kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Краткосрочный план "Арлас сандар"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Аралас сан тақырыбы бойынша өткізілген ашық сабақта оқушыларға практикалық тапсырма орындату арқылы    «Аралас сандар» анықтамасын тұжырымдауға,  аралас санның бүтін және бөлшек бөлігін ажыратуға тапсырмалар берілді.  Оқушыларға 5 алманы 2 балаға қалай теңдей  бөліп беруіге болатынын және бір бала неше алма алатынын, әр бала өзінің үлесін алуы үшін алмаларды қалай бөлуге болатынын анықтады.  Бөлу арқылы онда қанша  бүтін бөлік және қанша  бөлшек бөлік болатынын көрді. Тақырыпты бекіту үшін ауызша тапсырма, топтық және жұптық жұмыстар  орындады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Краткосрочный план "Арлас сандар"»



Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектебі: Б. Сырттанов атындағы орта мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты жөні: Ниязова Алмагуль Кабировна

Сынып: 5 а

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы


Аралас сандар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

5.1.1.11. Аралас сан анықтамасын білу


Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: Аралас санның анықтамасын тұжырымдайды.

Оқушылардың басым бөлігі: Аралас санның бүтін және бөлшек бөлігін ажырата алады.

Кейбір оқушылар: Өлшем бірліктерді аралас сан түрінде жазады.

Бағалау критерийі

  1. Аралас сандарды анықтамасын тұжырымдайды

  2. Аралас сандардың бүтін және бөлшек бөлігін ажыратады.

  3. Өлшем бірліктерді аралас сан түрінде жаза алады

Тілдік мақсаттар


Оқушылар:

Аралас сан ережесін дұрыс тұжырымдап айта алады;

Пәндік лексика және терминология: « жай бөлшек», «алымы», «бөлімі», «дұрыс бөлшек», «бұрыс бөлшек», «аралас сан»

Диaлогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

- аралас сан деп....

Құндылықтарға баулу



Ынтымақтастық: жақсы қарым-қатынас орнату, ынтымақтастық дағдысын қалыптастыру, сындарлы тіл табу, қарым-қатынас орнатуда сыни тұрғыдан ойлану сынды қасиеттерді қамтиды. ( топтық, жұптық жұмыстарды, сыныппен жұмыста сыйластық қалыптастыру).

Пәнаралық байланыс

қазақ тілі пәнімен байланыс аралас сандар мен жай бөлшектердің дұрыс оқылуы.

Алдыңғы білім

Жай бөлшек, дұрыс бөлшек , бұрыс бөлшек

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңі

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут







І. Ұйымдастыру. Амандасу. Сынып оқушыларын «дұрыс бөлшек» , «бұрыс бөлшек», «алымы бірге тең дұрыс бөлшек», «натурал сан» деп 4 топқа біріктіру. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

1)"Ой қозғау"тәсілімен. «Алақан соғу» ойынын ойнатамын. Оқушылар бұрыс бөлшек аталса, алақан соғады:

, т.с.с

2) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыпқа шолу жасау.

Балалар жаңа біз алақан соғу ойынында «дұрыс» және «бұрыс» бөлшектерді ажырата алдық енді ережелерін еске түсірейік.

1. Қандай бөлшек дұрыс бөлшек деп аталды?

2.Қандай бөлшек бұрыс бөлшек деп аталды?

Жауабы:

- Алымы бөлiмiнен кiшi бөлшек дұрыс бөлшек деп аталады. Кез келген дұрыс бөлшек 1-ден кiшi.

-Алымы бөлiмiнен үлкен немесе оған тең бөлшек бұрыс бөлшек деп аталады.

Кез келген бұрыс бөлшек 1-ден үлкен немесе 1-ге тең.

Қалыптастырушы бағалау «Ауызша мадақтау»» арқылы жүргізіледі.

-Жақсы балалар. Енді маған мына есепті шығаруға көмектесіңдер.

Практикалық тапсырма. Балалар мына 5 алманы 2 балаға теңдей қалай бөліп беруімізге болады?. Бір бала неше алма алады? Әр бала өзінің үлесін алуы үшін алмаларды қалай бөлу керек?

Оқушылардың жалпы шешімі. 5 алманың әрқайсысын 2 бөлікке бөлу тәсілін қолданбай ақ, алмаларды балаларға теңдей бөліп беруге болады. Ол үшін балалардың әрқайсысына 2 алмадан беріп, қалған бір алманы теңдей 2 бөлікке бөлу керек. Алмаларды бөліп көрсету. Сонда әрбір балада (2 және ½  алмадан) болады. Осы алмаларды санмен өрнектеп жазайықшы. 2+1/2 яғни біз бүтін санмен бөлшек санды араластырып жаздық. Ондай болса біз қазір сендермен қандай сандармен танысамыз?

-Аралас сандар.

-Осы тақырыпты жақсы меңгеріп шығу үшін қандай мақсат қоямыз алдымызға.

Сабақ мақсатымен таныстыру.

-Жақсы, дәптерді ашып бүгінгі күнді және сабақ тақырыбын жазамыз.




Интербелсенді тақта
















Алмалар



Сабақтың ортасы

10 минут



Топтық жұмыс. Белсенді оқыту «көрсету және моделдеу» түрі.Саралау тәсілінің «тапсырма» тәсілі қолданылады.

1-тапсырма: «Ойлан, әрі тұжырымда» әдісі.

Төрт топқа бір тапсырмадан беру. Есепті шығару жолын өзара талдайды.

1-2-топ . 9 алманы 4 бала теңдей бөліп алулары керек. Бір бала неше алма алады? Әр бала өзінің үлесін алуы үшін алмаларды қалай бөлу керек?

Оқушылардың жалпы шешімі . 9 алманың әрқайсысын 4 бөлікке бөлу тәсілін қолданбай ақ, алмаларды балаларға теңдей бөліп беруге болады. Ол үшін балалардың әрқайсысына 2 алмадан беріп, қалған бір алманы теңдей 4 бөлікке бөлу керек. Сонда әрбір бала (2 және 1/4 алма алады.)

(2+ ¼ қосындысынан 2)

Жауабы: (2 бүтін 4-тен 1)  алма.

Мұндағы сандар аралас сан (аралас бөлшек) деп аталады.

аралас санының 2 саны – бүтін бөлігі, ал 1/4- бөлшек бөлігі

3-4 топ. 8 алмұртты 3 бала тең бөліп алулары керек. Бір бала неше алмұрт алады? Әр бала өзінің үлесін алу үшін алмұртты қалай бөлу керек?

Оқушылардың жалпы шешімі . 8 алмұрттың әрқайсысын 3 бөлікке бөлу тәсілін қолданбай ақ, алмұрттарды балаларға теңдей бөліп беруге болады. Ол үшін балалардың әрқайсысына 2 алмұрттан беріп, қалған 2 алмұртты теңдей 3 бөлікке бөлу керек. Сонда әрбір бала (2 және 2/3 алмұрт алады.)  (2+ 2/3қосындысынан 2)

Жауабы: (2бүтін 3-тен екі)  алмұрт.

Мұндағы сандар аралас сан (аралас бөлшек) деп аталады.

аралас санының 2 саны – бүтін бөлігі, ал 2/3- бөлшек бөлігі

-Енді осы мысалдардан қандай қорытынды шығарамыз.

-«аралас сан» деп қандай санды айтамыз ережесін кім тұжырымдап айтып береді?

- Бүтiн бөлiктен және бөлшек бөлiктен тұратын сан аралас сан деп аталады.

ҚБ: Топтар сағат тілі бойынша бірін-бірі « Екі жұлдыз және тілек (бірін-бірі бағалау)» әдісі арқылы бағалайды /2 ұнағаны, 1 ұсыныс.

Түйін. Мұғалім жаңа сабақ  туралы таныстырылым жасайды.

Бүтiн бөлiктен және бөлшек бөлiктен тұратын сан аралас сан деп аталады.

Жұптық жұмыс. Оқушылар №416 есепті ауызша орындайды. Берілген аралас сандарды оқыңдар. Осы сандардың бүтiн және бөлшек бөлiктерiн атаңдар.

ҚБ «Қолмен белгі беру» әдісі арқылы орындалады.

Жеке жұмыс. №417 есепті орындау. Бір оқушы тақтаға орындайды.

Оқушылар өз жұмыстарын тақтадағы оқушы жұмысымен салыстырып тексереді.

ҚБ. «Өзін-өзі» бағалау арқылы жүргізіледі.

Сергіту сәті: «Қателескен мұғалім»

Алдамұрат

ова Т.А

Алматы «Мектеп»

2017ж



Тапсырма жазылған үлестірме қағаздар






Интербелсенді тақта


15 минут

















Белсенді оқыту «бекіту және қолданысқа енгізу» түрі

Саралау тәсілінің «Қарқын» тәсілі қолданылады.

Топтық жұмыс. Деңгейлік тапсырмалары

А деңгейі. Қосындыны аралас сан түрінде жазыңдар:

.

В деңгейі. Берілген аралас сандардың бүтін және бөлшек бөлігін қосынды түрінде жазыңдар:

.

С деңгейі . №425 есеп аралас сан түрiнде өрнектеңдер

килограммен: 1 кг 500 г; 3 кг 200 г; 4 кг 300 г;

метрмен: 1 м 6 дм; 4 м 30 см; 1 м 20 см; 1м 5дм

ҚБ. Дескриптор арқылы бағалау

1.Сандарды бүтін және бөлшек бөліктердің қосындысын түрінде жазады.

2. Аралас санның бүтін және бөлшек бөлігін ажыратады.

3.Өлшем бірліктерді аралас сан түрінде жазады.

Тапсырма жазылған үлестірме қағаздар




Интербелсенді тақта








Сабақтың соңы

5 минут



Белсенді оқыту «Қорытынды және қолданысқа енгізу» түріне

«Сөйлемді аяқтаңдар» әдісі арқылы сабақ қорытындыланады.

1.Аралас сан деп ........бөліктен және ......бөліктен тұратын санды айтамыз.

2.Бүтін бөлігі 3 бөлшек бөлігі болатын аралас санды ата....

Үйге тапсырма: аралас санға 4 мысал жазып, оның бүтін және бөлшек бөліктерін қосынды түрінде жазып келу.

Рефлексия:

«Менің сөзім» әдісі.

Мақсаты: оқушылардың сабақта алған білім, білігін бағалау. Сипаттамасы: сыныптан бір оқушы тұрып, сабақтан бүгінгі үйренгендерін қорытындылап айтады. Айтып болған соң, басқа бір оқушының атын атайды. Сөзді сол оқушы жалғастырып, сабаққа рефлексия жасайды. Барлық оқушы сабақты қорытындылауға осы ретпен қатысады.

Интербелсенді тақта
















Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


Саралау тәсілдерінің ішінде «Тапсырма» тәсілі жаңа сабақты оқып үйрену кезеңінде, деңгейлік тапсырмаларды орындауда

«Қарқын» тәсілін қолданамын. Кейбір оқушылар басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істейді.

Бағалауда уәжді өсіретін факторларды тиімді

қолдану арқылы, әр оқушыға жеке қолдау көрсетемін.

«Миға шабуыл» әдісі бойынша «Ауызша мадақтау» әдісі пайдаланылады.

«Ойлан, әрі тұжырымда» әдісінде топтар сағат тілі бойынша бірін-бірі « Екі жұлдыз және тілек әдісі арқылы бағалайды.

Жұптық жұмысты «Қолмен белгі беру» әдісі арқылы бағалайды.

Жеке жұмыста өз жұмыстарын тақтадағы оқушы жұмысымен салыстырып өзіне «Өзін-өзі» бағалау жүргізіледі.

Деңгейлік тапсырмаларды дескриптор арқылы бағалаужүргізіледі.

сабақтың басында оқушыларға «түзу, тік және әдемі отырамыз» деп айту арқылы үйрету, тапсырмалардың жас ерекшеліктеріне сай берілуі.

Топтық жұмыста тәртіпті, қауіпсіздікті сақтау, практикалық жұмыс орындағанда өмір қауіпсіздігін сақтау.


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?

Ниязова Алмагуль Кабировна,

«Барлыбек Сырттанов атындағы орта мектебі,

мектепке дейінгі шағын орталағымен»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

математика пәнінің мұғалімі,

Ақсу ауданы,

Алматы облысы.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Краткосрочный план "Арлас сандар"

Автор: Ниязова Алмагуль Кабировна

Дата: 04.12.2018

Номер свидетельства: 488844


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства