Просмотр содержимого документа
«К?бейту мен б?луді пысы?тау»
Математика
Сабақтың тақырыбы: Көбейту мен бөлуді пысықтау.
Сабақ мақсаты: Көбейту және бөлудің кестелік жағдайы туралы білімдерін бекіту. Білімділік: көбейту және бөлуге берілген есептерді шығару дағдыларын жетілдіру. Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау,танымдық қабілеттерін арттыру, шығармашылықпен жұмыс істей білу дағдысын қалыптастыру Тәрбиелік: Қазақтың ұлттық ойындары арқылы балаларды ұйымшылдыққа, жылдамдыққа,тапқырлыққа,қазақтың салт-дәстүрлерін құрметтеуге үйрету,Отанға, туған елге деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Сабақ типі: Білімді бекіту, бір жүйеге келтіру. Сабақтың түрі: саяхат сабақ Ашық сабақ әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілікпен жұмыс, іздену, қайталау,кіріктіру, топтық жұмыс. Ашық сабақ құрал-жабдықтар: Интерактивті тақта, слайдтар, ұлттық ойындар, дидактикалық үлестірмелер. Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу, дүниетану, дене шынықтыру. Сабақ барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі а) Сынып тазалығына қарау ә) Оқушылардың назарын сабаққа аудару. - Балалар,бүгінгі сабағымыз күндегіден ерекше сабақ. Сабағымызға қонақтар келіп отыр. Қонақтармен сәлемдесіп алайық. Жақсы оқып сабақты Әдеп сақтау сәніміз Сәлем бердік сіздерге Басты иіп бәріміз б) Психологиялық дайындық. Математика керек әр күнге, Математика қажет өмірде Математиканы оқимыз Миымызға тоқимыз - Барлығыңа сабақта сәттілік тілеймін! 1. Тірек білімдерін белсендіру. 1. Кез келген санды бірге көбейткенде, қандай сан шығады? 2. Санды сол санның өзіне бөлсе, неше шығады? 3. Нөлді санға бөлгенде, неше шығады? 4. Санды нөлге бөлуге бола ма? 5. 2-ге қалдықсыз бөлінетін сандар қалай аталады? 6. 2-ге қалдықсыз бөлінбейтін сандар қалай аталады? 7. Егер есепте қосу мен көбейту амалы келсе, алдымен қандай амалды орындаймыз? ІІІ. Жаңа сабақ. -Дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді жазып қоямыз: Қазір қай ай? Қарашаның 27 -сі Сынып жұмысы. - Біз қай елде тұрамыз? - Отан, туған ел, ел рәміздері, Астана қаласы жайлы қандай өлеңдер білесіңдер? ( Балалар әдебиеттік оқудан жаттаған өлеңдерін айтып шығады). - Егеменді еліміздің жарқын болашағы сендерсіңдер. Балалар, бүгін біз сендермен тәуелсіз еліміздің гүлденген «Абай» ауылына жүйрік аттармен саяхатқа шығамыз. - Абай Құнанбаев кім? - Абайдың қандай өлеңдерін білесіңдер? - «Адам болам десеңіз» өлеңінде Абай атамыз 5 жақсы қасиет және 5 жаман қасиет туралы айтқан . - 5 жақсы қасиеті және жаман қасиеттерін атаңдар. - Ат үстінде ойналатын қандай ұлттық ойындарды білесіңдер? (көкпар, аударыспақ ,бәйге) 1.Жылқы малы туралы мақал-мәтелдер айтқызу. Бүгінгі сабағымызда осы ұлттық ойындарды екі топқа бөлініп ойнай отырып, математикалық тапсырмалар орындаймыз!
Ітоп «Бозжорға», ІІ топ «Құлагер» деген екі топқа бөлінеміз. Екі топ оқушылары жұлдызша, шаршы, үшбұрыш белгілерімен бағаланып отырады. 1.«Көкпар» ойыны. Ауызша есепте.(1-есеп) Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан Математикаға орын берсең басыңнан Барлық ғылым соған үйір болады Досың солар табылатын қасыңнан 1.«Бозжорға»тобы 45 : 9 , 8 * 5 , 10 * 6 , 63 : 9. 2.«Құлагер» тобы 54 : 6 , 8 • 8 , 7•10 , 42 : 6. 2. «Асық ату» ойыны. Қай сан орнында жоқ? Кел, балалар, ойнайық! Ойнайық та ойлайық Қандай есеп болса да, Шешпей оны қоймайық 1. «Бозжорға» тобы 9 • □ = 540 □ : 7 = 8 210 : □ = 7 2 .«Құлагер» тобы 1000 - □ =630 10 * 9 =90 □ • 90 = 630 3. «Теңге ілу» ойыны.
Амалдарды орында. Ал, достарым, келіңдер, Біріңе-бірің еріңдер Біліміңді тексеріп, Амалды орындап көріңдер Екі топқа бірдей тапсырма: 45- (5•2) 9•(3+6) 50: (7+3) 63: (4+3) 24: (4+4) 48: (6+2) 4. «Қыз қуу» ойыны. Теңдеулерді шеш. Көп білетін оқушы Тақта алдына келеді Теңдеулердің шешімін Дұрыс тауып береді Екі топ теңделеулерді орындайды.(1ұл, 1 қыз тақтада орындайды) Теңдеулерді шеш: 100-х=30 250-х=50 48:с=6 81:с=9 а•5=10 а• 9=72
5. «Аударыспақ» ойыны. Есеп шығару. Кітаппен жұмыс. Қане тәртіп сақтайық Тез есептеп аттайық Алға қадам басқанда Батылдықпен аттайық «Бозжорға» тобы «Құлагер»тобы Ыдыста 60кг кәмпит болды. 4 қорап тұз үшін 120тг төленді. 9оқушының әрқайсысына 5 Осындай 8 қорап тұз үшін қанша кәмпиттен берілді.Ыдыста неше ақша төлеу керек? кәмпит қалды? ІV. Сергіту сәті. Күннің шыққаны жақсы ма? (күнді бейнелейді) Жақсы! (алақандарын соғады) Желдің соққаны жақсы ма? (желді бейнелейді) Жақсы! (алақандарын соғады) Достарыңмен жүрген жақсы ма? (адымдайды) Анаңды құшақтаған жақсы ма? (өздерін құшақтайды) Жақсы! (алақандарын соғады) Туған өлкеде жақсы ма? (құшақтарын жаяды) Жақсы! (алақандарын соғады) Үйіміз бар жерде жақсы ма? (үйді бейнелейді) Жақсы! (алақандарын соғады) Биде айналған жақсы ма? (айналады) Жақсы! (алақандарын соғады) Қазақстандық болған жақсы ма? (бас бармақтарын көрсетеді) 6. «Бәйге» ойыны Екі топ басшысының әрқайсысына лездік 5 сұрақтан қойылады. «Бозжорға» тобы 1. 2 ондықты 3есе арттыр (60) 2. 2 жүздіктен тікелей кейін келетін сан (201) 3. 6 ондықтан 2 есе артық сан (120) 4. 1дм-де неше см бар? (10 см) 5. 30 бен 50-дің қосындысы (80) «Құлагер» тобы 1. 5 ондықты 2 есе арттыр (100)
2. 93-тің алдында келетін сан (92) 3. 1 сағатта неше минут бар? (60 ) 4. 90 мен 40-тың қосындысы? (130) 5. 7 ондықты 2 есе арттыр (140)
7. «Абай ауылына» да келіп жеттік.Тынығып алу үшін екі топқа да тест жұмысын орындату.
№
Тапсырманың мазмұны
Жауаптары
1.
Көбейткіш 9, көбейткіш 3, көбейтіндінің мәнін тап.
А. 5
Ә.27
Б. 9
2.
Кез-келген санды 1-ге көбейткенде қандай сан шығады?
А. 0
Ә.1
Б. сол санның өзі
3.
Амалдарды орында: (59-20): 3
А. 13
Ә.10
Б. 12
4.
Теңдеуді шеш: 240-с=70
А. 90
Ә.130
Б. 170
5.
Қалдықпен бөлуді орында: 345 : 100
А. 3 (қалдық 45)
Ә.5 (қалдық 36
Б. 7 (қалдық 61)
6.
Тік төртбұрыштың ауданын қалай табамыз?
А. Ұзындығын еніне бөлеміз
Ә.Ұзындығын еніне қосамыз
Б. Ұзындығын еніне көбейтеміз
Балалар,біз «Абай» шаңырағына енуіміз үшін төмендегі сұрақтарға жылдам жауап беруіміз керек. Қай топ тез жауап берсе, сол топ «Абай» шаңырағына бірінші енеді. 8. Логикалық тапсырмалар 1 1 жұмыртқаны қайнатуға 3 минут кетсе, 5 жұмыртқаны қайнатуға неше минут керек? 2. Бір сағатта неше минут бар? 3.Бір аптада неше күн бар? 4.Бір жылда неше ай бар? 5.Екі аяғымен түрегеп тұрған адамның салмағы 50кг, бір аяғымен тұрған адамның салмағы неше кг? V. Үйге тапсырма : 175 бет, 7-есеп VІ. Сабақ қорытындысы: - Сабақ ұнады ма? - Бүгінгі математика сабағында нені үйрендік? - Өткен тақырыптарды қайталадық. - Ұлттық ойындар ойнау арқылы тапсырмалар орындадық. - Есептер шығардық. - Тақтамен жұмыс жасадық, лездік сұрақтарға жауап бердік. - Отан, туған ел туралы өлеңдер оқыдық. - Абай атамыздың өлеңдерін еске түсірдік. - Жылқы малы туралы мақалдар айттық. VІІ. Білімді бағалау. Екі топ оқушылары жұлдызша, шаршы, үшбұрыш белгілермен бағаланып отырды.