Дамытушылы?: ойлау, салыстыру ж?не аналогиялы? т?р?ыда орындау ?абілеттерін, берілген та?ырып бойынша талдау,?орытынды жасау да?дыларын дамыту; Т?рбиелік: о?ушыларда білімге деген о? к?з?арас ?алыптастыру, ??ыптылы??а,жина?ылы??а т?рбиелеу.
Просмотр содержимого документа
«Коэффициент. ??сас ?осыл?ыштар.??сас ?осыл?ыштарды біріктіру»
6 сынып математика
Сабақтың тақырыбы: Коэффициент. Ұқсас қосылғыштар.Ұқсас
қосылғыштарды біріктіру
Мақсаты:
Білімділік. Оқушыларды коэффициент және ұқсас қосылғыштар ұғымымен таныстыру; көбейтіндінің коэффициенттерін табу,ұқсас қосылғыштарды біріктіру бойынша біліктілігін қалыптастыру
Дамытушылық: ойлау, салыстыру және аналогиялық тұрғыда орындау қабілеттерін, берілген тақырып бойынша талдау ,қорытынды жасау дағдыларын дамыту; Тәрбиелік: оқушыларда білімге деген оң көзқарас қалыптастыру, ұқыптылыққа,жинақылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту сабағы
Сабақты өткізу формасы : жалпы-сыныптық,жекелей
Сабақты өткізу әдісі: Түсіндіру, оқу-танымдық іс-әрекеттерді ұйымдастыру Блум таксономиясы
Сабақтың көрнекілігі :плакат
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру а) оқушыларды түгендеу. ә) оқушылардың сабақта жұмыс істеу дайындығын тексеру.б) оқушылар назарын сабаққа аудару
ІІ. Жалпы білімдерін тексеру Сұрақ-жауап
1.Жақша алдында «+» таңбасы болса, жақшаны ашқанда жақша ішіндегі қосылғыштар қалай жазылады?
2.Жақша алдында «-» таңбасы болса, жақшаны ашқанда жақша ішіндегі қосылғыштардың таңбалары өзгере ме?
3.Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару дегенді қалай түсінесің?
ІІІ. Жаңа материалды меңгерту Плакатты пайдалана отырып түсіндіру.
Айнымалысы бар өрнектердегі айнымалының алдындағы сан коэффициент деп аталады.
Әріп бөліктері бірдей қосылғыштарды ұқсас қосылғыштар деп атайды.
Мысал.4а-9а+3а-17а алгебралық қосындысы берілген .
4а-9а+3а-17а қосылғыштарының әріп бөліктері бірдей. Мұндайқосылғыштарды ұқсас қосылғыштар деп атайды.
4а-9а+3а-17а=(4-9+3-17)а= -19а
Ұқсас қосылғыштарды қосу ұқсас қосылғыштарды біріктіру деп аталады.
Ұқсас қосылғыштарды біріктіру үшін:
1)Олардың коэффициенттерін қосу керек
2)Алынған нәтижені ортақ әріп бөлікке көбейту керек.
Ұсас қосылғыштардың әр түрлі бірнеше тобы болуы мүмкін.Мұндай жағдайда әртүрлі ұқсас қосылғыштардың астын түрліше сызып ,соған қарап біріктіреді.
Енді өтілген теориялық материалды бекіту үшін Блум Таксономиясын қолдану. 1. Білім: жақшаларды аш ( а-в) – (а +в); жақшаларды ашу алгоритмі. 2. Түсіну: ұқсас қосылғыштарды біріктір: 2а -6а + 8а –а -5в +4; 3. Қолдану: 5(7у- 2)- 7(5у + 2) 4. Талдау: ұқсас қосылғыштарды біріктіру алгоритмі не үшін қажет? 5. Синтез: а-ның кез келген мәнінде өрнектің -ге тең болатынын дәлелде.. 6. Бағалау: көбейтудің үлестірімділік қасиеті ұқсас мүшелерді біріктіруде қажет пе? Ұқсас қосылғыштарды біріктіру өрнектердің мәнін табуда қажет пе?
ІУ. Бекіту Оқулықпен жұмыс № 738, ауызша
5х коэффициенті 5 -7у коэффициенті -7
ав коэффициенті 1 -0,2к коэффициенті -0,2
№739 өз бетінше орындау
1) -20*2а= -40а 2) 2,5*(-3в)= -7,5в
№ 741 тақтада орындау
1) 0,24в+9,76в-16в= -6в 2) -3,9с-4,2с+1,5с=-6,5с
30х-33,81х-2,79х =-6,6х
УІ.Үйге тапсырма № 740,744 180-беттегі сұрақтарға жауап Сабақты қорытындылау
— Жақшаның алдында “+” таңбасы болса, жақша қалай ашылады?
— Жақшаның алдында “-” таңбасы болса, жақша қалай ашылады?
— Ұқсас қосылғыштар деп қандай қосылғыштарды айтады?
— Ұқсас қосылғыштарды қалай біріктірді?
Рефлексия : Тиісті сөздің астын сыз.
Мен сабақта: көп нәрсені үйрендім, үйренгенім аз болды. Мен басқаларды мұқият , зейінсіз тыңдадым.