Жаңа материалды меңгеру Мұғалімнің түсіндіруі. Егер а = 1 болса, х2 + bх + с = 0 келтірілген квадрат теңдеу деп атайды. Келтірілген квадрат теңдеудің жалпы түрі: Мысалы: х2 - 3 х - 4 = 0 Квадрат теңдеуді шешу дегеніміз - оның барлық түбірлерін табу немесе түбірлерінің жоқ екенін дәлелдеу. Мысалы: теңдеуінің нақты түбірлері жоқ. Сондықтан теңдеудің шешімі - бос жиын болып табылады. Мысалы : х квадрат теңдеудің түбірі болып табылады ма? Білім алушылардың ойлануына уақыт беру керек. Ия, өйткені х болғанда және болғанда теңдеуі дұрыс сандық теңдікке айналады. Ал, х квадрат теңдеудің түбірі болып табылмайды, өйткені х болғанда . Егер ax2 + bx + c = 0 квадрат теңдеуінің b немесе c коэффициенттерінің ең болмағанда біреуі 0 - ге тең болса, ондай теңдеулерді толымсыз квадрат теңдеу деп атайды. Мысалы: х2 - 3 х = 0; х2 - 4 = 0 осы теңдеулердің шешу жолын мұғалім көрсетеді. Жұппен жұмыс. Кестені толтырыңдар: Теңдеулер | Толық | Толық емес | Келтірілген | Келтірілмеген | x2 + 5x – 3 = 0 | | | | | 6x2 + 5 = 0 | | | | | 2x2 – 4x = 0 | | | | | 5x – 7x2 + 2= 0 | | | | | 2x2 = 0 | | | | | Білім алушылар кестені жұппен толтырып болған соң келесі жұппен өзара бағалау жүргізеді. Топпен жұмыс. Үш түрлі есептер топтамасы таратылады. Берілген тапсырманы Білім алушылар өздіктерінен шығарады, кейін нөмерлері бірдей Білім алушылар бір топқа жиналып, жауаптарын салыстырады, әрбір Білім алушы өз тобында бір есептің шығарылу жолын түсіндіріп беруі керек, түсіндірілетін есеп қайталанбауы керек. І топ 5х2 + 2х = 0; 3х2 - 6х = 0. 2х2 - 4 = 0; 5х2 + 3 = 0. 12х2 = 0; -5х2 = 0. ІІ топ х2 + 2х = 0; 3х2 - 5х = 0. 3х2 - 27 = 0; 2х2 + 5 = 0. -2х2= 0; 8х2= 0. ІІІ топ 3х2 + 9х = 0; х2 - 7х = 0. 2х2 - 8= 0; х2 + 15 = 0. 6х2= 0; 3х2= 0. Жеке жұмыс. Білім алушылар қабілеттеріне қарай үлгерген есебіне дейін шығарады. Кейін жасаған жұмыстарын қабырғадағы дұрыс шығару жолымен тексеріп, өздерін бағалайды. №1. Теңдеудің түбірлерін табыңыз: а) ; ә) б) ; №2. m – ның қандай мәнінде берілген теңдеу толымсыз квадрат теңдеуге айналады? 3х2 + (m – 1)x + m – 4 = 0. |