Ұлы ақын Абай Құнанбаев « Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан» деп болашақ ұрпаққа өсиет айтып кеткен. Сондықтан да бүгін біз сабағымызда « Математикалық білім үйін» құрастырамыз. Ол үшін біз берілген тапсырмаларды дұрыс орындап, еңбек етуіміз қажет.
Үй салу үшін бізге қандай мамандар қажет екенін оқушылардан сұрау.
Мөлдір журналға оқушылар орындалған тапсырмаларға + таңбасын белгілеп отырады.
II.Тапсырмалар:
1 тапсырма.Сәулетші тапсырмасы
Үндемес Ойын
№2 Бөлінді мен қалдықты анықта
Бөлінгіш
59
23
47
70
30
5
Бөлгіш
6
4
5
9
4
8
Бөліндінің мәні
9
5
9
7
7
0
Қалдық
5 қалд
3 қалд
2 қалд
7 қалд
2 қалд
5 қалд
3 тапсырма.Құрылысшы тапсырмасы
Қызықты сұрақтар:
1.12 айдың ортақ атауы. / жыл/
2.Жаздың екінші айы қалай аталады? / шілде/
3.4 шығу үшін қай санды 2- ге бөлеміз? /8/
4.Жылдың ең қысқа айы қалай аталады? / ақпан/
5.Алма ішін тесті, өзіне пәтер тапты. / құрт/
6.Кейде бестік алатын, кейде бұрышқа тұратын бөлме. / сынып/
7.Тілі жоқ төреші. /таразы/
8.Бір есек 10 кг қант, екінші есек 10 кг мақта әкеле жатыр. Қайсысының жүгі ауыр? / тең/
9.Бос қапта неше жаңғақ бар? / 0 /.
10. 1 кг мақта ауыр ма, 1 кг темір ауыр ма? / тең/
4 тапсырма. Шатыр салушының тапсырмасы.
Дәптерде жұмыс: Өздік жұмыс
№3 Есепті шығар
Асқарда 350 теңге, ал Бектаста 280 теңге бар. Олар 70 теңгелік кішкентай батареяның нешеуін сатып ала алады?
Асқар -350 тг (350+ 280): 70=630:70= 9
Бектас-280 тг
70 теңгеден ? батарея
Жауабы. 9 батарея
5 тапсырма. Сылақшы тапсырмасы. Жұмбақтар
1.Жоқ өзінде бас та,
Қас та, мойын да.
Ұзындығы жазулы тұр бойында ( сызғыш)
2.Мың найзалы бір батыр,
Жауларына алғызбай тұр ( кірпі)
3.Тышқаннан басқа батпаған.
Бір шлангы, төрт баған ( піл)
4.Аяғы біреу, қолы жоқ,
Шиыр- шиыр жолы көп.
Өзі сөйлей білмейді,
Салған ізі сөйлейді. / қалам/
5.Жазу жазып жалықпаған,
Жаза- жаза арықтаған. / бор/
6.Күнде есебін жаттайды,
Ешбір тыным таппайды.
Алмайды бір тағат
Оның аты ... /сағат/
№4 Кері есеп құрастыр:
А)6 тіс сықпасы үшін 420 теңге төлеу керек. 630 теңгеге осындай неше тіс сықпасын сатып алуға болады?
Оқушылар сурет бойынша есептер құрастырып шығарады.
Ә)Логикалық тапсырма
Үш ағайынды бала Сапар, Ғалым, Маратқа анасы 3 көйлек атып әперді. Сапардың көйлегі торкөзді емес, Ғалымның көйлегі дөңгелек те, торкөзді де емес. Әр баланың көйлегін тап.
Бағалау: Мөлдір журнал бойынша оқушылардың ұпайлары есептеп, оқушыларды бағалау