Математика п?нінде а?паратты? ж?не коммуникациялы? технологияларды ?олдануды? тиімділігі
Математика п?нінде а?паратты? ж?не коммуникациялы? технологияларды ?олдануды? тиімділігі
«?азіргі білім беру саласында?ы о?ытуды? озы? технологияларын ме?геру м??алімні? интеллектуалды?,к?сіптік,адамгершілік, рухани,азаматты? ж?не де бас?а к?птеген адами келбетіні? ?алыптасуына игі ?серін тигізеді,?зін-?зі дамытып, о?у-т?рбие процесін тиімді ?йымдастыруына к?мектеседі», деп к?рсетеді С.В.Селевко.
Ал осындай о?ытуды? озы? технологияларын ме?герген ?р м??алімні? негізгі ма?саты-білім сапасын арттыру. Ол ?шін саба?та о?ытуды? а?паратты?,коммуникациялы? технологияларын ?олдана білу ?ажет.
О?ушыны? белсенділігін арттыру ма?сатында, ?р о?ушыны? ?з бетінше ж?мыс жасау м?мкіндігін ескере отырып: «Математика саба?тарында ?з бетімен ?рекет ете алатын ізденгіш жеке т?л?а ?алыптастыру» та?ырыбында ж?мыс ж?ргіземін.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Математика пәнінде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолданудың тиімділігі
«Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық,кәсіптік,адамгершілік, рухани,азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді,өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі», деп көрсетеді С.В.Селевко.
Ал осындай оқытудың озық технологияларын меңгерген әр мұғалімнің негізгі мақсаты-білім сапасын арттыру. Ол үшін сабақта оқытудың ақпараттық,коммуникациялық технологияларын қолдана білу қажет.
Оқушының белсенділігін арттыру мақсатында, әр оқушының өз бетінше жұмыс жасау мүмкіндігін ескере отырып: «Математика сабақтарында өз бетімен әрекет ете алатын ізденгіш жеке тұлға қалыптастыру» тақырыбында жұмыс жүргіземін.
Педагогикалық жұмысымның мақсаты:
1.Оқушылардың білім негіздерін терең меңгеріп,өзіндік ойын қорытындылай білуге дағдыландыру;
2.Оқушыларды меңгерген білімдерін жүйелей білуге үйрету, ізденушілік қасиеттерін жетілдіру;
3.Оқушылардың қабылдаған білімдерінің деңгейін анықтап,обьективті бағалау.
Жұмыстың нәтижелі, әр сабақтың қызықты өтуіне ақпараттық технологиялардың бірі-интерактивті тақтаны пайдаланудың маңызы зор:
сабақ уақыты үнемделеді;
геометрия сабақтарында есеп шығарғанда дайын сызбалар қолданылады;
тест, өзіндік жұмыстарды орындап, алдын-ала сақталған шешімдерін салыс
тыруға болады;
сабақта болмаған некесе түсінбеген оқушылардың тақырыптарды меңгеріп,тапсырмаларын орындауға көп көмегі тиеді.
6-сынып есебі:
6-сыныпта «Жазықтықтағы тік бұрышты координаталар жүйесі» тақырыбын бекіту мақсатында берілген нүктелер көмегімен фигуралар салуға мысал:
Төмендегі сызбаларға қарап оқушылар әр нүктенің координатасын табады.
Қол шатыр Көзілдірік Шахмат королі Бақа
8-сыныптарға:
Төртбұрыштар тақырыбын қайталау кезінде қолданылатын көрнекілік:
Т Ө Р Т Б Ұ Р Ы Ш Т А Р
Оқушылар төртбұрыштар түрлеріне анықтама беріп, олардың айырмашылықтарын және ұқсастықтарын айтады және әр түрлі есептер шығарып, тарауды қорытындылайды.
9-сынып үшін:
Сәйкестікті тап (тригонометриялық функциялардың әр ширектегі таңбаларын есте сақтау мақсатында):
sin α 0 cos α 0
І ширек
sin α 0
ІІ ширек
sin α 0 tg α 0
ІІІ ширек
ctg α 0 sin α
ІV ширек
cos α
10-сыныпқа арналған:
1.Әр тақырыпқа қысқаша шолу:
1. Еске түсірелік. Егер жазықтықты қиятын түзу жазықтықтағы кез келген түзуге перпендикуляр болса, ол түзу жазықтыққа перпендикуляр болады.
2. Егер екі жазықтық қиылысқанда олардың арасындағы бұрыштары 90º-қа тең болса, екі жазықтық өзара перпендикуляр болады.2.Дайын сызбалар көмегімен әр түрлі тапсырмалар орындау:
Түзу мен жазықтықтың перпендикулярлығы.
1. Берілгені:
2. Берілгені:
. О нүктесі
сырттай сызылған
шеңбер центрі.
Үш перпендикуляр туралы теорема
1. Берілгені:
2. Берілгені:
N нүктесінен
AD және DC
түзулеріне
дейінгі
қашықтықты
табыңыз.
Жазықтықтырдың перпендикулярлығы.
1. Берілгені:
2. Берілгені:
Сергіту сәттері үшін әр түрлі тапсырмалар:
Суретте 4 санының екі айнадағы бейнесі көрсетілген. Егер 5 санының тура сондай екі айнадағы бейнесі көрсетілсе сұрақ белгісінің орнында не болады?
Қорытынды
Интерактивтік тақтаны әр сабақта қолдану:
оқушының ой-өрісін кеңітеді;
өз бетінше жұмыс жасау мүмкіндігі, жауапкершілігі артады;
ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелейді.
Әдебиеттер
1. «Математика және физика» ғылыми әдістемелік журнал №1, 6 2008 жыл;
2. «Математика Қазақстан мектебінде» №1, 2 2006 жыл
3. «Математика және логика» №1, 2010 жыл
4. «Репетитор» мектеп оқушыларына арналған математика және жаратылыстану журналы.