(Оң және теріс сандардың өмірдегі қолданысы туралы ой толғау)
Мәтінмен жұмыс
Сан ұғымы –математика ғылымындағы ең негізгі ұғымдардың бірі.
Өмірде, тұрмыста кездесетін көптеген шамалар көбейіп, азайып өзгеріп отырады. Мысалы: жылдамдық, биіктік, температура, баға, т.б
Шамалардың өрнектерін белгілеу үшін оң сандармен қатар теріс сандар енгізіледі. Теріс сандар туралы ең алғашқы ұғым біздің заманымызға дейінгі ІІ ғасырдағы Қытай математиктерінің еңбектерінде кездескен. Оң санды «өсу» өзгерісінде қолданса , теріс санды «кему» өзгерістерінде қолданған. Ал оң сандарды қолда бар «зат» деп түсінген.
Математикаға теріс сандардың енгізілуімен қатар 0 саны да жаңа мағынаға ие болды. 0 саны сынақ басы болып, әрі санда жоқ разрядты білдіретін таңба болып енгізілді. Және қарама –қарсы сандардың қосындысы деп есептелді.
ҮІ. Қолдану (ой қорыту)
№ 333 есеп
Қай тұжырымдама тура:
Кез келген натурал сан –бүтін сандар жиынының элементі
Кез келген бүтін сан –натурал сандар жиынының элементі
Кез келген рационал сан бүтін сандар жиынына тиісті
Кез келген бүтін сан рационал сандар жиынына тиісті