ІІ.Ба?дадта ертеде «Данышпандар ?йі»бол?ан,онда халифатты? барлы? ??ірінен білімді,зиялы адамдар жинал?ан.Ол данышпандар ?здерінен б?рын?ы адамдар жасап кеткен е?бектерді аударып ?ана ?оймай,?здеріде керемет жа?алы?тар ,е?бектер жазды.
Оларды? бірі Мухаммед бен Муса ?л-Хорезми (787-850жж) еді.Б?л Мухаммед М?саны? ?лы Хорезмнен шы??ан дегенді білдіреді.Хорезмдік о?ымысты ?зіні? «Орнына ?ою ж?не
?арсы ?ою» атты трактатында те?деуді? тамаша екі ?асиетін к?рсетіп берді,олар:
1)?осыл?ышты та?басын ауыстырып,те?дікті? екінші жа?ына к?шіруге болады;
2)Те?дікті? екі б?лігін де н?лден ?згеше сан?а к?бейтуге немесе б?луге болады.
Просмотр содержимого документа
«Конспект урока математики "Ежелгі те?деулер" »
Сабақтың тақырыбы:Ежелгі теңдеулер.
Сабақтың мақсаттары:1.Бізге келіп жеткен ежелгі теңдеулердің бірнешеуімен таныстырып,оларды шешу.
2.Оқушылардың ынтасын,қызығушылығын арттыру;
3.Өткенге құрметпен қарауға,бағалауға тәрбиелеу.
Дерек көзі:Л.Ф.Пичурин.За страницами учебника алгебры.
Сабақтың мазмұны:І.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу,өткен сабаққа қысқаша тоқталу.
-Теңдеу қайда,қандай маңызды мәселелерді шешу үшін қолданылады?
-Мектеп математикасында теңдеулердің қандай түрлері бар?
ІІ.Бағдадта ертеде «Данышпандар үйі»болған,онда халифаттың барлық өңірінен білімді,зиялы адамдар жиналған.Ол данышпандар өздерінен бұрынғы адамдар жасап кеткен еңбектерді аударып қана қоймай,өздеріде керемет жаңалықтар ,еңбектер жазды.
Олардың бірі Мухаммед бен Муса әл-Хорезми (787-850жж) еді.Бұл Мухаммед Мұсаның ұлы Хорезмнен шыққан дегенді білдіреді.Хорезмдік оқымысты өзінің «Орнына қою және
қарсы қою» атты трактатында теңдеудің тамаша екі қасиетін көрсетіп берді,олар:
1)Қосылғышты таңбасын ауыстырып,теңдіктің екінші жағына көшіруге болады;
2)Теңдіктің екі бөлігін де нөлден өзгеше санға көбейтуге немесе бөлуге болады.
5х-9═12-2х
5х+2х═12+9
7х═21
х═21:3
х═7
Енді ежелгі теңдеулердің бірнешеуіне тоқталайық:
1)Ежелгі орыс есебі:
Біреу бір оқытушыдан: «Өзіңнің қанша оқушың бар,мен саған оқытуға ұлымды бергім келеді.»-дейді.Оқытушы айтты: «Өзімде бар оқушыларға тағы сонша оқушы және оның жартысындай және оның төрттен біріндей және сенің ұлың қосылса ,менде 100оқушы болады» дейді.Оқытушының қанша оқушысы бар?
2)Диофант туралы есеп:(Диофант ертедегі александриялық керемет оқымысты,теңдеулер туралы алғашқы қадам жасаған)
Жолаушы! Бұл жерде Диофант жерленген
Сандар оның өмірінен сыр шертеді.
Көзіңді салып оқи кет!
Өмірінің алтыдан бірі бақытты балалық шақ еді,
Өмірдің он екіден бірі де өтті
Мұрты да шықты тебіндеп.
Жетіден бір бөлігінде Диофант
Баласыз некелі өмір кешті.
Өмірге сәби келіп,
Бақытты өмір басталды.
Бірақ оның ұлына, Әкесінің жарты жасын
Нәсіп етті жаратқан
Қайғыменен қамығып,
Тағы да төрт жыл өтті.
Диофантта осылай өмірден озды.
Есептеп тап,жолаушы Диофанттың
Бұл жалғанда қанша өмір сүргенін?!
Оқушылар осы өлеңмен берілген мәтінге теңдеу құрып,Диофанттың жасын есептеп