Просмотр содержимого документа
««К?рсеткіштік те?деулер ж?не оларды шешу т?сілдері»»
Тақырыбы: «Көрсеткіштік теңдеулер және оларды шешу тәсілдері»
Мақсаты: Оқушыларға көрсеткіштік теңдеулерге анықтама беру және оларды шешудің тәсілдерін үйрету. Теңдеулердің қарапайым және күрделі түрлерін оқушыларға шығарып үйрету және алған білімдерін тереңдету.
Білімділігі:Әрбір оқушыға сапалы да терең білім беру, ой өрісін кеңейту. Интерактивті тақта мүмкіндіктерін пайдаланып алған білімдерін жаңарту. Оқушыларға көрсеткіштік теңдеулер мен олардың шешу тәсілдеріне әртүрлімысалдар келтіріп, тақырыпты санасына бекіту.
Дамытушылығы:Жеке тұлғаның ойлау қабілеті мен есте сақтау қабілеттерін жетілдіріп, шығармашылық ізденісін дамыту.
Тәрбиелігі:Меңгерген білімнің өмірге қажеттілігін түсіндіру. Оқушыларды ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, еңбексүйгіштікке, логикалық ойлауға, жүйелі жұмыс істеуге, өзінше еңбек етуге, өз-өзін бағала, білімін тиянақтай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі:Іскерлік, білік дағдына қалыптастыру сабағы.
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі, сұрақ-жауап, ой қозғау, миға шабуыл әдісі.
Технологиясы: Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы (ДСОТ), сын тұрғысынан ойлау Сабақтың көрнекілігі: Деңгейлік тапсырма жазылған таратпалар,компьютер, тірек-схемалар, білімді бағалау парағы.
Сабақта қолданылатын стратегиялар: Топтастыру, ой толғаныс.
ә) Топқа бөлу, топ басшысын сайлау, бағалау парағын тарату.
«Көрсеткіштік функция», «Логарифмдік функция» және «Дәрежелік функция» атты топтарға бөлінді.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы сұрау
а) Үйге берілген есепті 3 топтан 3 оқушы шығарып тақтаға орындату.
ә) «Ой қозғау» қайталау сұрақтары. 3 топқа 3 карточка беріледі.
Топ оқушылары топтасып орындайды.
1 карточка. Көрсеткіштік функция қасиеттері тірек сызбаны толықтыру
Көрсеткіштік функция дегеніміз -
Анықталу облысы
Мәндер облысы
Жұп тақтығы
Өсу, кему аралығы
Периоды
Графигі
2 карточка. Логарифмнің қасиеттері
Логарифм дегеніміз -
logaa=
loga1=
loga(x∙y)=
loga(x/y)=
logaxk=
Ондық логарифм -
3 карточка. Нақты көрсеткішті дәреже қасиеттері
Арифметикалық түбір дегеніміз -
()m=
=
=
ІІІ. Жаңа сабақ
Құрамына әріп енетін және онымен белгіленетін санды іздеу мақсатында қойылған теңдікті қалай атайды? (Жауабы теңдеу) Оқушылар қойылған сұраққа жауап бергеннен кейін жаңа сабақтын тақырыбы және қаралатын сұрақтар аталады.
Тақырыбы:«Көрсеткіштік теңдеулер және оларды шешу тәсілдері»
1. Қарапайым көрсеткіштік теңдеулер
2. Бірдей негізге келтіру тәсілі
3. Жаңа айнымалы енгізу тәсілі
Анықтама: Айнымалысы дәреже көрсеткішінде болатын теңдеуді көрсеткіштік теңдеу деп атайды.
Мысалы: , , ,
Көрсеткіштік теңдеудің қарапайым түрі : aх = b
Мұндағы a 0 , a ≠ 1 және b
Көрсеткіштік теңдеу екі тәсілмен шығарылады:
І . теңдеуді бірдей негізге келтіру
ІІ .теңдеуге жаңа айнымалы енгізу тәсілі
І. Бірдей негізге келтіру тәсілімен көрсеткіштік теңдеулерді шығару үшін мынадай алгортмдер қолданылады.
-Теңдеудің екі жағын бірдей негізге келтіреміз
-Теңдеу бірдей негізге келтірілгеннен кейін олардың сол және оң жақ бөлігіндегі дәреже көрсеткіштерін теңестіріп, алгебралық теңдеу аламыз
-Осы алгебралық теңдеуді шешеміз
-Табылған түбірлерді берілген теңдеудегі айнымалының орнына апарып қойып тексереміз.
- Тексеру нәтижесіне қарап берілген теңдеудің жауабын жазамыз
1-мысал.
8х= 64 теңдеуді шешейік. Тексеру:
23x= 2682 = 64
3x = 6 64=64
х = 2 жауабы : 2
2-мысал.
5х =125 теңдеуді шешейік. Тексеру:
5х =53 53 =125
х = 3 125=125
жауабы : 3
ІІ. Жаңа айнымалы енгізу тәсілі
Көрсеткіштік теңдеулерді жаңа айнымалы енгізу тәсілімен шығарғанда , төмендегідей алгоритм қолданылады.
- Айнымалыларды жаңа айнымалымен ауыстырып алгебралық