kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Координаталы? с?уле.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты:

Білімділік:  Координаталы? с?улені т?сіндіре білу;  Координаталар басын салу, координаталарын табу.

Дамытушылы?: .Координаталы? с?уледегі  н?ктені? координаталарын табуды; координаталары бойынша н?ктені салуды ?йрету.

Т?рбиелік:  Координаталы? с?улені  д?рыс сыза білуге да?дыландыру;П?нні? на?тылы?ына к?з жеткізу. О?ушыларды? п?нге деген ?ызы?ушылы?ын арттыру.

Саба? типі: Жа?а саба?  

?діс- т?сілдері: с?ра?- жауап, к?рнекілік, есептер шы?ару, ауызша жатты?улар

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Координаталы? с?уле. »

Күні: 08.09.2014ж

Сабақтың тақырыбы: §3. Координаталық сәуле. Бірлік кесінді. Координаталар басы. Нүктенің координатасы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:  Координаталық сәулені түсіндіре білу; Координаталар басын салу, координаталарын табу.

Дамытушылық:  .Координаталық сәуледегі нүктенің координаталарын табуды; координаталары бойынша нүктені салуды үйрету.

Тәрбиелік:  Координаталық сәулені дұрыс сыза білуге дағдыландыру;Пәннің нақтылығына көз жеткізу. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақ типі: Жаңа сабақ  

Әдіс- тәсілдері: сұрақ- жауап, көрнекілік , есептер шығару , ауызша жаттығулар.

Сабақтың барысы:  

І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгендеу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 3 тапсырма

1.     Ұзындық бірліктерін ата.

2.     Тұтам ,дюйм, миль, шақырымның ұзындық бірліктерін еске түсірейік.

ІІІ.Жаңа сабақ: 

Сендерге 1мм, 1 см, 1 дм, 1 км болатын ұзындық брліктері белгілі. Ұзындықты өлшеу үшін ыңғайлы ұзындық бірлігі таңдап алынады. Мысалы, үй бөлмесінің ұзындығын метрмен, қаламның ұзындығын дециметр және сантиметрмен, машинаның жүріп өткен жолын километрмен өлшеген ыңғайлы. Аталған ұзындық бірліктерінен басқа да ұзындық бірліктері бар. 12 –бетте кейбір ұзындық бірліктері ( тұтам, дюйм, миль, шақырым және т.б.) келтірілген.

Ұзындық бірлігі ретінде кез келген кесіндінің ұзындығын алуға болады.

Ұзындығын бірлік ұзындыққа тең етіп қандай да бір кесіндіні алайық. Мұндай кесінді бірлік кесінді деп атайық.

Ұзындығы бірлік ұзындық ретінде алынатын кесінді бірлік кесінді деп аталады.

ОХ сәулесін салып, О нүктесіне сәйкес 0 санын жазайық. Сәуленің О нүктесінен бірлік кесіндіге тең ОА кесіндісін салайық. А нүктесіне сәйкес 1 санын жазамыз. Одан кейін бірнеше бірлік кесінділерді бірінен соң бірін саламыз. Ол кесінділердің оң жағынан

2;3;4;5;6 сандарын жазамыз. Сонда сандық сәуле аламыз.

Сандық сәуледе кескінделген қалған нүктелерді B, C, D, E, F әріптерімен белгілейік.0;1;2;3;4;5;6 сандары сәйкесінше O, A, B, C, D, E, F нүктелерінің координаталары деп аталады. Сондықтан сәулені координаталық сәуле , ал О нүктесін координаталар басы деп атайды.

Координаталық немесе сандық сәулені салу үшін натурал сандар қатарының әрбір санын көрсету міндетті емес, тек бірлік кесіндінің ұштарын о(сол жағы) және 1(оң жағы ) сандарымен белгіліген жеткілікті.

Натурал сандар мен нөл координаталық сәуледе нүктемен кескінделеді.

М(7) жазуының оқылуы:

  • М нүктесінің координатасы 7 – ге тең.

  • Координатасы 7 – ге тең М нүктесі.

ІҮ. Білімді бекіту:

  1. Қандай кесінді бірлік кесінді болуы мүмкін? ( ұзындығы бірлік ұзындыққа тең)

2.     Сандық сәулені неліктен «координаталық сәуле» деп атайды?

3.     С(14 ) жазуы нені білдіреді?( координатасы 14 – ке тең С нүктесі).

5.     Есептер шығару: Оқулықпен жұмыс

А деңгейінің тапсырмалары

39. Бірлік кесіндінің ұзындығы ретінде 1 см- ді алып, координаталық сәулені салыңдар және А(3), В(7), С(9) нүктелерін кескіндеңдер.



42. Координаталық сәуледе К(11) нүктесінің 1) сол жағында 4; 2) оң жағында 3 бірлік кесіндіге тең аралықта орналасқан нүктенің координатасын жазыңдар.

В деңгейінің тапсырмалары

45. 1) 98 және 103; 2) 379 және 383 сандарының арасында орналасқан барлық натурал сандарды жазыңдар.



46. Егер В нүктесінің координатасы А нүктесінің координатасына қарағанда 1 –ге 1) артық; 2) кем болса, онда В нүктесі А нүктесіне қарағанда қалай орналасқан?



47. А(а) нүктесіне қарағанда 1) оңға ; 2) солға қарай 2 бірлікке орналасқан В нүктесінің координатасын табыңдар.

Сабақты бекіту кезеңі:

Осы тақырыпта не үйрендік? Сандық сәулені қалай саламыз?

Бағалау. Сыныпта белсенді қатысып отырған оқушылар бағаланады.

Үйге тапсырма: Үйге: № 37, № 38 – А деңгейінен есептер ( оқулықтың 17 - 18 беті). 












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Координаталы? с?уле.

Автор: Амангелдин Ізбасар Боранбай?лы

Дата: 19.03.2015

Номер свидетельства: 188866


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства