К?бейтуді? терімділік ?асиеті ж?не оны ?олдану. 3 сынып
К?бейтуді? терімділік ?асиеті ж?не оны ?олдану. 3 сынып
Сарсембаева Санимкул Жаппарбергеновна ?ызылорда облысы,?арма?шы ауданы Бай?о?ыр ?аласы №274 орта мектеп мектебінде ж?мыс жасаймын.Бастауыш п?н м??алімімін.О?ушыларды? сапалы білім алуы, заманауи т?рбие алуы, биік шы?дардан к?рінуі мен ?шін ?лкен абырой.О?ушы жетістігі м??алімні? м?ртебесі деп білемін
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«К?бейтуді? терімділік ?асиеті ж?не оны ?олдану. 3 сынып»
Пәні математика
Сыныбы 3"Ә"
Күні 12.01.2016 ж.
Сабақтың тақырыбы:Көбейтудің терімділік қасиеті және оны қолдану Сабақтың мақсаты:
Білімділік:оқушыларға көбейтудің терімділік қасиеті мен оны қолдануды үйрету.Санды есе арттыру, артық ұғымдары жөнінде теңдеу құра білуге үйрету. Тәрбиелік:ұқыптылыққа, ақыл - ой белсенділігін арттыруға тәрбиелеу. Дамытушылық: оқушылардың ақыл - ойын, байқағыштық қабілеттерін, өз бетімен жұмыс істей білуін, ізденушілігін дамытып, қиялын ұштау. Сабақтың әдістері:ауызша, жазбаша шығармашылық,сұрақ-жауап,түсіндіру. Сабақтың көрнекілігі: көбейту кестесі, 2 есеп шарты, суреттер. Сабақтың барысы І. Ұйымдастыру кезеңі Сыныпта ынтымақтастық атмосфера орнату. ІІ. а)Үй тапсырмасын тексеру
№6.
а) Қалдықпен бөлуді орындау 19: 6=3 (қалд 1) 45: 6=7 (қалд 3) 46: 6=7 (қалд 4) 26: 6=4 (қалд 2) 34: 6=5 (қалд 4) 59: 6=9 (қалд 5) ә) Қалдық бөлгіштен кіші болу керек. б)Сұрақ-жауап арқылы үй тапсырмасын бекіту. - Көбейткіштердің орнын ауыстырғаннан ненің мәні өзгермейді? - Бұл - көбейтудің қандай қаситі? ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Кестемен жұмыс. - Қазақ 7 санын қасиетті сан деп есептейді. Ата - бабаларымыз бұл сандарды қасиеттеп келген. Ендеше, осы 7 саны туралы не білеміз, балалар? - 7 ата,7 қазына,7 күн,7 жұт,7 шелпек,7 теңге садақа. (Әр оқушы жеке - жеке атау) Оқулықпен жұмыс №1.АВ кесіндісінің ұзындығын әр түрлі тәсілмен есептеп табу.
№2.Әр тік төртбұрыш неше шаршыдан құрастырылғанын әр түрлі тәсілмен есептеп табу.
(3*2)*4=6*4=24
3*(2*4)=3*8=24
Қорытынды.Көршілес көбейткіштерді олардың көбейтіндісімен алмастыруға болады.Бұл-көбейтудің терімділік қасиеті.
№3.Суреттегі барлық тік төртбұрыштардың ауданын көбейтудің терімділік қасиетін қолданып табу.
№4. Суреттегі барлық шаршылардың ауданын көбейтудің терімділік қасиетін қолданып табу. №5.Әр түрлі тәсілмен есептеп табу. 3*2*10 7*3*10 0*8*100
2*5*9 2*4*7 1*6*50 №7.Өзіндік жұмыс ретінде орындау. ІV.Жаңа сабақты бекіту -Сонымен, бүгін көбейтудің қандай қаситімен таныстық?