Мерзімі: 19.11.14 ж | Пән - алгебра | Сынып – 8 «А» | Сабақ №31 |
Сабақ тақырыбы | «Квадрат теңдеу және оның түбірлері» қайталау сабағы |
Сілтеме | Интернет желісі. әдістемелік құрал |
Мақсаты | Осы сабақта квадраттық теңдеу мен толық емес квадраттық теңдеулерді ажырата және шеше білуін есептер шығару және критерийалды бағалау арқылы тексеру. |
Күтілетін нәтиже | Квадраттық теңдеу мен толық емес квадраттық теңдеулерді ажырата және шеше біледі. |
Негізгі идеялар | Толық емес квадрат теңдеулерді шешуді қайталау. топпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру, өз ойларын жеткізеді, басқалардың жауабын тыңдай білуге үйренеді. |
Сабақ түрі | Бекіту сабағы |
Сабақ көрнекілігі | Топ ережесі, бағалау критерийі, таратпа материалдар, қажетті құралдар. |
Өту барысы: |
Сабақ кезеңі | Жұмыс түрі, әдістер | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті |
Ұйымдастыру /3 мин/ | Жағымды психологиялық ахуал тудыру үшін жылы лебіздер айтқызу. Түрлі-түсті жетондардың артында жазылған математикалық терминдер арқылы 3 топқа бөлемін. | Ұйымдастыру . | Жылы лебіздер айтып, топтарға бөлінеді. |
Қызығушылықты ояту /5 мин/ | «Математика – басқа ғылымдар үшін күрделі теңдеудей» Новалис (1 слайд) Ой-толғау. 1-топқа: Квадрат теңдеу деген не? Мысал келтір қандай теңдеу, шешу жолы 2-топқа: Келтірілген квадрат теңдеу деген не? Мысал келтір. қандай теңдеу, шешу жолы 3-топқа: Толымсыз квадрат теңдеу деген не? Мысал келтір. қандай теңдеу, шешу жолы Тақтада тапсырмалар жазылады. Жауабын оқушылар шешеді. Сәйкестендіру тесті. ( 2 слайд) 6х2 -9 = 0 | х=0 | х2 – 3х = 0 | х=0, х=3 | 4х2=0 | х=  | | Бүгінгі біздің тақырыбымыз: «Квадрат теңдеу және оның түбірлері» қайталау сабағы
Оқушыларға сұрақ қою
Тесті орындауға нұсқаулық беру | Сабақ мақсатын анықтайды Сұрақтарға жауап береді, өздерін бағалайды Сәйкестендіру тестін орындайды, өздерін бағалайды |
«Кестені толтыр» 5 мин | Толымсыз квадрат теңдеулердің коэффиценттерін анықтау арқылы жалпы түрін жазып кестені толтыру (№1 кесте) (3 слайд) Кесте толтыру Теңдеу | а | в | С | Жалпы түрі | 2х2+4х=0 | | | | | 7х2-49=0 | | | | | 6х2=0 | | | | | | Толымсыз квадрат теңдеулердің коэффиценттерін анықтау арқылы, жалпы түрін жазып кестені толтырту. | Толымсыз квадрат теңдеулердің коэффиценттерін анықтайды,жалпы түрін жазып кестені толтырады, өздерін бағалайды |
«Кітаппен жұмыс» есеп шығару 15 мин | № 239 (1,2,3) № 240 (1, 3) ( 4 слайд) | Есеп шығаруда нұсқаулықтар беріп отыру. | Есеп шығарып, өздерін бағалайды |
Топпен жұмыс | Постермен жұмыс және қорғау. Берілген теңдеулердің шешу жолының алгоритмін құру: 5х2+7x=0, І топ 4x2-9=0, ІІ топ y2- 9=0, ІІІ топ (5 слайд) | Алгоритм құруда нұсқаулықтар беру | Әр топ спикерлері шығып постерлерін қорғайды. |
Рефлексия /2 мин/ | Кері байланыс жасау. | Бағалау қағаздарын тақтаға ілу | Бағалау қағаздарын тақтаға іледі. |
Сабақ қорытындысы | Үйге тапсырма беру /1 мин/ (6 слайд) Критериалды бағалау парақтарына талдау жасау. | Талқылауға мүмкіндік беру. Бағалау парақтарында жалпы ұпайды шығаруды сұраймын. | Күнделіктеріне жазып алады. Өздерінің бағалау парақтарын өткізеді. |