Математика 6 сынып | Күні: 12. 03. 15 Тексерген: |
Тақырыбы: | Центрлік симметрия |
Мақсаты: | Оқушылар нүктеге қатысты симметриялы фигураларды, центрлік симметриялы фигураларды, симметриялы фигураладың теңдігін, нүктеге қатысты симметриялы фигуралады салуды үйрену. |
Сілтеме: | МАН 2014 жыл, оқулық, АКТ көздері, үлестірме материалдар. |
Күтілетін нәтиже: | Оқушылар нүктеге қатысты симметриялы фигураларды салуды үйренеді ; Теориялық білімін практикада қолдана білу дағдысын қалыптастырады |
Ақпарат көздері, қолданатын материалдар: | Интербелсенді тақта, флипчарт, тақырыпқа байланысты суреттер, слайд. А форматтағы қағаздар, маркер, стикер, бағалау парақшалары. |
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: | Оқыту әдіс тәсілдері: жеке, топпен жұмыс, бірлескен оқу. Сын тұрғысынан ойлауға үйрету: ашық сұрақтар қою, Блум таксономиясы, сәйкестендіру, АКТ-ны қолдану: презентация, Жас ерекшелікке сәйкес оқыту: деңгейлі тапсырмалар. Өзара бағалау және өзін өзі бағалау: Кері байланыс, Критерийлер бойынша бағалау. |
Негізгі дереккөздері: | МАН 2014 жыл, математика оқулығы, автор: Т.А. Алдамұратова, Т.С. Байшоланов. Алматы қаласы . Атамұра 2011 жыл, әдістемелік жұмыс, |
Сабақтың барысы: | Мұғалім әрекеті: Тапсырмалар береді. | Оқушы әрекеті: Тапсырмалар орындайды, талдайды. |
Ұйымдастыру. | Оқушыларды әр түрлі түсті қарындаштар арқылы топтарға бөлу. Шаттық шеңберін құру. Бір-біріне сәттілік тілеу. |
Білу. | 2-9 слайд Табиғатта , техникада және тұрмыста кейбір денелердің бөліктері өзара үйлесімді болып орналасады. /Слайдпен көрсету/ Мұндай жағдайда: дененің, фигураның бөліктері, симметриялы деген сөздерді жиі кездестіреміз. «Симметрия» грек сөзінен алынған, ол «гармония» сөзі сияқты бірдей өлшемділікті, белгілі бір реттілікпен орналасқан деген ұғымды білдіреді. Симметрия әр түрлі болады. Симметрияның ең қарапайым түрі түзуге қатысты симметрия. 10 слайд «Симметриялық әріптер» Симметрия әріптерде де кездеседі. Тік бағыт : А; D; Л; М; П; Т; Ф; Ш; Ү; Көлденең :В; Е; З; К; С; Э; Ю. Тік және көлденең: Ж; Н; О; Х; І; Ө; Ұ Өзара симметриялы болмайтын әріптер : Б; Г; И; Й; Р; У; Ц; Ч; Щ; Я; Қ; Ь; Ъ; Ё; Ә; Ғ; Һ; Ң; «Симметриялық палиндромдар» Сол және оң жақтардан бірдей оқылатын сөздерді білеміз. Мұндай сөздер палиндромдар деп атайды. Кейбір палиндромдар симметриялы болып келеді. Мысалы : ата, тот, шаш т.б 11 слайд алдарыңда парақ қағаз жатыр палиндромдар симметриялы болып келетін сөзді жазыңдар. |
Түсіну. | 12-18 слайд. Тақтадағы көрнекілік көмегімен оқушыларға бағыт беру арқылы тақырып тың мазмұнын өздері алады. Координаталар басы О нүктесіне қатысты симметриялы нүктенің координатасы қарама – қарсы сандар болатынын өздері қорытындылайды. Центрлі симметриялы әріптер: О , S, X, Z 19 слайд .Суретке қарап анықтаңдар, О нүктесіне cимметриялы фигуры салыңдар . 20 слайд . Топтық жұмыс. Постерлер салу cимметриялы фигуры салыңдар |
Талдау. | 21-22 слайд .Жеке жұмыс. Суретке қарап анықтаңдар, қандай түзулер: АВ; AD; BС; AO; BO; OC; BD; MN О нүктесіне cимметриялы |
Қолдану. Тақтамен жұмыс. В, С деңгейлі оқушымен жұмыс. Оқулық пен жұмыс. | 23слайд . Жұптық жұмыс.Суретке қарап анықтаңдар, Үшбұрыштың АСД бұрыштары қандай нүктелерге: О нүктесіне қатысты cимметриялы болады 24 слайд . Жұптық жұмыс.Суретке қарап анықтаңдар, Үшбұрыштың BСO бұрыштары қандай нүктелерге: О нүктесіне қатысты cимметриялы болады 25слайд . Жұптық жұмыс.Суретке қарап анықтаңдар, Үшбұрыштың АСД бұрыштары қандай нүктелерге: О нүктесіне қатысты cимметриялы болады |
Жинақтау. Сәйкестендіру. | 26 слайд . Суретке қарап анықтаңдар, Төртбұрыштың бұрыштары қандай нүктелерге: О нүктесіне қатысты cимметриялы болады 28 слайд . Симметрия |
Сабақты қорытындылау. Рефлексия бөлімі. | 1.Сим метрия болатын ағылшын алфавитінің әріптерін жазып келу. 2. Симметрия болатын палиндром сөздер немесе сөйлем құрастыру 3. Сия немесе бояу тамшыларымен сурет салу 4. Симметриялы орналасқан әр түрлі заттардың, үйлердің т.б суреттер болса алып келу. 26 слайд |
Бағалау | 29 слайд Есепті шығару. Талдай білуі. Сәйкестендіру. Өзін-өзі бағалау. Критерийлер бойынша бағалау. |