kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

К?бейтуді? компоненттері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: К?бейткішкіштер ж?не к?бейтінді. К?бейтіндіні? м?ні.

Саба?ты? ма?саты:

Білімділігі: о?ушылар?а к?бейту амалына берілетін бір амалмен шы?арылатын есептерді шы?ару ар?ылы білім, білік, да?дыны ?алыптастыру.

Дамытушылы?ы: о?ушыларды? математикалы? білімі ар?ылы ойлау ?абілетін дамыту; есептеу машы?тарын жетілдіру; ?здіктерінен ж?мыс істеуге, ж?мыста шапшандылы? таныту?а машы?тандыру.

Т?рбиелігі: ?зін-?зі бас?ару?а, ?жымдылы??а, белсенділікке т?рбиелеу. Жауапкершілікті сезіне білуге ?йрету.

Саба?ты? к?рнекілігі:суреттер,математикалы? ойын кестелері,ережелер.

О?ыту ?дісі:т?сіндіру, с?ра?-жауап.

Саба?ты? т?рі:аралас саба?

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«К?бейтуді? компоненттері »

Сабақтың тақырыбы: Көбейткішкіштер және көбейтінді. Көбейтіндінің мәні.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: оқушыларға көбейту амалына берілетін бір амалмен шығарылатын есептерді шығару арқылы білім, білік, дағдыны қалыптастыру.

Дамытушылығы: оқушылардың математикалық білімі арқылы ойлау қабілетін дамыту; есептеу машықтарын жетілдіру; өздіктерінен жұмыс істеуге, жұмыста шапшандылық танытуға машықтандыру.

Тәрбиелігі: өзін-өзі басқаруға, ұжымдылыққа, белсенділікке тәрбиелеу. Жауапкершілікті сезіне білуге үйрету.

Сабақтың көрнекілігі:суреттер,математикалық ойын кестелері,ережелер.

Оқыту әдісі:түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі:аралас сабақ


Сабақтың мазмұны:

І.Ұйымдастыру кезеңі:


Психологиялық дайындық:

Балалар,бүгін бізде ерекше күн.Бізге бүгін қонақтар келді. Бәріміз амандасып,өзіміздің ақжарқын күлкімізді сыйлайық.

Психологиялық дайындық:

Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,

Математикаға орын берсең басыңнан,

Барлық ғылым саған үйір болады,

Досың солар табылатын қасыңнан.


ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:№7,207 бет


ІІІ.Өткенді пысықтау:

-Математикада қанша амал болады?

-Қосудың компоненттерін атаймыз?

-Азайтудың компоненттерін атаймыз?

-Қосудың қандай қасиеттерін білеміз?


ІҮ.Жаңа сабақ:.....Оқулықпен жұмыс

№1. 3х2=6 6:2=3

3х2-көбейтінді 6:2-бөлінді

6-көбейтіндінің мәні 3-бөліндінің мәні

3-көбейткіш 6-бөлінгіш

2-көбейткіш 2-бөлгіш


№2. а)5 пен 2-нің көбейтіндісін жаз.Көбейткіштерді ата. Көбейтіндінің мәнін тап.

ә )10 мен 5-тің бөліндісін жаз. Бөлінгіш пен бөлгішті ата. Бөліндінің мәнін тап.

5х2=10 10:5=2

5-көбейткіш 10:5- бөлінді

2-көбейткіш 2-бөліндінің мәні

10-көбейтіндінің мәні 10-бөлінгіш

5х2- көбейтінді 5-бөлгіш

№3. 3х2=6 теңдігіндегі сандар қалай аталады?

Көбейтіндінің мәні 6-ны бірінші көбейткіш -3-ке бөл.

Нәтижені тап.

6:3=2

Көбейтіндінің мәні 6-ны екінші көбейткіш- 2-ге бөл.Нәтижені тап. Қорытынды жаса.

6:2=3

Қорытынды:.егер көбейтіндінің мәнін көбейткіштердің біріне бөлсе,онда екінші көбейткіш шығады.


№4.Үлгі бойынша мысалдар құрастыр және оларды шығар:

6х3=18 7х3=21 8х3=24 9х3=27

18:3=6 21:3=7 24:3=8 27:3=9

18:6=3 21:7=3 24:8=3 27:9=3

Сергіту сәті:

Ал,балалар тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Оңға қарап иіліп,

Солға қарап иіліп,

Бір отырып ,бір тұрып

Қайта есеп шығарайық.


№6.Әкесі 53 жаста, ал баласы одан 41 жас кіші. Әкесі мен баласының жасы бірге алғанда қанша болса ,атасы сонша жаста. Атасы неше жаста?

Әкесі- 53 жаста

Баласы- 41 жас кіші

Атасы-?сонша жаста


Ш: ( 53-41)+53=65

Ж: атасы 65 жаста


№7.Топтарға бөл. Мәндерін тап. Өрнектерді оқы.

Қосынды Айырма Көбейтінді Бөлінді


19+21 =40 58-49 =9 9х2 =18 9:3=3


97+28 =125 46-21 =25 7х2= 14 6:3=2


64+57 =121 49-39 =10 4х2=8 6:2=3


27+34=61 96-48 =48 2х2 =4 8:4=2


13+87=100 34-26=8 8х3=24 4:2=2



Логикалық тапсырма:

Ойлаған санды 3-ке көбейтіп көбейтіндіден 6-ны азайт та,нәтижені 2-ге бөл.

:

..

Шапшаңдығыңды тексер!

Жауабын ғана жаз.

а ) Автобуста 35 жолаушы келе жатты.Бірінші аялдамада автобусқа тағы 7

жолаушы отырды. Екінші аялдамада 10 адам түсіп қалды.Автобуста енді неше адам болды?

Ж:32 адам

ә ) Санжардың 100 теңгесі болды. Алдымен ол 40 теңгесін,содан соң 35 теңгесін жұмсады. Санжарда қанша ақша қалды?

Ж:25 теңге қалды


Ү.Сабақты бекіту:

-Бүгінгі сабақта не үйрендік?

-Көбейтудің компененттерін атаймыз?

-Бөлудің компетенттерін атаймыз?

Математикалық диктант

4х2=8 18:2=9 6:2=3


6х2=12 16:2=8 18:2=9


9х2=18 10:2 =5 16:2=8


ҮІ.Үйге тапсырма: №5. Амалды орында.


ҮІІ. Бағалау.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
К?бейтуді? компоненттері

Автор: Балданбаева Бейсекуль Каналбайкызы

Дата: 08.06.2015

Номер свидетельства: 218413


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства