kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Конспект урока по математике на тему "Рационал б?лшектерді ?осу"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: Рационал б?лшекті к?бейту ж?не б?лу Ма?саты: Білімділік: О?ушыларды? та?ырып бойынша ал?ан білімдерін тере?детіп, жина?тап ж?йелеу. Рационал, я?ни алгебралы? б?лшектерді к?бейту ж?не б?лу алгоритмін ?олдана білуге, ?асиеттерді білуге ?йрету. Дамытушылы?: Логикалы? ойлау ?абілеті мен есептеу да?дыларын жетілдіру, ой-?рісін ке?ейту. Рационал б?лшектеррді к?бейту мен б?лу кезінде ал?ан теориялы? білімін практикада ?олдана білу да?дысын ?алыптастыру. Т?рбиелік: О?ушыларды ??ыптылы??а, тез шешім ?абылдай білуге; п?нге деген ?ызы?ушылы?ын арттыра отырып, ж?йелі ойлау?а, н?тижеге ?ол жеткізе білуге, ?зіне сенімділікке, жолдасты? ?арым-?атынас?а т?рбиелеу. Саба?ты? т?рі: Жа?а та?ырыпты ме?герту. Саба?та ?олдан?ан ?діс-т?сілдер: • Т?сіндірмелі-к?рсетілімді (М.Н. Скаткин) • Ми?а шабуыл • Проблемалы? ?діс • ?з шешімдерін ?сыну, с?ра?-жауап ж?не талдау, рефлексия Саба?ты? типі: Ме?герген білімдерін практикада ?олдану?а ба?ыттал?ан д?ст?рлі саба? П?наралы? байланыс: информатика, логика Саба?ты? к?рнекілігі: тірек-сызба, карточкалар, белсенді та?та, слайдтар, ба?алау пара?ы, сызбалар. О?ушыларды? біліміне ж?не біліктілігіне ?ойылатын талаптар : Нені білу керек: - Алгебралы? б?лшектерді? к?бейтіндісін ж?не б?ліндісін ?алай табу керектігін білу. - Рационал б?лшектерді ?алай т?рлендіруге болатынын ?йрену. Нені ме?геру керек: - Орта? к?бейткішті жа?ша сыртына шы?аруды, к?бейткіштерге жіктеуді? ?р т?рлі жолдарын, топтау мен б?лшекті ?ыс?арту т?сілін ж?не ?ыс?аша к?бейту формулаларын ?олдана білу, натурал ж?не б?тін к?рсеткішті д?режені? ?асиеттерін ?олдана білу. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Конспект урока по математике на тему "Рационал б?лшектерді ?осу"»

Сабақтың тақырыбы: Рационал бөлшекті көбейту және бөлу Мақсаты: Білімділік: Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін тереңдетіп, жинақтап жүйелеу. Рационал, яғни алгебралық бөлшектерді көбейту және бөлу алгоритмін қолдана білуге, қасиеттерді білуге үйрету. Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, ой-өрісін кеңейту. Рационал бөлшектеррді көбейту мен бөлу кезінде алған теориялық білімін практикада қолдана білу дағдысын қалыптастыру. Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, тез шешім қабылдай білуге; пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, жүйелі ойлауға, нәтижеге қол жеткізе білуге, өзіне сенімділікке, жолдастық қарым-қатынасқа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту. Сабақта қолданған әдіс-тәсілдер: • Түсіндірмелі-көрсетілімді (М.Н. Скаткин) • Миға шабуыл • Проблемалық әдіс • Өз шешімдерін ұсыну, сұрақ-жауап және талдау, рефлексия Сабақтың типі: Меңгерген білімдерін практикада қолдануға бағытталған дәстүрлі сабақ Пәнаралық байланыс: информатика, логика Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызба, карточкалар, белсенді тақта, слайдтар, бағалау парағы, сызбалар. Оқушылардың біліміне және біліктілігіне қойылатын талаптар : Нені білу керек: - Алгебралық бөлшектердің көбейтіндісін және бөліндісін қалай табу керектігін білу. - Рационал бөлшектерді қалай түрлендіруге болатынын үйрену. Нені меңгеру керек: - Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығаруды, көбейткіштерге жіктеудің әр түрлі жолдарын, топтау мен бөлшекті қысқарту тәсілін және қысқаша көбейту формулаларын қолдана білу, натурал және бүтін көрсеткішті дәреженің қасиеттерін қолдана білу. Сабақтын барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі IІ. Үй жұмысын тексеру(сигналдық карточка арқылы) IIІ. Жаңа тақырып пен өткен тақырыптың байланысы(«Қайталау – оқу анасы» сәйкестік тест) IV. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты(оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру) V. Жаңа сабаққа дайындық(«Ой қозғау» топтастыру стратегиясы) VІ. Жаңа сабақты түсіндіру VІІ. Сабақты бекіту(бекіту тапсырмалары) VIII.Сабақты пысықтау(оқулықпен жұмыс) ІХ. Рефлексия(«Табыс ағашын отырғызу») Х. Сабақты қорытындылау(қорытынды алгоритмі) ХІ. Үй тапсырмасын беру ХІІ. Бағалау І. Ұйымдастыру кезеңі(оқушылармен сәлемдесіп, кезекші арқылы оқушыларды түгендеу, сыныптың сабаққа дайындығын, сабаққа қажетті құрал – жабдықтардың барлығын анықтау) Мұғалімнің кіріспе сөзі: Психологиялық дайындық: - Кәнеки балалар, бүгін барлығымыз бір-бірімізге не тілейміз?(оқушылар орындарынан тұрып, мұғалімге қарап: «сізге шығармашылық табыс» және бір-біріне қарап: «бізге көтеріңкі көңіл күй»,-деп айтады). ІІ. - Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше, себебі осы сабақта әрбір оқушының өз біліктілігін, жалпы өткен тақырыпты қаншалық игергенін көрсететін мүмкіншілігі болады. Жаңа сабақты меңгеруде тірек болатын оқушылардың үй тапсырмасының дұрыстығын сигналдық карточка көмегімен тексерейік. Үй тапсырмасының жауаптары тақтада жазулы тұр, ал сендер дәптерлеріңдегі жауаптарымен салыстырасыңдар. Дұрыс жауабы болса, жасыл түсті картаны, дұрыс болмаса қызыл түсті картаны көтерулерің керек(тексерудің соңында оқушылар бағалау парағына мұғалімнің айтқан бағасын қояды). IІІ. Сабақты жаңа тақырыпты меңгеруге кажетті бұрын өтілген материалды еске түсіру үшін «Қайталау – оқу анасы» дегендей, сәйкестік тест өткізіледі. – Балалар, алгебралық бөлшектерге амалдар қолданған кезде ең көп қолданатын қандай формулалар?(қысқаша көбейту формулалары) «Қайталау – оқу анасы» Бірінші бағанда қысқаша көбейту формулалары жазылған. Ал оқушылар бағанның сол жағында тұрған формулалардың дұрыс жауабын тауып, берілгеннің қасына магнит көмегімен жабысытырамыз(дұрыс жауап үшін оқушылар бағалау парақтарына мұғалімнің айтқан бағасын қояды). Сәйкестік тест 1. a2-b2= 1. a3-3a2b+3ab2-b3 2. (a-b)2= 2. (a-b)(a+b) 3. (a+b)2= 3. (a-b)(a2+ab+b2) 4. (a-b)3= 4. a2-2ab+b2 5. (a+b)3= 5. a3+3a2b+3ab2+b3 6. a3-b3= 6. a2+2ab+b2 7. a3+b3= 7. (a+b)(a2-ab+b2) ІV. - Алдымызға қойған негізгі мақсатымыз рационал бөлшектерді көбейту және бөлу, яғни оларға амалдар қолдануды тиімді тәсілмен шешуді үйренуіміз керек. Оның бірінші шарты: алған білімдеріңді жинақтап, орынды қолдануды білу. V. Жаңа сабаққа дайындық. «Ой қозғау» топтастыру стратегиясы. Тақтада алгебралық бөлшектерге байланысты 6 есеп шығару жолымен жазылып тұрады, ал оқушылар бұл есептердің дұрыс шығарылғанын ғана табулары керек. Дұрыс берілген тапсырманы тақтаға шығып орындайды(бағалау парағына мұғалімнің айтқан бағасы қойылады) 1. 2. 3. 4. 5. 6. Жаңа тақырыпты меңгеруде қолданылатын тәсілдер: • Рационал бөлшектерді көбейту және бөлу тәсілдері: 1) Қысқаша көбейту формулаларын қолдану 2) Топтау тәсілін қолдану 3) Қысқарту тәсілі 4) Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару 5) Натурал және бүтін көрсеткішті дәреженің қасиеттері VІ. Мұғалім: - 5-сыныптың математика оқулығынан сендерге жай бөлшектерді көбейту ережесі таныс. Мысалы, - Рационал бөлшектердің көбейтіндісін және бөліндісін әрқашанда алымы мен бөлімі көпмүшелер болатын бөлшек түрінде жазуға болатынын білеміз. Мысалы, . - Мұнда алдымен екінші бөлшектің алымындағы қысқаша көбейту формуласын ашамыз, содан кейін алымдарын бір-біріне, бөлімдерін бір-біріне көбейтіп, алымдарының көбейтіндісін алымына, бөлімдерінің көбейтіндісін бөліміне жазып, шыққан бөлшекті қысқартамыз.(мұғалім оқушылардан қысқаша көбейту формуласының жіктелуін сұрайды) Жауабы: . 1-мысал. Жауабы: . 2-мысал. Жауабы: . - 2 және , және және т.с.с. сандар өзара кері сандар, яғни екі санның көбейтіндісі 1-ге тең болса, онда олар кері сандар деп аталатыны белгілі. - Жай бөлшектерді бөлу үшін бірінші бөлшекті екінші бөлшектің кері бөлшегіне көбейтетіні белгілі. Мысалы, 3-мысал. Жауабы: . VІІ. Бекіту тапсырмасы ретінде есеп шығару үлгісі көрсетіліп, талданады. Әрбір оқушыға жеке-жеке тапсырма беріледі. Оқушылар тапсырманы орындап, қасында отырған оқушымен алмасып, бір-бірін тексереді (қателескен оқушы тақтаға шығып орындайды). 1) : 2) 3) 4) 5) 6) 7) 8) VІІІ. Сабақты пысықтау(оқулықпен жұмыс) 100-бет №270(5-8), №271(3,4), №272(4,5,6) ІХ. Рефлексия: – Енді «табыс» ағашын отырғызайық. (Тақтада ағаштың суреті) Ағаш діңі жаңа сабақта өтілген тақырып, жасыл желек – экология, ал ағаштың жемісі сіздің алған білімдеріңіз(оқушылар өздері таңдаған алманы алып, тақтада тұрған ағашқа жапсырады). • Жасыл алма: Маған сабақ ұнады. Тақырыпты меңгердім. • Сары алма: Тақырыпты түсіндім, бірақ есептеген кезде қиналамын. • Қызыл алма: Сабақ маған түсініксіз. Х. – Балалар, информатика пәнін есімізге түсірейік. Алгоритмнің мағынасын қалай түсінеміз?(Белгілі бір мақсатқа жету үшін орындалатын реттелген әрекеттер жиыны). - Ал бұл алгоритм математикада заңдылық болып есептеледі. - Енді біз рационал өрнектерді түрлендіру алгоритмін құрастырайық(оқушылар мен мұғалім бірге құрастырады) Рационал бөлшектерді көбейту алгоритмі: 1) Рационал бөлшектерді көбейту үшін, олардың алымдарының көбейтіндісін алымына, ал бөлімдерінің көбейтіндісін бөліміне жазу керек. 2) Мүмкін болған жағдайда қысқартуды орындаймыз. Рационал бөлшектерді бөлу алгоритмі: Бір рационал бөлшекті екінші рационал бөлшекке бөлу үшін бірінші бөлшекті екінші бөлшекке кері бөлшекке көбейту керек. - Осы алгоритмге байланысты «ОЙЛАН ДА ТАП!» деп аталатын мынадай ойын ойнаймыз. Тақтадағы тапсырмалардың берілгені мен жауаптарына қарап, екінші бөлшекті табу керек. Тапсырмалар: 1. 2. 3. 4. ХІ. 1. Оқулықтың 100-бетінде №270(1-4), №271(1,2), №272(1,2,3) 2. Тест орындау(деңгейлік тест) ХІІ. Бағалау Бағалау парағы Аты- жөні ______________________ № Қызмет түрі Бағалау 1 Үй жұмысын тексеру 2 Сәйкестік тест 3 «Ой қозғау» 4 Оқулықпен жұмыс 5 «ОЙЛАН ДА ТАП!» 6 ТЕСТ 1. а) в) с) 1 2. а) в) с) 3. а) в) с) 4. а) в) с) ТЕСТ 3. а) в) с) 1 4. а) в) с) 3. а) в) с) 4. а) в) с) ТЕСТ 5. а) в) с) 1 6. а) в) с) 3. а) в) с) 4. а) в) с) 



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Конспект урока по математике на тему "Рационал б?лшектерді ?осу"

Автор: Таджиева Махфиза Эсановна

Дата: 20.02.2016

Номер свидетельства: 296370


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства