15 килограмм тартады./