kopilkaurokov.ru - сайт для учителей
Файл удален или неудачно загружен. Попробуйте загрузить файл повторно

Создайте Ваш сайт учителя Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Конспект урока математики по тему "Квадрат те?деулерге келтірілетін есептер"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты:Білімділік: О?ушыларды берілген есепті? шартын талдай білуге, айтылып отыр?ан шамаларды айыра білуге, оларды? арасында?ы т?уелділікті аны?тай білу ар?ылы квадрат те?деуге келтіріп, шеше білуге ?йрету;Т?рбиелік: О?ушылар белсенділігін арттыру, ?зіне – ?зі ба?а беруге, ?з жетістіктерін сезініп, білім сапасын арттырып, п?нге деген ?ызы?ушылы??а т?рбиелеу;Дамытушылы?: ?з бетінше есептер шы?ару ар?ылы ой – ?рісін, ойлау ?абілетін дамыту

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Конспект урока математики по тему "Квадрат те?деулерге келтірілетін есептер" »

Мерзімі __________ 8 сынып Тексерген: _________

Сабақтың тақырыбы: Квадрат теңдеулерге келтірілетін есептер

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды берілген есептің шартын талдай білуге, айтылып отырған шамаларды айыра білуге, олардың арасындағы тәуелділікті анықтай білу арқылы квадрат теңдеуге келтіріп, шеше білуге үйрету;

Тәрбиелік: Оқушылар белсенділігін арттыру, өзіне – өзі баға беруге, өз жетістіктерін сезініп, білім сапасын арттырып, пәнге деген қызығушылыққа тәрбиелеу;

Дамытушылық: Өз бетінше есептер шығару арқылы ой – өрісін, ойлау қабілетін дамыту

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, талдау

Сабақтың көрнекілігі: Кестелер, үлестірме қағаздар, тест тапсырмалары, графопроектор.

Сабақтың түрі: дәстурлі

Сабақ кезеңі

Уақыты

ОӘ; тіәұ

Сабақтың барысы

I.Ұйымдастыру кезеңі :

3 мин

Сұрақ - жауап

Окушыларды түгендеп, назарын сабаққа аудару


II.Білімді тексеру



5 мин


Сұрақ - жауап

1.Қандай өрнекті бүтін өрнек деп атайды?

2.Көпмүшені көбейткіштерге жіктеудің қандай тәсілдерін білесіңдер?

3.Рационал өрнектер дегеніміз не?

4.Өрнекті теңбе-тең түрлендіру дегеніміз не?

III. Жаңа сабаққа мақсат қою


2 мин




Бүгінгі жай бөлшекті бөлу ұғымымен танысып, оларға есеп шығарамыз.

IV. Жаңа материалды өту

12 мин

Түсіндірмелі -көрсетілмелі

Теңдеу құруға берілген есептерді шығару алгебра курсындағы негізгі мәселелердің бірі. Есепті теңдеу құру арқылы шығару мына кезеңдерден тұрады:

1. Есептің шартын талдау;

2. Белгісіз шамаларды анықтап, оларды есептің шартындағы белгілі шамалар мен тәуелділіктерді пайдаланып өрнектеу;

3. Теңдеу құру;

4. Теңдеуді шешу;

5. Теңдеудің шешімдерін зерттеу, есепті тексеру;

6. Есептің толық жауабын жазу.

Квадрат теңдеудің көмегімен шешілетін есептерге мысалдар қарастырайық:

1 – мысал: Тік төртбұрыштың ұзындығы енінен 5 см артық. Ауданы 150 см2 болса, төртбұрыштың қабырғаларын табыңдар.

Шешуі: Тіктөртбұрыштың ені – х см, ұзындығы – (х+5) см

S=a*b

x(x+5)=150,

x2+5x - 150=0, D=25+600=625, x1, 2 =

х1=- 15 есептің шартын қанағаттандырмайды.

x2=10, 10+5=15.

Жауабы: 10 см және 15 см.

2 - мысал. Көбейтіндісі 899 болатын тетелес екі тақ сандарды табыңдар.

Шешуі: І сан – х,

ІІ сан – (х+2).

V.Жаңа материалдың алынғанын тексеру

3 мин

Практикалық




1 есеп.Екі орынды санның ондық цифры бірлік цифрынан 1-ге артық. Егер осы санды цифрының қосындысына көбейтсе 1666 саны шығады. Берілген санды табыңдар.

Шешуі:Ондық санды-х деп , бірлік санды у деп белгілейміз.Сонда

х=у+1және (10х+у)(х+у)=1666 теңдеулер жүйесі шығады,алмастыру тәсілі бойынша у=х-1 екінші теңдеуге қойсақ 22х²-2х-11х+1=1666,жинақтасақ 22х²-13х-1665=0 Д=383, х=9 екінші түбірі теріс сан болғандықтан алмаймыз. у=8 жауабы: 98 саны.

2 есеп.Бірінші үшеуінің квадраттарының қосындысы төртіншісі мен бесіншісінің квадраттарының қосындысына тең болатындай қатарлас бес бүтін санды табыңдар.

Шешуі: Бірінші санды х деп белгілесек келесі сандар 1-ді қосқанда шығып отырады. Сонда х²+(х+1)²+(х+2)²=(х+3)²+(х+4)² теңдеуі шығады,жақшаларды ашы жинақтасақ х²-8х-20=0,Виет теоремасын пайдаланып шешеміз, х=10 және х=-2,терістүбірін алмаймыз х=10.

Тексеру:10²+11²+12²=13²+14², 365=365

Жауабы:10,11,12,13,14.

3 есеп. Екірет бірдей процентке арзандатылғаннан кейін фотоаппараттың бағасы 300 теңгеден 192 теңгеге төмендеді. Фотоаппараттың бағасы неше процентке арзандаған?

4 есеп Қабырғалары 2 м және 4 м тіктөртбұрыш түріндегі гүлзар ені бірдей жолмен қоршалған. Барлық жолдың ауданы гүлзар ауданынан 9 есе артық болса жолдың ені қандай?

VI. Жаңа материалды бекіту










Ауызша баяндау



9 есеп. Қаладан өзара перпендикуляр жолдар бойынша әр түрлі уақытта екі жаяу адам шықты. Біріншісінің жылдамдығы 4 км/сағ, екіншісінікі 5 км/сағ. Бірінші жолаушы қаладан 7 км, ал екіншісі 10 км қашықтықта болса, онда қанша сағаттан кейін олардың ара қашықтығы 25 км болады?

Сабақты қорытындылау:

Бағалау:

«5» - «3» -

«4» - «2» -

Үйге тапсырма:

784 (5,6,7,8) № 785 (5,6,7,8)




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Конспект урока математики по тему "Квадрат те?деулерге келтірілетін есептер"

Автор: Тлеубергенова Багдагул Ногайбайовна

Дата: 07.06.2015

Номер свидетельства: 218113


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей


ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства