kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ке?істікті ба?дарлау. Жуан - жі?ішке

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты:

Айналада?ы заттарды? орналасуын жуан-жі?ішке  т?сіндіру.

Балаларды? танымды?  ?абілеттерін арттыру,ойлау, есте са?тау ?абілеттерін  дамыту, ке?істікті  ?абылдауын дамыту, та?ырып бойынша с?здік  ?орын  молайту.

Ойын-тілін, танымды? ?рекетін дамытып, баланы ?зін ?орша?ан орта?а деген с?йіспеншілікке т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ке?істікті ба?дарлау. Жуан - жі?ішке»

Бекітемін:................................. Күні:......................

.................................................... Тобы: № 15«Қайсар»

Дефектолог: А. Сейдахметова

Сабақтың тақырыбы: Кеңістікті бағдарлау. Жуан - жіңішке.

Сабақтың мақсаты:

  1. Айналадағы заттардың орналасуын жуан-жіңішке түсіндіру.

  2. Балалардың танымдық қабілеттерін арттыру,ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, кеңістікті қабылдауын дамыту, тақырып бойынша сөздік қорын молайту.

  3. Ойын-тілін, танымдық әрекетін дамытып, баланы өзін қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, сұрақ-жауап,сергіту сәті.

Көрнекі-құралдар: үлестірмелі құралдар, суреттер, ойыншықтар, тақта, бор.


I апта

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, балалардың зейінін сабаққа аудару.

Жаңа материалды өткен сабақпен салыстырып, биіктерін салыстырған ағаштардың жуандықтарын салыстырумен сабақты бастайық. Ағаш діндерін салыстырып. Жуан-жіңішке ұғымдарымен таныстырамыз.

III. Жаңа сабақ. Кеңістікті бағдарлай алу жуан-жіңішке ұғымдармен таныстыру. Ұғымдардың мағынасын терең түсініп, бір-бірінен ажырата білуге үйрету. Суреттер көрсету. Суретке қарап жуан-жіңішке салыстыру.



Суретпен жұмыс.

Альбом парақта берілген суреттердегі екі ағаштың жуандығын салыстырып, қайсысы жіңішке екенін ажыратады. Енді сол ағаш кескінділерінің қалыңдығы салыстырылады. Қайсысы қалың? Қайсысы жұқа? Оны практикалық жолмен, ағаш кескінділерін балалардың қолдарына ұстатып, анықтауға болады. Бірнеше тақтайшаларды салыстырып біреуі -жалпақ, екіншісі- жіңішке екендігін анықтайды.
Жіңішке ұғымының жуан сөзіне де, жалпақ сөзіне де қарсы мағыналы сөз екендігі ескеріледі. Ұғымдарды тиянақты мақсатында екі қарындаштың жуандығы, кітап пен дәптердің қалыңдығы, екі сызғыштың жалпақтығы салыстырылады.



Дәптермен жұмыс
Дәптерде көрсетілген үлгідегі үзік сызықпен берілген заттардың суретін бастырып салып, бояйды. Жұмысты орындау кезінде бала, өзі салған заттарды қалыңдығын, жалпақтығын, жуандығын көз мөлшерімен, әрі тор көзбен есептеп жетілдіреді.
Ойындар.
«Өз пәтеріңе жайғас », «Өз үйінді тап», «қапшықтан неше ойыншық алдың?» ойындарын осы ұғымдарды тиянақтауға септігін тигізеді.
4 - тапсырма: Мына қарындаштардың қайсысы жуан жіңішке екенін ажырату керек.(төрт қарындаш)

1. Бала суреттегі екі ағашты салыстырады. Мұғалімнің қойған сұрақтары арқылы екі ағаштың айырмашылықтары айтылады. Екі ағаштың біреуі-жуан, әрі биік, екіншісі-жіңішке, әрі аласа екендігі туралы айтылады.



IY.Сергіту сәті:   Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық,

Оңға қарай бұрылып,

Солға қарай бұрылып,

Бір отырып, бір тұрып

Бой сергітіп алайық.

II апта

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, балалардың зейінін сабаққа аудару.

Шаттық шеңбер: Қуан, шаттан алақай,

Қуанатын күн бүгін.

Қайырлы таң, қайырлы күн!

Қызықты өтсін бүгінгі күн!

IY.Сергіту сәті:  Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық

Оңға қарай бұрылып,

Солға қарай бұрылып,

Бір отырып, бір тұрып

Бой сергітіп алайық.   

Альбоммен жұмыс: Суреттерді су бояумен , түрлі-түсті қарындаштармен бояу.




III апта

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы)

Шаттық шеңбер: Қуан, шаттан алақай,

Қуанатын күн бүгін.

Қайырлы таң, қайырлы күн!

Қызықты өтсін бүгінгі күн!



"Өз үйіңді тап" ойыны

Бұл ойын жуан-жіңішке, биік - аласа, үлкен - кіші, оң жақта - сол жақта деген ұғымдарға жаттықтыру мақсатында етіледі.

Мұғалім балаларды екі топқа бөліп, әр топтың ойнайтын орнын немесе "үйін" тағайындайды. Екі топқа да өсіп тұрған бірі биік,жіңішке, бірі аласа, жуан ағашты көрсетеді де, 1-топтағы балалардың үйі биік әрі жіңішке ағаштың оң жағы, ал 2-топтағы балалардың үйі аласа әрі жуан ағаштың сол жағы" - деп белгілейді. Қай топ өз үйлеріне тез барады (тез табады), ойын 2 рет қайталанады. Бұдан кейін бірінші топ аласа әрі жуан ағаштың сол жағы, 2-топ биік әрі жіңішке ағаштың оң жағын үй етеді де, ойынды алғашқыдай 2 рет қайталайды. Ойынның соңында әр топтың балаларын мадақтап отырады.

IY.Сергіту сәті:  Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық

Оңға қарай бұрылып,

Солға қарай бұрылып,

Бір отырып, бір тұрып

Бой сергітіп алайық.   

IY апта

I. Ұйымдастыру кезеңі:

Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).

Шаттық шеңбер: Кеудемізде күн күлсін,

Бізге шуақ нұр, құйсын,

Мейірімді жан өзіңмен,

Көңілім жайнап құлпырсын

-Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! Күлкімізбен, жақсылықпен бөлісуді үйренейік!

Біздің күлкіміз көңілді ( қолдарын еріндерінің шетіне жақындатады)

Жеткізсін жылу мен шаттықты ( қолдарын жүректерінің тұсына қояды)

Бөліскен жақсы ғой өмірде, ( қолдарын алға созады, саусақтары күн сияқты)

Қуаныш, Мейірім, Бақытты! ( қолдарын екі жаққа созады)

IY.Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық

Оңға қарай бұрылып,

Солға қарай бұрылып,

Бір отырып, бір тұрып

Бой сергітіп алайық.   

Тапсырма: тапсырманы орындау кезінде  «жуан, жіңішке» сөздерін дұрыс  қолдануға  дағдыландыру  керек .



Сурет бойынша әңгімелесу. Оқушылар суреттерге қарап мұғаліммен бірге суреттеп айтып береді. Суреттерді бояу. Пазл.

V. Бекіту.

"Үй тұрғызайық" ойыны.

Мақсаты: Балаларға заттарды үлкен-кішілігі бойынша салыстыруды, үлгіге қарап керекті нәрсені таңдай білуді үйрету.

Керекті материалдар. Әрбір балада үлкен-кішілі үйдің бөлшектері жуан, жіңішке (төбесі, есігі, терезесі т.с.с).Мұғалім үйдің бөлшектерінен құрастырылған үлгіні қыстырады.

Тапсырма. Үй тұрғызу, үлгіге қарап оның бөліктерін тауып, тиісті орындарына орналастыру.

Ойынның мазмұны. Мұғалім балаларға ағаш ұстасының үлкен-кішілі төрт үй тұрғызғанын айтып, оларды көрсетеді. Балалар үй бөліктерінің пішінін, үлкен-кішілігін атап, үй мен оның бөліктері арасындағы кеңістік қатынастарды анықтайды. Балалар табылған бөліктерді үлгіге қарап салыстырып көріп, оларды тұрғызатын үйдің тиісті жерлеріне қояды. Балалар тапсырманың орындалуын өздері бағалайды, үздік "ағаш ұстасын" атайды.

Сұрақ-жауап,ойын ойнату арқылы тақырыпты бекіту.

VI. Қорытынды.

Жуан, жіңішке деген ұғымдармен танысып, сурет бойынша суреттеп айтып, көрсетіп беруді үйрендік.

VII. Бағалау.

Балаларды жеке-жеке мадақтау.









































Бекітемін:................................. Күні:......................

.................................................... Тобы: № 14«БІРЛІК»

Дефектолог: А. Сейдахметова

Сабақтың тақырыбы: Азық-түліктер.

Сабақтың мақсаты:

  1. Азық-түліктер туралы түсінігін қалыптастыру.

  2. Тақырып бойынша сөздік қорын молайту.

  3. Мәдени-гигиеналық және эстетикалық дағдыларын қалыптастыру.

  4. Ұқыптылыққа, ептілікке, шапшандылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, сұрақ-жауап,сергіту сәті, ойын.

Көрнекі-құралдар: суреттер, ойыншықтар, тақтаға ілетін құралдар,бор, дидактикалық материалдар.


I апта

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).

Жылулық шеңберінде тұрып жылы лебіз,тілек сөздерін айту.

Шаттық шеңбер: Кеудемізде күн күлсін,

Бізге шуақ нұр, құйсын,

Мейірімді жан өзіңмен,

Көңілім жайнап құлпырсын

III. Жаңа сабақ.

Бүгінгі тақырыбымызда азық-түліктер туралы айтамыз. Азық-түлік- адамның тіршілік көзі.

-Балалар, айтыңдаршы дастарханның сәні не ?(нан, хлеб) –Дұрыс айтасыңдар.

-Адамдардың сүйіп ішетін сусыны не? (шай, чай,т.б.)

-Шай дәмді болу үшін шайға не қосады? (сүт, молоко)

-Шайымыз тәтті болу үшін не қосамыз? (қант, сахар). Осы тағамдарды біз қайдан сатып аламыз? (дүкеннен)

-Қандай дүкеннен? (азық-түлік)

-Дұрыс, азық-түлік дүкеннен сатып аламыз. Бүгінгі сабақтың тақырыбы «Азық-түлік» деп аталады. Азық-түлік адам үшін өте қажет. Біз күніне үш рет тамақтанамыз: таңертең, түсте, кешке. Азық-түлікке - сүт тағамдары, ет тағамдары, жемістер және көкөністер жатады. Азық-түлікті біз дүкеннен, базардан аламыз. Сурет көрсету. Суреттерге қарап азық-түліктерді атап, көрсетіп беру.

IY.Сергіту сәті:  Шаршасаңдар, балалар,

Қолдарыңды созыңдар!

Саусақтармен ойнаңдар,

Қолдарыңды сермеңдер.

Денелерің шынықсың,

Саналарың тынықсын.

II апта

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).

Шаттық шеңбер: Аспанымыз ашық болсын!

Көк туымыз биік болсын!

Деніміз сау болсын!

Еліміз тыныш болсын! Азық-түлік туралы жұмбақтар шешу.

Ұрмай-соқпай жылатады

Әркім бірақ ұнатады. (пияз)


Өзі ащы, бірақ

Дәмді етер асты (тұз)

Әжем уыстап сығып,

Далада кептірген.

Қатты әрі тәтті дәмін,

Кім бар жеп көрген? (Құрт)

IY.Сергіту сәті:  Ерте тұрып қимылдап,

Жаттығуды орындап,

Тазалықты сақтаймыз,

Бойға күшті жинаймыз

III апта

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).

Психологиялық  дайындық.

Балалар-гүлім менің

Балалар-күнім менің

Балалар нұр сыйлайтын

Бүгінгі күнім менің, дей отырып балалар сендерді өзіме қуат алар шуақты күнге теңемекпін.

Альбоммен жұмыс: Азық-түліктердің бейнеленген суреттерді түрлі-түсті қарындашпен бояу.

IY.Сергіту сәті: Бас бармағым бастап берді.

Саусақтарым ән салып берді.

Шылдыр шүмек шылдырлады

Кіші бөбек былдырлады.

Көзге арналған жаттығулар: Екі көзімізбен бірге мұрын ұшына қарап осылай 5 секунд тұрамыз.


IY апта

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).

Шаттық шеңбер: Аспанымыз ашық болсын!

Көк туымыз биік болсын!

Деніміз сау болсын!

Еліміз тыныш болсын!

IY.Сергіту сәті: Бас бармағым бастап берді.

Саусақтарым ән салып берді.

Шылдыр шүмек шылдырлады

Кіші бөбек былдырлады.

V. Бекіту.

« Не жасырылғанын тап ?» ойын. Тақтада азық-түліктердің – банан, қырыққабат, алма, т.б. суреттері ілулі тұр. Мұғалімнің белгісінен кейін балалар көздерін жұмады, мұғалім бір суретті алып жасырып қояды, ал балалар тақтада қандай сурет жоқ екенін табады.

VI. Қорытынды.

Сұрақ-жауап арқылы тақырыпты қорытындылау.

VII. Бағалау.

Балаларды жеке-жеке мадақтау.








Бекітемін:................................. Күні:......................

.................................................... Тобы: № 14«БІРЛІК»

Дефектолог: А. Сейдахметова

Сабақтың тақырыбы: « Көтергіш кран»

Сабақтың мақсаты:

1. Оң қолдың білек сүектерін үстелге белгілеу.Сұқ және ортаңғы саусақтармен

қаламды үстелден алып көтеру және орнына қою. Сол қолмен де осыны жасау.

2. Тақырып бойынша сөздік қорын молайту.

3. Ойлау, есте сақтау қабілеттілігін дамыту, ұсақ қол қимыл қозғалысын арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, сұрақ-жауап,сергіту сәті, ойын.

Көрнекі-құралдар: суреттер, ермексаз, бояу, тақта,бор.

I апта

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).

Шаттық шеңбер: Қуанамын мен де!

Қуанасың сен де!

Келіп шыққан күнге!

Күніміз жарық болсын!

Түніміз тыныш болсын!

Ауамыз таза болсын!

Суымыз мөлдір болсын! -деп бүгінгі сабағымызды бастайық.

III. Жаңа сабақ. Ұсақ қол қимыл қозғалысын дамыту үшін жаттығулар жасаймыз Көтергіш кран – жүкті көтеру және жылжыту (тасымалдау) процесін циклмен атқаратын жүк көтергіш машина. Көтергіш кран көпір, ферма, мұнара, платформа, діңгек, жебе не таған тәрізді металл құралымдардан; шығыр, тельфер, шток, рычаг сияқты көтергіш механизмнен; ілгек, траверса (көлденең тірек), қысқыш не шөміш секілді жүк қармағыш жабдықтардан тұрады. Құралымдық ерекшеліктеріне сай көтергіш кран бұлардан басқа қосымша қондырғылармен және механизмдермен жабдықталады.

IY.Сергіту сәті: Бас бармағым бастап берді

Саусақтарым ән салып берді.

Шылдыр шүмек шылдырлады.

Кіші бөбек былдырлады.

II апта

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).

Шаттық шеңбер: Ризамын, ризамын, ризамын өмірге,

Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге-2 рет

Көңілді, көңілді , көңілді жүрем мен.

Саусақ жаттығулары:

1.Алақаныңды үстелдің үстіне қой. Әр саусағыңды кезекпен көтер, түсір.

2. Шынтақты бүгіп алақанды бір-біріне қарсы көтеріп қолдарыңды солға қой.

Саусақты кезекпен бүк, жаз.

3. Шынтақты бүгіп қолдарыңды үстелге қой. Саусақтарыңды алақаныңа баяу «сырғанатып» төмен жылжыт, дәл осылай саусақтарыңды жоғары жылжыт. (алақанды жаз)

4.Екі алақанды үстелдің үстіне жартылай бүгіп қоямыз. Саусақтарды кезекпен кезек

тырсылдатамыз.

IY.Сергіту сәті: Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ

Қосып едім екеуін

Болып шықты он саусақ.

III апта

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).

Шаттық шеңбер: Сәлемдесейік иіліп,

Жылы жүзбен жымиып.

Қызығы мол сабақта

Ойнайық та күлейік.

Саусақ ойындары:-бас бармақ, ортаңғы саусақ, аты жоқ саусақтарды біріктіре ұстайды, сұқ саусақпен кішкентай саусақты сәл бүге «құлақ» жасайды, екі қолдың барлық саусақтарының ұштарын біріктіріп үлкен «қарбыз» жасайды.

IY.Сергіту сәті: Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен

Теріп-теріп алайық

Қалтамызға салайық.


IY апта

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).

Шаттық шеңбер: Аспанымыз ашық болсын!

Көк туымыз биік болсын!

Деніміз сау болсын!

Еліміз тыныш болсын!

Қол моторикасын дамытуға арналған санамақ.

Мен базарға бардым

Ысқырық сатып алдым

Қызыл, жасыл, көгілдір

Қайсысын алсаң өзің біл.

IY.Сергіту сәті: Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ

Қосып едім екеуін

Болып шықты он саусақ.

V. Бекіту.

«Орамалды жинау» саусақ жаттығуы.

Орамал үстел үстінде жайылып жатады.

Қолымызды орамалдың бір шетіне қоямыз.

1,2,3, дегенде орамалды алақанымызға жинап аламыз.

VI. Қорытынды.

Сұрақ-жауап арқылы тақырыпты қорытындылау.

VII. Бағалау.

Балаларды жеке-жеке мадақтау.













































Бекітемін:................................. Күні:......................

.................................................... Тобы: № 14«БІРЛІК»

Дефектолог: А. Сейдахметова

Сабақтың тақырыбы: Әріп элементтері.

Сабақтың мақсаты:

1.Қол мен саусақтардың қимылы мен қозғалысын қалыптастыру.

2.Тақырып бойынша сөздік қорын молайту (тақта,бор,қалам,дәптер, т.б)

3.Үлгі бойынша тақтаға бормен, дәптерге қаламмен әр түрлі бағытта (көлденең, қиғаш,

тік) сызықтар жүргізе білу.

4.Баланың ойлау, есте сақтау қабілеттілігін дамыту, ұсақ қол қимыл қозғалысын арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, сұрақ-жауап,сергіту сәті, ойын.

Көрнекі-құралдар: суреттер, қима сызықтар, тақтаға ілетін құралдар,бор.


I апта

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).

Психологиялық дайындық: Күн, ауа, жер, су, аспан

Маған, саған, біздерге

Бақыт,махаббат, жақсылық тілейміз.

III. Жаңа сабақ.

Бүгінгі сабағымызда әріп элементтерімен танысып, тыныс алу жаттығуларын жасаймыз.

«Батпырауық ұшырамыз»(батпырауықтар түрлі-түсті,балалар түстерін өздері таңдайды.)

«Алақанымызды жылытамыз»(бір деммен жылы ауаны үрлеу)

IY.Сергіту сәті: Қылқаламды қояйық,

Орнымыздан тұрайық.

Оңға қарай иіліп,

Солға қарай иіліп,

Белімізді созайық.

II апта

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).

Шаттық шеңбер: Біз қандаймыз, қандаймыз
Шұғылалы таңдаймыз
Күлімдеген күндейміз
Еш уайымды білмейміз.

Мимикалық гимнастика:

Көзімізді ашып-жұмамыз(қатты-жәй)

Ернімізді түтікше тәрізді алға қарай созамыз «Жымию»

IY.Сергіту сәті: Қорбандаған аюдың

Құлпынайы көп екен

Теріп -теріп алайық

Қалтамызға салайық.

III апта

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).

Психологиялық  дайындық.

Қуанамын менде
Қуанайық күнге
Шуақ шашқан елге
Бәріміз де бірге
Өткен тапсырма бойынша пішіндерді түрлі-түсті қарындаштармен сызықтарды бастырып үйренеміз. Дауыс ырғағын қалыптастыруға арналған жаттығу түрлері:

А-а-а У-у-у-у

О-о-о-о И-и-и-и

IY.Сергіту сәті: Секіреміз топ-топ,

Шапалақтап көп-көп,

Иілеміз оңға қарай бір, екі, үш.

Иілеміз солға қарай бір, екі, үш.

IY апта

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).

Психологиялық  дайындық.

«Күлімде  ,күн, күлімде!

Күлсін барлық бала шат!

 Берекелі  бүгіндей

 Бейбіт  болсын  болашақ!»

Тапсырма: дәптердегі сызықтарға қарап А әріпін үзік сызықтар арқылы сызып үйрену. А-а-а-а қолдары жаттықтырғанша жазып үйрену.

IY.Сергіту сәті: Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ

Қосып едім екеуін

Болып шықты он саусақ.

V. Бекіту.

«Не жоқ?» ойыны. Мұғалім тақтада ілініп тұрған суреттерді есте сақтауын өтінеді. Сосын бала көзін жұмған уақытта мұғалім бір суретті алып қояды. Жоғалған суретті табу керек.

VI. Қорытынды.

Сұрақ-жауап арқылы тақырыпты қорытындылау.

VII. Бағалау.

Балаларды жеке-жеке мадақтау.



 




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Ке?істікті ба?дарлау. Жуан - жі?ішке

Автор: Сейдахметова Акмарал Зикиралиевна

Дата: 20.06.2016

Номер свидетельства: 335477


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства