Просмотр содержимого документа
«Көрсеткіштік теңделер және оның қасиеттері»
Тест спецификациясы
1. Тақырыбы: Жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларын алгебра пәні бойынша мемлекеттік аттестациялауға арналған тест.
2. Мақсаты: жалпы білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестациядан өткізу.
3. Міндеттері: жалпы білім беретін орта мектептердің 11-сынып оқушыларының алгебрадан білім деңгейлерін анықтау.
4. Тест мазмұны.
Тест тапсырмаларының қиындығы 3 деңгейде беріледі: бірінші деңгей – 10 тапсырма, екінші деңгей – 6 тапсырма, үшінші деңгей – 4 тапсырма.
Тест мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде жасалған орта мектеп бағдарламасына сай мына бағыттағы тапсырмалардан тұрады:
№
Тақырып
№
Тақырыпша
01
Функция, оның қасиеттері және графигі
01
Функция. Функцияның анықталу облысы және мәндер жиыны
02
Функцияның берілу тәсілдері. Функцияның графигі
03
Функцияның қасиеттері: шектеулілігі, жұптылығы мен тақтылығы, периодтылығы, таңбатұрақтылық аралықтары
04
Функцияның қасиеттері: өсуі және кемуі, экстремум нүктелері және функцияның экстремумдары
05
Кері функция. Күрделі функция.
06
Функцияның графигін қарапайым түрлендірулер
07
Аралас есептер
02
Тригонометриялық функциялар
01
Тригонометриялық функциялардың қасиеттері мен графиктері
02
Кері тригонометриялық функциялар
03
Құрамында арксинусы, арккосинусы, арктангенсы, арккотангенсы бар өрнектерді тепе-тең түрлендіру
04
Аралас есептер
03
Тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктер
01
Қарапайым тригонометриялық теңдеулер және олардың шешімдері
02
Тригонометриялық теңдеулерді шешу тәсілдері: Бір тригонометриялық функцияға байланысты алгебралық теңдеуге келтірілетін тригонометриялық теңдеулер. Тригонометриялық формулалардың көмегімен түрлендіріліп шығарылатын тригонометриялық теңдеулер
03
Тригонометриялық теңдеулерді шешу тәсілдері: Теңдеудің дәрежесін төмендету арқылы шығарылатын тригонометриялық теңдеулер. Біртекті тригонометриялық теңдеулер. Қосымша аргумент енгізу арқылы шығарылатын тригонометриялық теңдеулер
04
Тригонометриялық теңдеулер жүйелері және олардың шешімдері
– ықтималдықтарды қосу және көбейтудің анықтамасын, комбинаторика мен Ньютон биномын қолдану және кездейсоқ оқиғаның таралу заңдылығын білуі қажет.
7. Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:
Тестінің бір тапсырмасын орындап шығуға белгіленген уақыт – 1,5 минут. Тесттің толық орындалу уақыты – 30 минут.
8. Нұсқалар мен тапсырмалар саны:
Бір нұсқада 20 тест тапсырмасы беріледі.
Тест нұсқаларының баламалылығы:
- тестілердің спецификацияға сай құрылуымен;
- барлық нұсқаларда қиындық деңгейінің бірдей болып келуімен жүзеге асырылады.
9. Тапсырмалар формасы:
Тест тапсырмасында берілген бес жауап нұсқасында бір дұрыс жауапты таңдау.
Таңдаған жауапты жауап парағында берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет.
10. Жеке тапсырмалар мен жалпы жұмысты бағалау:
Дұрыс орындалған әр тапсырма үшін 1 балл беріледі. Дұрыс орындалмаған тапсырмаға – 0 балл. Тест тапсырмасы толығымен дұрыс орындалған жағдайда оқушы 20 балл алады.