kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Конспект внеклассного мероприятия на тему "Математикалы? ассорти"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты:  о?ушыларды? білімге ?ызы?ушылы?ын арттыра отырып, ой-?рісін ке?ейту, есте са?тау ?абілетін шы?дау, о?ушыларды ізденімпазды??а, ?йымшылды??а, шапша?ды??а т?рбиелеу

Т?рі: топты? сайыс

Типі: ойын 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«конспект внеклассного мероприятия на тему "Математикалы? ассорти"»

Сыныптан тыс жұмыс

Тақырыбы: Математикалық ассорти



Мақсаты: оқушылардың білімге қызығушылығын арттыра отырып, ой-өрісін кеңейту, есте сақтау қабілетін шыңдау, оқушыларды ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу

Түрі: топтық сайыс

Типі: ойын

Көрнекілігі: плакатқа жазылған нақыл сөздер: «Арифметика – математиканың, ал математика – ғылымдардың патшасы» К.Гаусс, «Ақыл – ойды тәртіпке келтіретін математика» М.В.Ломоносов, «Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те» Р.Бэкон

Жоспары:

1. Оқушыларды ұйымдастыру. Кіріспе сөз. Жоспармен таныстыру.

2. І кезең. Математика және тарих

3. ІІ кезең. Математика және логика

4. ІІІ кезең. Қызықты сұрақтар

5. ІҮ кезең. Қызықты есептер

6. Ү кезең.«Баспалдақ» ойыны

7. ҮІ кезең. « Айтылмайтын сан» ойыны

8. ҮІІ кезең. «Рим цифрлары» атты сайыс

9. ҮІІІ кезең. Суретшілер сайысы

10.ІХ кезең.Қорытындылау. Марапаттау





І кезең.Математика және тарих

Математика тарихы ұлы адамдарға өте бай. Біз оларды бізге тастап кеткен мұрасынан білеміз. Кейде математика кітабында бір есептің тұсында сол есепті шығарған ғалымның аты немесе сол формуланы ойлап тапқан адамның аты тұрады. Біздің алтыншы сыныпқа дейін білетін математиктеріміз өте аз. Балалар, сендер қандай математик-ғалымдарды білесіңдер?Ал енді осы ғалымдар туралы білмегенімізді біліп,білімімізді толықтырайық.

Сұрақтар:

1.Математиканың бастамасына көп үлес қосқан қазақ математигі кім?

Жауабы: Әбу Насыр Әл – Фараби

2. «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика» деген сөзді айтқан орыс ғалымы кім?

Жауабы: М.В.Ломоносов

3. Ежелгі пирамидалар елінде өмір сүрген білгір грек математигі. Ол көбінесе геометрияны оқып зерттеген, үлкен ұлы еңбектері бар. Кім туралы айтылған?

Жауабы: Евклид

4. Жай сандарды іріктеп алу ежелгі тәсілін құрастырған кім?

Жауабы: Эратосфен Киренский

5. 1637 жылы координаталық түзуді енгізіп, теріс және оң сандарға түсінік берген француз математигі?

Жауабы: Рене Декарт

6.Оң және теріс сандарды көбейту және бөлу ережелерін қолданған ғалым?

Ф. 2,7 ∙ (- 10); Н. – 4 ∙ 4,2; И. 6,2 ∙ (- 2); Т. -2,5 ∙ 4; Д. - ∙ 100;

О. -22,8 ∙ (- )А.- ∙

- 40

- 12,4

11,4

-27

-0,5

-16,8

-10










Жауабы: Диофант

7. «Математика патшасы» деп ғалымдар кімді атаған?

Жауабы: Карл Фридрих Гаусс

Енді Гаусс туралы бейнекөрініс көрейік.

ІІ кезең. Математика және логика

1.Әзіл есеп “ Түлкі мен қасқыр”.

Түлкі мен қасқыр тегін балыққа тап болады. Қасқыр айтады “Мен математикаға нашармын, балықты сен бөл” дейді түлкіге. Сонда түлкі саған біреу, маған екеу, саған үшеу, маған төртеу т. с. с. Ең соңында жиырма балықты өзіне салады. Кім көп алды және қаншаға артық алды?

Жауабы: қасқыр-100, ең көп балықты түлкі алды -110, 10 балыққа артық.

2. Әзіл есеп «Қу түлкі». Шал балықтарды көп аулап әндетіп келе жатса, жолда бір түлкі сұлап жатады, шал қуанып кемпіріме жаға болады деп түлкіні шанаға салып алады. Ал түлкі жолда 1 минутта 1 балық, 2 минутта 2 балық, т. с. с. бір лақтырғанда алдыңғы лақтырғаннан 2 есе артық балық лақтыра береді. 7 минутта барлығы неше балық лақтырған.

Жауабы: 127

3.Айша мен Әсем бірге 9 алма жеді, ал Айша мен Назым 10 алма жеді. Әсем мен Назым бірге 11 алма жеді.Үш қыз бірге қанша алма жеді? 
Жауабы: 15 алма

4.Нан мен қанттың салмағы нан мен кәмпиттің салмағынан артық. Қайсысы ауыр: қант па, әлде кәмпит па?

Жауабы: қант

5.Үш түзу сызып, әрқайсысына үш нүктеден белгіле. Барлық нүктелер саны 6 болу керек. Бұны қалай салуға болады?

Енді математикалық логикаларыңды тексеріп жіберейік. Әзіл есептер.

№ 1есеп. Мысықты тоңазытқышқа салу үшін қанша қимыл жасау керек? (Мысықты тоңазытқышқа салу үшін 3 түрлі қимыл жасау керек: тоңазытқыштың есігін ашу керек, мысықты ішіне салу керек және есігін жабу керек).

№ 2 есеп. Итті тоңазытқышқа салу үшін қанша қимыл жасау керек? (Төрт қимыл жасау керек: әуелі мысықты тоңазытқыштан алу керек). Бұл сұрақ сендердің шешім қабылдаған кезде алдындағы жасаған нәрсеңді ойлай ма екенсің дегенді тексеруге берілген.

№ 3 есеп. Ит пен мысық судан 1 км қашықтықта тұр. Қайсысы суға тезірек жетеді?

(мысық тезірек жетеді, өйткені ит тоңазытқышта қалып қойды). Бұл сұрақ сендердің есте сақтау қабілеттеріңді тексереді екен.

ЗАДАЧА № 4. Он килограмдық жәшікке қанша мысық сияды? (Он килограмм мысық сияды).

ЗАДАЧА № 5. Ал қанша ит сияды ? ( Ешқандай ит сыймайды, өйткені онда мысықтар бар).

ІІІ кезең. Қызықты сұрақтар:

1.Екі қолда 10 саусақ бар, ал 10 қолда қанша саусақ бар?

Жауабы: 50 саусақ

2. 7 майшам жанып тұр. 4-уін сөндірсек, неше майшам қалады?

Жауабы: 7 майшам

3. XVIII ғасырда “көбейту” және “бөлу” таңбаларын ұсынған кім?

Жауабы: Лейбниц

4.Балаларды жазалау үшін қолданылатын геометриялық фигура?

Жауабы: бұрыш

5.Ер адамдар басына киетін математикалық фигура?

Жауабы: цилиндр

6. Египеттен келген көпжақ?

Жауабы: пирамида

7. Тамаққа салатын бульон қандай геометриялық фигураға жатады?

Жауабы: параллелепипед

ІҮ кезең. Қызықты есептер

1. 1-ден 9-ға дейінгі сандарды мына домалақтардың ішіне әрбір түзудің бойымен санағанда 15 саны шығатындай етіп орналастыр.

2.Үшбұрыштың әрбір қабырғасындағы сандардың қосындысы 20-ға тең болатындай етіп, 1-ден 9-ға дейінгі сандарды орналастыр.



3. 1-ден 7-ге дейінгі сандарды дөңгелектерге орналастыр. Әрбір шеңбердің және әрбір түзудің бойындағы сандардың қосындысы 12-ге тең болу керек.



4. Қаламды парақтан алмай мына сызбаның үстімен жүргіз.

5. Ғажайып жетілік. Амал таңбаларын қойып шық:

7 7 7 7 7 7 7=6; 7 7 7 7 7 7 7=7; 7 7 7 7 7 7 7=8;7 7 7 7 7 7 7=10; 7 7 7 7 7 7 7=49; 7 7 7 7 7 7 7=107; 7 7 7 7 7 7 7=140

Жауабы: (7+7+7+7+7+7):7=6; (7*7-7*7+7*7):7=7; 777:777+7=8; 7:7+7:7+7:7+7=10; 7+7+7+7+7+7+7=49; (777-77):7+7=107; ((7+7):7+7)*7+77=140

Ү кезең. «Баспалдақ» ойыны

Әр сыныптан 3 оқушыдан ортаға шығады.

Парақта баспалдақ салынған, әрбір жолда 2 торкөзден бар.Белгі бойынша жоғарғы торкөздерге екі таңбалы сан жазу керек. Содан кейін келесі жолға алдында жазылған санның соңғы цифрын түсіріп, қасына тақ сан шығатындай етіп, екінші цифрын жазу керек. Келесі жолға тағы да соңғы цифрын түсіріп, оның да жанына 3-ке бөлінетін сан шығатындай екінші цифрын жазу керек. Келесі сан 4-ке, одан кейінгі сан 5-ке, т.с.с, 10-ға дейін бөлінетіндей етіп сандарды жалғастырып жаза беру керек. Кім бірінші болып «баспалдақты» бітіреді, сол адам ұтады. Мысалы, бірінші сан 26 болса:

2

6

6

1

1

8

8

4

4

5

5

4

4

9

9

6

6

3

3

0



ҮІ кезең. «Айтылмайтын сан» ойыны

Қатысушылардың бәрі жартышеңбер бойымен тұрады. Алдын ала қай санның айтылмайтындығы туралы келісіледі. Мысалы, 7 саны.

7-мен басталып, 7-мен аяқталатын сандарды және 7-ге бөлінетін сандарды айтуға болмайды. Мұндай сандардың орнына « жаңылмаймын» деген сөз айтылады. Егер біреу жаңылысып қалса, онда ол адам ойыннан шығады да, ойын ары қарай жалғасады.

ҮІІ кезең. «Рим цифрлары» атты сайыс

Дұрыс теңдік шығатындай бір ғана таяқшаны қозғау керек:

а) VI – IV = IX, г) X + X = I,

б) VI – IV = XI, д) X – IX = VI,

в) VI + IV = XII, е) VIII + IV = XVII.

ҮІІІ кезең. Суретшілер сайысы

Әр сыныптан 1 оқушыдан шығып тақтаға бір қолымен шеңбер, екінші қолымен шаршы салады.

ІХ кезең. Қорытындылау. Марапаттау


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
конспект внеклассного мероприятия на тему "Математикалы? ассорти"

Автор: Сапарова Гулсара

Дата: 17.05.2016

Номер свидетельства: 327778

Похожие файлы

object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(121) "конспект внеклассного мероприятия на тему "Математикалы? ассорти""
    ["seo_title"] => string(73) "konspiekt-vnieklassnogho-mieropriiatiia-na-tiemu-matiematikalyk-assorti-1"
    ["file_id"] => string(6) "327779"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1463495213"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
1600 руб.
2660 руб.
1410 руб.
2350 руб.
1500 руб.
2500 руб.
1160 руб.
1940 руб.
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства