Мен өзімнің 7 сыныпта «Құрамында дəрежелері бар өрнектерді түрлендіру» тақырыбына өткізген қысқа мерзімді сабақ жоспарын Күнтізбелік жоспар, ОМЖ,
Ә. Н. Шыныбеков оқулығы алгебра пәні бойынша құрастырдым. Тақырыпты түсіндіруге топпен жұмыс жасау тәсілін қолдандым, оқушыларды сыни тұрғыда ойлауға жетілдіріп, бағалаудың түрлерін пайдаланып, жұппен топпен жұмыстану арқылы оқушылар арасындағы көш басшылық пен дарындылықты анықтадым. Әр оқушының сабаққа белсене қатысуын қамтамасыз ету үшін топпен жұмыс жасап, білім деңгейлері әртүрлі оқушыларды жұптастыруға баса назар аудардым
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Құрамында дəрежелері бар өрнектерді түрлендіру»
Қ.Байсықов атындағы орта жалпы білім беретін мектеп КММ
Математика пәні мұғалімі Жумагалиева Эльмира Садыковна
Сабаққа әістемелік түсінік беру
Ұстаздың алға қойған мақсаттарының бірі оқушы белсенділігін арттыру, олардың іс-әрекеттерін басқару арқылы іздестіру, ой-таласын туғызу. Оқушылардың қабылдау ,түсіну әрекеттерін дамытуда , қалыптастыруда математика сабақтарының маңызы зор.
Мен өзімнің 7 сыныпта «Құрамында дəрежелері бар өрнектерді түрлендіру» тақырыбына өткізген қысқа мерзімді сабақ жоспарын Күнтізбелік жоспар, ОМЖ,
Ә. Н. Шыныбеков оқулығы алгебра пәні бойынша құрастырдым. Тақырыпты түсіндіруге топпен жұмыс жасау тәсілін қолдандым, оқушыларды сыни тұрғыда ойлауға жетілдіріп, бағалаудың түрлерін пайдаланып, жұппен топпен жұмыстану арқылы оқушылар арасындағы көш басшылық пен дарындылықты анықтадым. Әр оқушының сабаққа белсене қатысуын қамтамасыз ету үшін топпен жұмыс жасап, білім деңгейлері әртүрлі оқушыларды жұптастыруға баса назар аудардым. Бұл тәсілдердің басты ерекшелігі – оқушы өз бетімен ізденіп, шығармашылықпен жұмыс жасайды, оның сабаққа деген ынтасы, қызығушылығы артады.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Сынып:
7« б »
Күні: 19. 10. 2015 жыл
Пәні: алгебра
Сабақтың тақырыбы
Құрамында дəрежелері бар өрнектерді түрлендіру
Сілтеме:
Күнтізбелік жоспар, Ә. Н. Шыныбеков
Алматы «Атамұра»2012ж
Жалпы мақсаттар:
Дәрежелі өрнектерді түрлендіруді меңгерту. Формуламен табу екенін ұғындыру. Дәрежесі күрделі теңдеуді шешу үшін әуелі орындауға болатын бөлігін есептеп алатынын үйрету
Күтілетін нәтиже
А) Формуламен шығара алады
В) Дәрежелі өрнектерді түрлендіре алады
С) дәрежесі күрделі теңдеуді шешу үшін әуелі орындауға болатын бөлігін есептеп алатынын есеп шығаруда қолдана біледі
Ресурстар:
интерактивті тақта, сабаққа қажетті ресурстар.
Әдіс - тәсілдер
Тәсілі : жеке, топпен
Әдісі: , СТО, диалог
Оқыту нәтижесі:
Топқа бөлу барысында жағымды психологиялық ахуал тудырамын.
Оқушылар жекелеме,жұппен,топпен жұмыс істей отырып идея бөліседі, өнім жасалады, талдайды, жинақтайды, қортындылайды, бағалайды.
Түйінді идеялар
дәрежесі күрделі теңдеуді шешу үшін әуелі орындауға болатын бөлігін есептеп алау қажет екеніне көңіл аудару.
Дерек көздер
Б.Баймуханова , Е. Медеуов, Қ.Базаров
Алматы «Мектеп »2004 Оқулығы, қосымша мәліметтер.
Сабақтың барысы
7 модуль
Әдіс-тәсілдер
Уақыты
Мұғалімнің іс - әрекеті
Оқушының іс – әрекеті
Ұйымдастыру
I.Кіріспе
ББ көшбасшылық модулі
1.Сыныпты ұйымдастырады, басқарады, бағыт-бағдар береді.
Амандасады.Сабаққа дайындалады.Күннің жадын тақтаға жазады.
ББ жаңа тәсілдер модулі:
1мин
2.Сыныпта қолайлы атмосфера қалыптастыру үшін математикалық өлең
Өмірде ойлап тұрсаң, бәріде
есеп, Ауырсаң іше-тұғын дәріде
есеп. Есепсіз өмір деген мазмұнсыз- ау, Дүниенің бар тұлғасы есеп
десек
Топқа бөлу: Дәреже, негіз, көрсеткіш арқылы оқушылар топқа бөліну.
Бағалау парағымен таныстыру
Топқа бөлініп отырады.
Үй тапсырма
сын тексеру
5мин
(қосымшадан)
|х+1|=3
|х-1|=5
|х+4|=4
|х+5|=0
|4х-1|=4
|х+5|=-3
|5х+1|=2
|-х|=2
|3-х|=3
|3-4х|=8
Оқушылар дәптерлерін ауыстырып тақта арқылы тексеру
х=2 х=-4
х=6 х=-4
х=0 х=-8
х=-5
х= х= -
х=-8 х =-2
х=1 х=
х=-2 х=2
х=0 х=6
х=- х=
Қызығушылығын ояту:
II.Тұсаукесер
ББ жаңа тәсілдер модулі: Жеке , топтық жұмыс.
7мин
Сандық ребустар арқылы сабақтың тақырыбын ашу
401Ұ436110001203102Д 61
ДӘ2047270172627220412
516143
4220410272227372204д12
411000120450272102д12503
(Құрамында дəрежелері бар өрнектерді түрлендіру) сөзі шығады
III.Негізгі бөлім
Мағынаны ажырату
Топтық жұмыс:
СТО
ЖИГСО
Әдісі
Дарынды талапты
20
Білгенің бір тоғыз,
Білмегенің тоқсан тоғыз.
Дәреже ұғымы енгізіледі. Дәреже деген ұғым бізге таныс па?» жалпыға ортақ сұрақ қойылады. Оқушылар өз ойларын йтады. Натурал көрсеткіштің дәреженің жазылуына тоқталып, негізі, дәреже көрсеткіші туралы айтылады. Сұрақ: Дәреже негізі қандай сандар болуы мүмкін ? Ж: Натурал, бүтін, бөлшек.
Сұрақ: Дәреже көрсеткіші қандай сан болады? Ж: Натурал. Жаңа сабақ:
Сұрақ: егер көбейткіш біреу болса, дәреже түрінде жазуға болама? Ж: Ия.
Балаларды сабақ басында, алдын -ала таратылған критерийлермен бағалайды.
Бағалауда мұғалімге көмек көрсетеді.Күнделітерне бағалау
Кері байланыс
ББмБА жаңа тәсілдер модулі:
рефлексия
3
Оқушылардың сабақ бойынша ой қорытуларын сұрайды; оқушылар ұсынысы арқылы келесі сабақ мақсатын айқындайды.
Балалар сабақ туралы ойларын немесе ұсыныстарын білдіреді.
Түсінбеген сұрақтары болса жазып жібереді.
Рефлексия. Бугин сабақтан біліп есеп шығара алам дегендерің білгендеріңді чемоданға салып
алып кетесіңдер
Маған алі де тусіну керек дегендерің мясорубкадан
өткізесіңіз
Мүлдем түсінбедім дегендерің мусорға салуларыңызға болады
Стикер таратып, оқушылар пікірін білдіреді.
Бағалау парағы
Үй тапсырмасы
Өткенге шолу
Сандық ребус
Жаңа сабақты меңгеруі
Есеп шығаруы
Сәйкестік тесті
Қорытынды баға
1.
2
3
4
5
6
6 тапсырманың
5-6 тапсырманы толық қатысып әрі қатесіз есеп шығарса ---5
3-4 тапсырмаға қатысып есептерінде шығарылу жолы дұрыс болса---4
1-2 -тасырмасы болса ---3
Өз сабағымды бағалауым
Сабақ күндегіше ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырудан басталып өздері алған шағын парқшалар арқылы өздері топқа бөлумен жалғасты. Үй тапсырмаларын тақтамен тексергеннен соң әр топ бірігіп сандық ребус шешу арқылы тақырыпты ашты, бұл жерде мен ребус арқылы оқушылардың қызығушылығымен қатар өз беттерінше сабақ тақырыбын табуына ықпал жасадым. Одан соң сыныпты бағалау парақшасымен таныстырып өттім. Осыдан сыныпқа тақырып туралы шағын түсінік бере отырып әр топтың тапсырмалары айтылды. Топ ішінде талдап бір оқушы тақтаға түсіндіретінін жеткіздім. Бұл жерден мен топпен жұмыстану және топ ішіндегі көшбасшылықты көрдім. Оқушылар тегістей жұмыстануға тырысты. Оқулықпен жеке, жұппен жұмыстану кезінде топ ішіндегі тығыз байланысты байқадым, оқушылар өз ара сабаққа түгел қатысуға бір-біріне ықпал жасады. Сергіту кезінде бұл сыныпқа көбіне би қимылдары ұнағандықтан «Мен қазақпын» әуеніне сергіді. Сәкестендіру тест кезінде оқушылар белсенділік танытты.Үй тапсырмасы беріліп түсінік жұмысы жүргізілгеннен соң рефлексия жазуға кірісті. Бұл сабақтағы рефлексияның өзгеше болғаны және оқушыларға ұнағаны көңіл күйлерінен байқалды. Сыныптағы 14 оқушының 2 ғана мясорубкаға қалғаны чемоданға стикер жапсырды. Онда оқушылар бүгінгі сабқтың қызықты өткендігі, сергіту сәтінің ұнағандығы, формуланы өз беттерінше ұғынғандығы, сәкестік тестінің ерекше болғанын жазған.
Бұдан мен өзімнің бүгінгі сабағымның мақсатына жетіп оқушылардың толық сабақты меңгергенін байқадым. Сабаққа қатысқан әріптестерімде сабақтың өтілу барысының ұнағандығын айтты.
«Сабақ туралы ең басты үш ой»
Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады
Уильям Уорд:
Елбасының 2011 жылғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқының Жолдауында «Өмір бойы білім алу» әрбір Қазақстандықтың жеке ұстанымына айналуы тиіс. Әрбір кезеңінде адамдардың ақыл ойы мен көзқарасы өзгеріп отыратыны – заңды құбылыс. Қоғамдық қарым – қатынастардың өзгеруі, жаңа білімнің жинақталуы, өндірістің жетілдіруі, әлеуметтік прогресс педагог қызметінің мазмұндық сипатына да тікелей ықпал етеді. Сондықтан да оқытудағы Кембредж тәсілінің білім беру жүйесі педагог қауымға осы оқыту бағдарламасын жан – жақты қарастыратын маңызды міндеттер мен үлкен жауапкешілікті жүктейді. Оқу – процесін жаңартумен қатар, оны жүзеге асыратын әрбір педагогтың көзқарасын, оқушымен қарым – қатынасын түбегейлі өзгерту, әр баланың жеке және жас ерекшелігіне қарай дербес дамуын қамтамасыз ету, оларға білімнің өз мүддесі үшін қажеттігін сезіндіру, құзырлығын айқындау – бүгінгі күннің көкей тесті мәселесі.
Қазіргі таңда сабақ берудегі басты өзгеріс ол біліктілікті арттыру бағдарламасының негізгі мазмұны жеке жеті модуль ретінде берілуі және оны сабақ барысында аралас түрінде қамту болып табылады.
Оқытуда басқару және көшбасшылық. Шағын топтарда жұмыс жасату арқылы көшбасшылықты анықтау, оқушыны көшбасшылыққа жетелеу, баланың көшбасшылығын көре білу, оқытуда мұғалімнің көшбасшылығы.
Мұғалім ұстанымын білуде оқушылардан мынадай нәтижелерді көрдім. Біріншіден, Сабақтың алғашқы ізденіс кезеңіненде жаңа ақпарат жайлы не білетіндіктерін ортаға салып, мәселені өз беттерінше шешуге талпынды. Сөйтіп олар, осы мәселе туралы өз білімдерінің жеткіліксіз, тайыз екенін сезіну арқылы сабаққа деген қызығушылықтары оянды, ішкі түрткілері пайда болады.
Екіншіден, оқушы жоғары қиындықтағы мәселелерді шеше отырып, өзінің санасының жұмыстануына мүмкіндік берді. Әр оқушының өз деңгейіне дейін дамуға қол жеткізе алды.
Үшіншіден, оқушының жеке басын дамытатын басты құрал – ол өзінің әрекеті болды.
Төртіншіден, оқытудың нәтижелі болуы оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым-қатынасы арқасында ғана өз жемісін берді. Сол себепті дәстүрлі жүйедегі стиль бұл жерде тиімсіз, оқушы – «орындаушы», «мұғалімнің тасасындағы» объект емес. Ол пікірін ашық айтып, сонымен қатар басқаның да ойын тыңдап, көзқарасын құрметтей білетін жанға айналуға бағыт алды.
Осы оқуды аяқтап соңғы үш жыл ішіндегі тәжірибемде сабақ беру немесе оны оқушыларға сіңіртуде осы курс көп көмегін тигізді деуге болады . Әр сыныптағы әр сабағым оқушылар үшін қызықтыда ұтымды болды.
Өз заманының ғұламасы Летурно сөзімен айтсақ. «Егер сен тәнді шынықтыру, ерік – жігерді шыңдау, жүректі ізгілендіру, ақыл – ойды жетілдіру және сана – сезімді теңестіру әдістерін білетін болсаң – онда сен нағыз ұстаз, тәрбиешісің»