Просмотр содержимого документа
«К?пм?шеге амалдар ?олдану »
Сабақтың тақырыбы: Көпмүшеге амалдар қолдану.Сабақтың мақсаты: Көпмүшеге амалдар қолдану ережелерімен танысып, есептер шешу дағдысын қалыптастыру. Білімділік: көпмүше,көпмүшенің ұқсас мүшелері,көпмүшенің ұқсас мүшелерін мүшелерін біріктіру, көпмүшенің стандарт түрі, көпмүшенің дәрежесі, көпмүшелермен орындалатын амалдармен (қосу,азайту,көбейту,дәрежеге шығару) танысып, көпмүшеге байланысты есептерді шығара білу. Тәрбиелік: біліміне жауапкершілікпен қарауға, жинақылққа, өз ісін қорытындылай білуге, жолдастарының іс әрекетін бағалай білуге баулу, шығармашылық қабілет дамытуға мүмкіншілік жасау. Дамытушылық: ұқыпты тыңдауға, сұрақтарға нақты жауап беруге, өздігінен ойлау және есеп шығару икемділігін қалыптастыру. Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгеру сабағы. Оқыту әдісі: түсіндірмелі сұрақ-жауап. Көрнекіліктер: оқу құралдары, деңгейлік тапсырмалар, карточкалар. Сабақтың барысы: І ұйымдастыру кезеңі. (балаларды түгендеу, сынып бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,оқушылардың назарын сабаққа аудару.) ІІ Үй тапсырмасын тексеру кезеңі. Есептер шешімінің дұрыстығын тексеру. ІІІ Білімді тексеру кезеңі. Бірмүше. Бірмүшенің коэффенцеті, бүрмүшенің стандарт түрі, бірмүшенің дәрежесі, ұқсас бірмүшелер, бірмүшелерді көбейту, дәрежеге шығаруды ауызша пысықтау.
Өзіндік жұмыс І нұсқа
1.(-7)2*x5y4*0.005x10y*xy7 бірмүшесін стандарт түрге келтіріңтер. Оның коэффеициентін және дәрежесін анықтаңдар. 2.Амалдарды орындаңдар. 3/14m8n7*7/24mn11*16m3 4.дәрежеге келтіріп, мәнін табыңдар. 20(a2b2)2,мұндағы a=3 b=-1/3
ІІ нұсқа 1.(-9)3*xy7*0.02x9y6*125y3 бірмүшесін стандарт түрге келтіріңдер. Оның коэффициетін және дәрежесін анықтаңдар.
2.Амалдарды орындаңдар: 5/22m9n13*11/10m15n6*12n19 3.Дәрежеге келтіріп,мәнін табыңдар. 25(xy3z)4, мұндағы x=1/2, y=-1, z=2 Әр оқушы өз көршісін тексеріп, бағалайды.
IV. Мақсат қою кезеңі. Көпмүше, көпмүшенің ұөсас мүшелері, көпмүшенің ұқсас мүшелерін біріктіру, көпмүшенің стандарт түрі, көпмүшенің дәрежесі, көпмүшелермен орындалатын амалдармен танысып, көпмүшеге байланысты есептер шығару дағдысын қалыптастыру.
V. Жаңа білімді меңгерту кезеңі. 1.көпмүше деп бір мүелердің қосындысын айтады. 2. Көпмүшені құрастырытын бірмүшелерді көпмүшенің мүшелері деп атайды. Мысалы: x2-y2; m-1; a2-2ab+b4; т.с.с. өрнекткрі көпмүше болып табылады. 3.егер көпмүше екі мүшеден тұратын болса, оны екімүше деп, ал үшмүшеден тұратын болса, онда үшмүше деп атайды. Бірмүшені бір ғана мүшеден тұратын көпмүше деп санайды. 4. Коэффенциенттерімен өзгешеленетін бірмүшелер ұқсас деп аталады. Алгебралық өрнекті ықшамдау үшін, ондағы ұқсас бірмүшелерді олардың алгебралық қосындысы болатын бірмүшемен алмастыра білу қажет. Ұқсас бірмүшелердің алгебралық қосындысы бір ғана бүрмүшемен алмастыру арқылы көпмүшені ықшамдау ұқсас мүшелерді біріктіру деп атайды. Мысалы: 3m-2m+5m=(3-2+5)m=6m 5.Көпмүшені стандарт түрге келтіру. 16a4-15b3-15b2+a4=17a4-15b3-15b2 мұндай көпмүшені стандарт түрдегі көпмүше деп атайды.
Есіңде сақта!
Стандарт түрдегі көпмүшенің дәрежесі деп оған енетін бірмүшелердің дәрежелерінің ең үлкенін айтады.
Көпмүшелерді қосқанда және азайтқанда тағы да көпмүше шығады.
Есіңде сақта!
Егер жақса алдында плюс таңбасы қойылатын болса, онда жақшаға алынатын мүшелер сол өз таңбасымен жазылады. Егер жақша алдына минус таңбасы қойылатын болса. Онда жақшаға алынатын мүшелер қарама-қарсы тағбамен жазылады.
Мысалы: n2+n3+(n3-3m2+4m)=2n3-2n2-3m2+4m
Бір көпмүшеден екінші көпмүшені азайту үшін азайғышқа қарама-қарсы таңбамен алынған азайтқышты қосса жеткілікті. Мысалы :
5x2*5x+4-(-4x2 +5x-4)=9x2+48x2
Көпмүшені бірмүшеге бөлу үшін көпмүшенің әрбір мүшесін берілген бірмүшеге бөліп, шыққан нәтежиесін қосу керек. Мысалы:
(-9ab3):(-3ab)=3b2
VI.сабақты бекіту. (Жаңа сабақты түсінгенін тексеру кезеңі) Көпмүше деп нені айтамыз? Көпмүшенің стандарт түрі деп қандай көпмүшені атайды? Егер жақша алдында «плюс» таңбасы қойылса, онда жақшаға алынатын мүшелердің таңбасы қандай болады? Егер жақша алдында «минус» таңбасы қойылса, онда жақшаға алынатын мүшелердің таңбасы қандай болады? Бірмүшені көпмүшеге көбейткенде қандай өрнек шығады? Деңгейлік тапсырмалар.
І деңгей. ( бес ұпай) 1.Ұқсас мүшелерді біріктіріңдер: 3a2-12ab2+25b4-8a3-17ab2. 2.көпүшені стандарт түге келтіріңдер: 3p2q-12pq2+9p2q-7pq2+24 3. Көбейтуді орындаңдар: -10x2(5xy+7y2-1.2x2)
II деңгей( төрт ұпай) 1.өрнекті ықшамда. a)6xy-2x2-(3xy-4x2+1)-(-xy-2x2-1)=? b)-(5xy2-xy+y)+6xy2-4y-(5xy-2xy2)=? 2.Теңдеуді шеш. a)(17+3x)-(5x-15)=67 III деңгей (үш ұпай) Келесі теңдіктегі Д-ның орнына қойғанда ол теңдікті теңбе-теңдікке айналдыратын көпмүшені тап: a)D+(4a2-3ab)=7a3-2ab-b2 b)(3x4-6xy+5x2)-D=0
"Зерде" ойыны. 1.Алгебра сөзі қайдан шықан? 2.Қазақша алгеба оқулығын жазған кім? 3.Мақалды жалғасын тап. жет рет өлшеп, .... Бір тал кессең, ..... Жігіт бір сырлы, .... Ұлға отыз үйден, ...... тыю. 4. 3 топ бойынша формулалар жазудан жарыс. оқушылар жұмысын тексеріп бағалау.
VII. Қорытындылау. Көпмүше, көпмүшенің стандарт түрі, ұқсас емес мүшелерді біріктіру, көпмүшеге амалар қолдану ережелерімен танысып, есептер шешуде қолдану іскерлік дағдысын қалыптастырды.