Күтілетін нәтиже: болымды мен болымсыз етістік туралы түсінігі
қалыптасқан, оны сөйлемнен таба алатын,
өз бетінше ізденетін жеке тұлғаны қалыптастыру.
Қолданылатын стратегиялар: І. Қызығушылықты ояту
ІІ. Бағдар беру сатысы
ІІІ. Мәселе қою сатысы
ІҮ. Үлгіні көрсету, түсіндіру
ҮІ. Соңғы нәтиже сатысы
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
а). Қонақтармен сәлемдесу
ә). Сабақтың өтілу барысымен таныстыру
2. Психологиялық жаттығу
3. Үй тапсырмасын сұрау
4. Жаңа сабақ
5. Сабақты қорыту
6. Бағалау
а). Жеңімпаз топты анықтап, марапаттау
7. Үйге тапсырма
1. Ұйымдастыру кезеңі.
а).Оқушылардың қонақтармен сәлемдесуі:
Құрметіне ұстаздардың тік тұрайық,
Құшақ жайып жан- жаққа зер салайық.
Мектептің аяулы ұстаздары
Сіздерді қуанышпен қарсы алайық.
ә). Сабақтың өтілу барысымен таныстыру.
Мұғалімнің сөзі: Жақсы, балалар, отыра қойыңдар! Қазір- қазақ тілі сабағы. Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз күнделікті сабаққа қарағанда сәл ерекшелеу. Өйткені сыныпта мектебіміздің ұстаздары қонақта отыр. Олар біздің біліміміз және тәртібімізді сынамақшы. Сыныпта тәртіп сақтап, барлығымыз ынта жігермен сабаққа қатысамыз. Сабақ сайыс түрінде өтеді. Әр топ басшысы өзінің тобындағы оқушының сабаққа қатысу барысын қадағалайды. Сабақ жарыс түрінде өтетін болғандықтан әрбір дұрыс жауапты жұлдызшамен және шаршымен бағалаймын. 1 жұлдызша- 5 ұпай, ал 1 шаршы- 4 ұпай болып есептелінеді. Қай топтың жинаған ұпай саны көп, сол топ жеңіске жетеді.
І. Қызығушылықты ояту сатысы.
Орнымыздан тұрайық, жаттығуды жасайық.
2. Психологиялық жаттығу.
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстап қаламын.
Тыныштық пен жылу жарық мейірімді,
Сенің ғана алақаныңа саламын.
Балалар, барлығымыз бір- бірімізге жүректің жылуы мен мейірімділіктің шуағын сыйладық. - Балалар, қазір қандай ай? – Ақпан айы.
- Келесі ай ше? – Наурыз айы. Наурыз айында қандай мерекелер бар?
- 8 наурыз- Халықаралық Әйелдер мерекесі.
Мерекеде аналарымыз бен қыздарға әр түрлі сыйлықтар тарту етеміз. Ал осы сыйлықтардың қайсысы әрі ең қымбат, әрі ең бағалы? - Әрине- гүл! Гүлдердің қандай түрлерін білесіңдер? Ал олар туралы қысқаша мәлімет алғыларың келе ме? Олай болса, гүлдер әлеміне саяхатқа шығамыз. Көктемде ең алғаш қандай гүл гүлдейтінін білесіңдер ме? Бәйшешек. Бәйшешектің суреті мен ол туралы шағын мәлімет алу үшін үй тапсырмасының қалай орындалғанын тексеруіміз керек.
Үйге қандай тапсырма берілді? (46-беттегі 3- жаттығуда берілген өлеңді жаттап, болымсыз етістікті көшіріп жазу тапсырылды. Болымсыз етістік қалай жасалатынын айт делінген.) 3.Үй тапсырмасын сұрау.
Болымсыз етістік аты аталған жұрнақтардан басқа, және, емес сөздерінің тіркесуі арқылы да жасалады, алайда бұл жөнінде толық мағлұматты сендер орта буынға өткенде аласыңдар.
істің жүзеге асу- аспауына қарай болымды және болымсыз болып екіге бөлінеді.
Міне, бәйшешектің суреті. Дүние жүзінде бәйшешектің 80- ге жуық түрі бар. Ол- көпжылдық өсімдік. Ол- көктем хабаршысы. Оның гүлдері түнге қарай және бұлтты күндері жабылып қалады. Бәйшешектер- сәндік өсімдіктер.
ІІІ. Мәселе қою сатысы
4. Жаңа сабақ. Келесі танысатын гүліміз- түймедақ. Ол гүл туралы мәлімет алу үшін, келесі тапсырманы орындаймыз.
Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күн ретін, сынып жұмысын, көркем жазуға байланысты берілген Л л әрпін, лақ, гүл , ал- ма сөздерін буынға бөліп жазып, оқушылар қандай буын екенін ажыратады.
ІҮ.Үлгіні көрсету, түсіндіру.
1- жаттығу. Шартын оқытамын. Өлеңді мәнерлеп оқы. Өлеңнің бірінші шұмағын көшіріп жаз. Болымды етістіктің астын бір сызықпен, болымсыз етістіктің астын екі сызықпен сыз. Етістіктердің болымды немесе болымсыз екенін дәлелде. Өлең не туралы?
Аппақ бала, ақ бала,
Салақтарды жақтама.
Мұнтаздай боп жүреді,
Ұқыптылар тек қана.
Бұл өлеңде не туралы айтылған? Міне, түймедақтың суреті. Түймедақ- далада көп өсетін керемет гүл. Кереметтігі сол- онымен неше түрлі ауруды емдей беруге болады. Оның ең алғаш гүлдеген кезі пайдалы, осы кезеңде емдік қасиеті күшті болады.
Келесі гүл туралы мәлімет алу үшін, мына тапсырманы орындауымыз керек.
2- жаттығу. Шартын оқытамын. Сөйлемдерді оқып, етістіктерді тап.
Сөйлемдегі болымды етістіктерді болымсыз етістікке айналдырып көшіріп жаз. Болымды етістік пен болымсыз етістіктің айырмашылығын айтып дәлелде. Үлгі: Асан иттен қорыққанын білдірмеді.
1.Асан иттен қорыққанын білдірмеді. 2. Мақсат есікті қаққан адамға ашпады. 3. Барлық құстардың тіршілігі бірдей болмайды. 4. Асқар үш досының да пікірін тыңдамады. 5. Бүгін кешегідей жаңбыр жаумады.
Оқушылар тақтаға шығып әр сөйлемді жазып болымсыз етістік пен болымды етістіктің айырмашылығын айтып дәлелдейді.
Міне, сарғалдақтың суреті. Оның суда өсетін түрлері де бар. Дүние жүзінде оның 55- түрі кездеседі. Сарғалдақтардың көптеген түрлерінің құрамында улы заттар болады, бірақ оны кептіргенде уы жойылады.
Жатаған сарғалдақ- дәрілік өсімдік.
Орнымыздан тұрамыз, бой сергітіп аламыз.
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрамыз,
Мойнымызды бұрамыз.
Қолымызды тік ұстап,
Билеп- билеп аламыз.
Жалығуды білмейміз,
Жабығуды білмейміз,
Жауқазындай көз тартып,
Жайраң қағып билейміз.
Келесі танып білетін гүліміз- қызғалдақ гүлі. Онымен танысу үшін келесі тапсырманы орындауымыз керек.
Әр топқа берілетін топтық жұмыс.
Ата- бабамыз ұрпақ тәрбиесіне көп көңіл бөлген. Көп нәрседен тыйып отырған. Біз де топ- топ болып тыйым сөздер айтып жарысайық.
( Балалар тыйым сөздер айтып жарысады.)
3- жаттығу. Шартын оқытамын. Тыйым сөздерді көшіріп жаз. Етістіктерді сөз құрамына талда.
1. Бас киіміңді теріс киме. 2. Қызға қол көтерме. 3. Басыңды шайқама.
4. Өтірік айтпа. 5. Үйге жүгіріп кірме.
Оқушылар тыйым сөздерді жазу барысында болымсыз етістіктердің жасалу жолына көңіл бөліп, етістіктерді сөз құрамына талдайды.
Міне, қызғалдақтың суреті. Қазақстанда оның 35 түрі кездеседі. Қазақстан- қызғалдақтың Отаны болып саналады. Оның өте сирек кездесетін 13 түрі Қазақстанның « Қызыл кітабына» енгізілген.
Ал сендер гүлдердің патшасымен танысқыларың келе ме? Олай болса, келесі тапсырманы орындайық.
5- жаттығу. Шартын оқытамын. Адасқан сөздердің орнын тауып, өлеңді көшіріп жаз. Болымды етістіктердің астын бір сызықпен, болымсыз етістіктердің астын екі сызықпен сыз. Болымсыз етістіктерді сөз құрамына талда. Оқушылар болымсыз етістіктерді сөз құрамына талдайды.
Ақ тайлақ
Бала біткен шулайды,
Тайлақ үркіп, тулайды.
« Шөк!» дегенді ұқпайды,
Үй маңынан шықпайды.
Тайлақ деген не? Түйенің төлін бота деп атайды. Бір жастан асқан бота тайлақ деп аталады. Ботаны емізіп, сауатын мезгіл келгенде түйені «көс- көс» деп шақырады. Түйе жылына бір рет боталайды. Ал «Шөк!» дегенде ол не істейді? «Шөк!» дегенде ол отырады екен, сөйтіп адам оның үстінен түседі, я болмаса мінеді. Түйе- төрт түлікке жататын жануар. Төрт түлікке тағы нелер жатады? Қой, сиыр, жылқы.
І топ- қой туралы, ІІ топ- сиыр туралы, ІІІ топ- жылқы туралы эссе толғау, шағын шығарма жазады. Қай топтың жазған шығармасы мазмұнды, қызық болады екен?
Жазған шығармаларын оқиды.
Гүлдің патшасы- раушангүл. Ол ең әдемі иісі аңқып тұратын, қыздар мен аналарымыз жақсы көретін гүлдің бірі екен.
ҮІ. Соңғы нәтиже сатысы.
Топтастыру. Гүл қайтеді? Құлпырады, қуантады, әсемдейді, гүлдейді,
ауаны тазартады, емдейді. Бұл етістіктер болымды етістіктер.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың « Жасыл ел» бағдарламасында өсімдіктің адам өміріндегі маңызы айтылған. Ол бағдарламада өсімдіктерді көбейту керектігі айтылған. Біз де оған өз үлесімізді қоса аламыз. Көктемде ағаш отырғызуымыз керек. « Бір тал кессең, он тал ек.» дейді дана халқымыз. Олай болса, біз де айналамызды жасылдандырып өз еліміздің көркеюіне үлесімізді қосайық.
5. Сабақты қорыту
Сонымен, бүгінгі сабақта бәріміз бір- бірімізбен ой бөлістік, пікір алмастық,
жаттығу жұмысын орындау арқылы болымсыз етістік туралы түсінігіміз кеңейді. Шығармашылық қабілетіміз дамыды. Бір- бірімізді тыңдадық. Ойлау қабілетіміз артты.Олай болса, болымды етістік пен болымсыз етістік туралы алған білімімізді ортаға салайық. Қорытынды жасалады.
6. Бағалау. Әр топ басшысы, яғни спикер өздерінің жинаған жұлдызшаларын санайды да, 5- ке көбейтеді, шаршыларын санап, 4- ке көбейтеді. Қай топтың ұпай саны көп сол топ өте жақсы бағаланады.
а).Жеңімпаз топты анықтап, марапаттау.
Жекеленген оқушыларға келсек, деп сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалаймын.
7. Үйге тапсырма: 48- бет 4- жаттығудағы берілген мәтіндіоқып, мәтіннен
болымсыз етістік кездесетін бөлікті көшіріп жазып, етістіктерге сұрақ қоясыңдар, сөз құрамына талдайсыңдар.
Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір күрес жеткізе ме мұратын.
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегін,
Қатысу да бір жеңіс жан болсаң сен ұғатын.
«Қош» демеймін әлі талай сабақ бар,
Білімдерің шыңдала берсін, қалыспаңдар!
Білімділер көбейсін күннен- күнге,
Келе берсін мектептен ұстаздар да- деп, барлығыңызға қош, сау болыңыздар дейміз! Сабақ аяқталды.