бейту кезінде компоненттерді? аталуымен таныстыру;
к?бейту амалыны? на?ты м?н-ма?ынасы туралы білімдерін ?алыптастыру, есептеу да?дыларын жетілдіру.
1. Психологиялы? дайынды?. - Таби?атта к?н с?улесі бар. Ол жер бетіне жары? шашып, тіршілік береді. К?нді ?зіміз жасап к?рейік. К?здері?ді ж?мып, ж?ректері?де кішкентай ж?лдызша бар деп сезіні?дер. О?ан оймен жа?ынды? сезімін ?келетін к?н с?улесін ба?ыттайы?. Ж?лдызша ?лкейіп барады. С?улені бейбітшілікке ба?ыттайы?. Ж?лдызша та?ы ?лкейді. С?улені ?айырымдылы??а ба?ыттаймыз, ол одан ?рі ?лкейе т?сті. Мен с?улені денсаулы?, ?уаныш, жылу, жары?, н?зіктік, мейірімділік ж?лдызшаларына ба?ыттаймын. Енді ж?лдызша к?н сия?ты ?лкен болды. Ол б?ріне-б?ріне жылу береді (?олды екі жа??а жайып, бейнелеп к?рсету).
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«К?бейту ж?не б?лу амалдары»
Cабақтың тақырыбы: Көбейту және бөлу амалдары
Сабақтың мақсаты: балаларды көбейту амалымен және
бейту кезінде компоненттердің аталуымен таныстыру;
көбейту амалының нақты мән-мағынасы туралы білімдерін қалыптастыру, есептеу дағдыларын жетілдіру.
1. Психологиялық дайындық. - Табиғатта күн сәулесі бар. Ол жер бетіне жарық шашып, тіршілік береді. Күнді өзіміз жасап көрейік. Көздеріңді жұмып, жүректеріңде кішкентай жұлдызша бар деп сезініңдер. Оған оймен жақындық сезімін әкелетін күн сәулесін бағыттайық. Жұлдызша үлкейіп барады. Сәулені бейбітшілікке бағыттайық. Жұлдызша тағы үлкейді. Сәулені қайырымдылыққа бағыттаймыз, ол одан әрі үлкейе түсті. Мен сәулені денсаулық, қуаныш, жылу, жарық, нәзіктік, мейірімділік жұлдызшаларына бағыттаймын. Енді жұлдызша күн сияқты үлкен болды. Ол бәріне-бәріне жылу береді (қолды екі жаққа жайып, бейнелеп көрсету).
2. Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру.
Ауызша есеп ретінде алдыңғы сабақтардағыға ұқсас тапсыр - маларды енгізу.
«Математикалық эстафета» ойыны. Ойынның мақсаты есептеу дағдыларын арттыру.
Үш бет қағазға әр қатардағы бала санына сәйкес көбейту мен бөлудің өтілген жағдайларына мысалдар жазылады. Балалар артқы партадан бастап, жауаптары жазылған беттерді алдындағы балаларға береді. Тез және қатесіз шығарған қатар жеңеді.
Бірдей қосылғыштар қосындысын табуға арналған тапсыр ма. Тақтаға мысалдар жазылады:
7+7+7 + 7; 6+6+6+6+6; 4+4+4; 3+3+3+3+3
«Біз шешкен мысал несімен қызықты, қандай қосылғыштардың қосындысын табамыз? Мұнда қанша қосылғышты табамыз? Жетіні неше рет алдық?»
Қалған мысалдармен де осылай жұмыс жүргізу керек. Шешілген мысалдарға қайта оралып, мұғалім сұрақ қояды: «28 санын бірдей қандай қосылғыштар қосындысы түрінде алуға болады?» және т.б.
Ауызша жаттығулар:
- 0-ден 20-ға дейін екіден, 3-тен 30-ға дейін үштен, 4-тен 40-қа
дейін төрттен тура және кері санаңдар.
- Жәшікте 4 доп бар. Екі, үш, бес жәшікте неше доп бар?
Қалай есептедіңдер?
- Өрнектің мәнін табыңдар. Олар несімен ұқсас? (екі өрнектегі
- Мұнда неше қарындаш барын санаңдар (немесе басқа заттар).6 данадан 6 қорап салынған.
- 1 пакетте 8 алма бар. 7 пакетте неше алма бар? Балалар алдымен ауызша есептейді, кейбірі шатасады, сол кезде мұғалім
тақтаға жазуды сұрайды. Бұлайша жазып тұру ыңғайсыз және көп уақыт алатынын ұғындыру қажет.
3. Жаңа білімді енгізу.
Мұғалім балаларға «сонша алдым» сөзінің мағынасын түсіндіреді. «Мен 2 текше алдым және оны үстелге қойдым, мен тағы 2 текше алдым да, сол үстелге қойдым. Мен 2 текшеден неше рет алдым? Мен 2 текшеден неше рет үстелге қойдым. Өмірбек, үстелге тағы 2 текше қой. Бізде үстел үстінде 2 текшеден нешеуі жатыр? Енді мен текшелерді екі-екіден балаларға таратамын. Текшені неше бала алады?»
Мұнан кейін оқушылар жаңа арифметикалық амал - көбейту және көбейту кезіндегі компоненттердің аталуымен танысады (№1 тапсырма).
4. Бекіту.
Бекіту үшін тақтада №2 және №3 тапсырмалар орындалады.
5. Өткен материалмен жұмыс.
№4 (а, ә) тапсырмаларын мұғалімнің басшылығымен ұжыммен орындау.
6. Өздік жұмыс.
Өздік жұмыс ретінде №5 (1-ші және 2-бағандар) және №6 тапсырмалар ұсынылады.
Оқулықта осы сабақтан бастап «Танграм» («Құрастыру») ойыны ұсынылады. Балалар үйден алдын ала осы ойынға арнап қатырмақағаздан фигуралар дайындап алуы қажет. Бұл фигураларды оқулық мұқабасына жапсырылған хатқалтаға салуға болады.
7.Сабақты қорытындылау.
Мұғалім алдыңғы сабақтардағыдай қорытынды жүргізе алады.
Үйге №5 (3-ші және 4-бағандар) және №7 тапсырмалар беріледі. Келесі сабаққа қағаздан 2 жолақ әзірлеп келу: бірінің ұзындыры 9 см, екіншісі 4 см.