Сабақ | Алгебра | 8 сынып |
Сабақтың тақырыбы | Квадрат теңдеу және оның түбірлері |
Сілтеме | Алгебра 8сынып оқулық, тапсырмалар |
Жалпы мақсаты | Білімділік:Квадрат теңдеулерді шешудің жолдарын, әдіс-тәсілдерін меңгерту. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру Тәрбиелік: Оқушыларды өз бетінше есеп шығаруға, ізденуге, тез ойлап, тез қорытуға және сөйлеу мәнеріне тәрбиелеу. |
Оқу нәтижелері | Квадрат теңдеулерді шешудің жолдарын, әдіс-тәсілдерін меңгереді және есептер шығара алады. |
Тапсырмалар | Топқа бөлу, «Миға шабуыл», «Кім жылдам», семантикалық карта, |
Бөлімдері | Мұғалім іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
Білу | Топқа бөлу Сыныптың психологиялық ахуалын көтеру. Бір-біріне тілек айтады. | Топқа бөлінеді Топқа ынтымақтастық орнайды. |
Түсіну | «Миға шабуыл» 1.Теңдеу дегенеміз не және оны қалай шешеміз? 2. Қандай теңдеулер түрлерін білесіздер? 3.А, Д,Р,Т,А,К,В және Е,Д,Ң,Т,У,Е әріптерден сөз құрастыру | Сыни тұрғысынан ойлай отырып: Әр топ мүшелері жауап береді және мысал келтереді.  Әріптерден сөз құрайдыда сабақтың тақырыбын өздері «Квадрат теңдеу» деп ашады |
Қолдану | Жаңа тақырыпты өздігінен меңгеру мақсатында топтарға тапсырмалар беріледі. 1-топ: Квадраттық теңдеудің анықтамасы және толымсыз квадраттық теңдеу 2-топ: Келтірілген квадраттық теңдеу, мысал келтір. 3-топ:Толымсыз квадрат теңдеулерді шешу. Мысал келтір. Мұғалім жаңа тақырыпты үйренуде, тапсырмаларды орындауда жетелеуші сұрақтар қойып отырады. | Топ мүшелері жаңа тақырыпты толығымен оқып шығып,өз тапсырмаларын орындайды.  Постерді қорғайды. Қосымша сұрақтарға жауап береді.  Екі жұлдыз, бір тілек бойынша бағалайды. |
Талдау | «Кім жылдам» тапсырмасы 1-топ | 2-топ | 3-топ | Теңдеуді шешіңдер: 1/ х2-7х+6=0 2/2 х2-7х+5=0 3/ 18у-21 =3у 2-42 | Теңдеуді шешіңдер: 1/ х2+2х+1=0 2/ 4 х2+12х+9=0 3/ х2+3х-10=0 | Теңдеуді шешіңдер: 1/ х2+14х+24=0 2/2 х2+х-1=0 3/ 3 х2-4х-15=0 | Оқулық бойынша №113-есеп /ауызша/, №115-есеп,№117-есептер Сергіту сәті | Есептерді шығарып, талдау жасайды.  Бағалаушы бағалайды. |
Жинақтау Қорытынды | Семантикалық карта 1.Қандай теңдеуді квадрат теңдеу деп атайды? 2.Квадрат теңдеудегі бірінші коэффициент 𝑎≠0 шарты не үшін қажет? 3.Қандай квадрат теңдеулерді толымсыз квадрат теңдеулер деп атайды? 4.Толымсыз квадрат теңдеулерді қалай шешеді? | Әр топ мүшелері тапсырманы орындап, жұппен ауыстырып тексеріп, бағалайды. Сұрақтарға жауап береді. |
Рефлексия | Білемін, Білдім, Білгім келеді | Стикерлерге жазып тақтаға іледі  |
Бағалау | Оқушыларды бағалау парағы бойынша, өз қорытындысын жасай бағалау /мадақтау/ | Әр топта оқушылар бағалау парағы бойынша бағалайды. |
Үйге тапсырма | № 116 /А/ -есеп, № 172/Б/ -есеп | Күнделіктерге жазады. |